«Алматы облысы білім басқармасының Балқаш ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Бозжанов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2022-2023 оқу жылының қыркүйек айындағы оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы туралы
анықтама
«Н.Бозжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің 2022-2023 оқу жылында оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтылуы 2- қыркүйектен басталды. Оқушылардың тегін тамақпен қамтылуына мына категориядағы балалар жатада; көпбалалы жанүялардан күн көріс жағдайы төмен, жетім, азқамтылған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушылар кірді.
Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен медбикелердің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар аз қамтылған отбасылардың балалары тамақтандырылады. Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамту 41 %, ал орта буын және жоғары сыныптарда 14 % құрайды. Бір реттік ыстық тамақ құны 375 теңгені құрайды.
Мектепте ата-аналармен жүйелі жұмыс жүргізіледі: ата-аналар жиналыстарында балаларды ыстық тамақпен қамту қажеттілігі түсіндірілді.
Бүгінгі танда жалпы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен тамақтанатын оқушылар саны-52. Барлық 52 оқушы жалпы білім беру қорынан тамақтанады. Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын анықтама, сынып жетекшісі мен әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасын тексеру актісі) негізінде қабылданды.
Тегін тамақты келесі санаттарға жататын отбасылардың балалары алады:
1) көпбалалы отбасынан шыққан балалар-22;
2) аз қамтылған отбасынан шыққан балалар – 16;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балалар - 1;
4) төртінші санатқа (өзге де санаттарына) жататын отбасылардан шыққан балалар – 13.
Барлық оқушылардың тамақпен қамтылуына басты назар аударып, яғни тегін тамақтанатын көпбалалы жанұялардан, азқамтылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетіліп оқушылар толық ыстық тамақ ішуіне көңіл бөлінді. Ыстық тамақты ұйымдастыруға тікелей жауап беретін әлеуметтік педагог. Тамақтарды тасымалдау, даярлау кезінде белгіленген санитарлық – гигиеналық нормаларды сақтау асхананы жалға алушы кәсіпкер және аспаз жауап береді.
Әлеуметтік педагог: Абылхапова Р.С.
Достарыңызбен бөлісу: |