Мұғалім: Рахмет аналар және балалар! Расында да біздің аналарымыз балалардың ой-санасын жүйрік дамытуға үлкен үлес
қосады екен. Ендеше көңілді кешіміздің әрі қарай жалғастырайық.
1-жүргізуші: Біздің балалар тек ғана жұмбақ шешіп, мақал айтпайды, сонымен бірге аналармен бірге ас әзірлеугеде көмектеседі. Ендеше, біздің балалардың әзірлеген «Ас аданың арқауы» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымызды ұсынамыз.
1-жүргізуші: «Қарт пен бала әңгімесі» көрініс.
Баласы кетіп бара жатқан атасының алдынан шығып: Ата, мені де ала кетесіз бе? – дейді.
-
Балам, мен көрші ауылда болғалы жатқан қариялар отырысына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде, Ата мен
ержеттім, ақсақалдар алқасына мүше бола алам, маған сұрақ қойыңызшы – деді бала.
-
Балам, үйдің алтын қазығы кім?
-
Ата, үйдің алтын қазығы – бала, деді.
-
Жоқ балам, үйдің алтын қазығы – ана.
- Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі – қызға үлгі, әке тәрбиесі – ұлға үлгі. Ана – ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғанышың, інің – сүйенішің, қарындасың – қанатың екенін ұмытпа.
-
Балам, жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
-
Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке-деді бала.
-
Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Ашты тоқ, жоқты бар ететін ол – ана.
-
Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
-
Ал балам, өмір сүру не үшін қажет?
-
Ата, өмір сүру үшін алтын, ақша, мал қажет, - дейді бала.
- Жоқ балам, өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірге жалын береді, тұз астың дәмін келтіреді, қыз өмірдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін келтіреді. Осының бәріне дем беретін, нәрлендіретін ана екенін ұмытпа деген екен.
2-жүргізуші: Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
1-жүргізуші: Нұргүл қыздарыңыздың орындауында «Асыл әжем» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Азамат қуат алар ақ сүтіңнен,
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең.
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ,
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.
Алтын анам жасымнан аялаған,
Мен үшін игілікті аямаған.
Сабақтан шаршап үйге келгенімде,
Бал сөзі жаным деген сая маған.
1-жүргізуші: Класымыздың жас домбырашысы Азаматтың орындауында «Келіншек» күйін ұсынамыз.
2-жүргізуші: Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы.
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы.
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін.
2-оқушы:
Мұғалім: Шығармада аталғандардан басқа Ел басын қандай адам ретінде танисыңдар?
3-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.
Тақтада «Ұлы достықта» деген фотомонтаж ілінген. Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған.
4-оқушы: «21 ғасыр әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы» кітабын сыныбымызбен қызыға оқып шығып, төмендегідей ойға жүгіндік: Қазақстан Президентінің басқа лидерлерден өзгешелігі өз алдына тамсана айтылар үлкен сыр. Еуропаның тіс қаққан кәнігі саясатшылары мұхиттың арғы жағындағы алпауыттар бас түйістіріп, тілдесе қалса, біздің Елбасымыздың шешендігіне үйіріліп түсе қалады. Осындай әлемдік ірі мемлекет басшыларының біразын атап өтуге болады. Олар АҚШ, Франция, Ресей, Қытай т.б. елдері (атап, суреттерін көрсетеді).
5-оқушы: Солардың бірі Ресей Президенті В.Путиннің Н.Ә.Назарбаевқа жолдаған хатынан үзінді оқып берейін (оқиды). В.Путиннің Елбасының Қазақстан халқына жолдаған жолдауын құптағандығын айтады.
6-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.
Сонымен қатар, «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!
2-фотомонтаж: «Ел және Елбасы» деп аталады.
Онда Президентіміздің Республиканың әр өңірін аралағандағы фото суреттері берілген.
7-оқушы: Елбасы биылғы жылы Қазақстанның түкпір – түкпірін аралап, барлық облыстарда болып, елмен етене араласып, олардың жүрекжарды әңгімелерін тыңдап, жағдайларымен танысты.
Көрнекілігі: «Ұлы достықта», «Ел және Елбасы», «Астана жаңа қала», атты стендтер, Елбасының портреті, ҚР рәміздері, картасы, оқушылар шығармасы.
Сабақтың барысы: Үнтаспадан «Елім менің» әні естіліп тұрады.
Мұғалім: Балалар Қазақстан Республикасының Ата заңының 3 бөлім 40 бабында Президент туралы былай делінген.
Оқушыларға сұрақтар қойылады. (миға шабуыл)
-
ҚР-да Президент сайлауы қай жылдан басталады?
-
Соңғы сайлау қай жылы өтті?
-
ҚР- ның қандай рәміздерін білесің?
Жауаптар алынған соң үйге берілген тапсырмалар бойынша «Менің Президентім» деген тақырыптағы шығармаларынан үзінділер оқиды. (шығармалардың ішінен үздік деп танылған екі оқушының шығармасы бірге жіберіліп отыр).
Менің Президентім. Оқушы күнделігінен үзінді.
Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
1-оқушы шығармасынан үзінді:
Менің Президентім.
Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?
Әжелердің,аналардың,қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
1-жүргізуші: Нұргүл қыздарыңыздың орындауында «Ана жүргі» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші: Ана- ең аяулы жан. Ол іңгәлап дүние есігін ашқан сәттен бастап өмір бойы өз ғұмырын бізге арнайды. Қандай жағдай
болмасын, әрқашан қасымыздан табылатын асыл жан – ардақты аналарымыз.
1-жүргізуші: Жас бишілердің орындауында жастар биін ұсынамыз.
2-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана тауып, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы.
1-жүргізуші: О, аналар, осындайсың бәрің де ,
Осындайсың жасыңдағы кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге,- деп «Аяулы анашым» әнін ұсынамыз.
Мұғалім: Қымбатты аналар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды осындай жақсы әнмен аяқтай отырып, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт, ұрпақтарыңызға жарқын өмір тілеймін.
Сабақтың тақырыбы: Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ғұлама ғалымы, бір туар перзенті Ш.Ш. Уәлихановтың өмір жолынан мағлұмат бере отырып, елін, жерін сүюге, қастерлеуге үйретіп, ғылыми жұмыспен шұғылдану қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Интериактивті тақта, компьютер, Шоқан суреттері, кітап көрмесі.
Сабақтың тәрбиелік бағыты : патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие
Сабақтың барысы:
Кіріспе сөз:
Тарихтан талай адам көрген едік
Қызықты талай дәурен сүрген едік.
Жасымыз мұнша жасқа келгенінше
Шоқандай асыл жасты көрмеп едік, - деп ақын ағамыз айтқандай, қазағымның «Ғылым» аспанының «Аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалымы» Ш. Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі , еңбектеріне арналған «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келген қазақтың біртуар ұлы , жан – жақты білгір ғалым , батыл саяхатшы демократтық , ағартушылық мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілі Шоқан Уәлихановтың өмірімен еңбек жолына арналған оқушылардың баяндамаларды тыңдаймыз .
Конференциямыздың екінші бөлімі « Шоқан Уәлиханов – ғасырларға еңбек еткен ұлы тұлға» деп аталады . Шоқан Уәлиханов көз алдымызда белгілі ғалым , батыл саяхатшы , көркем суретші , қазақ тарихы , этнографиясы , әдебиеті , фольклорын зерттеген ғалым . « Бір жігітке жетпіс өнер аз» деген сөзді ұран тұтқан, Шоқан « Сегіз қырлы , бір сырлы» жігіт болды .
Шоқан Шығысұлы Уәлиханов қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, фольклорист, ағартушы, демократ. Ол қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде 1835 жылы туған. Балалық шағы ата қонысы Сырымбет тауының (Көкшетай облысы) баурында өткен. Өз әкесі – Шыңғыс, ұлы атасы Уәлихан. Арғы атасы Абылай.
Шоқан Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында болды. Ол жас күнінен тарихи өлен, жыр, аңыз, әңгімелерді қызыға тыңдап, құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырын жазып алыпты. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Шоқан табиғатынан зерек, алғыр болған. Ш.Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс
Дайындаған тағамдары неткен дәмді десеңізші?
Көзің жайнап, ауызбен татып көрсеңізші.
Көрмегендер босқа отырмай тамашалап,
Әділқазы астан татып, әділ баға берсеңізші, - деп»Дастархан мәзірі» бөліміне де келіп қалыппыз.
Арулардан дайындаған дастарханымен таныстыруын сұраймыз.
Ортаға шақырылады. Таныстырып болған соң әділқазы алқасы бағаларын береді.
Осымен, сайысымыз аяқталды.Ал, енді әділқазылар алқасы арулардың бағаларын қосып, ең көрікті, таңдайды.
Бағаларды сараптап болғанша, жанкүйерлердің өнерлеріне назар аударайық.
Жанкүйерлер болса, шығып өнерлерін көрсетеді.
Ал, енді сөз кезегі әділқазы алқасына беріледі. Жеңімпаздың аты аталады.
Әрине жарыс болғаннан соң біреу жеңіледі, біреу жеңеді. Жеңген арудың да жеңісі бостан бос емес. Қатысушыларға үлкен рахмет. Сіздерге келешекте зор денсаулық, мол бақыт, аспандарыңыз ашық болсын, тек қана биіктерден көріне беріңіздер, өнерлеріңіз өрге жүзсін деп шын пейілмен тілегенімізді білдіреміз.
Ал, бүгінгі арулардың өнерін тамашалаған қызық сүйер қауымға да үлкен алғыс айтамыз. Сау саламатта болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы «Елін сүйген. Елі сүйген Нұр аға!»
Сабақтың мақсаты: Елбасының жүргізіп отырған саясатының дұрыстығын, еліміздің ертеңіне деген сенімді, Елбасыға деген құрмет сезімдерін тереңдету. Отаншылдыққа, Ұлттық патриотизмге тәрбиелеу.
Қолданылған әдіс-тәсілдер: Ой-пікір алмасу, миға шабуыл, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: Сырттай саяхат, телекөпір.
Бұл турда аруларымыздың ең басты қасиеті – олардың бойын жайлаған өнерлерін тамашалап, бағасын береміз.
Қыздарымыз қандай өнерімен біздерді тамсандырады екен? Көрейік. Ендеше, ортаға ауялы арулар.
Біртіндеп ортаға шақырылады.
Әділқазы әділ сына аруларды
Өнерлі, тамаша екен – куә бәрі.
Әділдікпен сынай келе бағаңды бер,
Бағасы ғой сайыстағы – қарулары, - деп аруларымыздың бағасын беруді сұраймыз.
Қазақ халқына әсем көркі көңілімен бойласқан, бұрымдары көркіменен шыңдасқан, кигені сәніменен жарасқан қыз балалар аз емес қой қазақта. Осы айтылған сөздер біздің қыздарымызға тән шығар?!
Сеннен артық жан тумас,
Туса туар – артылмас.
Бір өзіңнен басқаға,
Ынтықтығым айтылмас.
Асыл адам айнымас
Бір бетінен қайырылмас.
Көрмесем де, көрсем де
Көңілім сенен айырылмас, - деп Абай атамыз қазақ қызына баға берген ғой.
Ендеше, қазақ қыздарының бұралған қап-қара қолаңдай бұрымдарының сәні мен ұлттық қазақ киімінің үлгісін тамашалайтын болсақ, 4-тур, «Сән үлгісіне» қадам жасайық.
Арулар біртіндеп ортаға шақырылады. Әділқазылар алқасы киімі мен шашына байланысты бағасын береді.
Қыз балаға әсемдік жарасады,
Оған қоса әсем мінез жалғасады.
Не нәрсеге болса да қолы бейім,
Бәрінен де қолөнері бір асады, - демекші біздің арулардың қолынан не келеді екен? Әрине бұл үй тапсырмасы болатын Аруларымыздың жасаған жұмыстарын әділқазы алқасына көрсетулерін сұрймыз. Ал әділқазылар арулардың өнерін бағалап, әділ бағасын берсін.
Қазақ қызы сыртта жүріп
Әсемдігін көрсеткен.
Ару қыздар үйде жүріп
Тағам жасап үйренген.
тілдерінен араб, парсы, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген; кейін Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.
1847 жылы ол Омбыдағы кадет корпусына оқуға түседі. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептплптін бұл корпус, декабрист А.Завалишиннің сөзімен айтқанда, «ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері» болатын.
Корпутса ой-өрісі, білімі жағынан «Шоқан тез өсті, орыс жолдастарын басып озып отырды. Екі-үш жылдан кейін-ақ Шокан өз класындағылардан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да идея жағынан басып озды», - дейді бірге оқыған досы Г.Н.Потанин.
Шоқанның рухани өсуіне орыс әдебиетінің мұғалімі ориенталист Н.Ф.Костылецкий, мәдениет тарихы курсын жүргізген айдаудағы ғалым Гонсевский, әдебиетші В.Т.Лободовский (Н.Г.Чернышевскийдің жас кезіндегі досы, кейін идеялас әріптесі) елеулі ықпал еткен.
Костылецкий арқалы 1852 жылы Шоқан мен И.Н.Березин арасындағы тікелей достық қатынас басталады. Березиннің тапсырмасы бойынша Шоқан Тоқтамыстың «Хан жарлығына» талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми жұмысы. 14-15 жасар Шоқанға мұғалімдері болашақ ғалым, зерттеуші деп қарайтын еді дейді Потанин.
Жас Шоқанның білімдарлығын, әсіресе Шығыс әдебиетін жақсы білетіндігін С.Ф.Дуров, Семенов-Тян-Шанский, Потанин; Н.М.Ядринцев жоғары бағалаған. «...жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Европаға ашқан терезе сықылды болды», - дейді Г.Н.Потанин.
1853 жылы Уәлиханов кадет корпусын 18 жасында бітіреді. Ол Омбыда әскери қызметқе қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-батыс аймағын басқаратын генерал-губернатор Г.Х.Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Екінші жағынан Батыс-Сібір өлкесінің Бас басқармасы оны айрықша тапсырмаларды орындайтын офицер етіп ұстайды. Қызметте Шоқан бюрократтық...мансапқор чиновниктері мен патша өкіметінің отаршылдық саясаты туғызған әділетсіздікке қарсы күресіп, олардан қысым көреді. Бұл туралы достарына – М.Ф.Достоевский, А.Н.Майков, В.Курочкин, К.К.Гутковскийге жазған хаттарында Омбыдан кетуді, тұған халқына пайдасы тиетін қызмет істеуді армандайтыны айтылған.
Ш.Уәлиханов адъютанттық қызмет атқара жүріп Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуге белсене араласады.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады.
1856 жылы Шоқан қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, фольклор нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.
1857 жылы тағы қырғыз еліне барады. Осы сапарында жинаған материалдарын ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстыққөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының батыс империясы және Құлжа қаласы» атты еңбектерінде пайдаланады. Бұл еңбектерді орыс ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы зерттеледі. Шоқан табиғатты және ел тұрмысын жазушылық шеберлікпен суреттеген. Орыс достары оны «Қазақтар туралы жазатын орыс әдебиетшісі» деп атаған.
Шоқан қырғыз халқының «Манас», «Семетей» туралы дастандарын аса құнды туындылар ретінде бағалаған. Шоқан «Манасты» даланың «Иллиадасы» тәрізді десе, «Семетей» жырын «Манастың» жалғасы. Бұл – қырғыздың «Одиссеясы» деген. «Манасты» бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған да Шоқан.
П.П.Семенов-Тян-Шанский өзінің Жетісу бойындағы зерттеулерін жүргізгенде Шоқанмен ақылдасып отырған. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы Шоқан орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне сайланды.
1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Қашқария мәліметтері Шоқанның дүние жүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болды.
Шоқан өмірімен ғылыми творчестволық қызметінің аса елеулі кезеңі – оның 1859 жылдың аяғында Петербургте болуы еді. Петербургте ол идеялық жағынан көп өсіп, әлеуметтік жағынан толысып қайтты. Денсаулығы нашарлап ол еліне қайтады. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады.
Шоқан өлімі оның сүйген қазақ халқына және орыс достарына өте ауыр тиді. Шоқан басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі зор. Орыстың географиялық қоғамы басып шағарған (1904) Шоқан
1 тур аяқталған соң, әділқазы алқасы бағаларын береді.
Таныстық қой арулармен бәріміз де
Келер сында сәттілік бәріңізге.
Білімдерін сынайтын уақыт жетті.
Тапқырлықты көрсетіңдер бәрімізге, - деп келесі турға да аяқ басайық.
Аруларды ортамызға шақырайық!
Қазір сіздерге сұрақтар қойылады, оған дұрыс жауап беруге тырысамыз. Ал,ендеше, бастаймыз.
1 – сұрақ: Абай қандай бес нәрсеге асық болу, қандай бес нәрседен қашық болу туралы айтты?
2 – сұрақ: «Қызға қырық үйден тыю» дегенді қалай түсінесіз?
3 – сұрақ: Қазақтың салт-дәстүрі бойынша қыздың тұрмысқа шыққанда және 1 жылдан соң киетін бас киімдері қалай аталады?
4 – сұрақ: Елдегі атақты арулар мен аналарды атаңыз!
5 – сұрақ: «Қыздың көркі – шаш» дегендей шаштың күтуінің негізгі жолдары.
6 – сұрақ: «Жеті қазынаны» атаңыз.
7 – сұрақ: Әлемнің жеті кереметін атаңыз.
8 – сұрақ: Қыз туралы 5 мақал айтыңыз.
9 – сұрақ: Қалың мал, әмеңгерлікке деген көзқарасыңыз қандай?
10 – сұрақ: Қазақтың ұлттық билері туралы не білесіз?
Бұл сайыс та аяқталды, арулардың ұпайларын берулеріңізді сұраймыз.
Айналмасын қайғы мен қапаға түн
Тежеу сала бермеңдер қыздарға тым.
Ару қыздар бойын жазсын табу үшін
Өмірдегі бар үмітін, бар мақсаты.
Аққуын айдың көлі қарсы алғандай
Көрген жан тілге келмей тамсанғандай.
Ару жүрсе – бақта қайың билегендей,
Ару жүрсе – бақта құстар ән салғандай.
Арудың өнерлісі керемет қой
Жаныңды жайдарлана жылытады.
Аққудың істер ісі бос емес қой
Ойыңды лезде түсініп, тез ұғады, - дей келе, келесі турға да жетіппіз.
Гүл де сендер ешкім таптап баспаған! – дей келе, сайысымызды бастаймыз.
Ортамызға кеуделерінде жеңіс туы атойлап тұрған сайыс иелерін шақырамыз. Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық!
Арулар есімдері аталып, біртіндеп шығады.
Армысыздар колледжіміздің әсем де, сұлу ару қыздары! Сіздер - өз құрдастарыңыздың арасынан топ жарып шығып, осы сынға түскелі тұрсыздар. Сіздердің қылымсыған қылықтарыңыз бен өнерлеріңізді сынай отырып, баға берер әділқазы алқасы бар, сол кісілермен таныс болыңыздар!
Әділқазы алқасымен таныстыру.
Ал, енді, осы сынның жоспарымен таныстырып өтейін.
Сайыс алты (6) бөлімнен тұрады:
1 тур. «Таныстыру». Әр ару өзін бейнелі де шешен сөздермен таныстырып өтеді.
2 тур. Сұрақ – жауап сайсы. Аруларға сұрақтар қойылады, дұрыс, әрі нақтыжауапқа байланысты бағалары беріледі.
3 тур. «Өз өнерін көрсету» деп аталады. Бұл бөлімде қазақ қыздарының бойына жиналған өнерлерін тамашалаймыз.
4 тур. «Сән үлгісі». Мұнда ең әдемі қазақтың ұлттық киімі мен ең көрікті шаш сән үлгісіне (прическа) бағаберіледі.
5 тур. «Үй тапсырмасы». Әр бір арудың үйден дайындап келген, өз қолымен жасалған қол өнер ісі болуы тиіс.
6 тур. «Дастархан мәзірі». Дастархан тке қана қазақтың ұлттық тағамдарымен сәнделуі тиіс. Соған байланысты бағасын береміз.
Мінекей, жоспармен да танысып болдық.
Үміті – ұлпа, жүрегі – мырза арманға
Қыздан көркем жан бар ма бұл жалғанда?
Дауыл соғып, қар басып қалмасыншы
Алғаш – алғаш, пәк сезім бүр жарғанда, - дей келе сынасқалы тұрған аруларға шын жүректен тек қана жеңіс тілейміз. Сәттілік! Ақ жол, сіздерге!
Ал енді, асқардай тым биік, тұңғиықтай терең, өзгеше сымбат, өмірдей қымбат аруларымызбен жеке танысатын да мезгіл жеткен сияқты.
1 тур. «Таныстыру».
Біртіндеп шақырылып, өздерін таныстырады.
шығармаларына жазған алғы сөзінде академик Н.И.Веселовский: «Шоқан Уәлиханов шығыстану әлемінде құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстын шығысты зерттеуші ғалымдары оны таңғажайып құбылыс деп түгел мойындап, түркі халқының тағдыры туралы онан маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті», - деп жазды.
1958 жылы Уәлихановтың Алтынмелдегі қабірі басына биік обелиск орнатылады. Кауфман қойғызған мәрмәр тас соның қабырғасына өріліп жымдастырылады.
1 – оқушы: Шоқан – географ.
Қазақстан , Орталық Азия жерінің географиялық тұрғыдан « Ақтаңдақ» күйінде екендігі 25 жастағы ғалымды ойлантады . Бұл туралы « Жоңғария очерктері» атты еңбегінде « Соңғы кезге белгісіз бір түнек басып тұрды . Ол Европа ғылымы үшін қай жағынан болса да жұмбақ сыр болып қалып отыр» деп жазды . Бұл жағдайда біз Шоқанның бойындағы табиғатқа , соның ішінде өз өлкесін танып – білуге деген қызығушылық , сүйіспеншілікті көреміз .
2 – оқушы: Шоқан – тілші .
Ғалым қазақ , қырғыз , ұйғыр , басқа да түркі тілдес тілдерді жете білген , бала кезінен – ақ араб , парсы , тілдерін меңгерген , кейінірек монғол , қалмақ , қытай тілдеріне байланысты арнаулы ізденістер жүргізген .
3 – оқушы: Шоқан – суретші .
Оның қылқаламынан шыққан « Автопортрет» , « Қашқариялық келіншек» сияқты 150 - ден астам көркем суреттерін білеміз .
4 – оқушы; Шоқан – ойшыл .
« Халықтың кемеліне еліп өркендеу үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деген пікірі оның ойшылдығын дәлелдейді .
5 – оқушы: шоқан – этнограф ғалым.
Саяхаттарында халықтардың тарихы , әдет – ғұрптары , мәдениеті , фольклорын зерттейді . бұл салада жазған « Қырғыздар туралы жазбалар» , « Қазақ шежіресі» , « Қырғыз халқы туралы жырлар» атты еңбектері бар .
6 – оқушы: Шоқан – зерттеуші ғалым .
Оның көпке мәлім еңбектерінің ішінде ең көлемді дегендерін атап өтейін : « Абылай» , « Жоңғария очерктері» ,
« Көкетай ханның өлімі» , « Алты шаһардың хал – жайы» .
7 – оқушы: Шоқан – ағартушы .
Шоқан өз дәуіріндегі талантты , орыс прогресшіл ғылымы мен әдебиеті , мәдениеті дәстүрінде тәрбие алған және әр алуан ғылым саласын алғаш рет зерттеген адам . Сондай – ақ, қазақтың әдебиеті мен мәдениетін алғаш танытушы .
8 – оқушы: Шоқан – саяхатшы .
Европа еліне Қашқарияны тұңғыш танытқан . Оның өмірінде « Ыстық көл сапары» , « Қашқария саяхаты» , «Петербург сапары» өте маңызды болды .
9 – оқушы: Шоқан – тарихшы .
« Сібір тарихынан хаттар» еңбегі , сондай – ақ , қазақ – қырғыз халықтары мәдениеті , әдебиеті , фольклоры туралы ғылыми пікірлер жазған .
10 – оқушы: Шоқан – дінтанушы .
« Елдегі мұсылмандық туралы» , « Шаман дінінің қазақтар арасындағы қалдықтары» атты еңбектерінде дінтанушылық сипаттары көрінеді .
4.Шоқан туралы оның достарының , ұлы ғұламалардың ойларын ортаға салайық . Кезектегі бөлім « Шоқан туралы ұлылардың ойлары» деп аталады .
-
« Ш. Уәлиханов – аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан аяулы ғалым» (В.И.Веселовский)
-
« Мен үшін бұл жердегі қазақ пен қырғыз әдет – ғұрпының аса білгірлері Сұлтан Уәлиханов пен тілмаш Бардагиевтің берген мәліметтері аса пайдалы болды» ( Тянь-Шанский)
Орта жүзден шыққан қазақ , қазақтың соңғы ханы Уәлидің немересі және Шыңғыс ханның ұрпағы атақты Абылай
Бізде оқып, білім алып жатқандар негізінен ауыл қыздары. Ауылдағы ең қажетті, әрі қасиетті шаңырақ, бар қазақтың алтын бесігі-мектеп. Сондықтан да қазақ халқының алтын бесігі-ұлттық мектептерге маман дайындау-біздің институт ұжымы үшін өрелі, әрі қастерлі міндет. Ұлы даланың дана қыздарының бүгінгі жас ұрпағы елдіктің ұраншысы және инабатқа толы өқмірдің қозғаушы күші болса екен дейміз. Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады.Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ.
Өзіміз аталмыш жастардың біреуі бола отырып, жастардан жиіркенуге шақырудан аулақпыз. Күнделікті жол үстінде тіл мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апай-сіңілдерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау-уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!
Сабақтың тақырыбы. «Қыз өссе – елдің көркі».
Армысыздар құрметті аяулы да ардақты ұстаздар мен сынға түсер әсем әрі сұлу қыздар! Бүгінгі «Қыз өссе – елдің көркі» атты арулар сайысына қош келдіңіздер!
Қазақ халқы осы күнге дейін көңілдері пәк, аяулы қыздардыаялап келген емес пе? Қыз атаулыны неге теңесек те, оның бойынан сол теңеуге татитындай, асыл маржандай дүние табылады. Мұндай арулар өзіміз білім алып жатырған колледжімізде аз емес.
Гүлдей ажары көрікті, көңілдері кіршіксіз, түндей сыры сақталған, бойында ізгілік қасиеті жиылған, айдай қасы қиылған, күлкісі – бұлақ, көздері – жұлдыз, тілі – бал, аққудай таранып, бұралған, би десе билейтін, ән десе құйқылжытып ән салар, бұрымы ұзын аруларымыздың өнерлерін бүгінгі күні сынағалы тұрмыз.
Қазақ қызы қандай әсем өмірде?
Күн де – сендер, жүректегі асқақ ән,
Жыр да – сендер, жамандықты жасқаған.
Дүниенің арулары өздеріңнен аспаған
инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан етіп жаратқанына мән бермейді. «Жастықтың өзі жастығымен әдемі» дегендей, жас қыздардың өздері-ақ қырдың қызыл гүліндей әсем ғой. Табиғат берген көрік пен сымбаттан артық не бар. Қыздардың ішінде ұрлық жасайтындар мен шылым шегіп, арақ ішетіндер де кезігеді. Демалыс сабақтарынан шашын дудыратып ұйыстырған, ұнамсыз ерсі киім киіп, аяғын бірінің үстіне бірін салып, темекі түтінін құмарлана жұтып отырған сылқым бикештерді жиі жолықтыруға болады. Қастарында отырған адамдардан именбейді. Ал, енді осыны көрген жас қыздарымыздың бұларға еліктемесіне кім кепіл? Кейде аялдамадан кейбір қыздарымыздың үлкен бар, кіші бар-ау деп қымсынбай жігіттермен құшақтасып, сүйісіп тұрғанын көргенде шыдамай төмен қарайсың. Ардақтауды, мәпелеуді, құпиялықты қалайтын махаббат атты құдіретті аяққа таптау емес пе бұл? Әрине, мұндай көргенсіздіктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ ең бастысы тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас. Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы. Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба?-деп, қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымыздыжоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама?
Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Сондықтан барлық жоғары оқу орындарында қыз тәрбиесіне арналған арнаулы курс жүргізілсе, бұл ұлттық маңызы бар оқиға болар еді деп ойлаймын. Мұны Білім және ғылым министрлігі ойланса екен. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет.
-
ханның шөбересі , керемет дарын иесі Ш. Уәлиханов» (Т.Н.Потанин)
Қорытынды Қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі болған Шоқан өмірі мен қызметі барлық адамзат үшін үлгі өнеге. Небары 30 жылдық ғұмырында халқы үшін терең сыйлық, қазына қалдырды. Ендеше осындай ұлы бар елдің шоқтығы биік. Біздің балалар осы істі жалғастырушы, қазақ халқын әлемге танытушы болуға тиіс.
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты».
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
1. Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.
-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.
Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.
Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.
Магнитофоннан тыңдау:
1. денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу. Тамақтың берекесі де осында.
2. Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3. Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.
(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.
1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.
1- топ «Денсаулық»
Ұраны: «Денсаулық –зор байлық».
2- топ «Салауат»
Ұраны: «Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»
2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:
І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.
ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ: Денсаулықты нығайту жолдары.
тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер-бойыңды»-деп, Абай атамыз айтқандай мемлекеттік тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім, тәрбие бар. Осы орайда-болашақ сүйікті жар, ардақты ана-қыз баланың алар орны ерекше. Негізінен ұлттық сипаты бар тәрбиенің негізі-ауыл. Ал ауыл жастары қалаға келе тілдерін бұза сөйлегеннен бастап, ұлттық сипаты бар тәрбиеден аулақтай бастады. Осыдан бастап өзгергенде бейне бір жарнамалық заманмен жарысқа түскендей. Ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мысалға, қыз балалардың бір-біріне қазақша «сәлеметсізбе» деп амандасуының өзі «мамбетка», «мамбет» деп, қорлайды. Бірақ, бұған кімді кінәлаймыз? Соқыр желді айдаумен бірдей ғой. «Қасқырдың аяғы асырайды» демекші, қазіргі заманымыз жанталас заманына айналды.
Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш қалдыратын киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің
жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.
«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта.Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру өсіру гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.
Қазақ қыздары ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбиемен өсті. Олардың отбасынан алған бар тәрбиесі жақсы келін болу ғана еді. Одан өзге ешқандай мамандықтары болған жоқ. Жан-жақты білім беретін, әртүрлі мамандықтарға үйрететін, өз бойындағы өнерін өрістететін мемлекеттік тәрбие алуға қазақ қыздарының қолы XX ғасырдың орта кезінде ғана жетті. 1944 жылы Алматыда қазақ қыздарына арналған Мемлекеттік педагогикалық институт ашылған. Бұл институт өз қыздарын жақсы келін болуға ғана емес, әр саладағы жақсы мамандар болуға тәрбиеледі.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ-тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Алдағы мақсат-дамыған елу елдің қатарына ену. Ал қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт талабы-жарнамалық технология. Сондықтан қоғам уақыт талабына сай өмір сүру үшін, заман, адамдардың жеке тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық сана-сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды қажет еткендей. Қазақ халқы ежелден келе жатқан мәдени мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін алғастырып келеді. Осы байлықты нарықты заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек. Ең басты мәселе адам
2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер.
1- топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)
2- топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)
IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды.
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді.
1-оқушы:
Жымысқы жау- арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.
VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.
VII Қорытынды:
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.
Сабақтың тақырыбы. Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру барысында зиянды заттар мен әдеттердің ағзаға тигізетін әсерін ұғындыру. денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу
Дамытушылық: Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Денсаулық сақтауға, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдептілікке баулу, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:топтық, ұжымдық,
Әдісі:Сұрақ-жауап, көрнекілік әдістер, ойнау әдісі, талдау-жинақтау, сахналау.
Пән аралық байланыстар: жаратылыстану, экология, валеология, музыка, дене шынықтыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактив такта, тірек сызбасы сызылған суреттер, кодоскоп, бейне көрініс, тақтаға әр түрлі нақыл сөздер, зиянды тағамдар
Сабақтың барысы:
Түрі:сайыс сабағы
да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді-тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса- ат көп, абысын тату болса-ас көп»,-деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.
Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі .Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, радио мен теледидар, газет-журнал, кітаптар мен кинолар, барлар мен дискотекалар жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде. Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал
Сабақ жоспары:
1. Денсаулық ұғыми
2. Әр топ өз тобын таныстырады.
3. Денсаулық туралы жырлар
4.. Маман кеңесі.
5. Сергіту сәті.(ән, би)
6 . Жұмбақ шешу, Мақал-мәтел айту
7. Зиянды әдет – мың бір әдет.
8.қорытынды
Сынып оқушылар 3 топқа бөлінеді. ( сыныпта отырған қатарларымен)
1 топ. «Табиғи күш» тобы
2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы
3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы
Денсаулық – зор байлық және адам денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек туралы түсіндірілді.
2. Әр топ өз топтарын таныстырады.
Жас ақын
Жарысымыздың үшінші кезеңі "Жас ақын”, оқушыларымыздың шығармаларын айтты..
ІІ. Маман кеңесі.
Әр топқа газды сусын, сағыз, чипсидітамақ ретінде қолдануға бола ма?(суреттері беріледі дәрігер болып жауап қайтару керек)
ІІІ. Сергіту сәті.
- Әйгілі «Қаражорға» биін билейік.Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық.
Би «Қара жорға»
Төртінші кезеңі Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп ата-бабаларымыз айтып кеткендей атадан қалған асыл сөздер мен мақал-мәтелдерден жарыс өткізіледі.
ҮІ. Мақал-мәтел айту.
Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:
Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
Отанымыздың келешегі, көркеюі, оқушылар, сендердің қолдарыңда. Сондықтан сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтау! Олай болса бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» екендігін дәлелдей алдық дейді.
Жаны сұлу, тәні сау ұрпақ саған аманат еткен тәуелсіз мемлекетіміздің алтын кілтін жоғалтпай, көк туын көкке қарай биік көтер!
ҮІІ. Қорытынды:
Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,
Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.
Болашақтың жарқын тұрған төріне
Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз
Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.
Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.
Салауатты өмір салты
Достарыңызбен бөлісу: |