Тақырып Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы



бет1/40
Дата14.05.2024
өлшемі0.8 Mb.
#501036
түріПрактикум
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
1-лекция


Тақырып 1. Кіріспе. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы.

  1. Пәннің міндеті мен мақсаты. Даму тарихы.

  2. Пәннің концепциясы.

  3. Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырысы.

  4. Экологиялық білім мен экологиялық практикумның байланысы және экологиялық тәрбие берудің қысқаша тарихы.

  5. Антропогендік факторлар. Халық санының өсуіне байланысты суға деген қажеттілік.

Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңінде адамзат факторын жандандыру әлемдік прогрестің бір шарты ретінде талап етіледі. Бүгінгі білім берудің мақсаты – дүниетанымы кең, интеллектісі дамыған, білім деңгейі жоғары индивид қана емес, сонымен қатар, көп жағдайда қоғамның болашағы зияткерлік, саяси, мәдени деңгейінің дамуымен байланысты рухани тұлғаны қалыптастыру. Білім беру – оқыту мен тәрбиенің тығыз байланысы. Бүгінгі күні біздің елімізде қоғам мен мемлекеттің заманауи сұранысына бағдарланған білім берудің тұтас жүйесі құрылған. Өскелең ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1997 жылғы «Қазақстан−2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы» заңдарында көрініс тапқан.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспар», Білім және ғылым министрлігі қабылдаған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы» басшылыққа алынған.
Қазақстандық білім беруді жаңғырту тәрбиені білім берудегі маңызды басымдық ретінде оқыту мен дамыту процесіне кіріктірілген педагогикалық ісәрекеттің құрамдасы болуын көздейді. Оқытудың өмірмен байланысының күшейтілуі оқыту әдістерінің тәрбиелік ықпалын күшейту туралы, тәрбие және білім беру жұмыстарының бірлігі жайындағы мәселені алдыңғы орынға шығаруда. Тұлғаны қалыптастыру – өзін-өзі ұйымдастыру, отбасы және қоғамдық тәрбиелеу мен ағартудың ұзақ, табанды және мақсатты процесінің нәтижесі. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа Жолдауында: «... оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс», − деп атап көрсетті.
Тәрбиенің басты міндеті – оқушыларда азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық өзіндік санасын, руханилығы мен мәдениетін, ынталылығын, дербестігін, толеранттылығын, қоғамда табысты әлеуметтену қабілеттілігін қалыптастыру.
Тұлғаның өзін өзі билеуін, өзін өзі жүзеге асыру, отбасы және білім беру мекемелері педагогикалық ұжымдарының өзара іс-әрекеті үшін жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тәрбиенің нақты мақсаттары мен міндеттерін анықтау, тәрбие кеңістігін модельдеу – рухани тұлға қалыптастырудың негізі болады.
Заманауи оқу бағдарламалары мазмұнының айтарлықтай тәрбиелік әлеуеті бар. Оның іске асырылуы оқушыларға адамгершіліктің, патриоттықтың, руханилықтың, азаматтық және гумандықтың шынайы үлгісін ұсынатын оқу материалының мазмұнын мақсатты іріктеуге байланысты.
Сабақтағы оқу пәнінің мазмұны – оқушы тұлғасының құрылымына әсер ететін күшті құрал. Алайда, білім алушылардың санасына баянды, берік білім негізінде тұтас қабылдау арқылы жеткізілген жағдайда ғана мазмұн тәрбие құралы бола алады. Жүйелі білімді және олар арқылы сенім мен көзқарастар жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін пәнаралық байланыстарды, кіріктірілген курстарды кеңінен қолдану керек. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу процесінде адамгершілік сезімдерді қалыптастыруға көмектесетін, тұлғаның құндылықты бағдарын қалыптастыратын – тарих, мәдениет бойынша материалдар жеткілікті қолданылмайтынын атап көрсету қажет.
Жастарға қазіргі заманғы іс-әрекет принциптері мен өзекті проблемаларында өткеннің прогрессивті, гумандық идеяларының тарихи тамыры бар екендігін көрсетудің маңызы зор. Білім беру процесінің маңызды құрамдасының бірі ретінде оқытумен қатар тәрбие процесі жай-күйінің талдауы және зерттеуі көрсеткендей, қазіргі оқушылардың тәрбиесі біздің қоғамда болып жатқан әлеуметтік жүйенің дағдарысы: өмірдің қылмыстануы; экологиялық жағдайдың нашарлауы; адамгершіліктің төмендеуі және т.б. көптеген келеңсіз процестермен күрделендірілген. Негізгі әлеуметтік институт – отбасының өзінің тәрбиелік қызметін орындауы жеткілікті емес. Көбінде ата-аналар мен балалар арасындағы қарапайым рухани жылулық жетіспейді. Соңғы жылдары мектептің тәрбиелік қызметі төмендеді. Әр баланың бойында адамгершілік, қайырымдылық, азаматтық, еңбекке шығармашылық қатынас, тіршілік атаулыға ұқыпты қарау, өз халқының мәдениетін сақтау қасиеттерін тәрбиелеу – мектептің педагогикалық ұжымы басшылыққа алуы қажет және оқу-тәрбие жүйесі толығуы тиіс басты құндылықтар. Заманауи жағдайларда білім беру мекемелеріндегі тәрбиені дербес түр ретінде емес, кез-келген педагогикалық қызметке тән іс-әрекет ретінде қарастыру қажет.
Оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын арттыру қажеттілігіне орай, мектептегі оқу пәндерінің тәрбиелік бағыттылығын күшейту бойынша мектеп мұғалімдері үшін нақты практикалық басшылықтар, құралдар, әдістемелік ұсыныстар қажет. Сондықтан, әдістемелік ұсыныстардың мақсаты – тәрбие процесін білім берудегі маңызды басымдық ретінде жетілдіру және қазіргі мектептегі оқу процесінің тәрбиелік бағыттылығын күшейтуге ықпал ету.
«Оқыту процесінің тәрбиелік компоненті» үғымының мәні Қоғам дамуы процесінде тәрбие мазмұны өзгереді, алайда педагогика тәрбие субъектісі ретінде үнемі адамды қарастырады, ал тәрбие әсері оны жетілдіруге бағытталады. Бұл педагог-тәрбиешілердің тұлғаның сапалы өсуіне және жетілуіне ықпал ететін санасын, психологиясын, құндылықты бағдарын, білімі мен қызметінің әдістерін өзгертуіне мүмкіндік беретін тәрбие феноменін түрлендіретін іс-әрекеті ретінде анықтауына негіз береді. Демек, барлық білім беру процесін екі компонент ретінде көрсетуге болады: оқыту және тәрбиелеу. Өз кезегінде оқыту да, тәрбиелеу де белгілі бір аяқталған және құрастырылған процесті білдіреді. Біздің пікірімізше, оқыту мен тәрбиелеу процестерінің мәнін төмендегіше ұсынуға болады:
– Оқыту деп шығармашылық қабылдау мен практикалық қызметтер, мәдени және моральдық-этикалық идеялардың түрлі тәсілдері мен деңгейлері арқылы білім, білік және дағдыға ие болу түсіндіріледі.
– Бұл жағдайда тәрбие этностық, эстетикалық, моральдық, әлеуметтік және т.б. түрлі қарым-қатынастардың, сол сияқты мінез-құлық, дағдылар мен сезімдердің әртүрлі деңгейлерінің туындау және қалыптасу процесін білдіреді. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара ортақ және бір-бірінен ерекшеленетін қасиеттері бар. Келесі кестеде оқыту және тәрбие процестеріне ортақ және бөлек қасиеттерді көрсетуге болады (1-кесте).
Оқу процесі – бұл тек белгілі бір білім, білік және дағдыларды меңгеру ғана емес, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуы мен қалыптасуы. Оқушылардың оқу процесі барысында меңгерген білімі олардың дүниетанымы қалыптасуының негізін қалайды, түрлі табиғи, қоғамдық, техникалық және мәдени құбылыстар мен оқиғаларды дайындаудың маңызды құралы болады. Оқушылардың танымдық қызметі олардың интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік дамуын ескереді.
Оқу процесінің тәрбиелік мәні – оқыту барысында оқушылардың білім, білік және дағдыларды меңгеруі мен оларда әлемге, бір біріне, игерілетін оқу материалына эмоционалдықұндылықты қатынас қалыптасуы арқасында табиғи байланыс орнайтындығында. Білім берудегі тәрбие компонентінің мұғалімдер мен оқушыларға бірдей дәрежеде қатысты құндылықты басымдықтарын нақтылау қажет:
– тұлғаның жалпыадамдық гумандық құндылықтарға бағдарлануы;
– демократиялылық және толеранттылық;
– космизм және ұлттық идеяның үйлесуі;
– тұлғаның маңызды креативті қабілеттіліктерін ашу;
– өз шығармашылық әлеуетін елін көркейтуді іске асыру қажеттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тәрбиенің аймақтық аспектісі.
«Мектептерде экологиялық практикумды ұйымдастыру» пәнді оқыту процесінде тәрбие қызметін іске асыруда мұғалім ең алдымен сабаққа тәрбие міндеттерін қоюы тиіс. Мұғалімдердің көпшілігіне осы кезең қиындық тудырады. Нақты нені және қалай тәрбиелеу керек? Жеке оқушының және тұтас алғанда сыныптың тәрбие деңгейінің диагностикасы қажет, ол тәрбиенің проблемалы тұстарын бірден байқауға және тәрбие мақсаттарын мақсатты түрде құрылымдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, сабақта қозғалатын тұлға қасиеттерін балалармен талқылауға міндетті. Ол баланың процестен шеттетілмегенін, мұғалімнің оған тәрбиеде көмектескісі келетінін және ең бастысы бұл өзіне қажет екенін түсінуі үшін қажет. Бұл жағдайда бала өз қылықтары мен іс-әрекеттерін ойлана талдайды және мұғалімге сабақтың тәрбиелік міндеттерін түзету жеңіл болады.

1-кесте − Оқыту және тәрбие процестерінің ерекшеліктері, оларға тән ортақ және бөлек қасиеттер



Оқыту және тәрбие процестерінің ортақтығы

Оқыту және тәрбие процестерінің ерекше өзгешеліктері

1. Оқыту және тәрбие процестерінің өзара бірлігі мен қайтымдылығы, себебі оқыту процесі тәрбие қызметі де болып табылады, сонымен қатар тәрбие процесі оқытумен тығыз байланысты

1. Ерекше өзгешеліктер мазмұн деңгейінде байқалады: оқыту мазмұны – бұл, ең алдымен, қоршаған шынайылық туралы ғылыми түсініктер мен білімдер. Өз кезегінде, тәрбие мазмұнында алдыңғы орынға нормалар, ережелер және идеалдар шығады.

Тұлғаның санасына, мінез-құлқына, эмоциясына екіжақты әсер ету

2. Ерекше өзгешеліктер, сонымен бірге міндеттерді іске асыруға және алдыға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін жаңа формалар мен әдістерді анықтау деңгейінде жақсы байқалады. Оқытуда негізінен сол уақытта сабақ жүргізудің тек нақты да қатал белгіленген сыныптық-сабақтық жүйесі ғана қолданылса, тәрбие – түрлі сипаттағы барынша еркін формаларды, қоғамдық пайдалы еңбекті, спорттық, көркемөнер қызметін, мақсатты ұйымдасқан қарым-қатынасты, шамасына лайық еңбекті қолдану процесін білдіреді.

Сонымен, тәрбие міндеттерінің шеңбері анықталды, одан ары қарай жұмыстың ең күрделі де жауапты кезеңі тұр: ойға алғанды қалай іске асыруға болады?


Сабақ жоспарын жасауда қойылған тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың әр кезеңіндегі баланың қызметін ойластырудың маңызы зор. Тәрбиелік көзқарас тұрғысынан сабақтың кейбір сәттерін талдап көрелік.
Сабақтың басталуы – бұл өте маңызды кезең, себебі осы кезеңде қажеттілік мотивациялық аяға ықпал етіледі және көп жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуі оның іскерлікпен ұйымдастырылуына байланысты.
Сабақтың тәрбиелік қуаты болуы үшін оны қалай ұйымдастыруға болады? Әр мұғалімнің тәжірибесінде сабақты бастаудың түрлі әдістері мен тәсілдері жеткілікті. Мысалы, профессор Г.Н. Волков сабақты қандай да бір тәрбиелік сипаттағы қысқа аңыз, ертегі, мақал, жұмбақтармен және т.б. бастауды және бірте-бірте сабақ тақырыбына көшуді ұсынады. Г.Н. Волковта тәрбие құралдарының көптігі сондай, бір сабақтағы ауызша халық шығармашылығының пайдалану формасы, не болмаса қолдану әдістері екінші сабақта қайталанбайды.
Павлодар облысы Баянауыл ауданының мұғалімі И.С. Кузекова Ш.А. Амонашвилидің «Здравствуйте, дети!» кітабындағы постулаттарды өз жұмысында шығармашылықпен пайдаланады. Жаңашыл-мұғалім өз ойымен былайша бөліседі: «Бұл кітап көптеген мұғалімдер үшін мектеп өмірін, баланың міндетін және мұғалімнің рухтандырушылығын сезінуде жаңа кезең болды. Кітаптың педагогикалық тілі ғажап, ол баршаға түсінікті және жақын. Педагог-классиктер өз оқырмандарымен осындай ұғынықты да шығармашыл айқын тілде сөйлескен. Шалва Александровичтің барлық еңбектері сөйлеу мәнері және сөзді сезіну білігімен ерекшеленеді. Оның қарапайым болып көрінетін «Күлкім менің, қайдасың?» немесе «Жүрексіз нені сеземіз?» кітаптарының мазмұны бірден түсіне бермейтін ұлы даналықтан тұрады. Мен өз сабақтарымда Ш.А. Амонашвилидің әдістемесін жиі қолданамын. Мысалы, сабақты келесі ұйымдастыру сәттерімен бастаймын: математикада – оқушылар назарын сандардың симфониясына аударамын. Математикада симфония болады ма? Келіңдер, ойланайық. Немесе, бір рет кесу үшін неше рет өлшеу қажет? Неге дәл 7 рет және т.б.».
Рухани өмір – бұл ішкі, сондай-ақ сыртқы материалдық ақиқатты туғызатын болмыстың жоғары жоспары, жасырын, заттандырылмаған шынайылығы. Рухани өмірдің құлазуы адам дамуының эволюциясын тежейді, ал рухани өмірдің өсуі оның өркендеуі мен дамуын анықтайды. Дәстүрлі, сонымен қатар көптеген инновациялық мектептердің адам рухани өмірінің маңызын бағаламайтындығына және баланың өз рухани әлемін жасауда еркіне жіберіле салғандығына өкінуге болады. Бұл бала үшін үлкен қиындық туғызады, және ол үнемі жақсылықпен аяқтала бермейді.
Баланың жанында да жүрегінде де жарқын бейнелер, ой-армандар – әсемдікті сезіну мен шексіздікті ұғыну, өз ойы үшін жауапкершілік пен жақсылыққа, ерлік пен батырлыққа ұмтылу, қамқорлық жасау және ренішке ортақтасу сезімі орын алуы тиіс. Жарқын да биік бейнелердің ортасында осындай байлыққа ие болып жүріп, адам жаны еңбек ете бастайды, өз әлемін туғызады, жаңа бейнелерді жасайды және өзіне тартады. Мұндай сабақтарды қалай өткізуге болады?
Ең негізгі әдіс – мұғалімнің әңгімесі, еркін пікір алмасулар, аңыздар оқу. Сонымен қатар, алыс әлемдерге ұшу, өз қалалары мен мемлекеттерін салу туралы армандар; өзінің, жақындары мен туыстарының, адамдардың өмірін жақсарту туралы ойлау; өз жүрегіне үңілу, жүрегімен көру білігін өздігімен дамыту бойынша жұмыс істеу де бар. Сол сияқты, тәжірибе де бар: жақындары мен туыстарына, ғаламшар адамдарына, Жер бетіндегі балаларға ізгі ойлар жолдау, көрген түсті жазу, өз жан құбылыстары туралы күнделік жүргізу, философиямен шұғылдану. Мұндай сабақ тіпті бала үйіне келген соң да бітпейді: мұғалім оның жадында, ізгілік – ойында қалады. Осындай білім беру процесінде бала өмірдің қалыптасқан жағдайларына бейімделместен, оның талаптарын өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, оның сапасын арттыруды үйренеді.
Одан ары, келесі – «тақырыпты тұжырымды етіп тарқату» процесін ұсынуға болады. Тақтада сабақтың тақырыбы жазылады және оқушыларға түсініп оқу және өз пайымын айту ұсынылады. Талқылау «оқушы – мұғалім» «оқушы – оқушы» сұхбаты принципінде құрылады. Нәтижесінде бірнеше педагогикалық міндеттер шешіледі: біріншіден, оқушылар шығармашылық ойын, батыл пайымын, сөз мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін сабақтың міндеттерін өздері ұсынады; екіншіден, олардың алдында сабақ үстінде шешуге тура келетін, сыни ойын, жігерлілік қасиеттерін тәрбиелеуге мүмкіндік беретін проблемалар туындайды; үшіншіден, оқушылар өзектендіру қажет етілетін сұрақтар шеңберін (бұл кезеңде ақыл-ойға тәрбиелеу, өз күшіне сенуге тәрбиелеу жүреді) өздігімен белгілейді; төртіншіден, дауыстап пікір білдірудің осы бірнеше минуты оқушылардың қызметіне қозғау салады және жұмыс күйіне келтіреді, сол арқылы мотивациялық-сұраныс аясын дамытады.
Тақырып атауын тарқатуда көп жағдайда олар осыған дейін кездескен түсініктер қайталанып қалатындықтан, талқылауда «күшті» және «орташа» оқушылармен қатар, үлгерімі төмен оқушылар да белсенділік танытады. Мұндай тәсіл сабақта жетістік ахуалын туғызуға мүмкіндік береді, адамгершілік тәрбиені іске асырады.
Сабақты проблемалық жағдаят тудыру мүмкіндігіне жетелейтін жаттығулар орындаудан бастауға болады. Қай тәрбиелік әлеуеттің осындай тәсілі бар? Ақыл-ой, шығармашылық дербестік, ерік күші, еңбексүйгіштік, жауапкершілік тәрбиесі беріледі. Сабақты зерттеу сипатындағы практикалық жұмыстан бастауға болады. Мұндай жұмысты жүргізу сыни ойлауға тәрбиелейді, қызығушылық туғызады, тақырыпты зерттеуге деген дәлелдерін қарастырады. Сол сияқты, бағалаудың түрлі тәсілдері балаға жетістікке жеткен және сәтсіздікке ұшыраған сәттерінде де оң әсер етеді.
Сабақта міндетті түрде бағалаудың әртүрлі жолдарын қолдану қажет. Мысалы, бақылау жұмысынан кейін біз оқушылармен «жетістік сатысын» құруды ұсынамыз. Бұл тәсіл өте тиімді, себебі балалар өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін талдай отыра, сын, өзара сыйластық сияқты қасиеттерді көрсетеді, өзгелердің жетістігіне қуануға үйренеді, өзіне және сыныптастарына қатысты сынды дауыстап айтады. Кейбір сабақтарда бағалау жетондарын пайдалану тиімді, балалар олардың көмегімен дұрыс жауаптары үшін өзін өзі бағалайды. Бұл жағдайда сабақтағы белсенділік артады. Сабақтың соңында қорытынды жасап және тиісті бағаны журналға қою жеңіл болады. Бұл тәсіл жауапкершілік, адалдық, парасаттылық, өзара сыйластықты тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Әрине, сабақтың барысында міндетті түрде мұғалімнің ауызша бағалауы – ұстаздың мақұлдаулары, кей іс-әрекет түрлерінде сыныптастары тарапынан бағалаулар болуы тиіс.
Сабақ соңында немесе аралық кезеңдерінде рефлексия кезеңі болуы шарт. Дәл осы кезеңде балалармен бірге сабақты тәрбиелік көзқарас тұрғысынан бағалау мүмкіндігі туады. Бұл жерде мұғалімнің, оқушылардың талдауы және өзіндік талдау болады. Адамгершілік критерияларына, еңбектегі жетістіктерге немесе сәтсіздіктерге акцент жасалады, ақыл-ой тәрбиесі аспектісі қозғалады. Кез-келген сабақтың үлкен тәрбиелік әлеуеті бар, сондықтан да мұғалімге балаға зиян келтірмеу жауапкершілігі жүктеледі. Әдістемелік дұрыс құрылған сабақ өзінің әрбір сәтімен тәрбиелейді, материалды өзекті, қажет және қызықты етеді.
Педагогикалық процесс деп көздеген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған және жағдайдың алдын ала көзделген өзгерісіне, тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын түрлендіруге жеткізетін тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің дамытушы өзара іс-әрекеті аталатыны белгілі. Тұтастық пен ортақтық негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамыту бірлігін қамтамасыз ету педагогикалық процестің басты мәнін құрайды. Педагогтар, тәрбиеленушілер, тәрбие жағдайлары – педагогикалық процесс жүретін жүйенің компоненттері болып табылады. Процестің мақсатты компоненті педагогикалық қызметтің мақсаттары мен міндеттерінің алуан түрлілігінен: басты мақсаты – тұлғаның жан-жақты, және үйлесімді дамуынан бастап – жекелеген қасиеттерден, немесе олардың элементтерін қалыптастырудың нақты міндеттерінен тұрады. Мазмұндық компонент жалпы мақсатқа, сол сияқты әрбір нақты жеке міндеттің мәнін, педагогтар мен тәрбиеленушілердің өзара іс-әрекетін, олардың шығармашылығын, процесті ұйымдастыру мен басқаруын көрсетеді, бұларсыз соңғы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Педагогикада бұл ұйымдастырушы, немесе ұйымдастыру-басқару компоненті деп аталады. Процестің нәтижелік компоненті оның қарсылығының тиімділігін көрсетеді, қойылған мақсатқа сәйкес қол жеткен өзгерістерді сипаттайды. Педагогикалық процесс атқарымдағы педагогикалық жүйені көрсететінін айта кету қажет. Кез-келген педагогикалық жүйенің құрамына енетін компоненттер: педагог, оқушылар, білім мазмұны, педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы, педагогикалық процестің әдістері (оқыту әдістері және тәрбие әдістері), педагогикалық процестің құралдары, мақсаты және нәтижесі. Басқаша айтқанда, өзара бір-бірімен байланысты оқыту және тәрбиелеу – ең ірі құрамдас, педагогикалық процестің процессуалды компоненттері болып саналады. Олар өз кезегінде, басқа, анағұрлым ұсақ құрамдастарға бөлінеді. Мысалы, оқыту процесі – оқытуға және оқуға т.б. Оқыту және тәрбие атқарымдағы педагогикалық жүйенің жүйеасты құрылымы ретінде қарастырылуы мүмкін. Олардың қызметі ортақ (білім беру, тәрбиелеу, дамыту), бірінші жағдайда – білім беру, екінші жағдайда – тәрбиелеу басымдықта. Оқыту процесі атқарымдағы дидактикалық жүйе болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет