Тасымалдауды ұйымдастыру және қОЗҒалысты басқару


Автоматты блокировка (АБ) дегеніміз



бет9/80
Дата20.09.2022
өлшемі5.59 Mb.
#461003
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80
Курс лекции каз

Автоматты блокировка (АБ) дегеніміз – бұл осы бағдаршамнан кейінгі блок-аралықтың бос еместігіне немесе одан кейінгі бос блокаралықтардың санына қарай блок-аралықтарды шектейтін бағдаршамдардың көрсетуін автоматты түрде басқару болып табылады.
ЖАБ-мен салыстырғанда АБ пойыздардың жүрісін аралықтарда реттеудің ең жетілдірілген құрылғылары болып саналады. Мұнда өтпелі бағдаршамдардың көрсеткіштерін жүріп келе жатқан пойыз басқарады. Даражолды жəне қосжолды аралықтардағы құрылғылардың ішінде автоблокироканы пайдалану ең тиімді болып саналады.
Автоблокировка, пойыздарды пакетпен жүргізу жəне стансалық интервалдарды қысқарту арқылы, даражолды желінің өткізу қабілетін жоғарылатады, оның есебінен телімдік жылдамдық өседі.
Автоблокировка 10-минуттық пойызаралық интервалмен жүргізу есебінде қосжолды желінің өткізу қабілеті жартылай автоблокировкамен салыстырғанды 2-2,5 есе, ал интервал одан əрі қысқартылса – тиісінше одан əрі жоғарылайды. Сондай-ақ автоблокировка жолаушылар пойызының жүк пойыздарын басып озудағы тоқтау уақытын қысқарту арқылы қосжолды желіде телімдік жылдамдықтың өсуіне мүмкіндік береді.
Əдетте, автоблокировкамен жабдықталған қосжолды желіде, сондай-ақ сигналдардың көрінісі қолайсыз жағдайдағы даражолды желіде автотоқтатқышпен бірге автоматты локомотив сигнализациясы қолданылады, ол сигналдың көрінуінің қолайсыз жағдайында да машинистің пойызды жоғары жылдамдықпен сенімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Көп жағдайда диспетчердің жұмыс жағдайын жақсарту үшін, автоблокировка диспетчерлік бақылау құрылғыларымен толықтырылады.
Автоматты локомотив сигнализациясы (АЛС) жəне автотоқтатқыш. Пойыздарды жүргізу жағдайын жақсарту жəне олардың жүріс қауіпсіздігін жоғарылату үшін аралықтар мен стансаларда АБ жүйесінде автоқтатқышпен қоса АЛС қолданылады.
АЛС пойыздар жүрісін локомотив бағдаршамы арқылы реттеу құралы болып саналады. Ол алдағы блок-аралықтағы пойыздық жағдайды білдіріп отырады жəне жолдағы бағдаршамдардың көрсетуін машинистің кабинасына беріп отырады.
АЛС құрылғысы машинист кабинасына пойыз жақындағанда өтпелі жəне стансалық бағдаршамдардың көрсеткішін жеткізіп отырады. АЛС машинистің қырағылығын тексеретін жəне пойыздың жүріс жылдамдығын бақылайтын құрылғысы бар автотоқтатқышпен толықтырылады. Егер машинист уақытында пойызды тежемесе жəне тоқтатуға шара қолданбаса, АЛС құрылғысы жабық бағдаршам алдында пойызды автоматты түрде тоқтатуы керек.
АЛС автотоқтатқышымен қоса жол жəне локомотив құрылғыларының жиынтығы болып есептеледі. АЛС-тың жол құрылғыларымен тек қана аралық жолдары емес, стансаның барлық басты жолдары, сондай-ақ пойыздар тоқтамай өтетін қабылдау-жөнелту жолдары да жабдықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет