Украин селолық округінің әкімі М. Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы есебі Құрметті тұрғындар! Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы



Дата23.02.2016
өлшемі66.73 Kb.
#8200
Украин селолық округінің әкімі М.Г. Карпушанның тұрғындар алдындағы

есебі
Құрметті тұрғындар!
Қазақстан Республикасының ел басы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2005 жылғы 6 наурызында «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарғысын іске асыру мақсатында, міне ауданда бесінші рет барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері өткізіледі. Әкімдердің жыл сайынғы есептерін өткізу жақсы үрдіске айналды, сондықтан да әкімдердің тұрғындар алдындағы есебі тұрғындардың шынайы мәселелерін шешудің нағыз әсердегі механизмі, үкіметтің беделін көтеру болды.

2009 жылы 6 наурызында Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Дағдарыстан жанару мен дамуға» арналған үндеуін жолдады.

Атауына байланысты нақты көніл аудырылған сұрақтардың бағыты әлемдік дағдарыстың алдын алу шараларын жасауға және алдағы уақытта ашық нысана мен есеп беру – жолдамада әлемдік дағдарысқа, мемлекетіміздің ары қарай дамуына, ел дамуының жаңа кезеңінің үлкен көніл бөлінеді.

Дағдарысты жеңу, экономикалық жағдайды бір қалыпты болуы – барлық орындаушы мекемелерінің міндеті. Ел басының қойған ескертулері мен ұсыныстарың, үндеуллерің өткен жылғы аудандық және селолық округ әкімдерінің кездесу және есеп беру жиналысындағы докладында көніл бөлінген.


Округте 8 елді мекен бар: Кирилловка, Каменный Брод, Кутузовка, Сарысай, Карловка, Петропавловка, Бұрлық, Сарытубек. Округ бойынша халыктар саны 2907 адам. Біздің округтің селоларында әр түрлі ұлт халыктары тұрады.
Ауыл шаруашылығы

Округтің экономикасында басты сектор агроөнеркәсіптік кешен болып табылады. Округте 2 жауапкершілігі шектеулі серікестік жұмыс істейді, 16 шаруа қожалығы, Казанка сұрыптық сынау учаскесі жұмыс істейді.

Егіс алаңдары: «Кирилловка Айыртау» ЖШС - 12410 га;

«Кутузовское Алиби» - 211000 га;

Шаруа қожалықтары – 4644 га

2009 жылы округ бойынша орташа астық өнімдері гектарына 15 центнерді құрады. 2009 жыл бойы шаруашылықтарда жыртылған жерлер өңделді және 12000 га жер жыртылды.

Агро іс-шаралардың барлық цикладарының сапалы орындалуы техникалық жарақтандырумен байланысты болады. «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Кутузовское Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ағымдағы жылы егің жинау уақытында жұмыс істейтін астық кешенін, 2 астық кептірргішін сатып алды. Барлығы 232 млн.тенге соммасына жаңа техника сатып алынды.

Ауылшаруашылық техникаларын жөндеу екі МТМ жүзеге асыралады, онда сапалы жөндеу үшін қажетті цехтар бар, сондай-ақ ауылшаруашалық техникаларына жылы тұрақ және автожуу бар. 2008 жылы «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «Кутузовское Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде техникаларды сақтау үшін тұрақ салынып, орнатылды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және шаруа қожалықтары болашақтағы астық өнімдері үшін бидай және арпаның сапалы тұқымды материалдары сақталған. «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жемістерді өсіру үшін теплица орнатылған және жұмыс істейді. Онда өткен жылы 1,5 тонна жеміс-жидек село тұрғындарымен өсіріліп, іске асырылды.

Ауыл шаруашалық кәсіпорындарының жұмысшыларына еңбек ақысы уақытында төленеді және оның орташа көлемі – 29000 теңгелі құрайды.

Округте мал шаруашылығы жеке секторда болып табылады.

Жеке ауласында ірі қара мал бастарының саны 3067 бас, олардың ішінде сиыр -1305, жылқы – 1293 бас, қой және ешкі – 3490, шошқа – 2675, құстар – 9255 бас. Кирилловка және Каменный брод селоларында сиырларды жасаңды тұқымдандырудың екі пункті бар. Біздің округтің екі тұрғыны мал шаруашалығын дамытуға 460 000 теңге соммасында несие алды.

Малдардың қыстауы үшін тұрғындармен қысқа жем-шөп жеткілікті түрде дайынндалды.

Бұған . «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшсы М.Т.Жаналинов, «Кутузовское Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы В.Я.Казаркин, «Баян» шаруа қожалығының басшысы М.А.Байгарин көмектесті.Инвесторлар фирмасының басшылары Ұлы Отан соғысында қатысушыларға және тыл еңбеккерлеріне үлкен көніл бөліп отырады. Күзгі кезендерде 2 соғыс ардагеріне және 6 оларға тең тұлғаларға 2 тоннадан шөп тегін берілді.



Кәсіпкерлігі
Округте 10 дүкен жұмыс істейді, олар тұрғындарды толығымен азық-түлік тағамдарының қажетті түрлерімен және шаруашылық тауарларымен қамтамасыз етеді.

«Гладкий» жеке кәсіпкерінің күніне 1,5 тонна ұн өндірісімен диірмені жұмыс істейді.

Ет сатып алу бойынша 2 пункт және сүт сатып алу бойынша бір пункт бар. 2009 жылы тұрғындардан сүт екі миллионнан ааса теңгеге сатып алынды және төрт миллионға ет сатып алынды.

«Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шаштараз, киім тігу бойынша цех, монша бар.

2 наубайхана біздің селоларымыздың тұрғындарын бөлкесі 30 теңге тұратын жақсы нанмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырады.
Білімі, денсаулықтамау және мәдениет

Округте 2 орта мектеп, 3 негізгі, 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді, 2 миницентр ашылды.

Оқу уақытында балаларды Сарысай селосынан Каменный Брод селосына шаруашалық есебінен тасымалдау ұйымдас ырылған. Жазғы кезеңдерінде барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектептерге демеушілік көмекті «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Кутузовское Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетіп отырады. 2009 жылы олармен бұл мақсатқа 522 мың теңге бөлінді.

2008 жылдан бастап Кирилловка селосында 240 мест орынға мектеп құрылысы басталды.


Селолық дәрігерлік амбулаториясымен, 7 медициналық пунктімен, 2 дәріханымен көрсетіледі.Медициналық кадрлармен толығымен қамтамасыз етілген. Дәрігермен тұрғындарды қарау кестеге сәйкес жүргізіледі.

Округте мәдени мекемелер 3 кітапхана мен, 2 клубпен, демалыс орталығымен ұсынылады. Каменный Брод селосында демалыс орталағымен ұсыналады. «Кирилловка Айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Кирилловка селосында 2009 жылы демалым орталығы ашылды. Округт е селолардың әлеуметтік-мәдени өміріне үлкен көніл бөлінеді. Жақсы ұйымдастыру деңгейінде «Жаңа жыл», әНаурыз Мейрамы», «8 наурыз», «Женіс күні», «Карттар күні» мерекелері өткізіледі. Ардагерлерді және селоның еңбегі сіңген азаматтарын еске алып, құттықтап отыру үрдіске айналды, оларға бағалы сыйлықтар ұсынылады және қайырымдалық ас беріліп отырады. Жаңа жылда 9-сыныпқа дейінгі балаларға сыйлықтар табыс етіледі.

Дене шанықтыру және спортсмен айналысу үшін округте 3 алаң бар, 2 жаңа хоккей алаңдары іске қосылды. Каменный Брод селосында шілде айында аудандық жаз «Ақбидай» мейрамы өтті, Украин селолық округ комагдасы бірінші орын алды. Селолых округ шахматшылары В.А.Макаренко басшылығымен ауданда және облыста сийлықты орындарын алды.
Сүмен жабдықтыру
Округтің селоларында (Кирилловка, Каменный Брод, петропавловка) 3 су жүргізу құбыры бар, Сарытүбек селосында жергілікті сүмен жабдықтыру пункті, Карловка, Кутузовка, Бұрлық селоларында 3 су құбыры бар. Сарысай селосында шахталық құдық бар және су тасумен қамтамасыз етілген. Суы санитарлық нормаға сәйкес келеді.
Көріктендіру

Көріктендіру жасылдандыру және округтің елді мекендерін санитарлық тазарту бойынша көптеген жұмыстар жүргізіледі. Көмтемге және жазғы уақыттарда тұрмыстық қоқыстарды тазарту жүргізіледі. «Кирилловка айыртау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және жауапкершілігі шектеулі серіктестігі техника бөліп отырады. Жеке аулаларын көріктендіру үшін өткен жылы 6 мың дана көлеміңде шарбақтар сатып алынды. Жас көшеттерден 300 түп: қайың және қарағай отырғызылды.

2009 жылы «Кирилловка Айыртау» және «Кутузовское Алиби» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25 км ішкі шаруашылық жолдарына жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қысқы кезеңдерде шаруашылықтар үнемі жолдарды қардан тазартып отырады.

Барлық елді мекендерде түнгі уақытта көшелерді жарықтандыру бойынща жұмыстар жүргізілді.

«Билайн», «Кселл» ұялы байланыстары бар. Интернетке шығу мүмкіндігі бар.
Жұмыспен қамту

Тұрғындады әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша бағдарламасының іс-шараларын орындай отырып, 2009 жылы 108 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 65, уақытша – 42, қоғамдық жұмысқа 30 жұмыссыз азамат тартылды.

Бюджеттік қаражаттан селолық округтің аз қамтылған жанұялары қолдау алды..

2009 жылы барлығы 2009 жылы барлығы 73 жанұя жәрдемақы алды, яғни 171 бала 1 433,5 мың теңгеге алды.

Әлеуметтік көмек 12 жанұяға (37 адам) 291,9 мың теңге соммасында төленді.

2010 жылдың 1 қантарына округ бойынша аз қамтылған 8 жанұя – 27 адам тіркелді.

Селолық округінде 210 мектепке дейінгі жастағы балалар тұрады.Округте 38 жанұя оралмандар (167 адам).
Салықтар

Салықтардың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің түсу жоспары 100%-ға орындалды. Бюджет кірісіне 1406820 теңге жиналды. Оның ішінде: мүлік салығы – 48584 мың теңге, жер салығы – 224520 теңне, көлік салығы – 1133716 мың теңге, түрлі жинақ – 31 878 теңге.

2009 жылы аудан әкімнінің және селолық округ әкімнінің есептік кездесуінде 8 ескерту мен ұсынстар түсті. Есептік кездесу барысында айтылған ескертулер мен ұсынстар есепке алынды және іске асырылды:

1. Сартүбек село тұрғындарына әлеуметтік көмек беру түсініктеме берілді.

2. Сарытүбек сеосы тұрғындарына – микрокредит қалай алу жолы түсіндірілді.

3. Борлық селосында медициналық қызметкер тағайындалды.

4. .Сарысай селосы тұрғындарына ауз су тасу ұйымдастырды.

5. Карловка селосы тұрғындарына – әлеуметтік көмектің өзгерістері туралы толықтай түсіндірілді.

6. Петропавловка селосында медициналық қызметкер тағайындалды.

7. Каменный Брод селосында көркейту жұмысы және елді мекенді жақсарту жұмыстары қолға алынды.



8. Сарытүбек селосыны тазартуға және көркейтуге бір айға қоғамдық жұмыскер бөлінді.
Құрметті жерлестер!

Бізде бірынғай мақсат – біздің округ тұрғындарының әл-ауқатын арттыру. Бұл үшін бізде үлкен теңдік – игілікті жеріміз және еңбек сүйгіш біздің азаматтарымыз бар. Бұл бетбұрысымыз бізге болашақта экономиканың өсуіне және біздің село тұрғындарының өмірлік деңгейін жоғаралатудың барлық тапсырмаларын шешуге көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет