Тақырыпт ық жоспар


-сабақ. 4.17.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Жеделхат. Телефонхатты құру



бет22/27
Дата21.09.2023
өлшемі1.64 Mb.
#478193
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Мемлекеттік іс қағаздан ҚМЖ 2024 ке

25-сабақ.
4.17.тақырып.Тәжірибелік сабақ. Жеделхат. Телефонхатты құру.
Жеделхатақпарат беру әдісі (телеграф) жағынан бірдей, әр түрлі мазмұндағы құжаттардың жалпы түрдегі жинақтама атауы.
Деректемелері: қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық, жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, апат); мекен-жайы, мәтіні, мәтінге қол қойған лауазымды адамның аты-жөні, жіберуші ұйымның байланыс мекен-жайы, жіберуші лауазымды адамның қолы, мөрі, күні.
Жеделхаттар сондай-ақ тапсырылғанын ескеретін, талап ету бойынша алатын, қабылдаушының өз қолына тапсырылатын, жеткізіп берілетін, жауабына ақысы төленген түрлері де болады.
Жеделхаттың екінші данасы (көшірмесі) ұйымның іс қағаздарында сақталады. Оның мәтініне ерекше телеграф стилі тән: көмекші сөздер, шылаулар, жалғаулықтар, тыныс белгілері болмайды. Көп белгілі сандар түрлері болмаса, сандар сөзбен жазылады.
Мәтін қысқа, жинақы болуы тиіс, екіұшты (двусмысленности), астарлы (намеки, умолчания) болмауы тиіс. Екіұшты түсінік тууы мүмкін жағдайда тыныс белгілері қысқарған сөздерден құралады: нүкте – нкт, үтір – үт, қос нүкте – қт, тырнақша – тр, нөмір – нр.
Телефонхат мынадай деректемелерді қамтиды: кәсіпорынның атауы, құжат түрі, қабылдаушы, күні, индексі, мәтіні, қолы, жіберілу уақыты туралы белгі, телефонхатты қабылданған және берген адамның лауазымы және аты-жөні. Бір данадан жасалып, оған басшы не орындаушы қол қояды. Мәтін 50 сөзден аспауы керек. Телефонограмма бірнеше қабылдаушы бойынша берілсе, онда қабылдаушы мекемелердің тізімі мен телефон нөмірлері қоса беріледі.
Телефонхатты бергенде мынадай ұсыныстарды ескерген жөн:
1)қарапайым және жедел хабар беру;

  1. жазудың дұрыстығын қайталап оқу арқылы тексеру,

  2. қисыны күрделі мәтіндерді жібермеу;

  3. сирек қолданылатын сөздерді пайдаланбау;

  4. ұғынуға қиын сөздердің әріптерін жеке-жеке атап беру.

Әдетте, телефонхат арқылы шақыру жіберіледі. Бақылау сұрақтары:
1)Жеделхат деп нені айтады?

  1. Жеделхаттың деректемелері қандай?

  2. Мәтіні қандай болуы керек?

  3. Жеделхаттың түрлері.

  4. Телефонхаттың деректемелері мен мәтіні қандай болуы керек? Бақылау тапсырмалары:

  1. Жеделхат жазыңыз (шақыру туралы);

  2. Келесі сөздерді, сөз тіркестерді аударыңыз: қабылдаушы, қисыны күрделі мәтін, телефонхат, 50 сөзден аспауы керек, шақыру жіберіледі; 3) Телефонхат жазыңыз (шақыру туралы).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет