Тақырып Биологиялық ғылым дифференциясы және интеграциясы, қазіргі заманғы бағыттары



бет1/2
Дата19.02.2024
өлшемі20.12 Kb.
#492457
  1   2
2 апта Калелова


Тақырып 2. Биологиялық ғылым дифференциясы және интеграциясы, қазіргі заманғы бағыттары


Биология бөлімдері

Зерттеу пәні

Ерекшелігі

Цитология

жасуша туралы ғылым. Цитология ғылымы біржасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын,құрамын және қызметін зерттейді.

Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі - нуклеин қышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау.

Гистология

 (грек. hіstos – ұлпа және logos – ілім) – тірі ағзалардың (адам, жануар және басқа да көпжасушалы ағзалардың) ұлпаларын, олардың түзілуін, құрылымын, қызметін және өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым;

ұлпа эволюциясын анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. қасиеттерін (гистохимия), жасушаларының құрылысын, атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты қалыптасты. Жалпы Гистология – ұлпаның дамуын, құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке Гистология – адам және көп жасушалы жануарлар органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. Кейде мұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды.

Эмбриология

 (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғы-лым

ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда.

Генетика

үкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. Ағзалардың тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі туралы ғылымды генетика деп атайды (грекше “genetіkos” — шығу тегіне тән). 

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын ашып, оларды қоғамды дамыту үшін пайдаланудың жолдарын шешуде генетика ғылымы зор үлес қосты. Сондықтан, биология ғылымының басқа салаларының арасында маңызды орын алады. 

Палеонтология

 (палео…, грек. ontos – тірі организм және logos – ілім) – жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар және олардың тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. 

Геологиямен тығыз байланысты. Палеомагниттілік палеоботаника және палеозоология болып бөлінеді. Организмдердің қазба қалдықтарын және олардың тіршілік іздерін зерттеу арқылы өткен геологиялық кезеңдер мен дәуірлерге тән өсімдіктер мен жәндіктер яки хайуандар әлемінің даму тарихын зерттейтін, ағзалардың филогендік қатынастарын қалпына келтіретін және олардың тіршілік ортасына сәйкес даму пішіні ерекшеліктерін саралайтын биология ғылымының саласы.

Антропология

(көне грекше: ἄνθρωπος — адам) — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология (грекше arthropos – адам, logos – ілім) терминін алғаш рет Аристотель енгізді.

Антропологияда адамды салыстырмалы кең көлемде, әрбір адамның жеке әрекеттерін зерттейді: жыныстық, жастық, конституциялық, қызметтік, этникалық және нәсілдік. Бір қатар сұрақтар бойынша антропология, этнография және археологиямен де тығыз байланысты. Антропология адам тарихымен байланысты, жер қоймасынан табылған заттарды зерттейді. Этнография халықтың тұрмысы мен мәдениет ерекшеліктерін, олардың шығу тегін, таралу жолдарын және мәдени тарихи қарым-қатынастарын да зерттейді. Антропология – табиғаттануға жатады. 

Экология

(лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет