Тақырып 15. ҚАржылық есептілік негіздері



Дата03.01.2022
өлшемі24.92 Kb.
#450181
ТАҚЫРЫП 15 БЕА


ТАҚЫРЫП 15. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК НЕГІЗДЕРІ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.

Профессор Н.А. Русак (2) бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі, оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді".

В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының қалаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады. М. Н. Крейнина (1), А.И. Ковалев және В.П. Привалов (2) қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады (1).

С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау''.

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.

Ғылыми жұмыстың басты мақсаты келесідей міндеттерді шешу арқылы анықталады:

1) Қаржылық тұрақтылықты басқарудың теориялық көздерін зерттеу;

2) Қаржылық тұрақтылықтың маңызды көрсеткіштерін зерттеу;

3) Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына кешенді талдау жасау;

4) Әлемдік орын алып отырған дағдарыс және қаржылық жағдайды көтеру шараларын ұсыну.

Осы міндеттерге сай ғылыми жұмыстың зерттеу объектісі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы.

Кәсіпорынның қаржысы бірыңғай жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтанбаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты немесе ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады. Кәсіпорындар қаржысының сферасының шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының көпшілік бөлігін шоғырландырады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді. Сондықтан да қаржылық жағдайы тұрақты әрбір кәсіпорын қоғам өмірінде, мемлекеттік ішкі қадам басып дамуында маңызды рөл атқарады.

Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді.

Егер кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты болатын болса, ол басқа кәсіпорындар алдында біршама артықшылықтарға ие болғаны. Демек, тұрақтылығы жоғары болған сайын, ол нарық коньюнктурасының өзгерістеріне жақсы бейімделеді.

Нарықтық экономика жағдайында өмір сүру үшін кәсіпорынға қаржыны қалай басқару керектігін, капитал құрылымы мен құрамының сипаттамасын, негізгі құралдар қандай үлеске ие болу керектігін, қарыз құралдары қандай болу керектігі туралы хабардар болғаны жөн.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қатынастары басқа субъектілермен ақша қатынастарында біріктіреді: құрылтайшылар, еңбек коллективі, мемлекеттік басқару органдары.

Қаржылық тұрақтылықты басқару процесі жалпы 2 бөлімді қамтиды:

- шешімді қабылдау

- экономикалық механизмдер арқылы қабылданған шешімді жүзеге асыру.

Басқару объектісі қаржылық ресурстар қозғалысын жүзеге асырушы шарттар жиынтығы болып табылады. Субъектісі - басқарушылық әсер ету құралдары арқылы объектінің мақсаттық бағытталуын қамтамасыз ететін адамдар тобы.

Кәсіпорынның қаржысын басқарудың ұйымдық құрылымы кәсіпорын қызметіне байланысты әр түрлі болады. Кез келген қаржылық басқару шешімін қабылдау үшін қажет:

- жалпы мақсаттарды түсіну;

- осы мақсаттардан шығатын міндеттерді жобалау;

- әр түрлі есептеу әдістерін меңгеру;

- экономикалық заңдарға бағыну;

- өзгермелі заңдарға бейімделе білу.

Қаржылық әрекеттің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке бірігеді.

Кәсіпорын активтерін жоғарлату. Ол үшін кәсіпорын үнемі төлем қабілеттілігі мен рентабельділігі сақтау керек.

Тағыда бір маңызды сауал бұл осы, кәсіпкерге қаржының дер кезінде жетіспеуіне не себеп? Яғни бұл дәл қазіргі дағдарыс жағдайында шешімін таба алмай отырған мәселелердің бірі болса керек. Кейінгі кезде кәсіпорындар қызметіне ерекше соққы берген әлемдік дағдарыс орын алып отыр. Ең бірінші АҚШ-тан басталды. Оның себебі - АҚш-тың экономикасының көлемі дүние жүзінің экономикасының 20%-ын құрайды. Экономикалық ауқымы 13-14 триллион доллар болатын болса, 70-80 триллион доллар әлем қаржысының 20%-ын долларда дүние жүзінің 20% импорты АҚШ-та.

Кәсіпорын бұл мемлекет қаржысының локомативтері болып табылады.

Елбасы өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында «Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттемелерді шешудің бірінші бағыты өндіруші сектор» деп көрсеткен (4).

Әлемде дағдарыс әсерінен бірқатар елдерде жоғары деңгейдегі жұмыссыздық орнап отыр. Халықаралық еңбек ұйымының деректеріне қарағанда 2009 жылы әлемде жұмыссыздар саны 51 миллион адамды құрауы мүмкін. Былтыр жұмыссыздықтың жоғары деңгейі дамушы елдерде болмақ. Егер дағдарыс күшейсе, еңбек рыногындағы жағдай күрт төмендейді.

Әлем компаниялары 76 мың жұмыс орнын қысқартпақ. Тек Германияда қаңтар айында ғана жұмыссыздар қатары 387 мыңға көбейген. Қытайда экономикадағы депрессия салдарынан 20 миллион адам жұмыссыз қалған. Еуропаның ірі компаниялары 76 мыңнан астам адамды жұмыстан қысқартатынын мәлімдеді.

Көптеген мемлекеттердің пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдау болды.

Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбалентілігіне жедел үн қосқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын немесе орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалады. Елде іскерлік белсенділікті сақтау үшін шағын және орта бизнес субьектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде бұрын соңды болмаған қаржылық қолдау жасалды.

Бірақ осы кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын үнемі қалай басқарып отыру керек? - деген сауал кез келген кәсіпкерді мазалайды.

Ондай кәсіпорындардың санын көбейту үшін келесі міндеттерді орындау керек:

- реформалардың нормативті және заң шығаратын базаларының қаржылық, ақша, несие, салық жүйесін жетілдіру;

- инвестициялық, базалық, қаржылық саясаттың тиімдісін таңдай білуі;

- банкроттықты уақытында болжап және келешекте одан сақтана білу;

- инновациялық жобаларды енгізіп отыр.

Қазіргі экономикалық дамытудың негізгі міндеттері қызмет көрсету тиімділігін арттыру, ішкі және сыртқы нарықта тұрақты позицияға ие болу болып табылады.

Тұрақты кәсіпорын - бұл нарықта белсенді әрекет етуші, жоғары позицияға ие әрі тиімді басқару нысанындағы, мемлекет экономикасындағы айырықша буын.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [3]. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады.

Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы (мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсі, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.

Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;

- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;

- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;

- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;

- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;

- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорын басшылығына қаржылық тұрақтылықты жетілдіру бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады: ол негізінен жалпы активтердің құрастыру көздерінің сомасындағы меншікті капиталдың үлесін арттыруға негізделеді.

Айта кеткен жөн, қажылық тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсетілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай отырып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рентабельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі коммерциялық және банктік несиелер болып табылады (2).

Стратегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс (1).

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау оның өз ресурстарын тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

И.А. Бланк өз еңбегінде іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:

1) Айналымдағы табыстың үлесін арттыру, яғни бұл негізінен шығындарды азайтуға бағытталады. Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақылау жасалынып отырады.

2) Активтердің айналымдылық жылдамдығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.

Кәсіпорын активтері рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.



Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет