қылмыстық
мінез-құлықтың мотивациясын, олардың шарттары мен
бағдарлығын, сипаты мен мазмұнын, басқа адамдармен және ӛзіне деген
қарым-қатынасын зерттеуге қолданылады.
Социометрия – латыншадан socius (жолдас, қатысушы), латынның
societas (қоғам) және гректің metrum (ӛлшем) деген сӛздерінен құралған. Бұл
ӛлшем
адамдардың
арасындағы
эмоциялық-психологиялық
байланыстарының ӛлшемі; санақтық және сапалық саралау үшін
ұйымдастырушылық-техникалық құралдар мен жабдықтар жүйесі, нақты
индивидтің, ол ӛзі тұратын және жұмыс
істейтін тұлғалар тобымен
әлеуметтік-эмоциялық байланысы.
Осы әдістің кӛмегімен топтағы ӛзара байланыстардың криминологиялық
ерекшеліктерін қадағалауға, оған баға беруге, психологиялық қарым-
қатынастар сипатын анықтауға, ушығу жағдайларының, топтық, серкелік
және т.б. болуын қадағалауға болады.
Социометриялық зерттеуде ауызша және жазбаша сұраулар (анкеталық,
сұхбат) алу әдістерінқолдану арқылы болжам жасалынады.
Алынған
деректер социометрияда (сызбаларда) жетілдіріледі және құрастырылады.
Криминологияда аталған әдіс қылмыстық құқықтағы (қатысушылар
институты және т.б.) қылмыстық жазалау (бас бостандығынан айыру, түзету
жұмыстары, бостандығын шектеу және т.б.) шараларының тиімділігін
зерттеуде пайдалы.
Құжаттық әдіс – криминологиялық зерттеулерде қызығушылық
тудыратын деректері бар құжаттарды зерттеп, болжау жасалынады.
Құжаттық ақпараттардың маңызды дереккӛзі соттық-тергеу тәжірибесін
жинақтау болып табылады. Криминологиядан бӛлек ешбір ғылым, оқиға,
жағдай, қылмыстылық, қылмыскер мен жәбірленушінің жеке тұлғасы туралы
қылмыстық істегі құжаттандырылған деректердің толық та шынайы санымен
айналыспайды.
Қылмыстық істерді зерттеу, әдетте мыналармен толықтырылады:
қылмыскерлерді, олардың туыстарын, қызметтестерін сұраумен; қылмыстық
іске енбеген құжаттарды (жеке хаттар, ресми куәлер және т.б.) саралаумен;
психологиялық тестілеуді ӛткізу, социограммаларды толтыру және т.б.
Аталған әдіс қылмыстық істерден бӛлек, түрлі
ресми және бейресми
құжаттарды (заң шығарушы материалдар, жеке құжаттар, құқықтық,
экономикалық және санақтық және т.б.) сараптау үшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: