С.АМАНЖОЛОВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тарих, Филология және Халықаралық Қатынастар Факультеті
Шет тілі және аударма ісі кафедрасы
Іс тәжірибе бойынша
ЕСЕП
Шет тілі: екі шет тілі - 6В01703 мамандығының
күндізгі оқу бөлімінің 1 курсында білім алушы :
Жүргенбаева Балнұр
Тәжірибе уақыты:
«29» мамырдан 2023 ж. - «9» маусымға 2023 ж. дейін
Шет тілі және аударма ісі кафедрасынан тәжірибе жетекшісі:
Чжан Е.Е., п.ғ.к., профессор, БҒСБК доценті
_________________ (Қолы)
Қорытынды баға: _____________
Өскемен қ., 2023 ж
«Бекітемін»
Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы
___________Ә.А.Өскембай
2023ж.«___»_________
|
|
|
Оқу іс-тәжірибесінің жұмыс жоспар-кестесі
6В01703 Шет тілі: екі шет тілі оқу бағдарламасы
Күндізгі оқыту бөлімінің 1 курсы
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
№
п/п
|
Оқу іс-тәжірибесінің бағдарламасына сәйкес орындалатын жұмыстар тізімі
|
Оқу іс-тәжірибесінің бағдарламасының уақыты
|
Ескертпелер
|
басталуы
|
аяқталуы
|
|
1
|
Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Оқу іс-тәжірибенің алғашқы күнінен бастап, мен мектептің тарихымен, ұжыммен таныстым. Ұжым және педгогикалық ұжымның не екенің білдім. Мұғалімнің кім екенін толықтай ашып, түсіндім. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтарымен таныстым.
|
2
|
Ағылшын тілі бойынша 1 оқу-әдістемелік кешеніне талдау жүргізу
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Оқыту барысында қолданылатын ағылшын тілі оқулықтарының құрылымы мен ұйымдастырылуын зерттеу, жаңа үлгідегі оқулықтарды талдай білуді қалыптастыру, шет тілі бойынша қосымша оқу құралдарын таңдау.
|
3
|
Ағылшын тілінен сабақ жоспарын Оқу (кез келген сыныпта, кез келген тақырып бойынша)
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Шет тілі бойынша сабақтарды ұйымдастыру ерекшелігімен танысу, Сабақтың мақсаты, міндеттері, кезеңдері, жұмыс түрлері, тапсырмалар түрлері, мазмұны, әдістері, ағылшын тілі бойынша сабақтарды өткізу тәсілдерін үйрену.
|
4
|
Сыныптан тыс шараға жоспар-конспект құру (конкурс, шығармашылық конкурс, КВН, театр қойылымы және т. б.).
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Ағылшын тілі бойынша сыныптан тыс іс-шараны өткізудің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, әдістерін, тәсілдерін, кезеңдерін, формаларын анықтауды үйрену.
|
5
|
Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тұжырымдамасын зерделеу.
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын бағалаудың негізгі ұғымдары, өлшемдері бойынша жоспар-схеманы (кестені) құру.
|
6
|
Білім беру ұйымдарына (балабақша, тіл орталығы, мектеп, колледж және т. б.) таныстыру экскурсиясы
|
29.05.2023
|
9.06.2023
|
Шет тілін (ағылшын тілі) жүргізетін оқытушылардың сабақтарына қатысу, олардың педагогикалық тәжірибесі мен жұмыс жүйесін зерделеу
|
Оқу практикасының
ғылыми жетекшісі ______________ Е. Чжан
(қолы)
Мазмұны:
1. Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
3.Қорытынды бөлім.
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша А
Қосымша Б
Қосымша В
Қосымша Г
Қосымша Д
Қосымша Е
Қосымша Ж
Іс-тәжірибе бойынша есеп.
Кіріспе.
Мен, Жүргенбаева Балнұр, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының 1 курс студенті, 2023 жылдың 29 мамырынан 9-ыншы маусымға дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Шет тілі және аударма ісі кафедрасында оқу іс-тәжірибесінен өттім.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесі - студентті теориялық оқыту мен оның мектептегі өзіндік жұмысының арасындағы байланыстырушы буын бола отырып, студенттің шет тілі мұғалімі ретінде іс-әрекет жасауға практикалық дайындығын жүзеге асыруға бағытталған. Оқу (танысу) іс-тәжірибесі 1 курстың 2 семестрінде ұйымдастырылады және 1 аптаны қамтиды.
Өзімнің практикалық дайындығымды жүзеге асыру үшін, мамандығыма сәйкес келесідегідей тапсырмалар берілді:
Ұйыммен және педагогикалық ұжыммен танысу
Ағылшын тілі бойынша 1 оқу-әдістемелік кешеніне талдау жүргізу;
Ағылшын тілінен сабақ жоспарын зерттеу (кез келген сынып, кез келген тақырып бойынша);
Бір тәрбие іс-шарасының жоспар-конспект құру (викторина, олимпиада, конкурс, шығармашылық конкурс, КВН, театр қойылымы және т.б.);
Ағылшын тілі бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының тұжырымдамасын үйрену;
Шет тілі бойынша бейне-сабақ жасауға қойылатын талаптарды зерделеу;
Learning apps. Ресурстар. Олармен жұмыс жасау.
Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты мен міндеттері.
Жоғары оқу орындарының білім алушыларының оқу іс-тәжірибесінің мақсаты - оқу процесінде алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, зерттеу қызметінің алғашқы дағдыларын, іс-қағаздарын жүргізу іскерлігін алу, оқыту мамандығына сәйкес практикалық іскерліктер мен жұмыс дағдыларын меңгеру, бастапқы кәсіби құзыреттіліктерді меңгеру болып табылады.
Оқу (танысу) іс-тәжірибесінің негізгі міндеттері:
- жоғары оқу орны қызметінің негізгі бағыттарымен танысу;
- мамандықпен және оның білім беру бағдарламаларымен танысу;
- болашақ кәсіптің объектілері болып табылатын ұйымдардың ұйымдық-құқықтық формасымен, құрылымымен, басқару жүйесімен жалпы танысу;
- болашақ кәсіби қызметтің түрлерін, функциялары мен міндеттерін зерттеу;
- іскерлік хат-хабарларды және іс жүргізуді зерттеу;
- еңбек ұжымында жұмыс істеу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |