Ташкент облысы Бостандық ауданы



Дата30.10.2022
өлшемі18.58 Kb.
#463648
Ұсыным хат



Ташкент облысы
Бостандық ауданы
№53-мектептің директоры
Тастанбекова Шарипа
Анарбековна
Ұсыным хат
№53-мектептің 2021-2022 жылғы бітіруші түлегі Сейтханов Айдос Рашид ұлы 2004 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген. Сейтханов Айдос 2011 жылы 1 қыркүйекте мектепке қабылданған.
Мен Тастанбекова Шарипа Анарбековна менің оқушым Сейтханов Айдосты сіздердің университеттеріңізге қабылдауларыңызды ұсынамын.
Ұсынуымның себебі: оқушым Сейтханов Айдос ақылды, үлгілі оқушыларымның бірі. Тәртіпті, ұқыпты, білімді, айтылған тапсырмаларды бұлжытпай орындайды. Мектеп орталығында және мектептен тыс болған сайыстарға белсене қатысады. Аудандық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындар алған. Атап айтып өтсек ағылшын, математика пәндерінен бірінші орындарға ие болған. Мектепте болатын барша іс-шараларға белсенді қатысады. Кітап оқығанды ұнатады, қазақ ақындарының өлең жолдарын мәнерлеп оқығанды жақсы көреді. Түрлі байқауларға қатысып мақтау қағаздарымен марапатталды. Сейтханов Айдос архитектор мамандығына қызығады. Сонымен қатар, түрлі ғимараттырдың макеттерін жасағанды ұнатады. Електроника саласына да икемі бар. Компьютерде сайт жаратқанды ұнатады.
Ол әрқашан үздік оқушы болды. Сабақта да жазба түрде де тақырыптық материалды толық меңгергенін көрсетті. Оның жұмысы әрқашан ұқыптылығымен және талантымен ерекшеленді. Сонымен қатар, ол сыныптағы талқылаулардың белсенді қатысушысы болды. Ол еңбекқор, шыдамды, жауапкершілігі мол оқушы.
Мен өз оқушым Сейтханов Айдосты мақтан тұтамын. Мектепте достары өте көп, барша адамдармен тез тіл табысып кетеді. Мінезі өте ашық, жарқын бала.
Мектепте, сабақта, барлық қоғамдық жұмыстарға жұмыла күш салысып көмегін аямайды. Тәртібі үлгілі оқушыларымның бірі.


Мектеп директоры: ____________ Ш. Тастанбекова.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет