Тасыған өлке өткелі



Дата15.05.2024
өлшемі39.37 Kb.
#501230
ТІЛ МӘТІН ТАЛДАУ


Тасыған өлке өткелі

Ханкелдінің немересі Райымбек жап-жас болса да, Көкмойнақ


атына мініп, бес қаруын сайланып, жаумен айқасуға бел буады. Сарбаздар оны жастығына бола, ілестірмей қалдырып кетеді.
Райымбек олардың соңынан ереді де, Іле өзенінен өтуге қамданған жасақтың өткел таппай тосылғанын көреді. Ағысы қатты, иірімі үлкен суға қойып кетуге сарбаздардың батылы жетпейді. Райымбек көптің арасына елеусіз еніп, асау өзенге Көкмойнақ атымен түседі де, өз есімін өзі ұран етіп, «Райымбек! Райымбек!» деп дауыстап, жүзе жөнеледі. Арғы бетке жетеді, қайта оралады. Содан соң отыз жігітті қасына алып, қамыс буғызып, жалғанған арқандардың бір шетін қарсы беттегі ағашқа байлайды. Буылған қамыс аттарды суға батырмайды, сарбаздар керулі арқанды жағалап, өзеннен аман-есен өтеді. Райымбектің бұл ісіне тәнті болған көпшілік оны жастығына қарамастан, өз қатарларына қосады.
Зейін

Әлем университетінің психологтері монолог адамның зейінін бір нәрсеге аударып, мақсатына жетуге септігін тигізеді әрі адамның ақылын жетілдіреді деген тұжырымға келген.


Барлығымыз өзімізбен диалог жүргізуге құмармыз. Біз оны іштей, ешкімге білдірмей жасауымыз мүмкін. Бірақ кейбір адамдар өздерімен дауыстап сөйлеседі. Ғалымдар бұны психикалық қателік емес, адамның зияткерлік көрсеткіші ретінде қабылдауды жөн санайды.
Өз-өзімізбен сөйлесу – даму деңгейіміздің бір бөлігі. Психолог Жан Пиаже кішкентай балалар тілі шыққан кезде өз істерін оңай басқаратынын аңғарған. 2008 жылы әйгілі университеттің бірінде жүргізген зерттеу нәтижесінде бұл гипотеза дәлелденген. Университеттің зерттеу аясында 28 қатысушыға жазбаша нұсқаулық беріліп, іштей және дауыстап оқу тапсырылған болатын. Сараптама нәтижесінде дауыстау арқылы оқылған нұсқаулық бойынша жұмыс жасағандардың қорытындысы үнсіз жұмыс істеген адамдармен салыстырғанда әлдеқайда сапалы болған.

Ең кішкентай кітапхана

Британияның Уэстбери-саб-Мэндип деп аталатын қалашығының тұрғындары телефон будкасын сатып алып, кітапхана ретінде орнатыпты. Бұл кітапхана дүниежүзіндегі ең кішкентай кітапхана және тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн үздіксіз жұмыс жасайды.


Сонымен қатар, бұл кітапханаға түнде оқуды жақсы көретіндер үшін жарық та орнатылған. Қала тұрғындары будкаға сөрелер орнатып, ішіне неше түрлі тақырыптағы кітаптар орналастырған. Будканың ішінде кітаппен қатар дискілер, түрлі үнтаспалар да бар.
Әрине, бұл кітапханада кітапханашы жоқ. Тұрғындар үйлерінен кітап әкеліп қояды және оқығысы келген кітаптарды үйіне алып кетіп, оқып болған соң қайтып әкеледі. Қалашықтағы тұрғын саны шамамен 800 адам, бірақ кітапхана кішкентай болғандықтан, кітап алу үшін кей кездері кезекке тұру қажет.

Жас балапандарды күту.




Жұмыртқадан шыққаннан кейінгі алғашқы үш күнде балапандарға тары ботқасы, ақ ірімшік беріледі. Жұмыртқаны қатты пісіріп, оған қабығын уатып, қосып берген де жақсы. Үш күннен кейін балапандарға жаңа піскен жұмсақ қызылша сияқты жемістер беріледі. Олармен бірге астықтың жармаланған дәндерін берсе де болады. Балапандарға жем беретін астаушаларға бор, көмір және ұсақ-ұсақ тастар салынып қойылады. Бұлар жас балапандардың сүйегін қатайтуға, жемді бойына сіңіруге көмектеседі. Балапандарға екі айға дейін күніне алты-жеті рет, одан кейін төрт рет жем беріп отыру керек. Жас балапандар ерекше күтімді қажет етеді. Олардың орындары жылы және құрғақ болуы тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет