Тақырып: Тұлғаның өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуындағы қиындықтарды шешу стратегиялары
ШҚО, Семей қаласы. «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚКМК
Баяндамашы: Нурланова Айгерим Куандыковна
Жоспар:
Тұлғаның өзін-өзі тану және дамыту әрекеттері
Өзін-өзі тану және дамыту әрекетінде кездесетін қиындықтар
Өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуындағы қиындықтарды шешу стратегиялары
Адамның тұлға ретінде өзін-өзі дамытуы тек қана қоғамның игілікті дамуын бағалау көрсеткіші ғана болып табылмайды, сонымен қоса, тұлғаны қалыптастырушы институт яғни, өзінің бастапқы негізінде тәрбие берумен айналысушы білім беру мекемесін бағалау көрсеткіші болып табылады. «Тәрбие беру» және «өзін-өзі дамыту» мағыналарының түбірі бір – яғни адамның мән мағынасын табу және оның рухани жан-дүниесін «қоректену» арқылы адам ретіндегі бейнесін қалыптастыру[1].
В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.
1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.
2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.
3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.
4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23].
Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы сол сияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды. Осы тұста тұлғада өзін-өзі дамыту жолында қиындықтар туындай бастайды. Мысалы: «Жаңа сезімнен қорқу немесе «зона комфорта»-дан шығу», «Барлығы бірден болуы керек!», «Екіншісін меңгеріп жатқанда, біріншісін ұмытып қалу», «Арманның іс-әрекетке ұласпауы», «Күмандану», «Қолымнан ештеңе келер емес....», «Гравитацияны(ауырлық күшін) жеңу».
Бұл процестің тиімді шешімі ретінде «Джогари терезесiн» пайдалануды ұсынамын:
|
Мен өзім жайлы жақсы білетінім
|
Өзім жайлы білмейтінім
|
Мен жайлы өзге адамдардың білуі
|
Арена
|
Соқыр дақ
|
Мен жайлы өзге адамдардың білмеуі
|
Жасырын аймақ
|
Белгісіз
|
Арена - мен өзiм жайлы бiлетiнiм және мен туралы қоршаған ортадағы адамдардың бiлуi.
Соқыр дақ - мен жайлы басқа адамдардың бiлуi, бiрақ мен өзiм бiлмеуiм.
Жасырын аймақ - мен өзiм жайлы бiлуiм, бiрақ өзге адамдар мұны байқамайды.
Белгiсiз - мен өзiм жайлы және өзге адамдарда мен туралы бiлмеуi.
Арена терезесiн жоғары деңгейге көтеру, кеңейту, ал соқыр дақ аймағын тарылту, жасырын аймағын нақтылау, яғни ненi өзге адамдардан жасыру, ненi ашық көрсету мен мақсатқа жету үшiн ненi қолданған пайдалы және оны жетiлдiру. Осындай модельдi қолданса тұлға өзiндік бақылау жасай отыра, өзіндік даму қиындықтарын жеңе алады [6, б. 64-73].
Қорытындылай келе, өзiн-өзi тану және даму – бұл әрекеттiң дәйектiлiгi мен жиынтығы. Алдымен қандай да бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-әрекет сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мәнi жойылады. Өзiн-өзi тану арқылы өзін дамыту - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр қасиеттi анықтау [6, б. 27].
Анықтау қабылдау бекіту талдау бағалау
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Абульханова-Славская, К. А. Развитие личности в процессе жизнедеятельности Текст. / К. А.
2.Азаров, Ю. П. Студент : возможности личностного роста Текст. / Ю. П. Азаров // Высшее образование в России. 2002. - № 1. - С. 50-57
3. Немов. Р.С. Практическая психология. / Р.С. Немов. Познай себя, -М., 1999. - 378 с.
4. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |