Дәріс бойынша меңгерілетін негізгі терминдер мен ұғымдар тізімі:
Сепир-Уорф болжамы – бұл болжам «Лингвистикалық ықтимал болжамы» деген атау алған. Болжамның авторлары – америкалық этнолингвистер әрі үндіс тілдерінің мамандары Эдуард Сепир мен Бенджамин Уорф (ХХ ғ.). Бұл болжамға сәйкес түрлі тілдерді иеленуші адамдар әлемді өздерінше әр қилы көреді, демек, әр тілге өзіндік ойлау логикасы тән. Түрлі тілдердегі таңбалар – бұл сол бір ғана нәрсенің әр түрлі белгіленуі емес, оның түрліше көрінуі. Олар бұл ойларын дәлелдеуде түрлі тілдердегі түр-түсті белгілейтін сөздерді мысалға келтіреді. Кейбір африкалық тайпаларда түр-түсті белгілеуде тек екі сөздің бар екені алға тартылады: бірі «жылы» түстерді (қызыл, сары), ал екіншісі – «суық» түстерді (көгілдір, күлгін, жасыл) белгілеуге арналған. «Лингвистикалық ықтимал болжамы» авторларының айтуларынша, әр халық әлемді өз тілдерінің шектігінде ғана таниды. Егер оның тілінде қайсыбір ұғымға байланысты сөз жоқ болса, онда оның сол ұғым туралы түсінігі де жоқ.
Стереотип – лингвомәдени қауымның қоршаған ортамен қарым-қатынасы үдерісінде қайсыбір объектінің қасиеттері тұрғысындағы тілдік формада стандартталған тұжырымы. Объективті шындық немесе оның бөліктері тұрғысындағы С. лингвомәдени қауымға ортақ болуына орай, стандарт ассоциация тудырады. Мысалы, құмырсқа – «еңбекқор», есек – «арам, қырсық». С. жүйеленген, стандартталған немесе схемаға түскен әлем бейнесі я оның кейбір объектілері ретінде адамның оны қабылдауын, тануын жеңілдетеді. Түрлі ғылым салаларында С-дің бірнеше түрлері ажыратылады: әлеуметтік с., тілдік қарым-қатынас с., менталды с., этномәдени с.
№ 12 СЕМИНАР
Тақырып: Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті.
1. Тіл құрылысының жалпы заңдылықтары және жекелеген тілдердің мазмұн жоспарындағы жалпы және жеке даму ерекшеліктері.
2. Cалыстырмалы тіл теориясы және семантикалық әмбебаптар тұрғысындағы лингвистикалық семантика тұжырымдамалары.
3. Түрлі тілдердегі тілдік бірліктер мазмұн-мағынасындағы ұқсастықтар -эквиваленттілік және –формасындағы ұқсастықтар –конгруэнттілігі туралы.
4. В.фон Гумбольдттың тіл мен ұлт рухының теңдестігі туралы теориясы және Сепир–Уорф лингвистикалық ықтимал болжамы.
Әдебиеттер:
1. Сулейменова Э. Д. Смысл как когнитивно-инвариантное основание контрастивного сопоставления // Казахский и руский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. с. 14-29.
2. Гумбольдт В. О разлеичении строения человеческих языков и его влияние на духовное развитие человека // Гумбольдт В. Избранные труды по языкознанию. М., ОАО НГ “Прогресс”, 2000. – 400 c.
3. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. А, 2004. (докторлық диссертация).
№12 СӨЖ. Метафораның когнитивтік теориясы. Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты.
№13 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |