Тақырып 2. Халықаралық тасымалдардың перспективалары
Логистика ғылым ретінде және азаматтық саладағы бизнес құралы ретінде ең алдымен АҚШ-та 1950-ші жылдардың басында қалыптаса бастады. Логистика эволюциясы дамыған капиталистік елдердегі нарықтық катынастардың тарихымен, эволюциясымен тығыз байланысты, іскерліктегі "логистика" терминінің өзі тек 70-ші жылдардың соңында ғана қалыптасып, әлемде жаппай қолданыла бастады. Міне, шамамен жарты ғасыр бойы батыста мамандар, ғалымдар, іскерлер арасында қарастырылып отырған түсініктің атауы және мазмұны бойынша талқылаулар әлі күнге дейін аяқталмаған. Логистика бойынша батыс әдебиеттерін сараптай отырып, мынадай қорытынды жасауға болады: көптеген авторлар бірдей логистикалық қызметтерді баяндай отырып әр түрлі терминдерді қолданады. "Логистика" терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі 1.1 кестеде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминнің колданылуы зерттеушінің талғамына байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалауымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны "физикалық бөлу" терминінің қолданылуы, ол Батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және "дистрибьюция" терминінің синонимі болып табылады.
Кесте 1.1 - Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын "логистика" терминінің синонимдері
Термин атауы (ағылшын тілінде)
|
Атаудың аудармасы
|
Physical distribution
|
Физикалық бөліну
|
Marketing logistics
|
Маркетинг логистикасы
|
Materials management
|
Материалды менеджмент
|
Logistics engineering
|
Логистикалық инжинеринг
|
Industrial logistics
|
Өнеркәсіптік логистика
|
Business logistics
|
Бизнес логистика (коммерциялық логистика)
|
Logistical management
|
Логистикалық менеджмент
|
Integrated logistics management
|
Біріккен логистикадағы менеджмент
|
Supply management
|
Жабдықтау менеджменті
|
Logistics pipeline management
|
Логистикалық арна менеджменті
|
Distribution management
|
Бөлу менеджменті
|
Supply chain management
|
Логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі)
|
Time-based management
|
Уақытқа негізделген менеджмент
|
Integrated distribution
|
Біріккен дистрибьюция
|
Supply chain logistics
|
Жабдықтау тізбегінің логистикасы
|
Service response logistics
|
Қызметке жауапты логистика
|
Integrated supply chain management
|
Біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент
|
Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминологиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақтыланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қәзіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму перспективасын бағалау қызық.
Достарыңызбен бөлісу: |