Исатай аудандық сотының төрағасы
Е.А.Майпасовқа
Талапкер: Мендешова Салтанат Бекетқызы,
тұрағы Аққыстау селосы, Болат жол
көшесі, № 2 үй.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
Жауапкер: Мендешов Сатыбалды Мұратұлы,
тұрағы, Аққыстау селосы, ”Болат
жол” көшесі, № 2 үй.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
Т А Л А П А Р Ы З.
(некені бұзу туралы)
Мен, Мендешова Салтанат Бекетқызы, 1992 жылдан бері Мендешов Сатыбалды Мұратұлымен заңды некедемін, арамызда 1993 жылдың 12 акпанында туған Қайрат, 1995 жылдың 13 қыркүйег1нде туған Армат атты балаларымыз бар.
Алғашқы жылдары жауапкер екеуміз тіл табысып, тату-тәтті өмір сүріп жаттық,
Жауапкер арақ ішуін тоқтатып, балалардың тәрбиесімен айналысып жүрді.
Жанұялык өміріміздің соңғы екі жылында айрандай ұйыған жанұямыздың шырқы бұзылып, жолдасым қайта арақ ішуін бастады, үнемі арақ ішіп келіп, маған, балаларға тиісетінді шығарды, балалардың көзінше мені талай ұрып, балағат сөздермен намысыма тиетін болды. Коятын болар деп кешірім бердім, бірақ ол еш нәтиже шығармады.
Бұдан әрі қарай шыдамым жететін емес, өзім ажырасуға белді бекем буып отырмын.
Айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасының «Неке және Отбасы» туралы Кодексінің 19 бабын басшылыққа алып,
Сұраймын:
Мендешов Сатыбалды Мұратұлы екеуміздің арамызда Исатай аудандық хал актілерін жазатын бөлімімен 1992 жылдың 03 каңтарында тіркелген некені бұзуды, балаларды менің тәрбиеме қалдыруды.
Жалғанды: 1. Арыз 2 дана
2. Неке туралы куәлік (түпнұсқа)
3. Балалардын туу туралы куәліктерінің көшірмелері.
4. Мемлекеттік баж төлегендігі жөніндегі түбіртек.
5. Дәрігерлік аныктама.
6. Жанұялық аныктама.
7. Жеке куәлік көшірмесі
8. РНН көшірмесі
Арыз иесі: қолы ____, аты-жөні ____, күні_____.
Исатай аудандық сотының төрағасы
Е.А.Майпасовқа
Өндіріп алушы: Тұралиева Алия Амантайқызы
тұрағы:Аққыстау селосы,
Ынтымақ көшесі, №6 үй.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
Борышкер: Султанбаев Бақтығали Әлиұлы,
тұрағы: Аққыстауселосы, Мұнайшы
көшесі №2 үй, 1 пәтер.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
АР Ы З
(сот бұйрығын шығару жонінде)
Мен, Сұлтанбаев Бақтығали Әлиұлымен 1982 жылдың 27-ші қазан айында заңды некеге отырдық. Арамызда үш баламыз бар. Алайда Исатай аудандық сотының 2004 жылғы шешімімен арамыздағы заңды некеміз бұзылды.
Жасы кәмелетке толмаған бір қызыма Исатай аудандық сотының 2004 жылғы бұйрығымен алимент алып отырмын. Бірақта ақылы жоғарғы оқу орнында оқитын бір балам бар. Сол балама жоғарғы оқу орнын бітіргенше алимент алуым қажет.
ҚР АІЖК-нің 141 бабын басшылыққа алып, Сұлтанбаев Бақтығалидан менің пайдама балам жоғарғы оқу орнын бітіргенше алимент өңдіру жөнінде сот бұйрығын шығаруды.
Жалғанды: 1. Арыз 2 дана
2. Туу туралы куәлік көшірмесі
3. Борышкердің табысы туралы анықтама
немесе жұмыссыздыктан анықтама.
4. Неке туралы куәліктің көшірмесі.
5. Жеке куәлік көшірмесі.
6. Жанұялық анықтама.
Арыз иесі: қолы ____, аты-жөні ____, күні_____.
Исатай аудандық сотының төрағасы
Е.А.Майпасовқа
Аққыстау селосы, Өтемісов көшесі
№3 үй тұрғыны
Ахметова Бағдат Серікқызынан
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
А Р Ы З
(талапты қамтамасыз ету жөнінде)
Мен Ахметова Бағдат Серікқызы, 2002 жылдың 15 шілдесі күні Ф.Г. Искакова менен 100000 теңге қарыз ақша алып, оны 15 тамыз 2002 жылы, қайтаруға міндеттенген қол хатын бере тұрып әлі күнге қайтармай жүргендігі жөніндегі 2003 жылдың 3 шілдесі күні сотқа арыздандым. Жауапкер өз еркімен қарызымды қайтару жөніндегі өтінішімнен бас тартып отыр.
Алға қарай сот шешімін орындау, талапты қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ деп ойлаймын. Сондықтан ҚР-сы АІЖК-нің 158-159 баптарын басшылыққа алып
С Ұ Р А Й М Ы Н:
Талапты қамтамасыз ету мақсатында жауапкер Искакова Фатима Ғизатқызының атындағы Аққыстау селосы, Нысанбаев көшесіндегі 20-шы үйіне тоқтам салуды.
Арыз иесі: қолы ____, аты-жөні ____, күні_____.
Исатай аудандық сотының төрағасы
Е.А.Майпасовқа
Талапкер : Жалғасова Жанар Мақсотқызы,
тұрағы: Атырау каласы,
Атырау мөлтек ауданы 3,
14 үй 25 пәтер.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
Жауапкер: Нысанов Ерлан, тұрағы: Атырау каласы,
Жаңа талап селосы, Нысанбаев
көшесі, 24 үй.
Үй телефоны: ____________
Ұялы телефоны: __________
ТАЛАП А Р Ы З
/акша өндіру жөнінде/
Мен 2011 жылдың қараша айының 25 күні азамат Нысанов Ерланға 200 000 теңге қарыз ақша беруге ауызша нысанда келісім шарт жасадым.
Жауапкер Е.Нысанов қарыз ақшаны 1(бір) айда қайтаруға келісті.
Қарыз ақша бергенімді куәландыратын куәлар:
Губашева Кунайым,тұрағы: Аққыстау селосы, Кұнанбаев көшесі 2 үй 10 пәтер.
Жауапкер Е.Нысановқа қарыз ақшаны қайтару жөнінде бірнеше рет ауызша, жазбаша нысанда ескерттім.
Алайда, жауапкер белгіленген уакытта ақшаны қайтармай, мені алдап, жалтарып қашып жүр.
Жоғарыдағылар негізінде Қазақстан Республикасы АІЖК-нің 359 бабына сәйкес,
С Ұ Р А Й М Ы Н :
Жауапкер Е.Нысановтан менің пайдама қарыз ақша 200 000 теңгені және мемлекеттік баж салығын өндіруді.
Жалғанды:
1.Арыз-2
2. Мем.баж төлегендігі жөнінде түбіртек.
3. Жеке куәлік көшірмесі.
4. СТН көшірмесі
Арыз иесі: қолы ____, аты-жөні ____, күні_____.
Достарыңызбен бөлісу: |