Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Тақырып
« Сұраныс пен ұсыныс:
Ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін факторлар
Тексерген: Ыбышова С.Т
Орындаған: Келжанова П
Мамандығы: Қазақтілі мен әдебиеті
Алматы қаласы 2022 ж
Жоспар:
1. Сұраныс пен ұсыныстың мәні
2. Сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар
3. Сұраныс пен ұсыныстың заңдары
4. Сұраныс пен ұсыныс қисықтары
5. Нарықтық тепе – теңдік
Сұраныс және ұсыныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Мысалы:
1) күнделікті өмірде адамдар тауарды төмен бағамен және көп мөлшерде алғысы келеді. Бірақ тауарларды сатып алу кезінде тұтынушыға ең басты кедергі болатын көрсеткіш- баға. Жоғары деңгейдегі баға сатып алушыға үлкен кедергі болады да, ол өнімді көп алғысы келмейді, ал төмен деңгейдегі баға оның сатып алу қабілетін күшейтеді.
2) әр уақытта да тұтынушы өнімнің алғашқы бірлігінен көп қанағат алады. Мысалы: сіздің бірінші жеген бауырсағыңыз өте тәтті болып көрінеді, ал екіншісі ондай тәтті болмайды, үшіншісі екіншіден де аз қанағат әкеледі. Бұл жағдайда тауардың шекті пайдалылығының азаю принципі тұтынуға әсер етеді. Сондықтан тұтынушы тауардың әрбір келесі бірлігін тек қана баға төмендеген дағдайда ғана алады.
3) сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы түсіндіруге де болады.
Сұраныс және ұсыныс-микроэкономикадағы нарықтың бағасын белгілейтін экономикалық үлгі. Ол бойынша,бәсекелестік нарықта тауар өлшемінің бағасы бір нақты тауар үшін немесе өзге де сауда элементтеріне( мысалы жұмыс немесе қаржы активтер сияқты) сұраным мөлшері мен (ағымдағы бағамен) ұсыныс мөлшері(ағымдағы бағамен) тең болғанша өзгереді.Бұл нәтижесінде баға және транзакция санының экономикалық тепе-теңдігіне жеткізеді.
Өндірісті ұйымдастыру кезеңінде туатын негізгі мәселелер:
Нені өндіру қажет?
Қалай өндіру қажет?
Кім үшін өндіру қажет?
Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |