Тарау. ҚР, Қхр және Ресейдің жаңа геосаясаты


Қазақстан-Ресей катынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері



бет2/5
Дата15.06.2016
өлшемі440 Kb.
#136531
1   2   3   4   5

1.2. Қазақстан-Ресей катынастарының негізгі кезеңдері және стратегиялық мүдделері
1991 жылы тамыз айынан басталған КСРО-ның ыдырау үрдісі оның орнына тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен аяқталғаны белгілі. Кеңестік Орта Азияда (Орталық Азия) бес мемлекет — Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан құрылды.

Бұл мемлекеттердің құрылуының тарихи алғы шарттарына келетін болсақ, олар өз бастауын б.з.д. бірінші мыңжылдықта, яғни Орталық Азиядағы Бактрия, Согдина, Парфия, Хорезм және т.б. ежелгі мемлекеттерден алады. Бұл жерлер сыртқы жаулардың, Александр Македонскийдің, парсылардың, арабтардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Ал ҮІ-ХПғ.ғ. Орталық Азия түркі қағанатының қол астына өтті. Одан кейінгі дәуірде түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қараханидтер және т.б. мемлекеттер құрьлып үстемдік құрды. ХІ-ХҮІғ.ғ. Орта Азия селжүктер мен қидандардың, монғол-татарлардың шапқыншылығына тап болды. XVІІІ ғасырда Орта Азияға Цин империясы ішкерлеп ісірген болатын. XV ғ. аяғында қазақ хандығы құрыдды. Бұл үрдістерге баға бере келіп, атақты этнограф, тарихшы, ғалым Л.Н.Гумилев былай деп атап өтеді: "...Бір мезгілде ойраттар батысқа қарай сүрапыл жортуылдар жасады. 1452 және 1455 жылдар арасында олардың әскерлері Моғолстан, Шағатай хандығының солтүстік жиегі арқылы көктей өтіп, Қыпшақ даласына сүғынды, күнгейге бүрылып, Сырдария аңғарымен Ташкентке дейін жетті де, еліне олжамен оралды. Осынау талқандаудан кейін Азия картасынан Ақ Орда жойылып, оның орнында қазақтардың тайпалық одақтары (жүздер) қалыптасты. Ойраттар сияқты, қазақтар Ордадан біраз бұрын 1425—1428 жылдары іргесін аулақ сала бастап, сол кездің өзінде-ақ хан билігін сұлтандар кеңесімен алмастырды. Ойраттар өз билеушілерін Қытайдың "тайгжи" (ханзада) сөзімен, ал қазақтар арабтың "сұлтан" деген сөзімен атайтын. Екі жағдайда да көшпенділерге тән этностық нормалар сақтала отырып, Шыңғыс ханға дейінгі әлеуметтік пайымдар қалпына келтірілді. Пассионарлық серпіннің төмендеуі ойраттар мен қазақтардың қоғамдық өміріне ықпал етті де, олар пассионарлық кешерінен асып төгілген кезде құрылған әлемдік империя тұсында, яғни XІІІ ғ. айырылып қалған идиллияға қайтып оралды. Енді келіп күш тек өзара қырқысулар мен жортуылдарға ғана жетті де, сыртқы жерлерді жаулап алу қаншалықты көз қызықтырса да, оған қуат жетпеді.

XV ғ. ойраттар, қазақтар, ноғайлар және Қара теңіз бойының татарлары осындай жағдайға келді. Бұл жағдайға тек өз тағдырын Осман империясымен байланыстырған қырымшақтар мен көшпенді дүниенің дұшпандары Темір ұрпақтарын 1507 жылы еңсерген өзбектер ғана оралған жоқ" /17/.

Қазақ хандығының дүниеге келуі Қазақстанның бүкіл аумағында бүрын өткен әлеуметтік-экономикалық және этносаяси үрдістердің заңды қорытындысы. Қазақ хандығының құрылуы Жәнібек пен Керей, ал 148 жылдан бастап Бұрындық ханның есімімен байланысты.

XV ғ. ортасында қазақ хандығының территориясы кеңи түсті. Моғолстан мемлекеті қазақ хандығының тегеуірінен және ішкі себептерге байланысты ыдырап, шамамен 1514 жылға қарай моғол билеушілері Шығыс Түркістанға ығыстырылып тасталды. ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ. қазақ хандығы геостратегиялық маңызы бар саяси күшке айнала бастады. Қазақ хандығы Орта Азиямен, Астрахан, Сібір хандықтарымен және Орыс мемлекетімен байланыс жасап отырды.

Академик М.Қ.Қозыбаевтың пікірінше "Ресей дипломаттары қазақ хандары мен сұлтандарының арасындағы бәсекені шебер пайдаланып, оларды Ресей бодандығын алуға үгіттеді. Қазақ жүздерін Ресей құрамына қосу бір мезгіддік процесс болған жоқ, ол жүз елу жылға созылды. Бұл процесс императрица Анна Иоановна Ресей бодандығына Кіші жүз ханы Әбілхайырды қабылдау туралы грамотаға қол қойған 1731 ж. басталды. Әбілхайыр хан болса, Ресейдің көмегімен барлық қазақ жерлері мен руларын бауырына басқысы келді. Орта жүз бен Ұлы жүз Ресейге көп кейін қосылса да Әбілхайыр патша үкіметіне өтініш жасағанда өзін барлық қазақтардың атынан сөйлегендей етіп көрсетті, ал мұның өзі оны мазасыз көршілерінің дұшпандық әрекеттерінен қорғайтын еді" /18/.

Қазақтардың Ресей құрамында болған кезеңін тарихи үрдістің бүкіл күрделілігі мен қарама-қайшылығын ескере отырып, бағалау керек дейді. Қазақстан Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Т.Мансүров:

"Ресейдегі гуманизм жақтастарымен қаупі, оның демократиялық мәдениетінің ықпалы қазақ қоғамының рухани дамуының факторына айналды. Қазақтардың Ресей құрамында болу процесі қаншалықты сан қырлы болғанымен, бұл процесс экономикадағы, әлеуметтік және мәдени дамудағы өзгерістерге жол ашты. Бірақ, сонымен қатар ол қоғамның мүліктік жіктелуін күшейтті, қазақтардың өз мемлекеттігінің дамуын кері кетірді. Іс жүзінде осы кезенде қазақтар өзінің мемлекеттік құрылымдары жойылғаннан кейін тек жергілікті өзін-өзі басқару пайымдарынан жиындар ғана сақталып, онда әрбір елу үйден бір сайлаушы, яғни ел басы сайланып отырды. Сайлауыштар болыс сайлауына кандидатты, халық биін сайлауға қатысты, ал оларды бекітетін губернатор болатын. Қазақтың халық билерінің қарауынан қылмыстық істер бөліп алынып, оларды қарау империялық сотқа берілді" /19/.

Қазақстанның Ресейге қосылуына қазақ қоғамының әр түрлі әлеуметтік және саяси күштері әр түрлі қарады. Мәселен, өмірдің патриархтық түрінің бұзылуы батырлар халықты соңынан ерте алатын хан билігі заманын аңсау сарындарын туғызды.

Қазақ даласына тауар-ақша қатынастарының енуі ғасырлар бойы әдет-ғұрыпқа қайшы келді. Патша үкіметінің қазақтарға жүргізген ашық саясаты да наразылық тудырды. Қазақстан Ресейге қосылғаннан кейін 50 жылдан соң Кіші жүзде Сырым Датов бастаған көтеріліс басталды. С.Датов бастаған көтерілістің сипаты патша үкіметімен ауыз жаласқан хандық билікті жайып, ел басқарудың жаңа құрылымын орнату болған.

Жалпы Қазақ даласын Ресей мен Қытай ең алдымен өздерін сырт жаудан қалқалайтын "Аралық аймақ" деп қараған. Кейін Ресейдің империялық пиғылы басым түсіп XVІІІ ғ. ортасынан ол отарлық саясатқа көшті.

Қазақстандық тарихшы мамандар қазақ жеріндегі орыс отаршылдық саясатын екі кезеңге бөліп қарастырады. Император Анна Иоановна тұсындағы бірінші кезеңде Кіші жүз бен Орта жүз бейбіт жолмен Ресейдің қол астына қарады. XІX ғ. 60-80 ж.ж. Ұлы жүз қазақтарын патша үкіметі білектің күші, найзаның ұшымен бағындырды. Қазақ жерін отарлау арқылы Ресей өзінің шығыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді Орта Азиямен, Үндістанмен сауда-саттықты нығайтуды ойлаған.

Патша үкіметінің отарлау саясатының негізгі мақсаты- қазақ даласын түпкілікті билеу еді. Осы саясатты жүзеге асыру үшін бірнеше реформалар жүргізіп, хандық билікті жойып, этникалық бірлігімізден, одан кейін ұлысымызды бөлшектеп, жеке-жеке губернияларға бөліп, жер тұтастығымыздан айырды. Бұл саясатта патша әкімшілігі қазақ даласын алғашқы кезде хандар, сұлтандар, старшындар арқылы басқарған. Одан кейін Қазақ Мемлекеттік ұйымы жойылды. 1867—1868 ж.ж. реформалар барысында Қазақстандағы әкімшілік басқаруда, жер мәселесінде, сот құруда және салық жүйесінде елеулі өзгерістер болды. Реформалар орыс әкімшілігінің билігін нығайтты. Қазақстан-Ресей қатынастарына баға бере келіп ел басы былай деп атап көрсетті: "...Орыс халқымен қатынастарды отарлау кезеңінің өлшемдеріне қарап құруға тиіс емеспіз. Тарихтың небір аумалы-төкпелі кезеңдеріне қарамастан, қазақтардың ол халықпен шынайы туысқандық, сенім қатынастары қалыптасқан болатын. Осы қатынастарда қазіргі заманның ақиқат, шындықтарын ескере отырып нығайту екі халықтың түбегейлі мүдделеріне сай келеді" /20/.

Екі мемлекеттің өзара қатынасының кеңестік кезеңінде нақты мемлекет аралық қатынасы болды деп атай алмаймыз. Дегенменде бұл кезеңнің оң жетістіктерін де теріске шығаруға болмайды.

Мәселен, 1920 жылғы 17 тамызда Ресей Кеңестік Республикалар Социалистік Федерациясының (РКРСФ) Халық Комиссарлар Кеңесі (ХКК) Қазақ Республикасы туралы декреттің жобасын қарап, мақұлдады. 1920 жылғы 21 тамызда Бүкіл ресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РКРСФ, ХКК-і М.И.Калинин мен К.И.Ленин қол қойған "Қырғыз-Қазақ Кеңестік Автономиялы Социалистік Республикасын (РКРСФ құрамыңда, астанасы Орынбор) құру туралы" Декретті қабылдады, 1921 жылдың жазында Қазақ КАСР-ның құрамына Семей жөне Ақмола губерниялары енді. Алайда қазақтар тұратын едәуір аймақ Түркістан КАСР-ның Сырдария облысы құрамында қала берді; ондағы халықтың оннан тоғызы қазақтар еді. Барлық қазақ жерлерінің қайта қосылуы 1924 ж. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік бөлектену нәтижесінде жүзеге асты. Сол кезде Қазақтар республика халқының 61,3% құрды /21/.

Тарихтан белгілі 1925 ж. Республика астанасы Орынбордан Ақмешітке көшіріліп, ол Қызылорда деп аталды да, астана 1929 ж.-ға дейін сонда болды. 1929 ж. Алматы Қазақ КАСР астанасына айналды.

1936 ж. Қазақ КАСР Қазақ КСРО деп қайта құрылды. Қазақстан халқы оны автономиялы республикадан Одақты республикаға айналдыру туралы орталықтың ұсынысын шаттана қарсы алды.

XX ғ. аяғы жаңа халықаралық және геосаяси ахуалды паш етті. КСРО ыдырағаннан кейін 15 жаңа мемлекеттің пайда болуы, олардың халықаралық қоғамдастықтың толық құқықты мүшелері ретінде көз түру үрдісі олардың арасындағы мемлекетаралық қатынастар үлгісін іздестіру — осы заманға тарихи-саясатнамалық, халықаралық құқықтық білім зерттейтін өзекті тақырыптардың бірі. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің толыққанды мемлекетаралық қатынастарының қалыптасуы кезеңдерін терең ой ілегінен өткізіп талдау, мүның ұстіне бұл үрдістің көз-алдымызда өтіп жатқанын ескерсек, аса маңызды ғылыми және қоғамдық-саяси міндетке айналады.

Жаңа тәуелсіз мемлекеттер — Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының тең құқықты әріптестік қатынастарының дүниеге келіп, дамуы қазақ-орыс өзара қатынастарының көп ғасырлық бүкіл барысының өзіндік бір синтезіне айналды /22/.

Екі жақты Қазақстан—Ресей 1991 жылдан бергі эволюциясын негізгі екі кезеңге бөліп қарауға болады, ол 1991 жылдың желтоқсанынан (КСРО-ның ыдырауын біржолата айқындап берген ТМД жариялануы) 1995 жылдың аяғына дейінгі кезең. Екінші кезең 1995—2001 жылдары Ресей Федерациясының Орталық Азия мен Қазақстан Республикасына "қайта оралу" кезеңі.

Т.Мансұровтың пікірінше, Қазақстан—Ресей қатынастары өрбуінің бірінші кезеңінде төмендегідей негізгі үш белесін бөліп көрсетуге болады:

— екі елдің мемлекетаралық қатынастарының құқықтық негіздерін айқындау (1991 жылғы желтоқсан — 1992 жылғы мамыр);

— мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастық үлгілерін іздестіру (1992 жылғы мамырдан 1994 жылғы наурыз);

— Қазақстан мен Ресейдің экономикалық және басқа салалардағы (1994 жылғы наурыз — 1995 жыл) бірігуінің кеңейіп тереңдеуі /23/.

Қазақстанның жаңа мемлекеттілігі туралы, оның басым мақсаттарды дұрыс айқындауда ел басының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген:

"Өзіміздің басым саясаттарымызды дұрыс айқындап, тиісті стратегияларымызға талдау жасап, осы жолмен жүру үстінде ерік-жігер мен төзімділік таныта отырып, біз өзімізді бұралаң-бұрылысты селделестерден, күш-қуатымызды, уақытымыз бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз... Қазақстан жаңа мемлекет ретінде көптеген империялардың: Оттомен, Австро-Венгрия, ал мүлде таяуда — Кеңес Одағының жан тәсілім еткенін көрген дәуірде дүниеге келді.

Біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз.

Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауда сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.

Егерде біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымызбен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды тандап алу мүмкіндігіміз де бар".

Қазақстан мен Ресейдің арасындағы 1991-1995 ж.ж. қарым-қатынастар осы принциптер негізінде өрбіді. Қазақстан-Ресей қатынастары ең алдымен 148 млн. ресейліктер және 17 млн. қазақстандықтар.

КСРО ыдырағаннан кейін кеңестік құндылықтар өзінің маңызын жоғалта бастады. Ресей өзінің ұлттық мүддесін анықтай алмады. Елдің саяси өміріндегі өзгерістер жаңа демократиялық институттарды қалыптастыруды талап етті. Ол өз тарапынан құқықтық мемлекетті құру, саяси коррупцияга тосқауыл қою, авториторизмге жол бермеу сияқты күрделі үрдістерді қажет етті.

Ресей сарапшьшарының пікірінше, Б.Ельцин тұсындағы РФ СІМ рөлінің төмендеуінің бірнеше себептері бар. Олардың ішінде атап айтатын болсақ: біріншіден, КСРО ыдырағаннан кейін СІМ жаңа жүйеге икемделе алмауы; екіншіден, сыртқы саясатта "үстемдік" үшін әр түрлі мекемелердің өзара бақталастығы: Ресейдің А.Козырев тұсындағы біржақты, АҚШ қатынастарды сыртқы саясаттың негізгі бағыты деп қарастырылып, барлық мәселелер Ресей-АҚШ қатынастарының тұрғысынан зерттелді, төртіншіден, Б.Н.Ельциннің жеке түлға ретіндегі, оның саяси стилінің әсері /24/.

Ресей Федерациясының сыртқы саясатының жаңа кезеңі үкімет басына В.В.Путиннің келуімен байланысты. 2000 жылдың 28 маусымында В.В.Путин "РФ сыртқы саясатының концепциясын" бекітті. Бұл концепцияда РФ-ның XXІ ғасырдағы жаңа басым бағыттары анықталды. Концепция бес бөлімнен тұрады. Онда жалпы ереже, РФ және қазіргі әлем, ғаламдық мәселелерді шешудегі РФ басым бағыттары, аймақтық басымдықтар және РФ-ның сыртқы саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру туралы баптар көрсетілген.

В.В.Путиннің келуімен Ресей сарапшылары РФ-ның сыртқы саясатында концептуалды негіздердің пайда болуы, жүйелілік пен байсалдылық және ұлттық мүдделер жүзеге асырылады деп күтуде. В.Путиннің сыртқы саясатын сараптайтын болсақ, бұл үміттердің орындалуын көруге болады.

В.В.Путиннің өзіндік сыртқы саясат жүргізетіндігі ол саясаттың Ельцинизм түбірінен бөлек болатындыгы алғашқы айлардан анық көрінді.

В.Путин өзінің сыртқы саясатын азиялық азимутты айқындаудан бастады. Қытай, Солтүстік Корея, Жапонияға және Индияға сапарлары соған айқын дәлел бола алады. Қысқа уақыттың ішінде.

В.Путин "Шанхай бестігі" мәселесінде, Ирак пен АТР саяси басымдылықтарды айқындап үлгерді. Оның Куба мен Канадаға сапарлары және ЕО "тікелей сөйлесуі" әлемдік деңгейде жаңа тұлғаның пайда болғандығын айқын көрсетті.

XXІ ғасырға аяқ басқан уақытта Путин Ресей төңірегінде қалыптасқан жағдайды қайта қарауға, Ресейдің халықаралық беделінің өсуіне көп еңбек сіңіріп үлгерді деп атай аламыз.

XXІ ғасыр әлемдік саясатта жаңа күрделі үрдістерді туғызғаны белгілі. Біздің ойымызша Ресей сыртқы саясаты өтпелі кезеңде тұр. Бүгінде халықаралық қатынастардың дамуы, ғаламдық үрдістер, американдық моноцентризм бағытының күшеюі тенденцияларымен анықталуда.

"Таймс" газетінің анықтамасы /25/ бойынша, Ресей XXІ ғасырда әлемдік экономикалық 0,6% мөлшерде өтеді деп көрсетті. Ресей бюджеті АҚІП-ң кейбір штаттарының мөлшерінен төмен. Ресейді 180 миллиард доллар қарызы бар, оның 70-кеңестік қарыз.

Ресейдің жаңа сыртқы саясаты, саяси концепциясы сондай-ақ, оның геосаяси және географиялық ерекшеліктерін ескеруді қажет етуде. Ресейдің 12 млн.шаршы км. бөлігі Азия құрылығында орналасқанын ұмытпаған жөн.

Ресей сияқты алпауыт мемлекетке сыртқы саяси көпжақтылық және әртектілік тән. Ресей бүгінде БҰҰ реформалауға, оның беделін көтеруге ат салыстыруда. Көптеген Ресей сарапшьшары БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің құрамын кеңейту деген пікірді айтуда.

XXІ гасырдағы Ресейдің сыртқы саясаты жаңа үрдістерді сараптай келе бүгінде оның ТМД бағыты ресми түрде басым бағыт болып отырғанын айтқымыз келеді. Ресей СІМ И.Иванов "сыртқы саяси негізгі бағыт ТМД" және "біз ТМД нығайтамыз" деп атап көрсетті.

Ресей мен Қазақстан Достастық мемлекеттерімен ынтымақтастықты дамыту мен тереңдету бағытын дәйекті ұстап келеді. "Бұл саясат бір екі деңгейде іске асырылады: біріншіден, екі жақты негізге сүйенген байланыстар дамыса, екіншіден, ТМД-ны оған кіретін елдердің экономикалық және басқа салалардағы ықпалдастығының дәрменсізділігін арттыру жөніндегі ауқымды міндеттерді шеше алатындай тегеурінді ұйымға айналдыру жолындағы белсенділік төмендемейді".

Ресей сыртқы саясатындағы жаңа үрдіс, оның халықаралық қауымдастықтағы орнын анықтайтын ұлттық мүдде болып отыр. 1995 жылы Е.М.Примаков СІМ болып тағайындалған кезден бастап, ол сыртқы саясаттағы басым бағыттарды анықтаудан бастады. "Кең көлемде Ресейдің мемлекеттік-ұлттық мүдделерін белсенді сыртқы саясат арқылы қорғау" болуы тиіс деп мәлімделген болатын. 1996-1998 ж.ж. Ресей сыртқы саясаты өзгерістерінің әлемдік қауымдастық үшін де маңызы болды. Себебі сыртқы саясатты болжау серіктесті қарым-қатынастарды нығайту мүмкіндік берді.

Ресей зерттеушілері А.Талкин және Ю.Красин: "Ұлттық мүдде — белгілі социо-мәдениетке тән ортақ мүдделерді анықтау, оны қорғау тарихи субъекті ретінде өз орнын табу деген сөз",- деп атап көрсетті.



1.3. Орта Азиядагы жана саяси конфигурация: Қазақстан-Ресей-Қытай қатынастары
XX ғасырдың 90 жылдарынан бастап Орта Азия халықаралық саяси экономикалық үрдістерге белсенді араласа бастады. Кеңестер Одағының бұрынғы республикалары Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан өз жолын тандап, халықаралық қатынастардың субъектісіне және әлемдік саясаттың объектісіне айналды. Геосаяси үрдістер тұрғысынан Орта Азиялық мемлекеттердің аймақтық дамуын шешім қабылдау механизмінің ерекшеліктерін, функцияларын зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Орта Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастыққа енуі өзіндік ерекшеліктермен сипатталды. Бұл мемлекеттерге қысқа уақыт мерзім ішінде нарықтық экономикаға бейімделіп, мемлекет аралық қатынастарды, аймақтық интеграция мәселелерін шешуге тура келді.

ТМД республикаларындағы жүзеге асырылып жатқан нарықтық экономикаға көшу жоспарлары туралы жапон профессоры Хироно өз пікірін былай деп білдірді. "Нарыққа қысқа мерзім ішінде көшуге болады деп санау да қате-бұрынғы Одақ республикалары үшін кемінде 10-15 жыл керек... Оған көшуді қиындықсыз және өз күшімен жүзеге асыруға болады деп санау қате — көшу кезінде орасан зор қиындықтар ұшырасады және оларды жеңуі үшін сырттан зор, жаппай көмек — азық-түлік, материалдық және инвестициялық көмек көрсетілуі қажет... Басқаруға келмейтін қоғам да нарыққа көшеді деп санау аңғалдық - оған көшу үшін саяси тұрақтылық қажет, жекеше сектордың мұрындық болуы және еңбек тәртібі, қоғам мен нарыққа беттеген жолдағы үйлесімділік, үкіметтің жекеше секторымен ынтымақтастығы керек.

Бірақ, бұрынғы Одақта табиғи ресурстар, ұлтжандылық, білікті жұмыс күші бар және айтарлықтай көп мерзімді нарыққа көшудің болуы ықтимал" .

Жаңа тәуелсіз мемлекеттерде экономикалық реформалаудың қиындықтары қоғам өмірінің саяси саласын түбегейлі өзгертуден де туындап жатты, ол саладағы үрдістер қарқынды, кей жағдайда мүлдем берекесіздік пен қаулы текетіреске дейін алып барды. Осыған байланысты, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бьшай деп атап көрсетті: "Адамдар өмірі мен қызметі жағдайларының ұдайы жақсарып отыруын қамтамасыз ететін жоғары дәрежеде дамыған экономика жасау үшін шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесіне көшу қажеттігіне қазір күмәнданатын адам аз". Бүкіл мәселе мынада: "Өндірістің көп құлдырауына және тұрмыс деңгейінің нақты төмендеуіңе қалай көшеміз? Экономикалық саясаттың осынау басты міндеті әзірге, біздің ойымызша, қанағаттанғысыз шешімде". Біз бастап кешіп отырған терең экономикалық дағдарыстың негізгі себептерінің бірі мынадай: "Нарыққа көшудің бұрынғы КСРО-да 70-жыл ішінде қалыптасқан халық шаруашылығы мен басқару әдістері жүйесін қайта құрудың әу басында елдің ерекшеліктері мен тарихи дәстүрлерін, сондай-ақ, оның экономикасын таяу болашақта өзгертудің стратегиясын ескеретін ғылыми негізделген тұжырымдамасы дайындалған жоқ "/26/.

Орта Азия республикаларының тәуелсіздік алуы мемлекет аралық қатынастардың дамуында да жаңа стратегиялық үрдістерді анықтауды талап етті. Сондай үрдістердің бірегейлі аймақтық ынтымақтастық пен интеграция болып отыр. Бұл үрдістер әлемдік дамудың да негізгі басты тенденцияларына айналуда. Бүгінгі күні әлемде алуан түрлі ғаламдық және аймақтық экономикалық, саяси, әскери құрылымдар бар.

Олардың қатарында (ЕС, НАФТА, МЕРКОСУР, ЭСКАТО, АСЕАН/АЗСТ, ЭПТ, ОЭСР, АТЭК, СНИ т.б.).

Орталық Азияда ортақ мәселелерді келісіп шешу үрдісі бар. Орталық Азия қазақ, қырғыз, тәжік, түркмен, өзбек т.б. халықтардың тарихи отаны. Мәселен, Ферғана өңірінде атам-заманнан бері қырғыздар мен өзбектер бірлесіп шаруашылық жүргізіп келгені белгілі. Орта Азиядағы ортақ су қойнауларын пайдалану бұл өңірде отырықшы өркениеттің пайда болуына әсерін тигізді. Аймақтық ортақтық-сол аймақта өмір сүретін ұлттардың мүдделерінің ортақтығының кепілділігі. Ал бұл кепілдік өзара достық қатынастардың дамуын, экономикалық байланыстардың дамуын қамтамасыз етеді. Тарихтан белгілі Орталық Азиядағы халықтар өзіне тән мәдениетті қалыптастырады. Ал Самарқант, Бұхара, Хива, Үргенші, Отырар, Тараз, Түркістан, Әулие-Ата және т.б. қалалар ертеден ірі сауда, мәдени, ғылыми орталықтар болған. Сондай-ақ, Орталық Азияның тиімді геосаяси жағдайы Шығыс пен Батыс өркениетінің өзара араласып дамуына мүмкіндік береді. "Халықтарымыздың өткенін оқып үйрену- қазіргі кезді, жақсырақ түсінуге, тіпті болашақ шымылдығын түре түсуте көмектеседі. Қазақ мемлекеттігінің қалыптасу тарихына жүгінгенде, оның ежелгі дәстүрлері бар екенін атап өту керек. Бір жарым мың жылдай бүрын түркілер өзінің бірінші ұлы мемлекетін — түрік қағанатын құрды. Еуразияның көптеген мемлекеттері, соның ішінде Қазақстан да оның мұрагерлеріне айналды. Орасан зор қашықтықтарға көшіп қана жүріп, Азияның көшпенділері тұтас континенттердің этностық және мемлекеттік бейнесін талай рет өзгертті. Көшпенді және жартылай көшпенді түркі тайпалары қазіргі көптеген халықтардың, ең алдымен түркі халықтарының қалыптасуын бастап берді. Олардың орналасу аймағы Якутиядан Жерорта теңізіне дейінгі орасан зор кеңістікті алып жатыр"/27/.

Орта Азия өзінің геосаяси орналасуы, ортақ шекара, көлік және коммуникация, жол байланыстары және табиғи ресурстары жағынан өнеркәсіптің дамуына, ортақ кәсіп орындар, агроөнеркәсіптің дамуына қолайлы. Орта Азия мемлекеттерінде тау кен өнеркәсібі түсті - қара металлургия, мұнай-газ өнеркәсібі, электр энергиясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған аймақ.

Дегенменде, ортақ ұқсастықтарға, ортақ тарихи, мәдени дәстүрге қарамастан жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасында елеулі айырмашылықтар бар. Саясаттанушы С.Пірімбетов бұндай айырмашылықтардың негізгілерін атап көрсете келіп Қазақстанға байланысты былай дейді: "Қазақстан территориясы жағынан басқа республикаларға қарағанда үлкен, бай шикізат көздері және өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы неғұрлым дамыған республика. Сонымен бірге Қазақстан халықтық этникалық құрамы жағынан әр келкілігімен ерекшеленеді.

Қырғызстан — географиялық жағдайына сәйкес салыстырмалы түрде кіші мемлекет, экономикалық бөлшектенумен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде аудандардың әлеуметтік айырмашьшығымен ерекшеленеді.

Тәжікстан — негізінен таулы мемлекет, оның 93% тау, 7% далалы аймақтар. Мемлекеттің негізгі өнеркәсіп орындары, ірі қалалар осы 7% жерде шоғырланған. Табиғаты бай өлке.

Түркіменстан - өзіндік даму жолын тандап отырған мемлекет. Мемлекеттік, саяси және экономикалық дамуда, Түркіменстан "бейтараптылық", "ашық есік" саясатын ұстанып отыр. Өзбекстан болса, этникалық біркелкі,- халық саны тығыз орналасқан ірі мемлекет. Негізгі өнеркісібі мақта өндіру. Мақта өндіруден дүние жүзінде екінші орында. Өзбекстанда бай табиғи газ, көмір, мұнай, гидроэнергетика ресурстары, алтын т.б. шикізат қорлары шоғырланған" /28/.

1993 жылдан бастап, Түркімендерде су, газ, электр энергиясын пайдалану тегін. 1995 жыдцан бастап тұзды тегін пайдаланады.

С.Пірімбетовтың пікірінше, Ортақ экономикалық кеңістікті құру үшін және Орта Азия мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын қамтамасыз ету үшін төмендегідей жағдайларды жүзеге асыру керек.

• Қаржы және еңбек ресурстарының кедергісіз айналымын қамтамасыз ету үшін құқықтық, экономикалық және ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру керек

• Көлік және коммуникация жүйесінде ортақ саясат жүргізу;

• Мемлекеттер арасында еркін сауда, еркін баға жүйесін еңгізу, тауар айналымына байланысты кедергілерді жою;

• Өнеркәсіп субъектілерінің арасында тікелей экономикалық байланыстарды орнату және өндірістік кооперацияны дамыту;

• Өзара инвестиция саясатында тең экономикалық байланыстарды қамтамасыз ету және ел экономикасына шет ел инвестициясын алу жүйесінде өзара тиімді келісімдерге келу;

• Жеңілдетілген кедендік тәртіп орнату, сондай-ақ, кедендік заңдарды реттеу және салық жинау саясатын төмендету;

• Манеторлық одақ қалыптастыру, ұлттық валюталардың еркін айналымын қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру .

Сонымен, Орталық Азиядагы (1991 жылдан кейінгі) экономикалық интеграцияның даму эволюциясын қарастыратын болсақ, бұл үрдістің дамуы біркелкі болмағаны белгілі. Орта Азиядағы экономикалық интеграция үрдісінде 1993ж. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы 1994—2000ж.ж. арналған экономикалық интеграцияны терендетуге арналған келісімді атап өтуге болады. Сондай-ақ, 1994ж. Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) үштік одаққа қол қойылды (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан): 1994 ж. Орта Азиялық ынтымақтастық пен даму банкі құрылды.

Әрине, Орта Азиядағы экономикалық, интеграциялық үрдістерді ТМД шеңберінде де қарастыру керек. Ынтымақтастық дамуын құқықтық негіздерсіз қарастыру мүмкін емес.

1997 жылғы мәліметтерге сәйкес ТМД шеңберіндегі өндірістік, әлеуметтік гуманитарлық салада, ұжымдық қауіпсіздік саласында 1300 астам келісімдерге қол қойылған .

ТМД үшін Достастықтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы Мемарандумның маңызы ерекше. Бұл мемарандумға 1995 жылы 10 ақпанда Алматыда 12 мемлекет басшылары қол қойды /29/.

Біздің ойымызша, Орталық Азиядағы аймақтық интеграция экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі бірден-бір дұрыс жол. Сонымен бірге экономикалық интеграцияны ТМД көлемінде де терендету қажет деп есептейміз. ТМД көлеміндегі және Орта Азиядағы аймақтық интеграцияның тарихи, географиялық, мәдени және ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып дамуына толық мүмкіндіктер бар.

Бүгінде аймақтық интеграцияның дамуының бірнеше кезеңдері анықталып отыр:

— ортақ нарықтың қалыптасуы және өндірістік кооперация;

— ұлттық заңдардың жақындасуы және ортақ экономикалық саясат жүргізу үшін жаңа құрылымдардың құрылуы;

— ортақ экономикалық және қаржы кеңістігін құру, соның нәтижесінде еркін тауар айналымын, еркін капитал жұмыс күші нарығын қалыптастыру. Достық және өзара тиімділік принциптері негізінде ортақ бюджеттік, салық, баға, кедендік және валюта саясатын жүргізу.

Жалпы Орта Азиядағы мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы бұл мемлекеттердің дағдарыстан шығып, біркелкі тұрақты даму жолында екендігін көрсетіп отыр.

ТМД шеңберіндегі және Орталық Азиядағы экономикалық және саяси интеграцияңың болашағы туралы сарапшылар әр түрлі пікірлер айтуда. Біздің ойымызша қазіргі қалыптасып отырған жағдайда ертеңгі күннің объективті қажеттілігін ескеретін үлгі ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясы болса керек.

ЕАО құру жобасының кіріспесінде былай делінген: "Дүниежүзілік практика көрсетіп отырғандай, өтпелі қоғамдар тек ұжымдасқан күш-жігер арқылы ғана ойдағыдай жаңғырту ісін жүзеге асыра алады. Сонымен бірге, біз кейбір ТМД елдерінің осы міндетті жеке-дара шешпекші болған-әрекеттері бұрынғысынша сәтсіз болып келе жатқанын көріп отырмыз. Жаңа жағдайдағы экономикалық интеграцияны іске асырганға дейін солай болып қала бермекші. Елдердің арасындағы нарықтық экономиканың дамуы, саяси процестердің демократизациянуы деңгейінің айырмашылықтарын ескере отырып, біз қосымша бірігу құрылымын ТМД қызметімен үйлесетін Еуразиялық Одақ қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл орайда бірігудің көпнұсқалығы, ТМД мемлекеттерінің дамуы қарқынының әрқилылығы, әрекеттілігі мен әр векторлығы еске алынады. Бұл ТМД-да жаңа экономикалық тәртіп қалыптастырудың өте-мөте қажеттілігі туралы айтуға негіз болады. Әлеуметтік экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің бәріндегі дерлік көпұлтты халықтардың көз алдыңда өтіп жатыр. Осының салдарынан этностық қатынастар ширығып, ол мемлкеттердің өз ішіндегі шиеленіске ғана емес, кейде тіпті мемлекетаралық жанжалдарға соқтырып жүр.

Мұндай жағдай ТМД институтының беделін түсіреді. Демек бірлескен күш-жігер арқылы әртүрлі жанжалдарды тежеу.

...Экономикалық бірігу мәселелерін шешу жеткілікті мөлшердегі құзыреті бар саяси институттар құруға мәжбүр етеді. Олар мемлекеттердің экономикалық, саяси, құқықтық, экологиялық, мәдени, ғылыми салалардағы қарым-қатынасын реттеу міндетін атқару тиісті" .

Сонымен, ЕАО құру жоспары кеңестік кеңістіктегі өмір сүретін халықтардың тілегіне сай деп есептеуге болады.

Өзімізге белгілі ЕАО туралы идеяны Н.Ә.Назарбаев алғаш рет Ресей Федерациясына ресми сапар барысында, 1994 жылы 29 наурызда М.В.Ломоносов атындағы ММУ оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесу кезінде, Мәскеу Ресей астанасының әскери топтары мен шығармашылық интеллегенциясының өкілдерімен кездесу кезінде, сондай-ақ жетекші ресей газеттерінің бас редакторларымен және телекомпанияларының басшыларымен болған "дөңгелек стол" басындағы мәжілісте айтты.

Бүгінде бұл идея саясаткерлер мен ғалымдардың арасында ғана емес, Қазақстанның, Ресейдің және ТМД басқа да елдерінің халық жұртшылығының ортасында кеңінен мәлім болуда.

Еуразиялық одақ құрудың негізгі- қағидаларына келетін болсақ, ол мынадай басты үш қағидаға сүйенеді:

— экономиканы, қорғаныс ісін және сыртқы саясатты басқа руды үйлестірудің ұлттық деңгейден жоғары ортақ органдарды құру;

— біртұтас экономикальіқ кеңістік;

— ортақ қорғаныс кешені;

Бүгінгі ЕАО идеясының кейбір қағидалары алайда ТМД және Орталық Азиядағы соңғы жылдардағы саяси, геосаяси өзгерістерге байланысты бұл идеяның жүзеге асуына объективті және субъективті кедергілер бар.

Қазақстан және Қытай Халық Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық, шекаралас мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының ең негізгі бағыты болып табылады. Әскери ынтымақтастық аймақтағы немесе әлемдегі халықаралық қауіпсіздікті күшейте алады, әскери қақтығысқа әкелетін түрлі факторларға жол ашады. Сондықтан, мемлекеттер осы салаға көп көңіл бөледі. "Әр бір мемлекет өз қауіпсіздігін күшейтуге көп көңіл бөледі, оның мақсаты басқа тәуелсіз мемлекеттердің арасында өз дербестігін сақтап қалу" .

Соның ішінде, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери ынтымақтастық туралы айтқан кезде "Әскери сипаттағы іс-әрекет сенімсіздігін жоюға бағытталған біріккен қызметін айтылуы тиіс".

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығында, сонымен қатар, бір мәселе жатыр. Ол Қытай мемлекетінің ядролық мәртебесіне ие болуы, ал Қазақстанның ядросыз мемлекет болып табылуы. Бірақ, Қазақстан ТМД мемлекеттерінің Ұжымдық Қауіпсіздік келісім-шартына мүше болып табылады, ол бастама мүше мемлекетке қауіп төнсе, барлық мемлекет - мүшелеріне қауіп деп есептейді.

1992ж. "Ядролық қару-жарақты таратпау келісім-шартына" қол қойғаннан кейін, Қазақстан барлық ядролық мемлекеттерінен ұлттық қауіпсіздігіне кепілдік алды. Бұл келісім- шарттық Ратификацияны және басқа өзара келісім-шарттарға қол қоюға (СНВ-1 келісім-шарты және, Лиссабон хаттамасы) Қазақстанның үш мәселеге байланысты келісім жасағаннан кейін өтті-ядролық мемлекеттердің шабуыл жасамау кепілдіктері, ядролық бөлшектердегі байытылған уранның қайтарылуы және батыс мемлекеттерімен экономикалық интеграциясымен қатар еңген инвестицияларың тарту /30/.

1995 жылы Қытай Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуына байланысты Республика тәуелсіздігіне, саяси дербестігі мен территориялық тұтастығына қауіпсіздік кепілдігін береді.

Қазақстан - Қытай қатынастарыңдағы ҚХР төрағасы Цзян-Цзэминнің 1996 жылы 4-6 шілдедегі Алматыға тұңғыш ресми сапарында Қытай Қазақстанның ЯҚТК ( ДНЯО ) қосылуын қолдады. Ал 1993 жылы Н. Назарбаевтың Пекинге сапарында Қытай позициясын былай жариялаған болатын: "ҚХР ядросы мемлекеттерге қатысты" күш көрсету қауіпін қолданбайды.

Қытайдағы ядролық қару теқ өзін-өзі қорғауға бағытталған.

Қытай мақсаты - ядролық қаруға жаппай тиым салу немесе жою .

Осыған қарағанда Қазақстан мен Қытай позициялары ядролық қаруға байланысты сәйкес келіп отыр.

Пекиндегі Цзян Цзэмин мен Назарбаевтың келіссөздерінде былай айтылған болатын:" Жыл сайын АҚШ-та әскери салаға 350 миллиард доллар, Жапонияда-30 миллиард доллар, ал Қытайда 7 миллиард доллар жаратылады" .

Қазақстанға қауіпсіздік кепілдігін беру туралы, Қазақстандық ғалым Ж.Ш.Аманжоловтың көзқарасымен де келіспеуге болмайды. Оның ойы бойынша,"қауіпсіздікке берілген міндеттемелер заңды емес, тек қол қойған мемлекеттерге жүктейді"/31/. Осыған қарағанда, Қытаймен қатынастарды Қазақстан екі жақты немесе көпжақты сипаттағы халықаралық келісім- шартқа қол қою керек. Бұндай келісім - шарт Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде болуы мүмкін.

Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытайдың әскери ынтымақтастығы әскери салада сенімді күшейту қағидасына сүйенеді. Әскери салада сенімді тек қана ұжымдық формада ғана емес, екі жақты түрде де нығайтуда.

Жемісті әскери ынтымақтастықтың негізі ҚР мен ҚХР арасындағы достық қатынастар туралы Біріккен Декларациясында (1993ж. 18 қазан) салынды. Бұл құжатта алғаш рет әскери ынтымақтастықты дамыту, екі елдің әскери ведомстволары арасында байланыстарды нығайту, әскери салада сенім мен ынтымақтастықты күшейту мақсатында алмасу өткізу айтылды. Декларацияда тараптар барлық дауларды бейбіт түрде шешуге келісті. Тараптар бір-біріне қарсы бағытталған қандай да бір әскери-саяси одаққа қатысудан бас тартады /32/.

Қазақстан мен Қытай арасында әскери салада ынтымақтастықты дамытудағы тағы бір мәселе бар. Ынтымақтастықтың тағы бір құқықтық негізі - ҚР-ның Қорғаныс Министрлігі мен ҚХР-ның Қорганыс Министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум болып табылады (Пекин. 1995 ж. 11қыркүйек). Осы құжат негізінде (1996 жылы 5 шілде күні) Қазақстан мен Қытай арасында "Әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге" қол қойылды. Келісім бойынша, тараптар өздерінің зандарына сәйкес және халықаралық құқық қағидаларына сәйкес, тәуелдік пен екі жақты пайда негізінде әскери- техникалық ынтымақтастықтың дамуына ат салысу және қорғаныс өнеркәсібінің қаруланған өндірістері арасында экономиканың және ғылыми-техниканың ынтымақтастығын дамытуға келісті .

Әскери ынтымақтастық бағыттары: әскери техника, қарулану (әдейі мүлік) өндірістерін, жаяу әскердің саймандары мен бөлшектерін, өскери-теңіз, әскери-ауа, ауа қорғаныс пен радиотехника әскерлерінің бөлшек пен саймандарын қою; біріккен ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстар өткізу және тәжірибелі түрде арнайы мүлікті бірігіп өндіру; әскери-техникалық салада мамандар мен қорғаныс-ғылыми зерттеумен айналысатын мамандармен алмасу; ғылыми-техникалық ақпарат пен құжаттамамен алмасу; арнайы мүлікке ремонт жасау; модернизациялау және т.б.

Ынтымақтастық барысында туындайтын барлық сұрақтар ұйыммен өкілеттелген тараптармен (Қазақстандық тарапынан - ҚР экономика министрлігі, ҚР өнеркәсіп және сауда министрлігі жанындағы қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитеті; Қытай тарапынан - ҚХАӘ (НОАК) бас штабы мен Қорғаныс ғылыми-техника және ҚХР қорғаныс өнеркәсібі бойынша комитет) келіссөздер арқылы шешіледі. Ынтымақтастық барысында пайда болған нәтижелер, мәліметтер мен ақпараттар үшінші жаққа тараптардың келісімісіз берілмейді.

Қытаймен қатынастарды қауіпсіздікке байланысты жағымды деп бағалауға болады. Бұл ҚХР әскери қуатының өсуіне байланысты гипотезалық қауіптерге қарамастан. Бұны Қазақстан мен Қытайдың әскери доктриналарының тек қорғаныс сипатта болатындығымен дәлелдеуге болады.

Мемлекеттің шекараларының қауіпсіздігі - мемлекеттің қауіпсіздігі екені бәріне мәлім. Қазіргі кезде, Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара мәселесі жеке тақырып. Қазақстан мен Қытайда шекараға байланысты халықаралық құқықтық қағидалар ұстануда.

Қазақстан-Қытай шекарасы бұрынғы кеңес-қытай, немесе Ресей империясынан Кеңес одағына өткен шекара бөлігі болып табылады. Осы территорияда 15 г. қазақтар қазақ хандығын құрады /33/.

1862 жылы Жәуешекте Пекин келісім шартына сәйкес батыс шекараны демаркациялау туралы келіссөздер болды. Ал, 1881 жылы 12 ақпанда Санкт-Петербург келісімі Зайсан мен Қара Ертіс өзендері бойындағы шекара сызығын түзетуін қарастырды. Сөйтіп, 1882-1884 жж. аралығында шекара демаркациясы өтті.

1915 жылы 30 мамырда "Хаттамасында" Харгос өзенін - Қазақстандағы Іле өзенінің бойы Ресей мен Қытай арасындағы аяқталған шекара ретінде белгіледі. Әрі қарай Қазақстан мен Қытай арасындағы 1700 км, Шекара басқа да келісім шарттармен белгіленді. 1993 жылы Декларацияда былай делінген: "Тараптар бұрын болған шекараға байланысты кеңес-қытай келісімдерімен келіседі және шешілмеген мәселелерді халықаралық құқық нормалары, тең кеңестер өзара түсінушілік арқылы шешеді" /34/.

1994 жылы 26 сәуірде ҚХР мемлекеттік кеңес төрағасы Ли Пэннің Алматыға сапарында "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы туралы келісімге" қол қойды. Келісім 1995 жылы 11 қыркүйекте күшіне енді /35/.

1999 жылы 5 мамырда Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Қытай Халық Республикасы арасында, сонымен қатар, Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекара туралы келісімдерге қол қойды.

Сөйтіп, қазіргі уақытта, Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси-экономикалық дамуына ешқандай бөгет жоқ деп айтылады. Шекара мәселесі екі жақты қатынастардың күн тәртібінен толықтай алынып тасталды. Бұл Қазақстан мен Қытай үшін тарихи оқиға болып табылады.

Шекара мәселесінің ішіне трансшекаралық өзендер мәселесі де кіреді. Бұл мәселе саяси, экономикалық, гуманитарлық және табиғи аспектілердің жиынтығы болып табылады. Менің ойымша, мәселе сауда экономикалық ынтымақтастық саласында қарастырылуы керек. Себебі, мұнда, трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірігіп, немесе рационадды қолдану мәселесі жатыр.

Өзінің дамуында "Шанхай бестігі" алғашында шекаралық мәселелерді шешуге бағытталған, кейіннен көпжақты ынтымақтастықтың аймақтық ұйымына айналды. Ұйымның даму перспективалары туралы алты жылдық ынтымақтастықтың дамуына қарап айтуға болады /36/.

ҚР, РФ, ҚХР, Қырғызстан Республикаеы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттерінің екі негізгі құжатқа "Шекара бойында әскери салада сенім қадамдарын нығайту туралы келісімге" Шанхайда (Шанхай келісімі) 1996 жылы 26 сәуірде қол қоюға ұсыныстан басталды және "Шекара бойындағы қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге", 1997 ж. 24 сәуірде Мәскеуде (Мәскеу келісімі) қол қойылды. Келісімге байланысты Біріккен Бақылаушы Топ құрылады және осы топ келісімнің сәтті жүзеге асырылуын жүргізеді. Бес мемлекеттің келесі сатысы 1998ж. 3 шілдеде өтті. Кездесу барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықтарды дамыту қажеттілігі туралы айтылды. Сөйтіп, ұйым біріккен қызметі тек қана шекара мәселесін шешуді қарастырған жоқ. 1999 ж.24-25 тамызда Бишкекте мемлекеттер басшыларының төртінші кездесуі өтеді. Онда Бишкек Декларациясы мен Қазақстан, Қытай және Қырғызстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісуі туралы келісімге қол қойды /37/.

Бес мемлекеттің бірігуінің дамуындағы тағы бір қадам сол жылдың желтоқсанында Бишкекте "Шанхай бестігінің" қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында ынтымақтастық салаларына мынадай өзекті мәселелер енгізілді: халықаралық терроризммен, діни экстремизм және ұлттық сепаратизм, қару жарақтың заңсыз айналымы, заңсыз миграциямен бірігіп күресу. Мемлекет қатысушылардың құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет органдары арасында ынтымақтастық пен өзара әрекет ету туралы Бишкек меморандумына қол қойылды және оның негізінде "Бишкек тобы" құрылды /38/. "Шанхай бестігі" шеңберіндегі кездесулер эксперттер кездесулерімен аяқталған жоқ.

2000 жыл ішінде-ақ қорғаныс министрлері мен сыртқы істер министрлері деңгейіндегі кездесулер болып өтті. Бүндай кездесулер нәтижесінде, ынтымақтастық дамып, келісімдердің жүзеге асырылуына бақылау жасалып "Шанхай бестігінің" тиімді қызмет ету механизмі қарастырылды.

2000 жыл 5 шілде "Шанхай бестігінің" бесінші сатысы Душанбе қаласында өтеді. Қол қойылған Душанбе декларациясында "Шанхай бестігін" көпжақты ынтымақтастықты түрлі салаларда дамытып, аймақтың ұйымына айналдыру тараптардың мақсаты ретінде белгіленеді. Бұл тек қана қызмет ету ортасының кеңеюімен ғана емес, өткен келісімдердің шеңберінде тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін қажет болды. Сонымен қатар, кездесуге Өзбекістан бақылаушы ретінде қатысады .

Душанбе саммитінде халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күресу саласында ынтымақтастықты нығайтуға нақты қадамдар ұсынылды. Қырғызстан Бишкекте Антитеррористік орталық құруды ұсынған болатын. Бұл орталық антитеррористік операцияларды жүргізу және жоспарлау үшін әскери штаб болу керек болатын. Ресей Тәжікстанда 201- ші дивизия негізінде Әскери база құруды үсынды. Барлық инициативалар саммитте ресми қолдау тапты.

Душанбе декларациясынан басқа Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан мемлекеттері арасында мемлекеттік шекаралардың түйісу нүктелері туралы үш жақты келісімге қол қойылды. Келісімге қол қоюмен бірге бес қатысушы- мемлекет арасындағы шекараны занды белгілеу үрдісі аяқталды .

2001 жыл барысында "Шанхай бестігі" шеңберінде әскери штаб басшылары мен үлттық координаторының кездесулері болып өтті. Ресей мен Қытай БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің түрақты мүшелері болып табылады. Осы жағдай да қауіпсіздікке әсер етеді.

Көпжақты ынтымақтастықты дамыту ШЫҰ мүшелеріне әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етеді. Соңғы өткен кездесуде Қазақстан тарабы ұсынған 2001-2010 жж.. белгіленген мемлекет - қатысушылар арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың Жоспарының жобасы талқыланды.

"ШЫҰ- әскери-саяси блок болып табылмайды",-деп жариялады Қытай. Осыған байланысты Қытай себептері мынандай: Қытай үкіметі қандай-да бір әскери - саяси институционарланған блоктарға қатыспайды деген сыртқы саяси бағыт ұстануда. Душанбе саммитінде Цзян Цзэминь былай айтқан болатын:"Шанхай бестігі"- одақтастық емес, және конфронтациялық та емес қатынастарға сүйенеді /39/.

Сөйтіп, шанхай бірлестігі өзінің 5 жылдық даму эволюциясында тиімділігін көрсете білді. Шанхай және Мәскеу келісімдерінің шеңберінде ынтымақтастықты дамыту механизмі қабылданды. Ынтымақтастықтың салаларына экономикалық серіктестік, экстремизм, терроризм, нашақорлық және қару-жарақты бүқпа сатумен бірігіп күресу мәселелері еңгізіледі. Қатысушылардың мүдделерінің үқсастығы - қауымдастықтың болашақ перспективасы болып табыладьі.

ШЫҰ перспективасы туралы ұйымға басқа мемлекеттердің қатысу еріктерінен көруге болады. Мысалы, Пәкістан, Иран және Монғолия сияқты мемлекеттер мүшелікке байланысты Ұйымға өтініш берген болатын. Қазақстан үшін, бұл Ұйымның мүшесі болуы халықаралық қатынастарда позицияларын күшейту және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанның ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетуі және күшейтуі орта мерзімді перспективадағы мақсаттардың бірі болып табылады.



Қорытындылай келе, Қазақстан мен Қытай арасындағы әскери саяси ынтымақтастық екі мемлекет қатынастарындағы жаңа да өзекті сала болып табылатынын айтып кету керек. Он жыл ішінде бұл қатынастар достық, өзара түсіністік, тату тәтті көршілік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты құрметтеу негізінде жүзеге асты деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет