Сабақ тақырыбы: «ҚҰҚЫҚТЫҚ мемлекет және азаматтық ҚОҒАМ»



Дата14.09.2023
өлшемі2.66 Mb.
#477578
түріСабақ

9 СЫНЫП ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: «ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ»

Білу мен түсіну: Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтайды;

  • Мақсаты:
  • 9.1.2.1 ­ құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау
  • БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:
  • Білу мен түсіну: Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтайды;
  • Қолдану: азаматтық қоғам мен құққ\ытық мемлекет арасында сабақтастықты орнатады;
  • Сыни ойлау және зерттеу:
  • ҚР құқықтық мемлекет ретінде бағалайды;
  • Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.

Азаматтың құкықтың қағидаларына: •тараптардың теңдігі; • шарт еркіндігі және таңдау құкығы; • еркіндік; • меншікке қол сұкпаушылык; • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; • азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; • бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету; • азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады. Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.

  • Азаматтың құкықтың қағидаларына: •тараптардың теңдігі; • шарт еркіндігі және таңдау құкығы; • еркіндік; • меншікке қол сұкпаушылык; • біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы; • азаматтык құкықтардың еш кедергісіз жүзеге асырылуы; • бұзылған құқыктарды калпына келтіруді қамтамасыз ету; • азаматтық-құқықтык қатынасқа катысушылардың құқықтарын сот арқылы корғау жатады. Аталған қағидаларды азаматтық құқыктың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге ие.
  • Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне мыналар жатады: • Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын калыптастыру үшін жеке меншікке байланысты катынастарды, оның ішінде мүліктік катынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі катынастарды реттеу негізінде енгізілген
  • Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері
  • Субъектілері
  • Объектілері
  • Мазмұны
  • Қайнар көздері
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады
  • Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне:
  • жеке және заңды тұлгалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.  
  • Азаматтың кұқықтық қабілеттілігі
  • Бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
  • Заңды тұлга
  • Меншік,шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке қүқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
  • Заңды тұлға түрлері:
  • Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды түлға бола алады.
  • Мәмілелер
  • азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
  • Сенімхат
  • бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.
  • Азаматтық қоғам — мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік — экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Оған қатынасушылардың табиғи және азаматтык құқықтарын, бостандығы мен міндетін автономиялық даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліс болмайды, уақыты шектелмейді, өлкеге-аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық жерін, барлық халқын біріктіреді. Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.

1. Құқықтық мемлекеттің белгілері қандай?

  • ҮЙГЕ ТАПСЫРМА:
  • ЗЕРТТЕУ МЕН ТАЛДАУ
  • 1. Құқықтық мемлекеттің белгілері қандай?
  • 2. Құқықтық мемлекеттің идеясының мақсаттарын атаныз ?
  • 3. Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаттары қандай?
  • Екі түрлі күнделік
  • Айырмашылығы
  • Айырмашылығы
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет