Тақырып:Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
Орындаған:Жумагалиева Б.А
Тексерген:Табулдинова А.М
Топ:КФ-301
Мемлекеттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы
Партияның 1925 жылы 18-31 желтоқсанда ӛткен XIV съезі елді соцалистік индустрияландыру жоспарын жүзеге асыру міндетін қойды. Социалистік индустрияландыру саясаты ӛзінің мазмұны жағынан ірі машиналы ӛнеркәсіпті, ең алдымен ауыр индустрияны бүкіл халық шаруашылығының салаларын түбегейлі қайта құруды қамтамасыз ететіндей дәрежеде дамытуға бағытталды. Кеңестер одағының экономикалық тәуелсіздігі мен қорғаныс қабілетін камтамасыз ету үшін алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді индустриялды даму жағынан барынша қысқа тарихи мерзімде қуып жетіп, елді индустриялды державаға айналдыру міндетін қойды. Партия мұндай міндетті орындау үшін елдің бүкіл материалдық және ӛндіргіш күшін толығымен осы мақсатқа бейімдеу қажет деп шешті.
Алайда социалистік индустрияландырудың капиталистік индустрияландырудан ерекшелігі болды. Капиталистік мемлекеттер ӛздерінің индустриялды дамуын, әдетте, пайда тез түсетін жеңіл ӛнеркәсіп салаларын дамытудан бастайды. Осы салаларға тән болып келетін кәсіпорындардың шағындылығы мен оған жұмсалатын қаржының (капиталдың) айналымдылығы әуелгі кезде жеңіл ӛнеркәсіпті ӛте тиімді салаға айналдырады. Тек уақыт ӛткен соң ғана жинақталған қаржы біртіндеп ауыр ӛнеркәсіпке ауысуына байланысты ауыр индустрия салаларын дамытуға мүмкіндік туады.
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің ӛзінде ӛте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ ӛлкедегі кеңес және партия қызметкерлері кӛшпелі халық бірден социализмге ӛте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың кӛшпелі ӛмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерекшелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни «уклонистер» деп айыптады.
Келесі бір топтың ӛкілі С. Садуақасов ӛнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның ӛндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық ӛнеркәсіптерді кӛптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры кӛздеріне ӛнеркәсіптерді жақындату мақсатын кӛздеді. Ол ӛлкеден шикізаттарды ӛндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын ӛнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни ӛлкені тек шикізат кӛзі ретінде пайдалануға қарсы болды.
Қазақстанға ӛнеркәсіпті күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше артта қалған кӛшпелі халық индустрияландырудың ӛте жоғарғы қарқынына ілесе алмайды. Сонымен қатар ӛндіріс орындарына жергілікті ұлт ӛкілдерін кӛптеп тарту, яғни жергіліктендіру (коренизация) саясаты ӛндірісті ӛте-мӛте қымбаттатады, қазақтар жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген кӛзқарас та болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер «ұлыдержавалық шовинистер» деп айыптады.
Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жӛнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал ӛздері белгілеген елді «социалистік индустрияландыру» бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бӛлшегіне айналуы керек болды. Орталық ұсынған бұл кӛзқарасты осы кезде ӛлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған Ф. Голощекин де қолдады. Республика ӛмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин ӛлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті мойындамады.
Қазақстанда индустрияландыру саясатын жүзеге асыру барысы елдің орталық аудандарымен салыстырғанда ӛте қүрделі жағдайда жүргізілді. Біріншіден, ӛлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Ресейдің орталық аудандарымен салыстырғанда артта қалған еді. Екіншіден, ӛлкеде соғыстан қираған шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру шаралары созылып кетті. Яғни, ол уақыт жағынан бірінші бесжылдықпен сәйкес келді.
Осындай жағдайларға қарамай большевиктер Қазақстанды бүкілодақтық кӛлемдегі елді индустрияландыру бағытында жетекші орынға қойды. Қазақстанды индустрияландырудың ең алғашқы қарлығашы Түркістан-Сібір темір жолы болды. Индустриаландыру жылдарында Қарағанды-Балқаш, Гурьев-Доссор, Ақмола-Қарағанды, Жарық-Жезқазған, Рубцовка-Риддер темір жолдары салынды. Ӛлкені индустрияландыру барысында кеңес үкіметі түрлі-түсті металлургия, кӛмір және мұнай ӛндіріс орындары мен теміржол саласын одан әрі ӛркендету міндеттерін қойды. Осыған байланысты жаңа ӛндіріс орындарын салу және жұмыс істеп тұрған ӛндіріс орындарын қайта кұру үшін тек 1933—34 жылдары 566,6 млн сом қаржы бӛлінді. Оның бестен тӛрті ауыр индустрияны дамытуға жұмсалды. Олардың ішінде Қарағанды шахталары, Шымкент қорғасын және Балхаш мыс қорыту зауыттары, Ақтӛбе химия комбинаты болды.
