Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару



бет45/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
Курс лекции каз

Темір жол өткелдері
Теміржол өткелі деп бір деңгейдегі темір жол мен автомобиль жолының қиылысын атаймыз. Автомобильдің темір жолдың жылжымалы тізбегімен соқтығысуы жол-көлік оқиғасының ең ауыр түрлерінің бірі болып табылады. Темір жол өткелдері қала ішіндегі және оның сыртындағы бағытжолдардағы көлік құралдарын едәуір ұзақ кідіртетін орын болып табылады. Автомобиль жолдары мен теміржол қиылысы, автомобиль жолының өткізу қабілеттілігін шектейтін тар орын болып табылады. Темір жол өткелдері деген термин шартты болып келеді. Өйткені ондағы құрылыс автомобиль жолына ғана емес, сонымен қатар жүргіншілерге де арналған.
Қауіпсіздік пен өткелдің едәуір жоғарғы өткізу қабілеттілігін келесі негізгі шарттар арқылы қамтамасыздандырылады:

  • автомобиль жүргізушілері мен локоматив машинистері үшін өткелдің жеткілікті көрінуі;

  • өткелге кіре берістегі және релсті жолмен қиылысындағы төсемнің тегістігімен қоса оның ілінісу коэффициентінің жеткілікті болуы;

  • өткелдегі қозғалыс жолағының ені мен санының жеткілікті болуы;

  • жүргіншілерге арналған арнайы жол құрылысының болуы;

  • өткелде ескертілетін ақпарат пен сигнализацияның жұмысқа жарамды (ақаусыз) болуы. (жол белгілері, шлагбаум, бағдаршам, дыбыстық сигнализация);

  • сигнализацияны басқарушы автоматтың және жартылай шлагбаумның болуы;

  • орнатылған ержені жүргізушілер мен жүргіншілердің сақтауы.

Ө ткелдегі көрінудің жағдайы қиылысты дұрыс орналастыру арқылы және көрінуге кері әсер ететін нысаналардың жеткілікті қашықтыққа аластату арқылы қамтамасыздандырылады.
Темір жол өткелдері үшін ұсынылатын көріну жағдайының сүлбесі 4.20-суретте көрсетілген. Өткелге жақындап келе жатқан автомобиль жүргізушісі La қашықтықтан, өткелден 400 м қашықтықтағы локомативті көрінуі қажет деп есептеледі. Машинист өз кезегінде өткелді 1000 м қашықтықтан көре алуы қажет. 4.20-суретте көрсетілген көріну бұрышының негізінде көрінуді шектейтін еш қандай кедергі болмауы керек. Мұндай көріну күзетілмейтін өткелдерде міндетті түрде болуы қажет.
Күзетілмейтін өткел деп автоматтандырылған басқарумен, бағдаршаммен немесе шлагбауммен жабдықталмаған өткелдерді айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет