Тарих, археология және этнология факультеті


Таулы аудандардағы көшпелілер мен жартылай көшпелілер



Pdf көрінісі
бет42/78
Дата28.10.2022
өлшемі1.72 Mb.
#463571
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Учебник Теор. этнология

Таулы аудандардағы көшпелілер мен жартылай көшпелілер. Оған 
Тянь-Шань қырғыздары, Алтай қазақтары, оңтүстік алтайлықтар, тувалықтар, 
Ауғанстан мен Пакистан пуштундары жатады. Бұларға көші-қонның 
вертикалды сипаты тән. Қыстаулары оңтүстік жағында не тау аралығында 
орналасады. Көктемде тауға қарай жылжып, жаз кезінде альпі шыңдарына 
қарай, ал күзде қайтадан қыстауларға қарай малын айдайды. Малдың негізгі 
құрамын ірі қара мен ұсақ мал, аз көлемде түйе және жылқы өсіретін. Көші-
қонның ұзақтығы ондаған, мыңдаған километрге жететін.


Оңтүстік Африканың жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Мал 
шаруашылығының бұл түрі, Оңтүстік Африканың кейбір халықтары- койкоины 
(готтентоттар), гереро, зулус, коса және т.б. халықтарында қазірге дейін 
сақтаған. Бұл халықтардың бір бөлігі шаруашылықтың негізгі бір түрі ретінде 
егіншілікпен айналысып, отырықшылықпен өмір сүрді. Бұл аймақтар үшін 
қоңыржай климат, ылғалдылық ағаш тектес өсімдіктердің өсуін қамтамасыз 
етіп, жергілікті мал шаруашылығының өзіндік ерекшелігімен де байланысты 
болды. Егіншіліктің маңыздылығы кей жағдайларда мал шаруашылығынан кем 
болған жоқ. Сондықтан да оңтүстікафрикалық мал шаруашылығы жартылай 
көшпелі болды. 
Тундра мен тайганың бұғы аулаушылары. Көшпелі бұғы аулаушылар
ШМТ-тің бір түрі ретінде Сібірде кең тарады. Оның құрамында мына түрлерін 
бөліп алу керек: тундралық бұғы аулаушылар, онымен чукчалар және коряктар, 
тундралық ненецтер, энцылар, тайгалық бұғы аулаушылар: Сібірдің барлық 
тайгалық аумақтарындағы халықтары - ханты, манси, селькуптар, кеттер, эвенкі 
мен эвендерге, сондай ақ тува, тоджа және тофаларға тән.
Тундралық бұғы аулаушылар малдың біраз бөлігін, кей жағдайларда 
оннан мыңдаған басқа дейін жететін шаруашылықты жүргізетін. Көші-қон жаз 
мезгілдерінде солтүстік бағытқа қарай жылжып, теңіздің күшті солтүстік желі 
тұрғанда оңтүстікке орманды тундраға қарай бет алатын. Адамдар мен жүк 
бұғыға жеккен нарттарға артатын. Тайгалық бұғы аулаушылық малдың аз 
санымен ерекшеленетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет