Тапсырма 1 – иоә №1 Практикалық жұмыс Тапсырмалар



бет1/4
Дата29.09.2022
өлшемі30.72 Kb.
#461573
  1   2   3   4
Практикалық тапсырма 2 Информатика


Тапсырма 1 – ИОӘ

1 Практикалық жұмыс


Тапсырмалар
1-тапсырма.
А) «Әдіс» ұғымын ғылыми тұрғыдан қарастырып, ғалымдардың зерттеулері бойынша негізгі анықтамасын беру
Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы.
ОҚУ ПӘНІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ, дербес дидактика, белгілі бір оқу пәнін оқыту теориясы. Оқу пәнінің әдістемесі оқытушыға оқытудың белгілі бір жүйелерін әзірлейді және ұсынады. Бұл жүйелер бағдарламалар мен оқулықтарда қарастырылатын білім беру мәніне айналады; оқыту әдістері, құралдары және ұйымдастырушылық формалаларында жүзеге асырылады. Оқу пәнінің әдістемесі дидактикамен тығыз байланысты және оның жалпы ережелеріне сүйенеді. Тәрбиелеу ұстанымдарын негізге ала отырып, әдістеме пәнді оқыту мақсаттарын, оқушының тұлғалық дамуы үшін оның маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің әдістемесі педагогикалық әсер етудің тиімді жүйесін әзірлеу үшін педагогикалық психология, жоғарғы жүйке қызметінің физиологиясы, логика, кибернетиканың (әсіресе бағдарламалық оқытудың элементтерін әзірлеу барысында) мәліметтеріне сүйенеді. Мектеп курсының жүйесін негіздеу барысында логика және ғылымның тарихы, ғылымға кіріспе бойынша білімдер қолданылады.


2. Информатиканы оқыту әдістемесі деп аталатын педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болу себебін талдау
ИОӘ орта мектеп (лицей, гимназия) оқушысына информатиканы оқытудың мазмұны, әдістері, құралдары және формалары жайлы сұрақтармен айналысады.
Әдістеме келесі түрге бөлінеді:

  • Жалпы пәннің мазмұны бойынша түсіндірудің негізгі формаларын әзірлеу және жіктеу, білімді бекіту және бақылау сұрақтары арқылы мәселелерді (мақсаты, міндеті) жалпылайды, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жекелеген педагогикалық әдістерді қолданудың тиімділік сұрақтарын шешеді.

  • Дербес:

  • Жеке тақырыпқа бір бүтін тұрғысынан қарау;

  • Бүкіл мектеп курсындағы берілген тақырып бойынша білімін анықтау;

  • Оқушылардың берілген тақырып бойынша ЗУН – на қойылатын талаптарды әзірлеу;

  • Берілген тақырыптың мазмұнын анықтау;

  • әрбір нақты тақырыптың ұғымын енгізу әдістемесі;

  • тақырыпты оқып – білу барысында оқушылардың жіберген негізгі штаттық қателіктердің сипаттамасы және алдын – алу;

  • қателіктермен жұмыс істеу әдістемесі;

  • берілген тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылау жүйесін әзірлеу;

  • берілген тақырыптың қолданбалы бағыты және пәнаралық байланыстары.

Әдістеме өз саласындағы әзірлемелерді, педагогикалық жаңашылдықтар мен психологиялық ұсыныстарды ескереді.

2-тапсырма. Төмендегі әдіс түрлерінің мақсаты мен міндетін және оның негізгі ерекшеліктерін талдау және мысалдар келтіру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет