«Тайынша ауданы әкімінің аппараты» мм 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
#4032
  1   2   3   4
Аудан әкімдігінің 2010 жылғы

12 ақпандағы № 41 қаулысына қосымша

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 462 қаулысымен

бекітілген




«Тайынша ауданы әкімінің аппараты» ММ 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Тайынша қ., 2009 жыл



Мазмұны



1.

Маңызды міндет пен болжам

3










2.

Ағымдағы жағдайды талдау

3










3.

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттар мен міндеттер

7










4.

Аудан әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері

8










5.

Оның негізінде стратегиялық жоспар әзірленген бағдарламалық құжаттардың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі


13

6.

Қосымша

14


1. Негізгі міндет пен болжам

Тайынша ауданы әкімі аппаратының негізгі міндеті (одан әрі аудан әкімінің аппараты) – аудан әкімінің, әкімдігінің қызметін сапалы және уақтылы ақпараттық-аналитикалық қолдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалды-техникалық қамтамасыз ету.
Болжам - әкім қызметін қамтамасыз ету мәселелері жүйелік және сапалық реттеу.
2. Ағымдағы жағдайды талдау

Кадр саясаты

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында «әкімшілік реформаның негізгі элементтерінің бірі елдегі жаңа кадр саясаты болуға тиіс. Дамудың қазіргі кезеңдегі адам факторы айқындаушы фактор болып табылды. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттарды әзірлеу қажет» - деп атап өтті.

Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жаңа Жолдауында Елбасы барлық мемлекеттік қызметкерлерге «өзіміз қызмет ететін халық алдында әрбір басқарушының жауапкершілігін» күшейту туралы өтініш айтқан болатын.

Осыған орай экономиканы басқарудағы, жалпы қоғам мен мемлекеттегі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың стратегиялық функцияларын орындаудағы мемлекеттік қызметкерлердің рөлі артып келеді. Сондықтан да Мемлекеттік органды стратегиялық дамытудың негізгі бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады.

Қазіргі таңда аудан әкімі аппаратының штаттық саны 20 бірлікті құрайды, мемлекеттік қызметкерлердің нақты саны 18 адам, оның ішінде әйел қызметкерлер саны 61% құрайды.

Аппарат қызметкерлерінің 89 % жоғарғы білім, 28 % - екі немесе одан да көп жоғарғы білім, қызметкерлердің 11% жоғарғы оқу орындарында сырттай оқиды.

Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жасы 34 жасты құрайды.

Мемлекеттік қызметтегі орташа өтілі 7,7 жыл, атқарып отырған лауазымдағы өтілі – 2,8 жыл.

2008 жылдың 12 айы ішінде аудан әкімінің аппаратымен 2 әкімшілік лауазымның бос орнына орналасуға конкурстар өткізілді.

Конкурстық процедуралардың тиімділігі 100 %.

2008 жылы 6 әкімшілік мемлекеттік қызметкер аттестациядан өтті. Аттестация нәтижелері бойынша барлығы атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын орындау мақсатында 2008 жылы аппараттың 7 қызметкері біліктілігін арттыру үшін оқуға барып келді, оның ішінде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында – 1 адам, СҚО әкімдігінің мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру Аймақтық орталығында – 6 адам.

Сондай-ақ мақтап өтетін жәйт, былтырғы жылы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет Агенттігінің 10 жылдығы құрметіне аппараттың 1 қызметкері мерейтолық медальмен марапатталды, аппараттың 3 қызметкері Қазақстан Республикасы Агенттігі Басқармасының алғыс хаттарымен және 1 қызметкер облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды, бұл атқарып жүрген жұмыстарына облыс басшылығы мен ҚР Агенттігі Солтүстік Қазақстан Басқармасы тарапынан жоғары бағаланып отыр дегенді көрсетеді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын одан әрі дамыту және жетілдіру, аппараттың тиімділігі мен қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік туғызатын басқарудың заманауи нысандары мен әдістерін енгізу бойынша жұмысты жүргізу қажет.


Құжаттамалық қамтамасыз ету.

Аудан әкімінің аппаратында жалпы құжат айналымы 2008 жылы 5526-ны құрады, 2007 жылғымен салыстырғанда 13 % өскен, дәлірек айтқанда:

Кіріс құжаттары 2902 құжатты құрап, 11 % өсті;

Шығыс хат-хабарлары – 2624 құжат, 14 % өсті;

Бақылауға алынған құжаттар – 529, 11% өсті;

Қабылданған нормативтік-құқықтық актілер:- 778, 15 % өсті.

20.03.2009 ж. бойынша аудан әкімінің аппаратына 792 құжат келіп түсті (2008 жылдың 1 тоқсаны - 772), оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 2009 жылы -487 құжат, 2008 жылы – 79 құжат.

Қабылданған нормативтік-құқықтық актілер:

20.03.2009 ж. бойынша –164 (2008 жылдың 1 тоқсанында – 160).
Құқықтық қамтамасыз ету

Мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы нормошығармашылық қызмет, құқықтық ақпараттылықты және құқықтық мәдениетті қалыптастыру және арттыру болып табылады.

Облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндет әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің сапалы әзірленген жобалары болып табылады.

Бұл тек қана құқықтық қатынастардың заңдық талдауынан ғана емес, сондай-ақ мәселені әлеуметтік, экономикалық, қаржылық шешуге, статистикалық мәліметтерді зерделеуге, құқықты қолданатын практикаға және т.б. байланысты болады.

Осыған орай нормошығармашылық қызметтің сапасын жақсарту аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің әзірленген жобасының заңды негіздегі талаптарын арттырудың стратегиялық бағыттарымен айқындалады.

Жұмысты жетілдіруді келесі шараларды жүзеге асыру жолымен жүргізу қажет:

заңдылықты қамтамасыз ету, яғни Конституция нормалары мен заңдарды, оған заңға тәуелді нормативтік актілерді қадағалау және дұрыс қолдану;

адамның және азаматтың құқықтары мен еркіндіктері ережелерінің үстінен қарайтын адамның құқықтары мен еркіндіктерінің приоритеті;

азаматтардың құқықтарына, еркіндіктері мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті мағынасы бар жергілікті мемлекеттік органдар актілерінің міндетті тіркелуі туралы заңнама нормаларын жүзеге асыруға бағытталған қосымша шараларды қабылдау.

Мемлекеттік құқықтық мәдениетінің ахуалы оның құқықтық жүйесінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету құқықтық түсіндіру саласындағы келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады:

Қазақстан заңнамасын түсіндіру бойынша жұмысты жүргізу;

Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық деңгейін және оның барша халқының деңгейін арттыру;

Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет ету, құқықтық түсіндіру жұмысында жаңа ақпараттық технологияларды және "ИНТЕРНЕТ" бүкіләлемдік желісін пайдалану;

Құқықтық түсіндіру жұмыстары мен құқықтық жалпы оқытуды жүргізудің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру.

Құқықтық мәдениет мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың күнделікті қызметінде болуы керек.

Оның негізгі принціптері болып толық көлемде заңдылық бекітілуі керек, яғни Конституция мен заң нормаларын, оған негізделген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қадағалау және дұрыс пайдалану, адамның құқықтары мен еркіндігінің приоритеті, мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін және қабылданатын шешімдерге деген жауапкершілікті арттыру.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығының жоғарғы деңгейі құқықтық реттеу саласындағы көпшілік және жеке мүдделердің ымыраға келуіне, жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы құқықтық мүдделердің балансын қамтамасыз етуге, тұлғаның құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беруге, бұл құқықтар мен еркіндіктерді құқыққа қарсы қастандық әрекет етуден қорғауға мүмкіндік туғызады.



е-Үкіметтің базалық және бір үлгідегі инфрақұрылымдық компоненттерін пайдалану

Қазақстан Республикасындағы «Электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ақпараттық жүйе «Мекенжайлық тіркелім» (одан әрі – АЖ МТ) мәліметтерінің мемлекеттік базасын құру бойынша қазіргі таңда қазіргі таңда Тайынша қ. аудан орталығындағы АЖ МТ бағдарламасын енгізу бойынша жұмыстар аяқталды, ұйымдастыру мәселелері шешілді. Мәліметтер базасын өзекті ақпараттармен толықтыру жүргізілуде. Мемлекеттік мәліметтер базасын пайдалану кезінде эталон болып табылатын мекенжайлық ақпараттың 70% астамы енгізілді.

Қазақстан Республикасындағы «Электрондық үкіметті» қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында е-қызметтерге қоғамдық қол жеткізу пунктінің желісі құрылып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды халықтың қалың бөлігіне пайдалануға мүмкіндік туды. Тайынша ауданында қазіргі таңда қоғамдық қол жетімділіктің 4 пункті жұмыс істейді. Оның ішінде ҚҚЖ 3 пункті 1 үлгідегі (инфокиоск), 1-2 үлгідегі (2 компьютер, сканер и принтер).

Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың веб-сайттары арқылы электрондық ақпараттық қызметтері көрсетіледі.

20 ММ сайттары, аудандық 10 бөлімнің сайттары ашылды және жұмыс істейді.

2007 жылдан бастап ауданда «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендетудің» бағдарламасы әзірленді. Бағдарлама аясында ауданда: 1 пункт және 5 жазғы мектеп, Тайынша қаласында 2 компьютерлік сынып жұмыс істеді. Халықтың әр түрлі бөлігін тегін оқыту ұйымдастырылған болатын: мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың және бюджеттен тыс мекемелердің қызметкерлеріБарлығы Бағдарламаның жұмыс істеуінен бастап 1867 адам оқытылды.


Бюджеттік жоспарлау

2008 жылы аудандық бюджетпен аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуге 29727 мың теңге қаралды. Оның ішінде «Жергілікті органдар аппараттары» 003 кіші бағдарламасына - 283016 мың теңге қаралды, «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру» 007 кіші бағдарламасына - 112 мың теңге, на подпрограмму «Мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жабдықтау» 009 кіші бағдарламасына - 15363 мың теңге. Жалпы аудан әкімінің аппараты бойынша бюджетті орындау 2008 жылы 100% құрады .

Ағымдағы 2009 жылы келесі кіші бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттар бөлінді:

- 003 «Жергілік органдардың аппараттары» 35493 мың теңге сомасында

- 007 «Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру» - 102 мың теңге,

- 009 «Мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жабдықтау» 2500 мың теңге сомасында. Осы бағдарлама бойынша тек қана шағын-АТС пен сөзді синхрондық аударуға арналған жабдықты сатып алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бұл қаражаттар ескірген компьютерлік жабдықты ауыстыру және технологиялық параметрлерге сәйкес келетін ұйымдастыру техникасын сатып алу сияқты заманауи талаптарды ескермейді.



Барлық көрсетілген проблемалар осы стратегиялық жоспардың мақсаттары мен міндеттерінің негізіне жатқызылды.

3. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері

Көрсеткіштердің атауы

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлық кезең


2008 жыл

(есеп беру)

2009 год

(жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Стратегиялық бағыт 1. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру




Мақстат 1.1. Тайынша ауданы әкімінің және әкімдігінің қызметін қамтамасыз ету




Мақсатты индикатор: Мемлекеттік орган қызметін рейтингтік бағалау




Міндет 1.1.1. Аудан әкімі мен аудан әкімдігі қызметінің ақпараттық-аналитикалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету деңгейін арттыру




1. Аудан әкімі аппаратын ұстау


адам

95

99

100

100

100

100

100


Стратегиялық бағыт 2. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысын одан әрі дамыту және жетілдіру.




Мақсат 2.1. Қызметкерлердің жұмыс сапасын және кәсібилігін арттыру




Мақсатты индикатор:

Аппарат мемлекеттік қызметкерлері жұмыс сапасын бағалау рейтінгісінің артуы 2009 ж. кемінде 80%, 2010 ж. кемінде 85%, 2011 ж. кемінде 90%. 2012 ж. кемінде 95%,2013 ж. кемінде 97%.2014 ж. кемінде 100%.






Міндет 2.1.1. Мемлекеттік қызметкерлер жұмысын бағалау механизмін, ынталандыру әдістерін жетілдіру




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2008 жыл

(есеп беру)



2009 жыл

(жоспар)


2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1. Аппарат қызметкерлерінің одан әрі мансаптық өсуі мен іріктеу критерилерін әзірлеу (кадрлік резерв)

Басшылыққа ұсыныстар енгізу




2009 ж.
















2. Біліктілігін арттырған қызметкерлер саны

адам

6

5

3

5

5

5

5

3. Қызметкерлер жұмысының сапасын бағалау ережелерін әзірлеу

Бағалаудың тиісті ережелері

-

2009 ж.
















6. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару реформаларының негізгі аспектілеріне оқыту бойынша оқу курстарын, семинарларды, практикалық сабақтарды әзірлеу

сағат

12

12

12

12

12

12


12


Міндет 2.1.2. Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қадағаланылуын бақылауды іске асыру










1. Тәртіптік комиссияның өткізу

Саны

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

Қажеттіліктер туғанда

2. Заңнама талаптарын қадағалау бойынша аналитикалық материалды дайындау

саны

2

2

2

2

2

2

2

3. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпараттық хабарлама

Қортынды есеп беру

2

2

2

2

2

2

2

Стратегиялық бағыт 3 Азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірдегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануға көшуі




Мақстат 3.1 бірыңғай стандарттар мен әдістер негізінде әр түрлі аудандық бөлімдер арасында және бөлімдер мен азаматтар арасында тиімді ақпараттық түсінісуді ұйымдастыру үшін алғышарттарды ұйымдастыру.




Мақсатты индикатор: Барлық аудандық органдарды және қала мен селолық округтардың аппараттарын Бірыңғай көліктік жүйеге тарту. Интернет желісін пайдаланушылар санын ұлғайту.




Міндет 3.1.1 Халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру




1. Мемлекеттік органдардың жергілікті-есептеу желілерінің ақпараттық ақуіпсіздік талаптарына сәйкестігі, Интернет желісіне қол жетімділікті іске асыру.

%

35

50

100

100

100

100

100


2. Жалпы халық санының 20% дейінгісінің компьютерлік сауаттылығын арттыру.

%

13

16

20

20

20

20


20



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет