МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................4
1 тарау. ХХ бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім және мәдениет ошақтары
БҚО білім және мәдениет орындары ..............................................................7
1.2 Орал қаласындағы білім, мәдениет және ден саулық сақтау орындары қызметі …………………………………………………………………………..19
2 тарау. ХХ бірінші жартысындағы Батыс Қазақстан облысында білім және мәдениет орындарының ғимараттары мен турғындардың мәдені-рухани дамуы
2.1 ХХ ғ. БҚО әкімшілік-территориялық құрылымы..........................................36
2.2 Әкімшілік, мәдени және қоғамдық құрылыстың дамуы..............................39
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................56
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қандай да бір саланың тарихын үйреніп білу үшін алдымен сол адамның білім деңгейі маңызды орын алады. Өйткені, өткенді білуде қандай да бір уақиғаны немесе қоғамдағы өзгерісті талдап түсіну үшін білімің жоғарғы деңгейде болу керек. Өз кезегінде әрбір өңірдің білім саласының қалыптасып дамуын зерттеу қазіргі кезеңде өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі.
Өңірдің тарихын тануда, соның ішінде білім беру саласы тарихын түсіну – өткенді талдап, болашаққа көз салуға, халықтың рухани қайта өрлеуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі Қазақстан аумағында Патшалық Ресей құрамындағы кезеңде ашылған, мектеп, оқу орындарының саны өте көп. Дегенмен оқу-ағарту мәселесі Қазақстанға кірер қақпа – Кіші жүз жерінде ертерек басталып, өз жемісін ерте беріп, нәтижесінде, еліміздің басқа аймақтарына таралған болатын. Мұрағат құжаттарын саралау барысында өңірде оқу-ағарту ісі екі бағытта діни және азаматтық бағытта болғандығын аңғарамыз. Діни бағыттағылары жергілікті тұрғындардың қаражатымен ұсталған. Ал діни мектептер патша өкіметінің арнайы нұсқауы мен шекаралық комиссия бекіткен молдалардың ашқан мектеп немесе медреселері болатын [1]. Оларда әрине білім берудің ешқандай жүйесі болмады. М.С.Бабажановтың айтуынша «қазақтар арасында басқаша білімді татар молдалары пайда болып, олар ислам дінін ұқтырып уағыздай бастаған» [2].
Білім беру орының пайда болуы және оның даму тарихын зерттеу қай кезеңде де өзінің актуальдығын жойған емес. Сондықтан да олардың тарихын зерттеу қоғамда өткен тарихымыз туралы нақты көзқарас қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Ағарту тарихын зерттеуде олардың өңірде пайда болуы қоғамдық ұйымдардың күрделі формаларының қалыптасуымен, дамудың жаңа деңгеймен байланыстыра отырып, өркениет пен руханияттың бір-бірімен тікелей байланысты тарихи процесс ретінде қарастырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |