Тарау адам санасы қҰрылымындағЫ Ұлттық Өзіндік сана халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата18.02.2024
өлшемі206.93 Kb.
#492281
  1   2   3   4
Мангилик Ел (1)



37
Тарау 2. 
АДАМ САНАСЫ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ӨЗІНДІК САНА 
1. Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. 
2. Қазақ халқының ұлттық өзіндік санасының жалпы сипаттамасы.
3. Тұлғаның ұлттық сана-сезімінің психологиялық аспектілері.
Бірінші тарауда келесі маңызды үш қағида сөз болды: 1) ұлттық идеяны ойдан 
шығару мүмкін емес. Оның құрамдас бөліктері ұлттық сана-сезімнің түкпірлерінен 
орын алған; 2) ұлттық идея дегеніміз тұлғаның ұлттық сана-сезімінің айрықша 
түрі; 3) ұлттық сана-сезімнің айрықша түрі бола отырып, ұлттық идея қоғамның 
рухани өмірінің бір бөлігі ретінде мағына түзу, этнос қалыптастыру, құндылықтық 
бағдар беру және қоғамды біртұтастандыру функцияларын атқарады. Ол ұлт 
руханияты, туған халқының тарихи келбеті мен шығармашылық әрекетіне деген 
махаббат, оның рухани күш-қуатына деген сенім, рухани парызы, халықтың төл 
мәдени болмысы мен рухани миссиясын, қоғамдық дамудың терең қатпарлары 
мен перспективаларын түсіне пайымдауы, тарихи жады мен келешек бейнесінің 
бірлігі сынды құндылықтарға негізделген.
Жоғарыда айтылған ой болашақ мамандардың «ұлттық сана-сезім» феноменінің 
рөлі мен мән-маңызын терең пайымдай білуін қажет етеді. Оқулықтың бұл 
тарауындағы материалдар сол ойларға арналады.
1. Халықтың және тұлғаның өзіндік ұлттық санасы: ұғымы, мазмұны. 
Адам бойындағы ұлттық өзіндік сана оның тұлғалық қалыптасуы және әлеуметтік-
психологиялық тұрғыда нақты бір деңгейге жетуі үшін қажетті маңызды өлшем-
дердің бірі болып табылады. Ұлттық өзіндік сананың дамуы «сана» және «ұлттық 
өзіндік сана» ұғымдарын анықтаумен тығыз байланысты.
Сана-адамның жануарлардан айырмашылығын білдіретін басты белгі. Бұл 
ұғымдар туралы әртүрлі анықтамалар берілген, бірақ олардың өзара ұқсастығын 
және оларды біріктіретін жалпылама түсініктер де баршылық. Саналы адамды 
төмендегідей сипаттауға болады:
- өзін қоршаған ортада объективті шынайылық түрінде бөліп көрсете ала-
ды, өзінің «менін» сыртқы заттардан бөліп қарастырады, ал заттардың сипатын, 
ерекшеліктерін олардың өздерінен ажырата біледі. Яғни, «Мен-бұл Мен емес» 
типін ажыратады; 
- бұл әлеммен өзара әрекеттестікте болып, онымен нақты қатынас қалып-
тастыруда мақсатты түрде өзгерістер енгізе алады
- алдына өмірлік мақсаттар қойып, оған жетуде қабілеттілік танытады, іс-
әрекетте өз мінез-құлқын жоспарлай алады, олардың нәтижесін көреді және сал-
дарын бағалай біледі; 
- әлемге асқан құштарлықпен қарайтынын эмоциясында, сезімінде, тілегінде, 
ойында және ішкі күйзелістерінде көрсете алады, өзінің ойы, сезімі, тілегі, ішкі 
күйзелістерінде сезіп-білгендері бойынша есеп береді; 
- өзінің жеке даралық және тұлғалық ерекшеліктерін біледі.
Саналы адам ғана өзіндік санаға ие. Өзіндік сана - бұл табиғи бейнені 
көрсететін сананың ерекше формасы. Егер адам сана арқылы қоршаған әлемді 


38
қабылдап түйсінетін және оған нақты бір бейне арқылы бағытталатын болса, 
онда өзіндік сана тұлғаның өзіне бағытталады. Яғни, тұлғаның өзі, өзіндік ойы, 
сезімі, қажеттіліктері және оның барлық ішкі жан дүниесі өзіндік сананың ныса-
ны болып саналады. 
Психологияда өзіндік сана тұлғаның жеке даралық ерекшеліктерінің көпқыр-
лылығын және оның көптеген қоғамдық байланыстардағы өзіндік мәні мен орнын 
көрсететін процесс ретінде түсіндіріледі[1]. 
Адам сана және өзіндік сана арқылы әртүрлі қарым-қатынас және іс-әрекетке 
белсенді араласу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Адам болу - сана ғана 
емес, сонымен қатар өзіндік санаға да ие болу дегенді білдіреді. Яғни, өзін-өзі 
тани отырып, әлемді тану, өзін қоршаған ортадағы шынайылықтан ажырата білу, 
бұл әлеммен нақты қарым-қатынас орнату, онымен өзара әрекеттестікте болу, 
оған өзгерістер енгізе алу және өзінің тұлғасын жетілдіру болып табылады.
Өзіндік сананың жас ерекшеліктері, діни, кәсіби, таптық, ұлттық және басқа 
да түрлері бар. Әлеуметтік ғылымдарда «ұлттық өзіндік сана», «этникалық 
өзіндік сана» және «таптық өзіндік сана» терминдері қолданылады. Олар әртүрлі 
әлеуметтік топтардың мүшелерінің өзіндік сананың ерекшеліктерін, мақсатын 
және әлеуметтік ортадағы орнын түйсінуін білдіреді. 
«Ұлттық өзіндік сана» ұғымы 60-жылдардан бастап ғылыми этнографиялық, 
философиялық еңбектерде, ал 80- жылдардың орта кезінен бастап Ю.В.Бромлей, 
Л.М.Дробижева, Р.Г. Абдулатипов, Джунусов М.С., К.Н. Хабибуллин, А.Г. Агаев, 
Д.Кадыржанов және т.б. ғалымдардың ұлттық өзіндік сана мәселелеріне арналған 
еңбектерінде көрініс бере бастады. 
Қазіргі уақытта ұлттық өзіндік сананың мәні мен даму факторларын оқып 
үйренуде бірыңғай тұрғылар жоқ. Кейбір зерттеушілер оны ұлттың сана-сезімімен 
байланыстырады, кейбіреулері оның мазмұнын ұлттық стереотиптермен ұштас-
тырады, ал үшінші біреулері оны тұлғаның ұлттық өзіндік сәйкестендіруімен 
бірге қарастырады. Көптеген авторлар «ұлттық сана» және «ұлттық өзіндік сана» 
ұғымдарының шекарасын, ара-жігін ажыратудан қашқақтайды. Дегенмен, ғалым-
дардың басым көпшілігі бұл ұғымдардың айырмашылықтарын ашып айтады. 
Мәселен, ғалым П.И.Гнатенконың пікірінше, егер ұлттық өзіндік сана индивидтің 
деңгейінде және ұлттың деңгейінде қарастырылса, онда ұлттық өзіндік сана тек 
қана ұлттық деңгейде болады. 
Ұлттық сана - қоғамдық сананың бір формасы, онда қоғамның этникалық 
өмірі көрініс береді; бұл этникалық процестердің табиғи өзіндік ерекшеліктерін 
түсінудегі теориялық және қарапайым көзқарастардың жиынтығы [2].
Өзіндік сана арқылы әр ұлт өзінің көпұлтты әлемдегі жалпы, түпкі тектік 
қызығушылықтары, мақсаты мен мұраты, өзіндік «бет-бейнесін», сонымен қатар 
өзге ұлттар мен мемлекеттерге деген қатынасын түсінеді. 
Сол себепті көптеген ғалымдар ұлттық өзіндік сананы халықтың рухани 
мәдениетінің ұлттық діңгегі деп пайымдайды. 
«Этникалық», «ұлттық өзіндік сана» ұғымы «этнос», «ұлт» категорияларын 
түсіндіре білумен байланысты. Ұлтты локальды (этникалық) және әмбебап (ұлт-
тылықтан жоғары, жалпыадамзаттық) ауыспалы құбылыс ретінде анықтай оты-


39
рып ұлттық өзіндік сананың « этникалық өзіндік сана» – ұлттық өзіндік сана-
жалпыадамзаттық өзіндік сана» ретінде түсінік құрайтын жүйелі байланыстар 
тізбегі екенін бөліп көрсетуге болады (П.Е. Астафьев, Б.Т. Лихачёв, В.М. Межуев 
және т.б.). Әр халықтың ұлттық санасы ұзақ тарихи дамудың жемісі болып табы-
лады. Ұлттық сана теориялық және қалыпты деңгейде көрініс береді. 
Ұлттық өзіндік сана ұлттық сананың ядросы ретінде тұтас бір ұлттың, этностық 
топтардың және жеке тұлғалардың да қызығушылықтарын бейнелейді. 
Ұлттық өзіндік сана көпұлтты қоғам деңгейінде этникалық өзіндік санамен 
өзара әрекеттестік үдерісінде пайда болады. Тарихи тұрғыда халықтың ұлттық 
өзіндік санасы ұлттық мәдениеттің тарихи құндылықтары және әлемдік мәде-
ниеттің даму бағыттарының негізінде қалыптасады. Оны ұлттық территория, 
мәдениет, тіл және өткен тарих туралы көзқарастар мен пайымдаулар құрайды. 
Ұлттық өзіндік сана шындығында әр халықтың өзінің әлеуметтік-этникалық 
мәнін, адамзат баласының даму тарихында қандай рөл атқарғанын және 
жалпыадамзаттық өркениетке қосқан үлесін түсініп, түйсінуі болып табылады [3].
Ұлттық өзіндік сана әртүрлі қызмет атқарады. Зерттеуші К.Н.Хабибулин нің 
пікірінше, ұлттық сананың қызметі оның қоғам өмірінде, ұлттың тіршілігінде және 
ұлтаралық қатынастарда «рөл атқару» қабілеттілігінен көрінеді. Әдетте, оның 
бейімделу, қорғаныш, танымдық, өзін-өзі бақылау, тұрақтылық, жасампаздық, 
әлеуметтенушілік және жобалаушылық сияқты қызметтерін бөліп қарастырады. 
Бұл қызметтер мына жағдайларда көрініс табады: 
- «бейімділік» - ұлттық дәстүрлерді және басқа да ұлттық элементтерді 
ұрпақ тан-ұрпаққа жеткізуді қамтамасыз етеді, сөйтіп ұлттың, халықтың ынты-
мақтастығына, бірігуіне «жұмыс «істейді» (М.С Джунусов); 
- қорғаныштық - ұлттық мәдени құндылықтарды жойылып кетуден, ұлт-
тық жетістіктерді сырттай және іштей шектелуден сақтауға және ұлттық қызы-
ғушылықты қорғауға байланысты болады; 
- танымдық - рухани мәдениетті, тарихи жәдігерлерді, салт-дәстүрлерді 
ұрпақтан ұрпаққа жеткізу механизмі ретінде қатысады;
- өзін-өзі тексеру және жауапкершілік қызметі теңдік, әділеттілік ұстаным да-
рын бұрмалауда кедергілерді болдырмауға, ұлттық дандайсуға, әр түрлі көзқарас-
тарға, наным-сенімдерге жол бермеуге қызмет етеді. 
Қазіргі адамзатта 3000-нан астам халық бар, сол сияқты әлемде тәуелсіз мемле-
кеттер саны –200-ге жуық. Л.Н.Толстой «бұл өмірден өзінің ұлттық мақтанышын
іздемейтін адам жоқ шығар», - деп жазған [4].
Әлемдегі әр халықтың өзінің тарихы, ұлттық-этникалық өзіндік ерекшелігі, 
өзінің салт-дәстүрі, ұлттық жетістіктері және ұлт ретінде мекен ететін өз тер-
риториясы болады. Оның «ұлттық өзіндік санасы өз көзқарасында, идеяла-
рында, сезімдерінде, көңіл-күйінде көрініс тауып, ұлт мүшелерінің өзінің басқа 
қауымдастық мүшелерімен сәйкестігінің және өзгешелігінің мазмұны мен деңгейін 
анықтай алуынан білінеді; ұлттық құндылықтар мен қызығушылықтар, ұлт 
тарихы, оның қазіргі даму бағыты мен болашағы, мемлекет ішіндегі әлеуметтік-
этникалық қауымдастықтағы, мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастардағы 
орны арқылы айқындалады» (Этнопсихологиялық сөздік, 1999 ж.).


40
Ұлттың барлық өкілдері өзара бөлісе алатын мәдениет ұлттық өзіндік сананың 
негізі болып саналады. Ғалымдар арасында халықтың ұлттық өзіндік санасының 
құрылымын анықтауда қалыптасқан нақтылық жоқ. 
Дей тұрғанмен, төмендегідей ортақ компоненттерді атауға болады: эконо-
микалық және мемлекеттік факторлар; ұлттық қажеттіліктер және қызығу шы-
лықтар; ұлттық өзіндік сәйкестік; ұлттық стереотиптер (басқа халықтар туралы 
көзқарастар); өткен тарихтың жалпыламалығы; тарихи жады; мәдени құнды-
лықтар, тіл; дін; табиғат, жалпы территориялық; өзге ұлттарға құндылықты 
бағдарлы қатынас (толеранттылық); ұлттық құндылықтар жүйесі; ұлттық 
рәміздер; мұраттар; салт-дәстүрлер.
Мысалы, тарихи жады – ұлт қауымдастығының және ұлттық жауапкершіліктің 
көзі. Өткен өмір сабақтарын есте сақтау, ата-бабаларды пір тұту, қателіктерден 
аулақ болу және ұрпақ алдында жауапкершілікті сезіну – бұлар тарихи жадының 
ұлтты біріктіретін маңызды қызметтері болып табылады. 
Халықтың ұлттық өзіндік санасының қалыптасуына мынадай әртүрлі фак-
торлар әсер етеді: ұлттың өмір сүруінің әлеуметтік-экономикалық және тарихи 
жағдайлары; этникалық орта, этноәлеуметтік жағдайлар; этномәдени салт-
дәстүрлер, құндылықтар; мемлекеттің экономикалық дамуындағы әлеуметтік 
идеялар,оның институттары және қарым-қатынастары; саяси сезімдер мен топ-
шылаулар; діни көзқарастар; халықтың көш-қоны; этникааралық белсенді байла-
ныстар; мемлекет және оның институттары, отбасы; білім беру жүйесі ( оқыту 
және тәрбиелеу); БАҚ , мәдени мекемелер және т.б. 
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әр ұрпақтың өз халқының өткенін саралай оты-
рып, нақты бір уақыт аралығына тән ұлттық дамудың мақсаты мен міндеттерін 
анықтайтынын, болашағын болжайтынын, саяси, идеологиялық, экономикалық, 
мәдени бағдарлар құратынын және қазіргі әлемге сәйкес ұлттық өзіндік сана 
қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл үдеріс ұлт тарихының аса күрделі, шешуші 
кезеңдерінде жылдамырақ өтеді. 
Ұлттық өзіндік сана ұлт пен адамның қауымдастығын және олардың осы 
қауымдастықтың мүшесі екендігін сипаттайтын фактор болып табылады. 
Тұлға өзінің ұлттың ажырамас бір бөлігі екендігін сезіне отырып, өз халқының 
тарихын, ұлттық құндылықтарын (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениеттегі 
жетістіктер және т.б.) түйсінеді, халқының әлемдік мәдениетке қосқан үлесін 
бағалайды, ұлттық жетістіктермен бөліседі және олардың дамуына ықпал етеді. 
Ұлттық өзіндік сананың дамуы индивидтің халқының салт-дәстүрлерін, яғни 
этникалық шыққан тегін білуімен, сонымен қатар бұл үдерістегі адамгершілік 
жалпыадамзатттық құндылықтарды мойындауымен байланысты. Сөйтіп, ұлттық 
өзіндік сананың дамуының маңызды тұстары ондағы этникалық, ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтардың біркелкілігі болып табылады. 
Адамның тұлға болып қалыптасуы нақты бір қоғамдық жағдайларда ғана 
өтпейді, өйткені «тұлға дегеніміз белгілі бір тарихи жағдайларда өмір сүретін және 
психологиялық дамудың, ұлттық өзіндік сананың қажетті деңгейіне жеткен, өзінің 
қоршаған ортамен өзара әрекеттестігін басқара алатын нақты адам». Сондықтан 
ұлттық өзіндік сана оны жеткізуші, яғни индивидтің арқылы көрініс беріп, өзара


41
бірегейлік құрайды және тұлғаның көзқарасының маңызды компоненті болып 
табылады. 
Тұлғаның өзіндік ұлттық санасы субъектінің өзінің этникалық ерекшелігін 
позитивті қабылдай алуымен, халқының өткен өміріне, оның бүгіні мен ертеңіне 
тарихилық тұрғыда қатынас жасай алуымен, ана тілін меңгеруде белсенділік 
таны туымен, халқының мәдениетін оқып-үйренуімен, ұлттың талап-тілегін, 
құн дылықты бағдарларын түйсініп қабылдауымен және өзге этникалық қауым-
дастықпен жағымды қарым-қатынас қалыптастыра алуымен, өзінің территория-
сын сақтап қалуымен және оның байлығын толықтыруымен дәйектеледі. 
Ұлттық өзіндік сана – бұл тұлғаның өзінің белгілі бір ұлттық қауымдастықтың 
өкілі екенін түсінуіне, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін дұрыс бағалай алуын 
реттейтін, сонымен қатар оның тіл, мәдениет, өз қауымдастығының ерекшеліктерін 
білетін және діни, территориялық, мемлекеттік қоғамдастықтағы ұлттың өткен 
тарихы туралы өз көзқарастары бар индивидтің тұлғалық дамуының интегративті 
сипаты (Левитская, Ефимова Д.В.). 
Зерттеуші Д.В. Ольшанский «ұлттық өзіндік сана - белгілі бір ұлттық-этника-
лық қауымдастық өкілдерінің өзіндік ерекшеліктерін білдіретін, оның тарихи, 
қазіргі жағдайы және болашақ дамуының мазмұнын көрсететін, сонымен қатар 
басқа өзі тектес қауымдастықтармен өзара қарым-қатынаста нақты бір ұлттың 
орны мен мәнін сипаттай алатын көзқарастар, ой-пікірлер және қатынастардың 
жиынтығы деп түсіндіреді. Түптеп келгенде, ол оның (өзінің белгілі бір ұлтқа 
жататынын ұғынуы) туралы рационалды, сол сияқты (өзінің басқа этникалық-
ұлттық қауымдастықпен бірлігін түйсіне алмаудан қамығу түріндегі ) эмоционал-
ды компоненті болып табылады [5].
Ұлттық өзіндік сана тұлғаның құндылықты-мәнді негізін құрайтын құрылым -
дық маңызды компонент деп саналады. Ұлттық өзіндік сана когнитивті, эмоцио-
наль ды және мінез-құлықтық компоненттердің жиынтығындағы күрделі 
құрылымға ие. (Дробижева Л.М., Квитковская В.И., Ондар Л.М.). 
Бұл компоненттердің мазмұнын мынадан көруге болады: 
когнитивті – өзінің және өзге де этникалық топтардың арасындағы айыр-
машылықтарды ажырата отырып, тарихты, салт-дәстүрлерді, мәдениетті, тілді 
(мемлекеттік) және өз елінің этникалық, ұлттық өзіндік сәйкестігі туралы көз-
қарастарының болуы; 
- эмоционалды-бағалық компонент – бұл өз тобына, өзге этностарға тән сапа-
ларды, өзінің этникалық тобының, ұлтының қамын ойлай отырып, осы мүшеліктің 
адам үшін маңыздылығын түсінуі және өз елінің мәдениеті, тарихи және рухани 
бірегейлігін бағалай алуы;
мінез-құлықтық компонент – мінез-құлық әрекетінде өзінің нақты бір этнос 
мүшесі екенін көрсете алуы, өзінің этностық тілінде сөйлеуі, жалпыадамзаттық 
және ұлттық құндылықтар негізінде ұлттық (мемлекеттік) мәдени дәстүрлерді 
қолдауы, әлеуметтік ұйымдарға қатысуы және т.б. 
Сөйтіп, ұлттық өзіндік сананың даму деңгейі осындай компоненттердің өзара 
сабақтастығына байланысты болады. 


42
Қазіргі уақытта мемлекеттердің барлығын көпұлтты деп атауға болады. Қазақ-
стан 130-дан астам этнос өкілдері тұратын көпэтносты мемлекет болып сана -
лады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет