Талов ауылдық округінің әкімінің
Өмірбаяны
Закарин Нүркен Сансызбайұлы 1975 жылы 2 шілде күні Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы,Жаксыбай ауылында дүниеге келді.1992 жылы Жақсыбай ауылының Я.М.Свердлов атындағы орта мектепті бітіріп,сол жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенті атанды.1997 жылы география - биология - химия пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша жоғарғы білім алып шықты.Бітірген соң Жақсыбай орта мектебінің мұғалімі,мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.2008 жылдың желтоқсан айынан бастап Талов ауылдық округінің әкімінің қызметін атқаруда.
Талов ауыл округінде 2010 жылдың
11 айында атқарылған жұмыстар туралы
Талов ауылдык округінде 1024 адам тұрады. Соның ішінде Талов ауылында 839 адам (235 аула-317 отбасы), Майтүбек ауылында 134 адам (32 аула-34 отбасы), Аманат ауылында 35(9 аула-9 отбасы) адам, Комсомол ауылында 16(5 аула-5 отбасы) адам тұрады.
Құрамдық жас жөнінен: 82-і мектепке дейінгі, 182-і мектеп жасында, 141-і зейнеткер; соның ішінде: бір Ұлы Отан соғысының ардагері, 38 мүгедек, 7 мүгедек бала бар. Бес адам кәсіптік-техникалық білім, ал 33 адам орта арнаулы және жоғары білім алуда. 237 адам тұрақты жұмыс істеуде. 11 бала дүниеге келіп, 10 адам қайтыс болды. Табиғи өсім +1.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы ауыл экономикасы үшін маңызды сала болып табылады. Оның қазіргі дамуы мен жағдайына ауыл тұрғындарының жақсарту үшін, өзімізде өндірілетін мал өнімдері, азық-түлікпен қамтамасыз ету мен өндеу кәсіпорындарының қызметіне және басқа да ауыл шаруашылығының аралас салаларына байланысты екені белгілі.
Мал шаруашылығы бүкіл шаруашылықтары бойынша 2010 жылдың 1 желтоқсан бойынша 1908 ц ет (тірілей салмақ), 8405 ц сүт, 200112 дана жұмыртқа, 115 ц жүн өндірілді.
2010 жылдың 1 желтоқсанына ауыл округі бойынша ірі қара - 2627 бас, қой мен ешкі - 3722 бас, жылқы - 177 бас, құс - 3730. Олардан тиiсiнше 917 бас бұзау, 1491 қозы мен лақ, 49 құлын, 2117 балапан алынды. Қолдағы мал түгелдей 2 мезгіл мал дәрігерлік алдын алу шараларын белгіленген жоспар бойынша егіледі. 3501 бас ірі қарадан, 4326 бас ұсақ малдан қан алынды. 2010 жылы ірі қара бас малдан 248 бас бруцеллез ауруына шықты, 228 тапсырылды. Ауруға шалдыққан мал тұрған аулаларда толықтай дезинфекция жасалды. 2010 жылы 500 бұзау, жоспар бойынша 900, 1573 бас қой, 60 құлын бірдейлендіру тиісті. 500 бұзау(56%), 1000 қой (64%), 60 құлын(100%) бірдейлендірілді.
Биылғы жылы 3800 га дәнді дақылдар егілді, соның ішінде «Самат» шаруа қожалығы 1500 гектар ақ бидай, 150 гектар арпа және «Сабанов» ШҚ 2300 га. ақ бидай екті, бірақ ауа райының қолайсыздығына, жауын-шашынның аз болуына байланысты бұл көлемдерден өнім алынған жоқ.
Дағдарысқа қарсы іс-шаралар негізінде округ бойынша «Жалмұқан», «Нұрым» шаруа қожалықтары әрқайсысы 2 га бау-бақша егіп, ауыл және аудан тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз етті. Ауданда өткен жәрмеңкелерге қатысып, өнімдерін жеңілдетілген бағамен сауда-саттыққа шығарды. Келесі жылда да бау-бақша егу жоспарлап отыр.
Талов ауылдық округінде 35 шаруа қожалығы бар, онда 70 адам еңбек етеді. Оларда 861 ірі қара, соның ішінде, 232 сиыр, 980 қой, 59 жылқы, 270 құс бағылады. Олар ауылдық округтің экономикасының дамуына өздерінің үлесін қосып отыр. Күні бүгінге шаруа қожалықтарда 41 трактор, 7 комбайн, 20 автокөлік бар.
Биылғы жылы төрт шаруа қожалығы 1330 мың теңге мөлшерінде несие алды, соның ішінде, «Нұрым» ШҚ-300 мың теңге, «Жалмұқан» ШҚ-ғы-330 мың теңге, «Аманат» ШҚ-300 мың теңге, «Нұрсұлтан» ШҚ-400 мың теңге.
Ауыл халқының жеке шаруашылығында: 1636 ірі қара, 2742 қой мен ешкі, 108 жылқы, 3460 құс бағылады. Тұрғындар мал шаруашылығы өндірісімен, картоп, көкөніс, жеміс-жидек өсірумен шұғылданады. Әсіресе Майтүбек елді мекенінде көкөніс егу үшін әр үйге техникалық су құбыры тартылған.
Округ тұрғындары қысқы мал азығын толықтай дайындады. Округ бойынша 95 мың ц шөп дайындалды. Ауыл тұрғындарының басы көпшілігі жеке малдарынан түсетін табыспен күнелтіп отырған біздің ауыл үшін ауыл шаруашылық өнімін өндіру, өндеу және өткізу мәселесі. ҚР Премьер-Министрдің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1754 қаулысы бойынша сатылатын төрт-түлік малдарды сою тек арнайы мал сою орындарында жүргізілуі тиісті. Біздің округте «Равиль» ШҚ-ның басшысы Ш.Салахов мал сою алаңын салып, малдың бәрі сонда сойылады. Сойылған малды аудандық лабораториядан өткізу ауыл тұрғындарына қиындық тудырады.
Ал мал тұқымын асылдандыру ісі бойынша ауыл округіне берілген ұрық толықтай пайдаланылды, ірі қара малы аналықтарының 136 басы қолдан ұрықтандырылып, жоспар 108,8 пайызға орындалды.
Ауылдық округі бойынша 8 кәсіпкер еңбектенуде. Ауылда бір наубайхана бар, тұрғындарды нанмен қамтамасыз етеді.
2010 жылы Талов ауылдық округі бойынша жергілікті бюджетке 92552 тенге жиналды, соның ішінде, мүлік салығы-11697 тенге, жер салығы-35523 тенге, автокөлік салығы-35936 тенге, бір күндік талон арқылы түскен салық-9396 тенге.
Жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларды, зейнеткерлер мен мүгедектерді, соғыс және еңбек ардагерлерін қамқорлыққа алу ауыл әкімшілігінің назарындағы істер. 2010 жылы ауыл округі бойынша атаулы әлеуметтік көмек алған 9 жанұяға 431,6 мың теңге көмек көрсетілді, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы 107 балаға 1277,8 мың тенге мөлшерінде тағайындалды. Жұмыссыздар орталығында 8 адам тіркелген, 57 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы әртүрлі жұмысқа орналастырылды, соның ішінде, 7 адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар. Жыл басынан аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 39 адам әртүрлі ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып тиісті еңбек ақысын алды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 815,7 мың теңге бөлінді, ол ақша толықтай игерілді. «Жол картасы» арқылы 18 адам 6 айға әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды, сомасы 2520 мың теңге, соның ішінде үш адам атаулы әлеуметтік көмек алушылар.
Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған адамдар ардагерлердің, жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің үй-қораларын сылап, әкімшілік ғимараты, су айдау тағы да басқа жұмыстарды атқарды, қысқа дайындалуға 10 үйге көмек көрсетілді. Қайырымдылық айлығы аясында округ бойынша 63 мың тенгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Тұрғын үй көмегі 13 отбасыға 95,5 мың теңге мөлшерінде көрсетілді.
Су мәселесі
Биылғы жыл тоғанға қар суы мол түскенімен, жаз,күз мезгілдерінде жауын болмай, су тартылып кеткен болатын.Соған байланысты Сары Өзеннен Талов тоғанына, бүгінгі күнге тоғанға 53600 м3 шамасында, Бобров су қоймасына 20000 м3 су айдалды.
Білім сапасы
Ғ. Сарбаев атындағы орта мектеп-балабақшада 166 бала, «Арай» бастауыш мектепте 16 бала білім алып отыр. Былтырғы ҰБТ қортындысы бойынша орташа балл 80,92 %, аудан бойынша-77,74% құрады, бұл көрсеткішпен аудан бойынша біздің мектеп бесінші орынға ие болды. Ал, жоғары оқу орындарына білім грантын жеңіп алғандар саны 6 (40%).
Бүгінгі таңда мектепте физика, химия, биология, лингафон, мультимедия кабинеттері, заман талабына сай жасақталып, қызмет етуде. Округтегі екі мектеп толық компьютерленіп интернет жүйесіне қосылған. Мектеп-балабақшада 86 бала ыстық тамақпен оқу жылы бойы қамтамасыз етілуде, күніне 1 балаға 130 теңгеге тамақ беріледі. 37 аз қамтылған жанұя балалары киім көмегін алады. Балабақшада 20 бала тәрбиеленуде. Балалар үш мезгіл тамақтанады, күніне 1 балаға орташа 180 теңгеге тамақ беріледі.
Мектеп жанындағы жатақханада тәрбиеленіп отырған 22 балаға бүкіл жағдай туғызылды. 1 балаға 220 теңгеге тамақ беріледі, оларды мектепке дейін және мектептен кері үйлеріне тегін жеткізілуі ұйымдастырылған.
Талов ауылдық округінде тұрғындар арасында электрондық сандық қолтаңба алу жұмысы бойынша түсіндіру, насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Округ бойынша желтоқсанның 1-іне 249-ы дайын, 70 өтініш «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлық қоғамына тапсырылды.
Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салтын қолдау мақсатында мектеп спорт залында ауыл жастары сейсенбі, сенбі күндері шұғылданады. Спорттық ойындардан жарыс әрбір мереке күндері мекемелер арасында ұйымдастырылады. Соның бірі ауыл әкімі, ауыл азаматы Махмуд Масекейұлы Коняевті еске алуға арналған жастар арасында волейболдан турнир өткізілді.
Жастарға аудан әкімінің көмегімен үстел теннисі алынып берілді.
ҚР Сарбаздар күні мен ҰОС 65 жылдық мейрамы қарсанында ауыл жастарын спортқа баулу мақсатында, ауылда волейбол, футбол ойындарын дамыту, спорт арқылы соғыс, еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында волейболдан және футболдан жарыс ұйымдастырылды. 12 қыркүйек күні «Дұрыс тамақтан. Спортпен айналыс. Денсаулығыңды сақта» атты денсаулық фестивалі өтті. Денсаулық фестивалінде жүгіру, велосипед тебу және мекемелер арасында қозғалмалы ойындар өткізілді.
23 қазан күні ауылымызда салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдармен достық қарым-қатынас, шекаралас Ресей Федерациясының Питерка ауданымен шекаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жастар (ерлер) арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды.
Округтегі 3 ауылдық округтің тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етіп отыр. Аурухана ұжымының елге көрсетіп отырған жұмысы жоғары дәрежеде. Жыл басынан 1850,28 мың теңгеге дәрі-дәрмек алынды, 1822,057 мың теңге жұмсалды, соның ішінде жүкті әйелдерге 22016 теңгеге, 1 жасқа дейінгі балаларға 104,546 мың теңгеге, 5 жасқа дейінгі балаларға 59907 теңгеге, 5 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға 68,498 мың теңгеге тегін дәрі-дәрмек берілді. 50% жеңілдікпен 14704 теңгеге дәрі-дәрмек берілді. Талов ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 3553 адам қабылданды, үйге шақырылғаны-345, күндізгі стационарда 890 адам емделді, соның ішінде, 173 бала, оларға 1322,057 мың теңге жұмсалды.
Мәдени-көпшілік шаралар
Мерекелік шараларға концерт ұйымдастырылады. Мәдениет үйінде ауыл өнерпаздары мен студенттердің ұйымдастыруымен «Ән мен әзіл» атты концерт өткізілді. 6 наурыз күні келіндер мен мен енелер арасында «Келін ененің топырағынан» атты сайыс ұйымдастырылды.
8 наурыз күні мәдениет үйінде ауыл өнерпаздарының қатыстырылуымен «Ананы құрметте және қастерле» атты мерекелік концерт өтті. ҰОС 65 жылдық мерей тойының қарсаңында соғыс ардагері К.Аханаевтың үйіне барып, ауыл әкімшілігі атынан құттықтап, сыйлық табыс етілді. Соғыс ардагері 90 жасқа толған күні ауыл әкімі мен аудан әкімі Р.Өтешев туған күнімен құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің ұйымдастырумен «Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты мерекелік байқау өткізілді. Ауылдың өнерпаздары Борсы ауылының тұрғындарына өнерлерін көрсетіп, аудан саябағында қорытындыланып жүлделі бірінші орынға ие болды.
Тамыз айында ауыл жастарының ұйымдастыруымен концерт өтті. Концерт басында ауыл әкімі «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелерін құттықтап, оларға салтанатты түрде алқаларын табыс етті. Концерт ауыл өнерпаздарының ән, билерімен жалғасты. Жұмаға 2 рет көпшілікке арналған би кештері өтеді.
Байланыс
Округте сымсыз байланыс жүйесін жүзеге асыратын қондырғылар орнатылып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні округте абоненттердің саны 130, 2010 жылы абоненттердің саны әлі де көбейеді. Округ бойынша 225 үй газбен қамтылған.
Күні бүгінге ауылда жарықтандыру үшін көшелерде 24 прожектор, 28 лампочка орнатылған.
Тазалық
2010 жылға ауылдың тазалығына 940 мың теңге, с.і., 30 мың теңге ит атуға бөлінді. Шілде айының 4-10 аралығында «Жолаушы» мекемесінің техникасымен 1597 т иесіз күл-қоқыс, ауылдан қосылған техникамен жеке үйлерден 420 т күл-қоқыс шығарылды. Талов ауылдық округінің әкімшілік ғимараты көп жылдан бері жөндеу көрмеген. Жөндеу жұмыстарына 200 мың теңге бөлінді. Бұл жұмыстарды «Ерлан» ШҚ-ғы өткізді. Талов ауылдық округі бойынша абаттандыру жұмыстарға бөлінген 147000 теңге толықтай игерілді. Көшеттерді суаруға биылғы жылы 75600 теңге жұмсалды, «Нұрсултан» шаруа қожалығы арқылы 789 м3 су құйылды. 62400 теңгеге екі билборд жасалды. «Постмен» серіктестігінен 9000 теңгеге бір баннер алынды, 400 көшет отырғызылды. 8 сенбілік өткізілді, ауылдың іші, Бобров су қоймасы, ауыл тоғанының айналасы тазартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |