Тақырып 2: Материалдық нүкте динамикасы Негізгі сұрақтар


Гравитациялық әсерлесу күштері



бет3/8
Дата23.09.2023
өлшемі301.77 Kb.
#478409
1   2   3   4   5   6   7   8
file-1737

Гравитациялық әсерлесу күштері
Гравитациялық әсерлесу 1687 жылы И.Ньютон ашқан бүкiл әлемдiк тартылыс заңымен анықталады. Гравитацилық күштер кез-келген денелердiң арасында әсер етедi. Бiрақ массалары өте аз болғандықтан элементар бөлшектердiң арасында бұл күш ешқандай роль атқармайды. Бұл күш аспан механикасында, астрофизикада шешушi роль атқарады
Гравитациялық әсерлесу күштері – яғни барлық, тіпті алыс қашықтықтағы макроденелерде әсер ететін тартылыс күштері. Олар планеталар, жұлдыздар, галактика мен басқа ғарыштық жүйелердің қозғалуын анықтайды. Гравитациялық күш электромагниттік күштен бірнеше есе әлсіз.
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді .
Ньютон онан кейінгі жылдары астроном И. Кеплердің XVII ғасыр басында ашқан ғаламшарлардың қозғалыс заңдылығының физикалық түсіндірмесін табуға тырысты және гравитациялық күштердің сан мәні қанша болатынын есептеді.Ғаламшарлардың қалай қозғалатынын біле отырып Ньютон оларға қандай күштер әсер ететіндігін анықтағысы келді. Бұл әдіс механиканың кері есебі деп аталады.
Механиканың негізгі есебі бойынша массасы мен жылдамдығы белгілі денеге әсер ететін күштің салдарынан кез келген уақыт мезетіндегі дененің
орнын анықтау болса, механиканың кері есебінде дененің қалай қозғалатындығына қарай оған әсер ететін күштерді анықтау болып табылады.
Осы есепті шешу арқылы Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашты. Барлық денелер бір-біріне өздерінің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.
Ньютон ашқан бүкіләлемдік тартылыс заңы былай тұжырымдалады:
Кез-келген екі бөлшектің гравитациялық тартылу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал олардың ара қашықтығының квадратына кері пропорционал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет