Таланттар


Кінәні өзіңнен іздеп қиналма. Ішкі мәдениеті жоғары адам – барлық жерде мәдениетті



бет34/151
Дата24.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#458608
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151
Таланттар

Кінәні өзіңнен іздеп қиналма. Ішкі мәдениеті жоғары адам – барлық жерде мәдениетті.
Мінезіңде қиялшылдық бар болса, бір көрген кісіге елп ете қалудан сақтан. Қиялыңдағы жігітің осы екен деп, сырын білмей аһ ұрма. Уақыт – сыншы, асықпа қиялшылдықтың табиғат сыйлаған тамаша шығармашылық қасиетімен бірге үлкен бір кемшілігі де бар. Ондай адам тіршілік құйтырқыларын шеше білуге шорқақ келеді.
Мінезің ашық, кез келген кісімен тіл тауып кететін ақ көңіл болсаң, махаббат мәселесіне келгенде ұстамдырақ болуға тырыс. Жұрттың бәрін өзіңдей көріп, лапылдай беруден сақ бол. Кей жігіттер қыздың ақ жүрек, ашықтығын үйленгенше ғана тәуір кереді.


МАХАББАТ БАР МА?

Қыз-жігіттерде махаббатқа сенуден гөрі күдікті күрсініс көбірек естіледі. «Сейфүлмәлік – Жамалдай бейнетіңе көнсем-ау, «Қозы Көрпеш – Баяндай бір молада өлсем-ау», – дейтін бұлар емес.


– Махаббат жоқ қой қазір. Махабаттың өзі есепке құрылады, – дейді Сәулет.
Оған таңғалған адам жоқ, бұл пікір өзара әңгімеде үйреншікті болса керек.
– Өй, кеше бір кинода көрсетті ғой махаббатты, – деді Сәбит. Тек ақын жанды қыз Күләш қана жігіттерді жақтырмай қалды:
– Өзің де есеппен үйленетіннің бірі шығарсың, – деді Сәулетке қарап.
Жасыратын не бар, осындай сөздерді естігенде, өзім де тіксініп қаламын. Сонда жастарды тәрбиелеп жатырмыз дегендегі келген нәтижеміз осы ма? Бірақ кінәламаймын балаларды, аяймын. Мұрты жаңа тебіндеген жас жігіттің өмірдегі қызықтары әлі алда ғой. Қинайтыны сол, «Махаббат жоқ!» деп жиырылған жігіттерге қарсы «Махаббат бар!» деп дірілдей шыққан дауыстар естілмейді. Көпшілігі «әй, білмеймін...» дегендей томпия қалады. Көзі жайнаған біреуі бар ма деп үміттенесің. Сондай кезде уақыттың жылдам қадамдары 10-15 жылды артқа тастай салып, шын сүйгенін тапқан, жанымен де, жүрегімен де жарасқан Сәулеттер қайтып айналып алдыма келе қалар ма еді. Сүйіспеншілікке өздері сенбейтін болашақ мұғалімдерім ертең мектептегі оқушысын қалай сендірер екен?
– Махаббат туралы айту үшін оның бар екеніне өзің сенуің керек. Ал соған мен өзім де сенбеймін...
Мұны айтқан – тағы да Сәулет. Қыздар жағы «Осы жігіт қандай өзі?» дегендей жақтырмай, қарап қойды.
Бүгінгідей пікірталастардың адамды аша түсетінін ұнатамын. Бірақ Сәулеттің сөзі соңғы сөз болса, ұстаздық қасиетімнің құны қандай?
– Шіркін, махаббатты аңсамайтын адам бар дейсің бе? Бірақ ол – әркімге келе беретін арзан нәрсе емес. Жанынан жаны сая тапқан адамына жолыға алмай-ақ өмірден өтіп кететіндер көп. Біреуге ғашық болып көрмеген адамды кінәлауға бола ма? Аяу керек. Себебі шын махаббат та адам талғайды. Ол да бір өзінше талант шығар. Махаббатың баянды болуы сүюден ғана емес, сүйгеннің қадіріне жетуден дейді. Сол бақыт Сәулеттің басына кеп қонсын.
Күні бойғы сөздерің үшін «қарғысым» – осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   151




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет