Тақырып Криминологияның түсінігі және жүйесі, криминологиялық зерттеулердің әдістемесі Жоспары


Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата04.10.2023
өлшемі174.51 Kb.
#479864
1   2   3   4   5   6   7
OFRTHAYVEDCT04102023100153

 
Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі 
Бұл қылмыстылық, оның себептері мен оған әсер ететін жағдайлар, 
қылмыскердің жеке тұлғасы, қылмыстылықпен күрес шараларын дамыту мен 
жоспарлаудың криминологиялық тәсілдері, қылмыстылықтың алдын алу мен 
оның қызметінің тиімділігін болжамды бағалау мүмкіндіктері туралы 
ақпараттарды нақты сараптау мен бағалау, жетілдіру, жинау құралдары, 
тәсілдері мен әдістерінің жүйесі. Сол немесе басқа да нақты әдістерді таңдау 
зерттеудің мақсаттарына, зерттеуге жататын обьектілерге тәуелді. Мысалы, 
кісі ӛлтірушілердің жеке басының психологиясын қылмыстық іс 
материалдары бойынша сауалнама жасау жолымен зерттеуге болмайды, бұл 
үшін осындай тұлғалардан сауалнама алып, әңгіме жүргізу қажет. Керісінше, 
қайсы-бір қылмыстылық түрінің және оның негізгі сипаттарының таралуы 
сараптаманың әлеуметтік әдістерінің кӛмегімен зерттелуі тиіс. Басқаша 
айтқанда, әдістер зерттелетін сұраққа байланысты болуы тиіс.
Криминологияда кең таралған тәсілдерге мыналар жатады: 


Санақтық, оның кӛмегімен құқық бұзушылардың жеке тұлғасы мен 
қылмыстылықтың сандық-сапалық кӛрсеткіштері зерттелінеді. Бұл әдіс 
мынаған мүмкіндік береді:
1) жалпы ел, оның аумақтары, жекелеген ауылдық жерлерде немесе 
бӛлек нысандардағы қылмыстық құқық бұзушылықтар жағдайына жан-
жақты сандық сипаттама беруге; 
2) елдегі қылмыстылықтың даму заңдылығын, оның ӛсу қарқынын 
анықтауға; 
3) қылмыстық-құқықтық 
және 
криминологиялық 
маңызы 
бар 
әлеуметтік-демографиялық 
және 
басқа 
да 
белгілері 
ойынша 
қылмыскерлердің құрамын сипаттау (жынысы, жасы, жасалған қылмыстық 
құқық бұзушылықтар саны, және т.б.); 
4) қылмыстық 
құқық 
бұзушылық 
пен 
басқа 
да 
әлеуметтік 
құбылыстардың арасындағы байланысты, тұрақты да заңдылық сипаттарды 
сандық бейнеде анықтау;
5) қылмыстылыққа ықпал ететін себептер мен шарттарды анықтау үшін 
негіз болатын, сондай-ақ профилактикалық ықпал етудің нақты шараларыны 
болжауға және жетілдіруге негіз болатын қажетті сандық материалдарды 
жинау; 
6) қылмыскерлерге қолданылатын қылмыстық-құқықтық, әкімшілік 
ықпал ету шараларын сипаттайтын, осы процесті оңтайландыру және оның 
тиімділігін анықтау мақсатындағы қажетті деректерді алуға.
Анкеталық әдіс – криминологиялық проблемаларды ӛкілді тұлғалардан 
сауалнама алу немесе деректерді, мысалы қылмыстық істердегі арнайы 
дайындалған сауалнама және кезекті жинақталған деректерді бағалау мен 
сараптау бойынша жинақтау жолымен зерттеу жүргізу тәртібі. Сауалнама 
қылмыскерлер, жәбірленушілер, құқық қорғау органдарыны қызметкерлері, 
қоғамдық ұйымдардың ӛкілдері, халықтың жеке топтары арасында жүргізілуі 
мүмкін.
Сауалнаманың кӛмегімен мынадай шаралар атқарылады: 
1) қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын, қылмыстылықтың 
жеке түрлерінің таралуын, оның сипаттамаларын анықтау және зерттеу; 
2) іс-әрекетке жағымсыз ықпал ететін жеке құбылыстардың таралу 
дәрежесін анықтауға (маскүнемдік, есірткі құмарлық, токсикомания, 
қаңғыбастық, жұмыссыздық, қоғамдық-пайдалы еңбектен жалтару және т.б.); 
3) құқық 
қорғау 
органдарының 
және 
қоғамдастықтардың 
қылмыстылықпен күресудің тиімділігін зерттеуге (қызметкерлерден, 
лауазымды тұлғалардан, халықтан және т.б. сауалнама алу); 
4) рецидивтілікті, 
жазалау шараларының тиімділігін, кәмелетке 
толмағандардың қылмыстылығын және т.б. зерттеу. 
Сауалнамалық тәсіл мынадай қасиеттерге ие: маңызды санақтық 
материалдарға жатады; анықтау мүмкін болмайтын кӛрсеткіштер бойынша 
деректерді алуға мүмкіндік береді. Аталған тәсілдің кемшілігі сол, сұрау 
жүргізу әдісі жолымен алынатын мәліметтер субьективтік ақпарат болады.


Жабық сауалнаманың айырмашылығы сол, онда барлық жауаптар 
алдын-ала қарастырылады, ал ашықта – сұраушыларға берілетін және іс 
материалдарынан алынатын жауаптар жазылады. Онан бӛлек ашық-жабық 
сауалнамалар бар, онда жауаптың бір бӛлігі беріледі, ал келесі бӛлігі 
сауалнама жүргізу барысында жазылады. Ашық және жабық жауаптар бір 
сұрақтың шеңберінде болуы мүмкін.
Айта кетерлік жағдай, сауалнама әдісі тек басқа әдістермен үйлескенде 
ғана тиімді болады, сонымен бірге ол жалпы зерттеулер мен оның 
толықтығын және шынайылығын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет