Құмарлық (страсть)та ұзақ мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ көңіл-күйдең айырмашылығы құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға,еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.
Сезімдер атап көрсетілгендей, адамның қажеттіліктерімен және оны қанағаттандыру мүмкіндіктерімен байланысты. Қажеттіліктердің сипатына байланысты жай және жоғары сезімдер деп бөлінеді.
Жай сезімдергебелгілі бір физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты сезімдерді жатқызамыз. Мысалы, аштық, шөлдеу, тою, жүрегі айну сияқты эмоциялық жағдайлармен байланысты сезімдер жатады.
Жоғары сезімдеррухани қажеттіліктерді қанағаттандыру; немесе қанағаттандырмау негізінде пайда болады. Жоғары сезімдер анық байқалатын қоғамдық сипатта болады және адамның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен құбылыстарына қатынасын білдіреді. Жоғары сезімдердің мазмұны олардың бағыттылығы адамның көзқарасымен, адамгершілік мінез-құлық ережелерімен және эстетикалық бағалауларымен анықталады.
Жоғары сезімдер адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық болып бөлінеді.
Адамгершілік сезімдер- қоғамдық өмірдің талабына сәйкес керінетін адамның жоғары сезімдерінің бір түрі. Бұлардың мазмұны да, құрылымы да өте күрделі. Мұндай сезімдер тобына жолдастық, достық, махаббат, адамдық, шыншылдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, елжандылық, ұят, ұлттық мақтаныш, қазақстандық патриотизм т.б. жатады. Адамгершілік сезімдер деп дүниедегі құбылыстарды қабылдауда адамдардың көңіл-күйі мен бұл құбылыстарды қоғамның қалыптасқан ережелерімен салыстыруды айтады. Халқымыз: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп адамгершілікке тәрбиелеуде ата-ананың үлгі өнегесіне ерекше мән берген.
Адам өз ортасына қарап өседі. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады», «Он рет өсиет айтқанша, бір рет өнеге көрсет» дейді халық. Мысалы, өткен замандардың бір ақылгөйі Сенека «Уағыз айтып жақсылыққа жетелеу қиын, ал өнеге арқылы оңай» деген екен. Халық психологиясы жастарды сабырлы, адал, арлы азамат болуға үндеп отырады. Баланың бойында жақсы адамгершілік сезімдердің қалыптасуы, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі өнеге берер ұстазына байланысты. Сондықтан да халқымыз: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» деп бекерден-бекер айтпаса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |