1.2.Кәмелетке толмағандардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері. Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылуы шарт. Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы бізде жастарымызды отаншылдық, заңдарды құрметтеу, қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алды. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын, ұрлық, зорлық, бұзақылық, т.б. қылмыстық әрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездеседі.
Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністердің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, өскелең жаңа буынды дұрыс тәрбиелеудің, екінші жағынан, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады /13/.
Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты. Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс-әрекеттерініњ негізгі сәтін дөп басып, оның ішкі және сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нәрсе –мотивация болып табылады.
Мотивация проблемалары өте ерекше де күрделі құбылыс. Қылмыстық құқық теориясы және криминология ғылымы бұл құбылыс туралы психология ілімінің негізгі қағидаларына сүйенеді.
Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет, т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. К.Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың /экономикалық, идеологиялық т.т./ тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуын салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекетіміз дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,- біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз»/14/. Адам - іс-әрекеті-күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет ұғымынан әрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені, мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал әрекеттің сипаты шағын. Әрекет іс- әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады,әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор.Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады.Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет.Сөйтіп сана мен іс-әрекеттің бірлігі, психиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе психологияның басты принциптері болып табылады.Адам әрекеті сан-алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.
Әрбір жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес.Олардың ең бастыларын психология мына түрге бөледі: қажеттілік /потребность/, түрткі /мотив/, бейімділік пен қызығу, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Адамды әрбір қимыл әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив /себеп/ деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі
өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің нәтижесіне әсер етеді.Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық /тамақ,баспана,киім, еңбек құралдары т.б./ болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани қажеттерді /білім, көркемөнер т.б./ туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп, қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді.Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар /яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу,шашалу, түшкіру т.б./, екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» - деп көрсеткен белгілі қазақ зиялысы Ж.Аймауытов /15/.
Қылмыстыњ мотивация жүйесі адам әрекетінің терең тамырларына еніп, сол әрекеттің себептерін анықтауға, сонымен қатар, оған адамгершілік және құқықтық өлшемдермен ықпал етуге мүмкіндік береді .
Алайда аталмыш проблеманың күрделілігі мен жетік зерттелмеуінен қылмыстық мінез-құлық мотивациясы ұғымы мен оның мәні төңірегінде әртүрлі, тіпті қарама-қарсы көзқарастар көбеюде. Мәселен, кейбір авторлардың пікірінше, «мотивация» келешекте мәнсіздіктен жойылып кетеді десе, психологтардың қайсыбірі оны психология ғылымының негізгі мәселесі деп қарап, оны адамның іс-әрекетін танудың басты кілті ретінде түсінеді. /16/ Мен де осы соңғы көзқарасты қолдаймын.
Өйткені жоғарыда аталып кеткендей мотивация адам әрекетінің пайда болуына, оның дамып белгілі бір қалыпқа келуіне, соның арқасында қойылған мақсатқа жетуіне, оның динамикасының түпкі нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығына қатысы бар адам қызметіндегі детерминанттарды /детерминизм – себептілік, барлық құбылыстар бір-бірімен заңды түрде байланысты дейтін ілім/ кеңінен қамтиды.
«Мотивация» сөзін тар мағынада алып қарасақ, ол адам қызметінің нақты түрлері мен мінез-құлықтың сыртқы көрінісі ретіндегі субъективтік детерминация /17/. Сондықтан психологиялық зерттеулерде мотивацияның негізгі екі аспектісі, атап айтқанда, оның динамикалық және мазмұндық жақтары қарастырылады. Іс-әрекет мотивациясын кең мағынада алып қарасақ, ол адамның жалпы мінез-құлқын анықтайтын психологиялық сәттердің жиынтығы /18/.
Мотивацияны «іс-әрекеттерді қозғаушы күштердің жүйесі» ретінде ұғыну да осы анықтамаға мағынасы жағынан жақындайды /19/.
Қылмыс- қылмыстық заңның бұзылуына сәйкес жауапкершілік шараларын алдын-ала қарастыратын, әртүрлі мотивтер негізінде туындайтын жеке адамның іс-әрекеті. Мотив ұғымы бұл жерде қылмыс құрамына енетін элемент ретінде өзінің заңды мағынасын білдіріп тұр. Заң нормаларында мотив барлық жағдайда көрсетіле бермейтіні мәлім. Қылмыстың қоғам үшін аса қауіптілігі көрініс бергенде, не болмаса жасалған әрекеттің мотивтік ерекшелігі белгілі бағытпен байланысты болған жағдайда ғана заң тікелей мотивке жүгінеді.
Заң шығарушы тарапынан мотивке барлық кезде мән берілмесе де қылмыс құрамының белгілерін сипаттауда, әсіресе құрамның субъективтік жақтарын анықтауда мотивтің маңызы өте зор /20/.
Негізінен әрбір қылмыс – адамның саналы қызметінің бір түрі, яғни әрекеттің мақсатын, құрамын, мотиві мен құндылығын жобалайтын ерікті акт /93/. Бұл ретте ол қылмыс субъектісінің санасына, жеке адам психикасына маңызды мінездеме береді.Мұнда субъекті мен оның қызметі арасындағы өзара байланыстың бір түрі өзіндік орын алады.
Соңғы жылдары заңгер-криминалистер арасында қылмыстық әрекет мотивінің психикалық механизмін зерттеуге ерекше ынталылық байқалуда. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттің мотивациялық аясын әлеуметтік психология, криминология және қылмыстық құқық салаларының жетістіктерін кіріктіру арқылы ғылыми жұмыстар атқару қажеттілігі туындайды /94/.
Мұндай жұмыстар қатарына әсіресе адамның қоғамға жат әрекетінің мотиві мен басқа әлеуметтік және психологиялық қасиеттерінің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мотив пен сезімді, /95/ жеке адам кінәсінің ерекшелігін, мотиві мен мақсатын сипаттауға арналған еңбектер жатады /96/. Онда қылмыс жасаған кінәлінің жеке басының мотивациялық ерекшеліктері, бәсекелестік мотивтері және бағалау қарым-қатынасы, /97/ жеке адам мотиві мен бағыты, -69/ қоғамға қарсы бағдары анықталынған /99/. Соның ішінде адам белсенділігі, жеке адам әрекетіндегі мотивтердің бастапқы ниеті жөніндегі психологтар арасында белгілі көзқарастар қалыптасты. Олардың басым көпшілігі адам қызметіндегі әдепкі итергіш ниет адамның өмірлік қажеттілігінен туындайды деген пікірде. Көптеген психологтар адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде сезімді, қызығушылықты, идеал мен сенімді, дүниеге көзқарасты мойындайды. Ал кейбір психологтар адам ниетін оның қажеттілігі мен сезімінде, еркінде, қоғамдық императивінде деп біледі. Олардың қайсыбіреулері мотивті қажеттілікпен немесе сезіммен ұштастырса, кейбіреулері оны ниет және мақсатпен немесе адамның жалпы психологиялық күйімен байланыстырады.
Алайда баса көрсететін жай мынада. Мотивациялық аяда қылмыстық әрекеттің қандай аспектісі қарастырылса да, барлық зерттеушілердің пікірінше, мотив қылмысқа итеретін қозғаушы күш және оның ішкі қайнар көзі ретінде танылады. Ал жасалған қылмыс фактісі қылмыс мотивінің объективті түрдегі көрінісі боп саналады. Сондықтан мотивациялық ая қылмыстық құқық нормалар дәрежесінің көрсеткіші, сонымен қатар мотив құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттің шынайы себептерін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды белгі болып табылады /100/.
Қорыта айтқанда, мотивация ұғымы мотивтің өзіне қарағанда анағұрлым кең екендігі белгілі.
Мотивация мазмұны адам белсенділігінің алғашқы итергіш күші мен жеке адамның психологиялық жиынтығының нақты әрекеттерді орындауға дайындығын ғана емес, сонымен бірге қылмыстық әрекеттерді бағыттап, ретке келтіріп, қолдап немесе мінез-құлыққа ықпал ету арқылы олардың әдепкі бағытын өзгертіп отыратын факторлар /21/.
Мотивация әртүрлі ниеттің, итергіш күштердің жиынтығын өзіне қамти отырып, адамның құрылымдық қалыптасуына негіз болады, нәтижесінде жеке адамның әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеті негізінде көрінеді.
Бұл ретте мотивацияны адам іс-әрекетінің субъективтік детерминациясы және рухани әлемі арқылы өтетін құбылыс деуге болады/22/. Сондықтан да қазіргі қолданылып жүрген заңдық құжаттарда әрбір қылмысты дәрежелеуде және кінәліге жаза тағайындауда маңызы бар мотивация мәселелеріне басты назар аударылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарында қылмыс құрамына тікелей қатысты мотивациялық элементтер көрсетілген.Онда әсіресе бұзақылық мотиві, пайдакүнемдік, кек алу, қызығу мен құнығу т.б. көрсеткіштер аталған. Алдын ала айта кететін жағдай, жастарға тән әсіресе, қызығу, әуесқойлық, құрдастарының алдында мақтана масаттану, бұзақылық, кек алу т.б. мотивтері.
Осы арқылы мәселе тек мотив төңірегінде емес, сонымен қатар қылмыстық әрекетке себепші болатын бастапқы ниет, итергіш күштің мотивациялық элементтері жөнінде болуға тиіс.Әзірге қылмыстық кодекстің баптарына қылмысқа қатысы жоқ нақты мотивтерді ендіру әлі ертерек болғандықтан бұл мәселе заң тәртібі негізінде шешілуді қажет етеді. /22/
Мұндай жол басқа да көптеген мәселелерді ойдағыдай зерттеуге мүмкіндік берер еді. Мәселен, заңгерлер арасында мотивтің криминогендігі жөнінде осы кезге дейін бірыңғай пікір болмай отыр. Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қылмыстардың мотивін салыстырып қарағанда олардың ерекшеліктері әуелі кәмелетке толмағандардың жасына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық институттардағы орнына байланысты екенін атау керек. Мысалы, 14-17 жас аралығындағы жасөспірім үшін бір жағынан қарқынды дамып, қалыптастыру процесі жүретін кезең. Екінші жағынан, алдағы міндеттердің күрделілігінен /еңбек қызметінде дайындық/ ол өзінің іс-әрекетіне жауапты адам ретінде жоғары дәрежеде қалыптастыратын маңызды қоғамдық қатынастар шеңберінен көбінесе шығып қалады.
Өмірде бір емес бірнеше мотивтерден өрбіген көптеген қылмысты әрекеттер баршылық. Олар да өзінің сапалық көрсеткіші мен мағынасы жағынан әрқалай болуы мүмкін, ал басқалары бағыныңқы, өзгермелі мотивтер болып келеді. Мұнда әрине, жетекші мотивке аса жоғары орын берген жөн.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар іс-әрекетінің мотивтерін зерттеу олардың үнемі дамып отыратындығынан, олардың өзгеріссіз қала алмайтындығынан күрделене береді. Алайда, бұл жағдайда да даму тенденциясына бағытталған анағұрлым тұрақты ниет, итергіш күштер пайда болады. Өйткені, жасөспірімнің көз алдында өмір шындығы кеңи түседі.
Егер жастық кезеңнің алғашқы шағында жасөспірімнің мінез-құлық тәртібі, біріншіден, стихиялы түрде жинақталған ішкі әуестігіне, екіншіден, кездейсоқ сыртқы жағдайларға байланысты сипатталса, әрі қарай бұл жағдай өзгеріске ұшырайды /23/.
Мотив негізінде жатқан қажеттілік маңызды нәрсеге айналғанда қалайда қанағаттандыруды талап етеді. Жасөспірімдер қажеттілік ниетін тиып ұстау немесе оны кейінге қалдыру /ысырап тұру/ қабілеті жетілмегендіктен, өз қажеттілігін ұрлық жасау арқылы қамтамасыз етудің жеке бас пен қоғам мүддесіне қайшы келетінін түсінсе де өзін тоқтата алмайды.
Жасµспірімдер мен жастрадыњ ќылмысќа ќатысуыныњ себептері туралы сµз етер болсаќ, жасы кємелетке толмаѓандардыњ 90-95 пайызы – ер балалар.Жеткіншектер ќылмысына не себеп дегенге келсек, б±лардыњ кµпшілігі оќуѓа, адал ењбекке ынта ќоймайды, бос уаќыттарын кµбінесе ќањѓыбастыќпен, ќ±мар ойындарѓа, ішімдікке, нашаќорлыќ жєне басќадай есењгірететін заттарды пайдалануѓа, ойынханаларда жат музыка тыњдауѓа, жыныстыќ немесе нєпсіќ±марлыќ іс-єрекеттерімен айналысуѓа арнайды. Ќоѓамѓа жат осындай іс-єрекеттер сµз жлќ оларды ќажетті ќаражат табу ‰шін єрт‰рлі ±рлыќќа, тонауѓа жєне басќалай маск‰немдік ќылмыстар жасауѓа итермелейді. Маск‰немдікке салынѓан ќылмыскерлер кµп реттерде µзін «наѓыз еркек» етіп кµрсету маќсатында кез келген ќылмысќа барудан тайынбайды, м±ндай ретте олар ќылмыстыњ зардабына онша мєн бермейді.
Жасµспірім ќылмыскерлерге сай ќасиеттерге келсек, олар µздерініњ іс-єрекетін жоѓары баѓалайды, жауапкершілігі сезінбейді, ±ят, ар-намыс дегеннен ж±рдай болады, б±лардыњ кµпшілігі ызаќор, кекшіл, маќтаншаќ, дањќќ±мар болып келеді.Ќылмыс жасаѓан жасµспірімдердіњ бір бµлігі аќыл ойыныњ кемістігі барлар, ж‰йке ауруымен зардап шегетіндер, ж±ќпалы жєне басќа да аурумен ауыратындар болып отыр.Б±лардыњ кµпшілігі тєрбиеніњ,баќылаудыњ жоќтыѓынан ерте бастан ішімдікке, есірткілік заттарды т±тынуѓа ‰йренген, ќањѓыбастыќпен, ‰йден ќашып, кездейсоќ ќылмыстыќ элементтермен байланыс жасаѓандар.
Жасы кємелетке толмаѓандардыњ арасында ќылмыстыќ кєсіпті, ќылмыстыќ нормалар мен дєст‰рлерді жете мењгергенде кездеседі. Кµптеген отбасылардыњ жаѓдайларыныњ жамандыѓы, ата-аналардыњ моральѓа жат теріс ќылыќтары, єке мен бала арасындаѓы µзара кикілжіњ, т‰рлі діни уаѓыздардыњ кері єсер етуі, б±ќаралыќ аќпаралыќ ќ±ралдары арќылы порнографиялыќ заттардыњ, ќатыгездік, к‰ш ќолданудыњ таралуы, жасµспірімдер ќылмысыныњ к‰шеюіне себеп болып отыр.
Кµптеген жасµспірім ќылмыскерлердіњ к‰нделікті іс-єрекетіне отбасы, оќу орындары ењбек ±жымы тарапынан ешќандай баќылау болмаѓандыќтан, соњы ќылмыстыќ єрекетке ±ласатынын тєжірибе кµрсетіп отыр.
Бесіктен белі шыќпай жатып ќатыгездік пен ќылмыс жасайтын жасµспірімдердіњ жат єрекетке баруына не себеп? Б±л жаѓдайѓа кім кінєлу? Мектеп пе , єлде теріс ќылыќ істеген баласыныњ єрекетіне немќ±райлы ќарайтын ата-ана ма? Б±л с±раќќа бір ѓана жауаппен шектелу м‰мкін емес. Шындыѓында да, адам µмірге ќылмыскер болып келмейді. Оныњ ќылмыс жасап, ќылмыскерге айналуыныњ бірќатр себептері бар. Атап айтќанда, отбасындаѓы тєрбие, жан±яныњ материалдыќ єл-ауќаты, ж±мыссыздыќ, баланыњ бос уаќытыныњ шамадан тыс мол болуы жєне т.б. Сонымен баланыњ ќылмыстыќ жолѓа т‰суініњ себебі мыњ сан екен. Єсіресе, бала бойындаѓы жаќсы немесе жаман ќасиеттердіњ ќалыптасуы тєлім-тєрбиеге тікелей байланысты. Кµптеген жылдар бойы отбасы тєрбиесі екінші орынѓа ќойылып, «адамды ќоѓам жєне ±жым тєрбиелейді» деген т±жырым ќалыптасты. М±ндай ќате пікірдіњ ќоѓам ‰шін ‰лкен ќиындыќтар туѓызѓанын мойындау ќажет.
2. КЄМЕЛЕТКЕ ТОЛМАЃАНДАРЃА ТАЃАЙЫНДАЛАТЫН ЖАЗА Т‡РЛЕРІ МЕН ШЕКТЕРІ
2.1. Кємелетке толмаѓандардыњ психикалыќ жаѓдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларѓа таѓайындалѓан жаза т‰рлері
Жазаны жеке даралауды ќарамастан б±рын біз жаза т‰сінігі мен оныњ негізгі маќсаттарына ќысќаша тоќталуымыз ќажет. Ќылмыстан саќтандыру кезінде єлеуметтік - ±йымдастырушылыќ жєне мєдени-тєрбиелік шаралардыњ шешуші мєнге ие екендігі сµзсіз/24/.
Жазаныњ маќсаты – ќылмыстылыќтыњ алдын алу, барлыќ ќалѓандары:
Мєжб‰рлеу /ќорќыту/ жєне сендіру /тєрбиелеу/ - б±л ќойылѓан маќсатќа жетудегі ќ±рал.
Ќылмыстыќ ќ±ќыќ саясаты жалпы мемлекет саясатыныњ белгілі бір ќажетті т‰рі бола т±рып, жан-жаќты шараларды, єсіресе ќылмыстыќ єрекет пен єрекетсіздіктіњ алдын алуѓа арналѓан комплексті шараларды ќамтиды, м±ны ќылмысты болдырмау саясаты деп атауѓа болады/25/.Ќылмыстыќ ќ±ќыќ теориясында, жалпы басќа да арнаулы єдебиетте сонау Кењес заманынан бастап, ќазіргі кезге дейін жазаныњ маќсаты тµњірегінде єрт‰рлі пікірлер туѓаны белгілі.Б±л пікірлер бірде жаза маќсаттарыныњ мазм±нына ќатысты туса, бірде ондай пікірдіњ тууына жаза маќсатыныњ саны негіз болып келеді.Мысалы, орыс зањгер – ѓалымы С.В.Познышев: «жазада тек ќана бір маќсат болу керек» дегенді айтса, /26/ ќазаќстандыќ белгілі зањгер профессор Р.Т.Н±ртаев жазаныњ маќсатын «‡ш бірлік» деп атайды.Профессор А.Мамытов жазаныњ алдына ‰ш маќсатты ќояды: «ќылмыс істеген адамды ќайта тєрбиелеу, ќайтатєрбиелеу арќылы ќылмыс істеген адамды ќайтадан ќылмыс істемеуге бет б±рѓызып, т±раќты ќалыпќа т‰сіру, ќылмыс істеген адамныњ сазайын тарттыру арќылы басќа адамдарѓа да ќылмыс істеуден бас тартуѓа ыќпал жасау»/27/ .
Кәмелетке толмағандардың психикалық жағдайы мен жас ерекшеліктеріне байланысты оларға тағайындалған жаза түрлері де ересектерге қарағанда жеңіл болып белгіленген. Кәмелетке толмағандарға қатаң қылмыстық шаралар /өлім жазасы, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазалары/ тағайындалмайды. Кәмелетке жасы толмағандардың статусының ерекшеліктеріне байланысты оларға белгілі бір лауазым атқару құқығынан айыру; мүлікті тәркілеу; бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу сияқты жазалар тағайындалмайды. Төменде Қылмыстық кодекстің 79-бабын келтіріп отырмын:
-
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері:
а/ айыппұл;
б/ белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в/ қоғамдық жұмыстарға тарту;
г/ түзеу жұмыстары;
д/ қамау;
е/ бас бостандығынан айыру болып табылады.
2. Айыппұл кәмелетке толмай сотталған адамның дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Айыппұл оннан бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе кәмелетке толмаған адамның жалақысының немесе өзге табысының екі аптадан алты айға дейінгі кезеңдегі мөлшерінде тағайындалады.
3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
4. Қоғамдық жұмыстарға тарту қырық сағаттан жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге тағайындалады, ол кәмелетке толмаған адамның қолынан келетін жұмысты орындауы болып табылады және ол оны оқудан немесе негізгі жұмысынан бос уақытында атқарады. Он алты жасқа толмаған адамдардың бұл жаза түрін орындауының ұзақтығы күнінен екі сағаттан, ал он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі адамдар үшін күнінен үш сағаттан аспауы керек.
5. Түзеу жұмыстары сот үкімін шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір жылға дейінгі мерзімге тағайындалады.
6.Қамау сот үкім шығарған кезде он алты жасқа жеткен кәмелетке толмай сотталған адамдарға бір айдан төрт айға дейінге мерзімге тағайындалады.
7.Кәмелетке толмай сотталған адамды бас бостандығынан айыру он жылдан, ал ауырлататын мән-жайларда кісі өлтіргені үшін – он екі жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін. Он төрт жастан он алты жасқа дейін кішігірім ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адамдарға бас бостандығынан айыру тағайындалмайды.
8. Кәмелетке толмай сотталған адамдар бас бостандығынан айыруды:
а/ бас бостандығынан айыруға бірінші рет сотталған еркек жынысты кәмелетке толмағандар, сондай-ақ әйел жынысты кәмелетке толмағандар – жалпы режимдегі тәрбиелеу колонияларында;
б/ бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген еркек жынысты кәмелетке толмағандар – күшейтілген режимдегі тәрбиелеу колонияларында өтейді.
9. Қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежсіне кінәлі адамның жеке басына және басқа да мән-жайларға қарай сот қабылдаған шешімнің себебін көрсете отырып, еркек жынысты кәмелетке толмай сотталған адамның бас бостандығынан айыруды жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтеуін тағайындауы мүмкін.
10.Сот жазаны орындаушы органға кәмелетке толмай сотталған адаммен қарым-қатынас кезінде оның жеке басының белгілі бір ерекшеліктерін ескеру туралы нұсқау беруі мүмкін.
Мұндай ерекшеліктерге жасы кәмелетке толмағанның психикалық өзгешелігі: денсаулығының нашарлығы, белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілігі, белгілі бір мамандыққа баулу қажеттіліктері жатады. Қылмыстық кодекстің 79-бабында жазаны өтеуден қасақана жалтарған ретте жазаның бұл түрін екіншісімен ауыстыру туралы арнайы көрсетпеген. Кәмелетке жасы толмағандарға мұндай ретте жазаны ауыстыру жалпы негізде Қылмыстық кодекстің 40,42,43-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамдарға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің 80-бабында көзделген. Кәмелетке толмаған адамға жаза тағайындау кезінде осы Кодекстің 52-бабында көзделген мән-жайлардан басқа, оның өмірі мен тәрбиесінің жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы ескеріледі.
Кәмелетке толмаған жас жеңілдететін мән-жай ретінде басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлармен жиынтықта ескеріледі. Кәмелетке толмаған адамға тағайындалған жаза әділ болуы керек. Әділ жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз.
Профессор Б.Ж.Ж‰нісовтыњ «Ќайта тєрбиелеу маќсатыныњ ќылмыстыќ ќ±ќыќ ќ±ралдарымен байланыстырудыњ тіпті ќажеті жоќ/28/.¤йткені, ќайта тєрбиелеу дегеніміз мєжб‰рлеу болып саналатын шектеулердіњ комплекс яѓни жиынтыѓы» деп т±жырымдауын, ќазаќстандыќ зањгер-ѓалым Д.С.Чукмаитовтыњ « жазаныњ маќсаттары тыѓыз бірлікте орналасады жєне єрбір наќты жаѓдайда жазаны ќолдану кезінде олар µз арасында тењгеріліп отырылуы керек» - деген пікірін ќолдаймын/29/.
Достарыңызбен бөлісу: |