Хіх ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар туралы айтыңыз



бет1/15
Дата26.12.2022
өлшемі93.08 Kb.
#467952
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
отаршылдық жауаптары


2-Сұрақ
ХІХ ғасыр – орыс отаршылдығының жаңа, батыл бетбұрыстар кезеңі. Ішкі Бөкей ордасының құрылуы(1801). 1822,1868 жылдардағы реформалар туралы айтыңыз
Бөкей хандығының құрылуы мен шаруашылығы
ХІХ ғасырдың бас кезінде Кіші жүз қазақтары өздерінің ата-қонысы Жайықтың оң жағына көшуге, жайылымдық жерлерін қайта алуға тырысты. Әкімшілік басқарылуы жағынан Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағындырылды, орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. Еділ мен Жайық арасын, Каспий теңізінің солтүстігінен Ырғыз өзеніне дейінгі жазықты бірнеше жыл Еділ Қалмақтары мекендеді.Олардан бұрын да бұл далада қазақ рулары көшіп-қонып жүрді. Бертін келе патша үкіметі Орал казак әскери басшылары қазақ ауылдарына Жайықтан өтуге әлденеше рет тыйым салып көрді.Ол үшін әскер күшін де пайдаланды.Бірақ оған қарамай жеке рулар, ауылдар көшіп келіп, қоныстанып жүрді. 1771 жылы Еділдің бойын мекендеген қалмақтар Жоңғарияға қарай көшіп, Еділ мен Жайық арасындағы дала босап қалды. Бұл жерді Кіші жүз рулары мекендеді. Орал казак әскері қазақтарға маза бермеген соң,қоныстануға жоғарыдан ресми құжат қажет болды. Осыны алдына мақсат етіп отырған Бөкей сұлтаны Ресей императорына 1799 жылы хат жазып, өзінің қол астындағы қазақтарымен Жайықтың оң жағына өтіп қоныстануға рұқсат сұрайды. 1801жылы 11 наурызда патша Еділ мен Жайық арасын Бөкей сұлтанға қарауындағы елімен түгелдей иеленуге ресми рұқсат берді.Шын мәнінде,рұқсат беруге төмендегідей жайттар себеп болған. Қазақтарды Жайықтан өткізбеуге тосқауыл қоя алмайтынына өкіметтің көзі жетті. Қалмақтардың көшіп кетуіне байланысты орнында қалған аз қалмақ-ноғайдың Жайық бойындағы орыс-казактармен бірігіп қонысты қорғауға күші жетпеді. Ал шеп бойында қазақтардың көптеп жиналуының салдарынан казактармен қақтығыстар жиілей түсті. Ресей үкіметі бұдан ұтылған жоқ. Біріншіден, Кіші жүз екі иелікке бөлінді. Екіншіден Еділ мен Жайық аралығындағы сауда жолдары қауіпсіздендірілді. Осыдан Ресей үкіметінің Қазақстанға ықпалы күшейе түсетін болды. Ордабасы Мемлекеттік мүлік министрлігіне, кейіннен Сыртқы істер министрлігіне қарады. Патша жарлығында Бөкей қарамағындағы Еділ-Жайық арасындағы даланың солтүстікке Қараөзен, Сарыөзендерден, оңтүстіккте Каспий жағалауына дейінгі жайлауы көрсетілді. Қоныстанған аймақта Бөкей сұлтан басқарған Ішкі Орда құрылды. Аумағы 70 мың шаршы шақырым, Батысы Астрахан, Солтүстігі мен шығысы Саратов, Орынбор губернияларымен, оңтүстік және оңтүстік шығысы Каспий теңізі және Жайық шекара шебіне дейін жетті. Жалпы саны 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Жер көлемі 6 млн. десятинаны құрады. Олардың көпшілігі кедейлер еді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Бөкей 1815 жылы 12 мамырда қайтыс болады, тақты мұрагерлікпен иелену құқығы бойынша ұлы Жәңгір отырады. Бірақ жас (14 жас) болуы себепті, ол кәмелеттік жасқа толғанша елді Шығай сұлтан биледі. Ішкі орда немесе Бөкей хандығының саяси-экономикалық жағдайының,географиялық және тарихи жағдайларға байланысты өзгешеліктер болды. Алғашқы жылдары мал саны аз ауылдар Нарын құмында Қараөзен, Сарыөзен бойында еркін көшіп жүрді. Бірте-бірте көшіп келушілер саны 1812-1814 жылдар аралығында көбейе түсті. Жерге құныққан әскербасылары 1813 жылы Бөкей ордасының солтүстігін түгел иемденіп, әскери шептерін көшіріп, қос өзен аралығындағы шұрайлы жайылымды Қамыс-Самар көлдерімен қоса тартып алды. Сол жерлерге бекіністер салып (Таловка, Абинск, Вербовск, т.б.), казак-орыстарды көшіріп әкелді. Қыстауларынан айырылған қазақтар күйзеліске ұшырап,елдің бірқатары бөкейліктерді тастап бері өте бастады. 1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланады. 1827 жылы ол Нарын құмының батыс бөлігіне хан ордасын салғызады. Елді басқару осы жерден жүргізіледі. Хан ордасында хан үлгісімен билер, сұлтандар, старшындар да үй салғыза бастайды. Жәңгір хан саяси-экономикалық дамуға бірқатар өзгерістер енгізді. Барлық жерде іс-қағаздарын енгізу тәртібін енгізді. Денсаулық сақтау саласында жұқпалы ауруларға қарсы егу тәжрибесін енгізді. Қару-жарақ палатасын ашу жөнінде бастама көтерді. Оны толық қалыпқа келтіру біршама уақытқа созылды. Хан ордасы жанынан мектептер ашып, оқушылардан өзі емтихан қабылдаған кездері де болған. Мал шаруашылығы саласына, әсіресе мал тұқымын асылдандыруға ерекше көңіл бөлді. Ағаш өсіру, шөп шабу мәселелеріне қатты көңіл аударды. Оның дәлелі бір кездердегі құм басқан даланы гүлденген алқапқа айналдырды. Міне, осы жасаған еңбегі, прогресшіл мемлекет қайраткері ретінде І-дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Билікті дербес басқарды, қолында әкімшілік және сот билігі болды.

Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері


XVIII—XIX ғасырлардың аралығында Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Жайықтың оң жағалауына өз беттерінше жаппай көше бастады, Мұның бірнеше негізгі себептері бар еді.

Біріншіден, шекара шебіне таяу аймақтарда отырған қазақтар мал жайылымынан қатты тамшылық көрді. Патша үкіметі олардың жер жөніндегі өтініштеріне құлақ аспады. Мұның өзі орыс отаршылдығына қарсы жаңадан көтерілістер тудыра бастады. Қазақтардың Қытайға қарай көшіп кету ықтималдығы пайда болды.


Екіншіден, қазақтар өздерінің бұрынғы ата қонысына қайтып баруға тырысты. Ал ол қоныстар Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағында қалып қойған болатын. 1771 жылы Еділ қалмақтарының елеулі үлкен тобы Шыңжаңға көшіп кеткеннен кейін Еділ мен Жайық аралығында босап қалған жерлер болды.
Үшіншіден, Сырым Датұлы бастаған көтеріліс күшпен басып-жаншылған соң оған қатысушыларға сұлтандар мен ханның тарапынан қатты қысым көрсетіліп, қуғын-сүргін жиілеп кетті.
Төртіншіден, Пугачев пен Датұлы бастаған көтерілістер аяусыз басып-жаншылғаннан кейін патша үкіметі бұрыннан белгілі
«бөліп ал да, билей бер» деген империялық пиғыл принципі бойынша біртұтас Кіші жүзді әлсіретуге тырысып бақты, Әбілқайыр ханның ұрпақтары болып табылатын бірнеше топтың арасында тақ таласын шиеленістіре түсті.
Хан тағынан негізгі үміткерлердің бірі Бөкей сұлтан болатын. Бірақ 1797 жылы қартайған Айшуақ сұлтан Кіші жүздің ханы болып шыға келді. Шыңғыс ұрпақтарының арасындағы қарым-қатынас шиеленice түсті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы Жайықтың оң жақ бетіне көшіп бару ғана еді.

Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң жақ бетіне жаппай өтуі


1799 жылы Бөкей сұлтан Ресей императорының атына хат жазып, өзінің қол астыңдағы қазақтардың бір бөлігінің Жайықтың оң жақ бетіне көшіп баруына рұқсат сұрап, өтініш жасады. Сөйтіп 1801 жылғы 11 наурызда Ресей монархы I Павелдің жарлығы шығып, Бөкей сұлтан мен оның қол астындағы қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне көшуіне рұқсат етілді.

Бөкейдің өзіне Ресей императорының суреті бар алтын медаль тапсырылды. Көшіп барған қазақтардың қоныстанған аумағы 70 мың шаршы шақырым шамасында болды. Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтар орналасқан бұл аймақ Ішкі Орда деп аталды. Ішкі Орда батысында Астрахан, солтүстігі мен шығысында Саратов және Орынбор губернияларымен шектесті, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Каспий теңізі мен Жайық шекара шебіне барып тірелді.

Әкімшілік тұрғысынан алғанда Ішкі Орда Орынбор шекара комиссиясына бағынышты болды. Бірақ оның орналасқан аумағы Астрахан губерниясына қарайтын. 1801 жылы Жайықтың оң жағасына 5 мыңға жуық отбасы көшіп барды. Олардың басым көпшілігі таяуда ғана болып өткен көтеріліске қатысқандар еді және қазақ қоғамының ең кедей бөлігі болып табылатын. Сырым Датұлы қазақтардың Жайықтың оң жағалауына қоныс аударуына қатты қолдау көрсетті.

Ол тіпті халық арасында ата қонысқа көшу жөнінде ықпалды үгіт жүргізді. Жайықтың оң жағына көшіп барғандардың 15 мыңға жуығы кейінірек оның жақтастары болып шықты. Жайықтың оң жағалауына көшіп барушылардың саны бірте-бірте арта түсті.

1897 жылғы Ресей империясының Жалпыға бірдей алғашқы халық санағының көрсеткен нәтижесі бойынша, Ішкі Ордада 207 мың қазақ болды. Кейінірек қазақтардың Ресеймен шекаралық шептің ішкі жағына өтуіне тыйым салынды. Сонымен қатар қазақтардың кең-байтақ қазақ даласына қайтып келуіне де рұқсат берілмеді. Далалық қазақтардың да Ішкі Ордаға өтуіне шек қойылды.

1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет