Ионды сәулелену арқылы консервілеу
кезінде оның стерилдеу
әсері үдерістің температурасын жоғарылатпай алынады.
Сондықтан кейде иондаушы
радиация арқылы консервілеу
суықтай стерилдеу немесе суық пастерлеу деп аталады.
Ионды сәулелендіру
Азық-түлік өнімдерін өңдеу үшін рентгендік
сәулеленуді,
γ-сәулеленуді
немесе
жеделдетілген
электрондардың
ағынын
пайдаланады.
Иондаушы
радиацияның
әсер ету механизмі микроорганизмдердің
молекулалары мен атомдарын иондауға
негізделген, соның нәтижесінде олардың
қалыпты
биологиялық
функциялары
бұзылады және олар жойылады. Иондаушы
сәулеленудің әсерінен тірі жасушалардың
өлімі жасушаның нуклеин және басқа да
алмасуларындағы бұзылулар салдарынан
болады.
Сәулелену дозасының
шамасы өнімнің
түріне, сондай-ақ залалданған
микрофлораның сипаты мен даму
қарқындылығына байланысты болады.