Екінші бесжылдық кезінде республикада Қарағанды кӛмір бассейні мен Балқаш мыс қорыту комбинатын салу жоспарланды. Республикан-ың сол кездегі экономикалық ресурстары мұндай құрделі құрылыстарды салуға мүмкіндік бермейтін еді. Алайда соған қарамастан Кеңес үкіметі бұл құрылыстарды тез аяқтау міндетін қойды. Қарағанды кӛмір ӛндіріс орындарын да тез қарқынмен дамыту қажет болды. Себебі түрлі-түсті метал ӛндіру саласын тез дамыту барысы елде кӛмір ӛнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Ал сол кездегі елдегі кӛмір ӛндіріс орындары сұранысты қамтамасыз ете алмады. Осыған байланысты большевиктер тӛтенше жағдайда Қарағанды кӛмір ӛндірісінің бар мүмкіндіктерін жұмылдыруға тырысты.
Қазақстанды индустриаландыру барысында Текелі полиметалл және Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Ӛскемен қорғасын-мырыш зауыттары салына бастады. 1933 жылы ақпан айында Шымкент қорғасын зауытының алғашқы пеші жұмыс істеді. Бұлар Қазақстанда ғана емес бүкіл ел кӛлеміндегі түрлі-түсті металдарды ӛндіруші ӛте ірі ӛндіріс орындары болды. 1939 жылы Шымкент зауыты бүкіл Одақтағы қорытылған қорғасынның 73,9 процентін берді. Балқаш мыс қорыту зауыты республикадағы қорытылған мыстың 51 процентін берді. Осының бәрі Қазақстанды түрлі-түсті металдар шығарудан одақ кӛлемінде 2 орынға шығарды.
Мұнай ӛндірісінен де Қазақстан алдыңғы орынға шықты. 1940 жылы мұнай ӛндірудің кӛлемі 700 мың тоннаға жетті. Мұнай ӛндіруден Қазақстан Одақ кӛлемінде 3 орынға шықты. Ембі мұнай орны игерілді. Сағыз және Құлсары мұнай орындары ашылды. Қазақстанда химия ӛндірісі қалыптасты. 1933 жылы қарашада Ақтӛбе химия комбинаты мен Аралсульфат комбинаты да іске қосылды. 1928-1940 жж. темір жолдардың ӛсуі 50 процентке артып, оның ұзындығы 6581 км-ге жетті.
Қазақстан 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдары, ӛте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Большевиктер ӛлкені индустрияландыруды ӛте жоғарғы қарқынмен жүргізді. Мысалы: Одақ кӛлемінде мұнай ӛндіру 1926-1940 жж. 3 есе кӛбейсе, Қазақстанда — 5,9 есе кӛбейді; кӛмір ӛндіру Одақ бойынша 5,7 есе артса, Қазақстанда ол 77,4 есеге артқан; электр қуатын ӛндіру Одақ кӛлемінде 23,7 есе артса, Қазақстанда — 486 есе артқан, яғни одақтық кӛлемнен 20 еседен артық болған; темір жолдар салу Одақ бойынша 1,4 есеге, ал Қазақстанда — 3,1 есеге артқан.
Қазақстанда индустрияландырудың ӛте кең кӛлемде және жоғарғы қарқында жүзеге асырылуы инженер-техникалық маман кадрларды қажет етті. Әсіресе, 1933-1934 жылдары ӛндіріс орындары мен ауыл шаруашылығы жаңа құрал-саймандармен, машиналармен қамтамасыз етілді. Оларды игеру үшін маман кадрлар қажет болды. Бұл мәселені шешу үшін қысқа мерзімді курстар, фабрика-зауыт мектептері, техникалық минимум үйірмелері ашылды. Ӛнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда орта мамандандырылған оқу орындары ашылды. Жоғары дәрежедегі маман кадрларды даярлау үшін республикада Қазақ мемлекеттік университеті, Тау-металлургия институты сияқты алғашқы жоғары оқу орындары ашылды. 1933-1937 жылдары жоғары оқу орындары мен техникумдар 13 мың маман кадрларды даярлады. Сонымен қатар республиканың ӛндіріс орындары үшін маман кадрларды Рессейдің орталық аудандарындағы жоғары оқу орындарында даярлады. Алайда айта кететін бір жәй, Кеңес үкіметі ӛте күрделі инженер-техникалық маман кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарын республикада ашпады. Бұл мәселеде республика орталыққа тәуелді болды.
Қазақстанда ӛндірілген шикізаттарды ӛңдейтін ӛндіріс орындары салынбады. Ӛлкені индустрияландыру барысында ӛнеркәсіп ӛндірісінің жүрегі болып саналатын машина жасау бағыты, оның жетекші салалары: станок жасау, автомобиль шығару, трактор, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мүлде қамтылмады. Республиканы индустрияландыру тек шикізаттық бағытта болды.
Осындай сипатта жүргізілген ӛлкені индустрияландыру саясатының қазақ халқы үшін салдары да болды. Біріншіден, ӛлкенің экономикалық дәстүрі толық ӛзгерді, ӛнеркәсіп саласының ӛркендетілуі ауыл шаруашылығы ӛнімдеріне қарағанда ӛнеркәсіп ӛнімдері үлесінің кӛбеюіне әкелді. Екіншіден, қала халқы санының артуына, қалалардың урбанизациялануы мен күшеюіне әкелді. Қала халқының жартысы дерлік (47,5 %) 50 мыңнан астам халқы бар қалаларда жинақталды. 1928-1939 жж. Қазақстан қалалары тұрғындарының санының кӛші-қонымның нәтижесіндегі механикалық ӛсуі 1,8 млн адамнан асты. Үшіншіден, кӛші-қонымның нәтижесінде демографиялық ӛзгерістер болды, яғни Қазақстан кӛп ұлтты республикаға айналды. Большевиктер ӛлкеге жұмысқа басқа ұлттардың алдыңғы қатарлы ӛкілдерін әкелді деуге болмайды. Себебі, кеңес үкіметі әртүрлі қылмысы үшін сотталып, түрмеде отырғандардың еңбегін арзан жұмыс күші ретінде пайдаланды. Сонымен қатар индустрияландыру саясаты республикада жергілікті ұлт ӛкілдерінің санының азаюына да әсер етті. Тӛртіншіден, индустрияландыру саясаты нәтижесінде ӛлкедегі ұлтаралық қарым-қатынас шиеленісті. Оның себебі, Орталықтан әкелінген еуропалық ұлт ӛкілдерінен шыққан партия, кеңес қызметкерлері мен жұмысшылар қазақ қызметкерлері мен жұмысшыларына менмендікпен жоғарыдан қарады. Мұндай кӛзқарас туралы фактілерді құжаттардан кӛруге болады. Большевиктер, сонымен қатар ірі ӛндіріс орындарының басшылығына жергілікті ұлт ӛкілдерін жібермеуге тырысты. Орталық үкіметтің нұсқауын бұлжытпай орындайтын адамдарды орталықтан жіберіп отырды.
Қорыта айтқанда, большевиктер индустрияландыру саясатын жүзеге асыру нәтижесінде ӛлкенің экономикалық даму үрдісіне толық ӛзгеріс әкелді. Бұрынғы кезеңде жетекші орында болған ауыл шаруашылығы, әсіресе, кӛшпелі мал шаруашылығы және оның ӛнімдері әрі қарай дамытылмай, дағдарысқа ұшырады. Оның себебі, большевиктік саяси басқару жүйесі ӛлкенің экономикалық дамуының бағытын ӛзгертті, яғни халық шаруашылығының жетекші саласы етіп ӛнеркәсіп ӛндірісін белгіледі және оның қарқынын жеделдетті. Кеңес үкіметі экономикалық дамудың объективті заңдылықтарын мүлде жоққа шығарды. Халық шаруашылығының барлық саласы әкімшіл-әміршіл большевиктік басқару әдісіне бағынышты болды. Ӛлкенің бұл кездегі ӛнеркәсіп ӛндірісінің дамуы шын мәніндегі индустриялық даму жолымен жүргізілмеді. Кеңес ӛкіметі республиканы тек шикізат кӛзі етіп пайдаланды. Сӛйтіп, большевиктер патшалық Ресейдің ӛлкені экономикалық тұрғыдан отарлау саясатын одан әрі жалғастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |