Кеменің жүк көтергіштігін пайдалану коэффициенті εч тонно-мильдің ΣQl тоннаже-мильға ΣDчLi қатынасымен анықталады
(7)
1 т жүк көтергішті кеменің тәуліктегі өнімі μтс – оның тәуліктегі өндірістік тасымалдау қуатын сипаттайтын кешенді көрсеткіш.Тонно-мильдің ΣQl белгілі уақыт ішіндегі шығындалған тоннаже-тәулікке ΣDчТэ қатынасымен анықталады:
(8)
Барлық календарлық кезеңдегі тасымалдаумен айналысқан Флоттың нақты саны келесі формулалармен анықталады:
(9)
мұндағы - тәулігіне тасымалдаумен айналысқан әр кеме уақыты;
жалпы жүк көтергіштік бойынша
(10)
мұндағы - тиісті кеме-тәуліктік немесе тоннаже-тәуліктік кеме немесе флотты пайдаланудағы уақыты.
Порттың жүк айналымы Qп – белгілі бір уақыттағы (көбінесе бір жылда) оның айлақтарынан өтетеін жүктердің жалпы саны.
Әрбір порттың технологиялық тасымалдау кешені (ТТК) өндірістік қуатының көрсеткіштерін өткізу қабілеттері және бекітілген қуаты сипаттайды.
ТТК –ның өткізу қабілеті ПТПК – ТТК тиісті уақытта (жыл, квартал, ай) кемеге тиейтін жүктің ең жоғарғы саны.
Бекітілген қуат Qопт – бұл қалыптасқан жүк айналым құрылымындағы ТТК-ның мақсатты түрде түсіретін жүктің ұтымды саны. Негізінде порттың жүк айналымы оның бекітілген қуатынан жоғары бола алады, бірақ өткізу қабілеттерінен жоғары бола алмайды.
Лекция №28
1.Жүк флотының жұмысын жоспарлау
2. Жүк жоспары
Жүк жоспары, жүкті жүктеудің ең басында құралады. Сонымен бірге, кемені жүргізу бірге жүргізіледі. Жүк жоспары шамамен жүк жөнелтудің қайтадан жүктелуі және кешігуі және жүкті тиеу кезіндегі ауытқулар және әсер етуі мүмкін. Сондықтан жүкті тиеп болғаннан кейін кемежай белгілеріне жеткізілетін қосымша (нақты) жүк жоспары құрастырылады. Кемедегі құрғақ жүктер үшін, жүк жоспары жүктің белгілі бір масштабына байланысты көрсетілген санына, сапасына байланысты диаметрі бойынша жүйелік жоспар көрсетіледі. Танкерлер үшін жүк жоспары, жоғарыдан бастап құрылады. Ал, контейнерлер жүк жоспары, контейнерлер бөлімі бойынша рет-ретімен қиылысады.
Салыстырмалы жүк жоспары кеме капитанының келісімімен кемежайда құрастырылуы керек.
Жүк жоспарындағы кез келген өзгерістер, түзетулер тек кеме капитанының қатысуымен жүргізілуі керек.
Кемедегі жүкті тиеу, орналастыру кеме капитаны талаптарына сәйкес келуі керек.
Жүк кітабының басында кеме туралы жалпы түсінік айтылып өтіледі, олардың ішінде бірнешеуі жүк жоспарын есептеуде қолданылуы мүмкін.
Олардың ішінде:
перпендикуляр орталықтағы кеменің ұзындығы, ені, жүзу табанынан бортқа дейінгі биіктік;
жаңбыр жауған кезде жүктерді қауіпсіз жерге орналастыру барысында оларды әр түрлі жүк маркалары бойынша бөлу;
жанармай мен судың артық қоры, кеме аялдамаға тоқтағанға дейінгі су мен жанармайдың бір күндегі шығыны;
кеме құрылғыларының қауіпсіздігі, барлық твиндиктердің орналасуы бойынша биіктігі, ұзындығы, ені;
танктердің орналасу шымдылығы;
көрсетілген белгілер (әр түрлі) бойынша жүк шкаласы тонна саны, ж.т. б.;
кеменің негізгі жалпы тегістігінің сол кездегі салыстырмалы биіктігі, кеме ауырлығы.
Бұдан соң жүк кітабының ақпараттық бөлімі аяқталады. Жүк кітабының келесі беттерінде кеме әр рейске шыққанда порттан жөнелгенде, аралық порттарда аялдағанда және жету портына келгендегі беріктігі мен остойчивостына қатысты есептеулер және түсіндірме жазулар жүргізіледі.
Жүк кітабында жүк жоспарын сызбаша көрсету үшін, рейстегі ерекше жағдайлар мен порттардың кемені өңдеуі бойынша ақпаттарды жазу үшін бос парақтар тіркеледі. Соңында жүктің дұрыс сақталмауы (егер бұндай жағдайлар болса) және рейстің коммерциялық жағдайына қатысты мәліметтер жазылады.
Жүк жоспарының есептеулері көбіне үлкен көлемдегі есептеулерді қамтиды. Сондықтан тиеуді бақылау және реттеу құралдары ойлап шығарылған. Бұл мақсатта құралдардың екі типі қолданылады. Бірінші – бұл құралдардың көмегімен тиеу алдында есептеулер мен моделдеулер арқылы рейс кезінде кездесетін кеменің теңізде жүзу сапалары туралы ақпараттар алуға болады. Екінші – бұл құралдар кемені тиегенде және тиеу операциялары аяқталғанда кеменің нақты жағдайын анықтау үшін қолданылады.
Жүк жоспарын алдын ала есептеу құралдары жұмыс істеу принципіне байланысты екіге бөлінеді: аналитикалық және моделдеуші. Аналитикалық құралдардың қызметі әр түрлі деңгейдегі ЭЕМ-сын қолдануға нгізделген. Моделдеуші құралдар кемені тиеу құралдары арқылы жүктемелеу, пружиналардың немесе олардың электрлік нұсқаларының тартылу күшін анықтайды. Соңғылары көң таралған («Лодикатор» және «Ста-лодикатор» типті құралдар).
Біріншілері танкерлерге арналған. Олар жүктелуді, дифферентті және беріктікті қадағалауға мүмкіндік береді. Екіншілері құрғақ жүк тасымалдайтын кемелерге арналған. Олар сонымен қатар остойчивостты қадағалайды.
Кеменің нақты жағдайын бақылау құралдары – кеменің борттық качка периодын есептеуге немесе кренгтеуге негізделген. Соңғы тәсіл кеменің портта жүктемеленуін бақылауға өте қолайлы.
Танкерлер үшін жүк операцияларын автоматты басқару жүйелері құрылған. Ол танк пен кеме креніндегі жүк дейгейі дистанциялық өлшеу, жүк клинкеттері мен насостарды басқару, танкттерді тиеу, түсіру және тазалау, олардың дегазциялануы мен кеменің балласталу бағдарламаларымен қамтамасыз етеді. Бұндай жүйелерге мысал ретінде «Дата Танк системаны» келтіруге болады.
Кеменің жүктемеленуін есептеуді біршама жеңілдету үшін әр түрлі типті персоналды компьютерлер кеңінен қолданылады. Бірақ қандай жетілдірілген құралдар болмасын, олар нақты және сенімді есептеудің берілген шарттар болмай, есептеулердің нақты және сенімді шамасын бере алмайды. Кеменің жүтемеленуін есептеу кезінде ең алдымен, алынған жүктердің салмағы мен олардың ауырлық орталығының координаттарының (координаты центров тяжести) мәндері өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |