Техникалық тапсырма 3-компонент«Жобаны басқару, мониторинг және бағалау»



Дата09.06.2016
өлшемі134.8 Kb.
#124198


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму

министрінің

бұйрығымен бекітілген

2016 жылғы «___» ___________


Техникалық тапсырма

3-компонент«Жобаны басқару, мониторинг және бағалау»

3.1-кіші компонент «Операциялық шығыстар, тауарлар, қызметтер»
Сатып алу бойынша маман
Кіріспе

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ДСӘДМ) мақсаты жұмыспен қамту және нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласында нәтижелерді жақсарту мен техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру мекемелерінде даярлау және оқыту бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылатын «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын(бұдан әрі – Жоба) іске асырады.


Тапсырманың мақсаты

Осы тапсырманың басты мақсаты – Қарыз туралы келісімде,Дүниежүзілік банктің Сатып алу бойынша нұсқауында және Дүниежүзілік банк Қарызгерлерінің Консультанттарды іріктеу және жалдау бойынша нұсқауында көрсетілген талаптар мен рәсімдерге сәйкес Жобаның шеңберінде сатып алуды жүргізу кезінде ДСӘДМ-нің Жобаны басқару тобына (ЖБТ) жәрдемдесу.


Жұмыс көлемі

Сатып алу бойынша маманның негізгі міндеті Қарыз туралы келісімде белгіленген Дүниежүзілік банктің сатып алу қағидалары мен рәсімдеріне сәйкес сатып алу процесін басқару болып табылады. Сатып алу бойынша маман сатып алу процесін, сатып алу жоспарларын, конкурстық құжаттаманы құрастыруды, консультанттармен, өнім берушілерменкеліссөздержүргізуді үйлестіреді және тауарлар мен қызметтерді жеткізуге келісімшарттарды әкімшілендіру процесін басқарады.


Сатып алу бойынша маманның нақты міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігітөмендегілерді қамтиды, бірақ олармен шектелмейді:

  1. Жобаның шеңберінде сатып алуды үйлестіру, сатып алудың егжей-тегжейлі жоспарларын дайындау мен жаңарту және, жалпы алғанда, сатып алу бойынша іс-шараларды жоспарлау;

  2. Сатып алу туралы жалпы хабарламаның(СЖХ) жобасын дайындау, қажетті келісімді алу және оны United Nations Development Business-те (UNDB online) жариялау;

  3. Сатып алу туралы арнайы хабарлама (САХ) мен қызығушылықтаныту туралы сұранысты дайындау және республикалық газеттерде, сонымен қатар Дүниежүзілік банктің рәсімдеріне сәйкес UNDB мен dgMarket-те жариялауды ұйымдастыру;

  4. конкурстық сауданың әрбір процесінде қолданылатынсатып алу туралы іс-шаралардың (қадамдардың)егжей-тегжейлі кестесін дайындау;

  5. Дүниежүзілік банктің стандартты конкурстық құжаттамасының (СКҚ) негізінде конкурстық ұсыныстарды беруге сұранысты және конкурстық құжаттаманы және Сатып алу жоспарына сәйкес конкурстық ұсыныстарды беруге стандартты сұранысты (КҰБСС) дайындау;

  6. ЖБТ техникалық персоналына техникалық ерекшеліктерді дайындауға (сатып алу рәсімдерінің аспектілерін ескере отырып) және сатып алуға қажетті тауарлар мен қызметтерді бағалаудың біліктілік критерийлерін әзірлеуге жәрдемдесу;

  7. сатып алу процесін басқару (құжаттарды дайындаудан бастап келісімшарт аяқталғанға дейін);

  8. тендер қатысушыларынан ЖБТ-да алынған сұраныстарға жауаптарды және/немесе түсініктемелерді дайындау;

  9. конкурстық ұсыныстарды ашу жөніндегі отырыстарды үйлестіру, ашу хаттамаларын дайындау және Дүниежүзілік банктің стандартты бағалау нысанын пайдалана отырып, Тендерлік ұсыныстарды бағалау жөніндегі комитетмүшелерінің қолдарын жинау және Дүниежүзілік банкке хаттаманы өз уақытында жіберу;

  10. конкурстық құжаттамада (немесе конкурстық ұсыныстарды беруге сұраныста) көрсетілген критерийлерді қатаң сақтай отырып, конкурстық ұсыныстарды бағалауды жүргізуді қамтамасыз ету және Дүниежүзілік банктің нысандарын пайдалана отырып, конкурстық ұсыныстарды бағалау жөнінде есептерді дайындау;

  11. келісімшарттарға қол қоюға қажетті мақұлдауларды алу және қол қою үшін қорытынды келісімшартты дайындау;

  12. тауарлар мен қызметтерді сатып алуға келісімшарттарға қол қоюды ұйымдастыру;

  13. келісімшарттың орындалуына және орындалуын реттеуге, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуге келісімшарттардың шеңберінде төлемдік құжаттарды тексеруге және келісімшартты жабу рәсімін жүргізу мен қорытынды есеп беруге ықпал ету;

  14. Дүниежүзілік банктің талаптарынасәйкесберілген келісімшарттар туралы ақпаратты жариялау;

  15. Дүниежүзілік банкке алдын ала қарауға жатпайтын сатып алуды шолулардың постфактумын жүргізуге жәрдемдесу;

  16. сатып алу мониторингі жүйесін белгілеу және жүргізу (компьютерленген дерекқор), сатып алу жоспарының кестесін орындауға және оны іске асыру барысына мониторинг жүргізу;

  17. сатып алу құжаттарын тіркеудің тиісті жүйесін жүргізу (электрондық және басылым форматында);

  18. ұсынылған тауарлар мен қызметтерге инспекциялық қарауөткізуге жәрдемдесу;

  19. шеттетілген фирмалар мен кейбір тұлғаларға (шеттетілген фирмалар менкейбіртұлғалардыңтізбесіДүниежүзілікбанктіңwww.worldbank.org/debarr веб-сайтында жарияланған) конкурстық саудаларға қатысуына немесе келісімшартты алуға рұқсат берілмеуін қамтамасыз ету;

  20. сатып алу процесіне тартылған жоба персоналының мүдделер шиеленісінің болмауын қамтамасыз ету;

  21. қажетті хаттама мен жазбаларды жүргізуді, Дүниежүзілік банктің хабарламасын және есептерді дайындауды қоса алғанда, сатып алу процесі кезіндегі арыздарды талдауға жәрдемдесу;

  22. сатып алу қызметі саласындағы іс-шаралар бойынша бірінші есеп беру тұлғасы ретінде жобаның Басшы-үйлестірушісіне тікелей есеп беру;

  23. өнім берушілер мен орындаушылардан, мердігерлерден тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыру;

  24. өнім берушімен, жеткізілетін тауарлардың, басқа ресурстар мен қызметтер түрлерінің саны мен сапасын қосқанда, шарттағы міндеттемелердің орындалуына бақылау жасау;

  25. өнім берушілер мен орындаушыларшарт міндеттемелерін бұзған жағдайда, оларғақатысты шағымдар бойыншаматериалдардайындау;

  26. өнім берушілермен жасалған шарт талаптарының өзгерістерін келісу;

  27. Жобаның шеңберінде сатып алынатын тауарларға, қызметтерге, жұмыстарға бағалардың мониторингін жүргізу;

  28. барлық анықталған кемшіліктер жайлы жобаныңБасшы-үйлестірушісінуақтылыхабардар ету;

  29. осы нұсқаулықпен көзделген міндеттерге байланысты жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстаренгізу;

  30. консультант өзінің негізгі міндетіне кіретін техникалық мәселелермен байланысты ДСӘДМ, БҒМ және ҰКП қызметкерлерінің әлеуетін жетілдіруге жауапты. Консультант өзінің басшысына осы мәселе бойынша өзінің міндетінің бір бөлігі ретінде үнемі есеп беріп отыруға тиіс;

  31. сатып алу бойынша қызмет нәтижелерінің сапасы, уақтылығы мен дәйектілігі үшін, құжаттаманы сапалы жүргізу үшін жауапты болу;

  32. қажет болған жағдайда басқа міндеттерді орындау.


Біліктіліккеқойылатынталаптар:

  1. жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім(бизнес, заң, қаржы, инженерлік ғылымдарсаласындағы магистр дәрежесінің немесе эквиваленттің болуы);

  2. халықаралық конкурстық сауда саласында кемінде 2 (екі) жылжұмыс тәжірибесі, сатып алу қызметін жоспарлау және тендерлік құжаттаманы дайындау саласындағы жұмыс тәжірибесі;

  3. әртүрлі конкурстық құжаттарды дайындауда жұмыс тәжірибесін қоса алғанда, Дүниежүзілік банктің немесе басқа халықаралық ұйымдардың сатып алу қағидалары мен рәсімдері бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі мен білімінің болуы;

  4. пайдаланушы деңгейінде компьютермен жұмыс істеу дағдылары (MS Office, Internet Explorer);

  5. іскерлік қарым-қатынаспен хат алмасудағдылары, презентациялық дағдылар;

  6. ағылшын тілін ауызша және жазбаша еркін меңгеруі құпталады.


Есептерді дайындау:

    1. сатып алубойынша маманжобаның Басшы-үйлестірушісіне есеп береді және оның жалпы басшылығымен жұмыс істейді;

    2. тапсырманы орындау кезінде сатып алубойынша маман ЖБТ персоналымен, Жобаның жұмыс комитеті мүшелерімен және Дүниежүзілік банктің жобалық командасымен кеңесіп, тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.


Келісімшарттың ұзақтығы:

Келісімшарттың ұзақтығы 6 (алты) айсынақ мерзімімен 3 (үш) жылды құрайды.

Техникалық тапсырмаға ДСӘДМ мен Дүниежүзілік банктің келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Қазақстанның басқа өңірлеріне мен шетелге Жобаның қызметіне қатысты мәселелер бойынша іссапарға жіберілуімүмкін.

Сатып алу бойынша маман тапсырманы орындау үшін компьютері, телефоны, Интернеті мен электрондық поштасы барАстана қаласындағы ЖБТ офисінде орналасатын болады.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму вице-министрімен

бекітілді

Б.Б. Нұрымбетов

2016 жылғы «____» __________

__________________


Техникалық тапсырма

3-компонент. «Жобаны басқару, мониторингтеу және бағалау»

3.1.-кіші компоненті «Операциялық шығыстар, тауарлар, қызметтер»
Ағылшын-орыс тілдерінің аудармашысы
Кіріспе

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады, оның мақсаты мақсаттық бенефициарлардың жұмысбастылығы мен еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерін жақсарту және техникалық және кәсіби, сондай-ақ жоғары білім мекемелерінде даярлау және оқыту бағдарламасының өзектілігін арттыру болып табылады.
Тапсырманың мақсаты

Әр түрлі материалдар мен құжаттарды, оның ішінде жарияланымдар, бұйрықтар, хаттар, брошюралар, пресс-релиздер мен есептерді ағылшын тілінен орыс тіліне және кері аудару (ауызша және жазбаша).


Жұмыс көлемі

Консультант мына тапсырмаларды орындайды деп күтілуде:

a) Ағылшын тілінен орыс тіліне және керісінше нақты аударма (ауызша және жазбаша) дайындайды. Нақты мазмұнының ішіне, түпнұсқадан ауытқуы жоқ екендігін куәландыратын, құрамындағы мәтіндердің, фактілердің және сандардың толық салыстыруы, сондай-ақ барлық ескертулер және/немесе соңындағы сілтемелердің аудармасы мен оқылымдығы, орыс тілінде сәйкес терминологиямен байланысты аудармасы кіреді;

b) Өте бай сөз қоры, жазу тәртібі, мәнерлілік пен грамматикасы, сәйкес терминологиясы бар, түпнұсқа мәтінінің стилі мен нюанстарын ескере отырып, ағылшын және орыс тілдеріне үздік, оқылымды және дұрыс аударманы (ауызша және жазбаша) қамтамасыз ету;

c) Ұсынылып отырған мәтінде ешбір типографиялық қате жіберілмегендігіне кепілдік бере отырып, сапалы және дұрыс аударманы (ауызша және жазбаша) қамтамасыз ету.
Ағылшын-орыс тілдері аудармашысының нақты міндеттеріне, құқықтарына және жауапкершілігіне мыналар жатады, бірақ онымен шектелмейді:


    1. Жоба бойынша құжаттамалардың орыс тілінен ағылшын тіліне және кері аудармасын қамтамасыз етеді;

    2. Ағылшын тілде сөйлейтін мамандармен, сарапшылармен, консультанттармен және менеджерлермен келіссөз жүргізу барысында ауызша ілеспелі аударма жасау;

    3. Дүниежүзілік банкінің сапары жүргізу барысында міндетті түрде ауызша ілеспелі аударма жасау;

    4. Қажет болса, басқа да міндеттерді атқару.


Мамандыққа қойылатын талаптар:

  1. Лингвистика саласындағы (шетел тілі, шетел филологиясы, аударма ісі, ағылшын тілінің оқытушысы, шетел тілінің аудармашысы немесе оның баламасы мамандықтары бойынша) жоғары кәсіби білім;

  2. Ағылшын және орыс тілдерін өте жақсы білу;

  3. Ағылшын/орыс тілдерінің аудармашысы лауазымында кем дегенде 3 жыл дәлелденген жұмыс тәжірибесі;

  4. Халықаралық ұйымдарда/елшіліктерде/ дипломатиялық тапсырмаларда жұмыс тәжірибесі басымдылық болады;

  5. Коммуникативтік дағдылар, сауатты жазу шеберлігі;

  6. ДК/АТ (мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдейтін стандарттық бағдарламалық құралдар, оның ішінде MS Project) тәжірибели пайдаланушы;

  7. Ұйымдастырушылық техникада (көшіру аппараты, факс, сканер және т.б.) жұмыс істеу икемі;

  8. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде топта жұмыс істеу қабілеті.


Есептерді дайындау:

    1. Ағылшын-орыс тілдерінің аудармашысы жобаның Басшысы-Үйлестірушісіне есеп береді және оның жалпы басшылығымен жұмыс істейді;

    2. Ағылшын-орыс тілдерінің аудармашысы тапсырма орындау барысында ЖБТ персоналымен, Жобаның Жұмыс комитеті мүшелерімен және Дүниежүзілік банктің жобалық тобымен және өзге де тұлғалар, ұйымдармен тығыз жұмыс істейді және олардан кеңес алады.


Келісімшарттың ұзақтығы:

Келісімшарттың ұзақтығы 3 (үш) жылды құрайды, сынақ мерзімі 6 (алты) айға дейін.

Техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар Дүниежүзілік банктің келісуімен енгізіледі.

Жоба қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан өңірлеріне және шет елдерге іссапарға жіберілу мүмкіндігі.

Ағылшын-орыс тілдерінің аудармашысы, тапсырманы орындау үшін компьютер, телефон, интернет және электрондық поштаға қолжетімді жерде, Астана қаласының ЖБТ офисінде орналасады.

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму вице-министрімен

бекітілді

Б.Б. Нұрымбетов

2016 жылғы «____» __________

__________________


Техникалық тапсырма

3-компонент. «Жобаны басқару, мониторингтеу және бағалау»

3.1.-кіші компоненті «Операциялық шығыстар, тауарлар, қызметтер»
Қазақ-орыс тілдерінің аудармашысы
Кіріспе

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – ҚР ДСӘДМ) «Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асырады, оның мақсаты мақсаттық бенефициарлардың жұмысбастылығы мен еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерін жақсарту және техникалық және кәсіби, сондай-ақ жоғары білім мекемелерінде даярлау және оқыту бағдарламасының өзектілігін арттыру болып табылады.
Тапсырманың мақсаты

Әр түрлі материалдар мен құжаттарды, оның ішінде жарияланымдар, бұйрықтар, хаттар, брошюралар, пресс-релиздер мен есептерді қазақ тілінен орыс тіліне және кері аудару (ауызша және жазбаша).


Жұмыс көлемі

Консультант мына тапсырмаларды орындайды деп күтілуде:

a) Қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше нақты аударма (ауызша және жазбаша) дайындайды. Нақты мазмұнының ішіне, түпнұсқадан ауытқуы жоқ екендігін куәландыратын, құрамындағы мәтіндердің, фактілердің және сандардың толық салыстыруы, сондай-ақ барлық ескертулер және/немесе соңындағы сілтемелердің аудармасы мен оқылымдығы, орыс тілінде сәйкес терминологиямен байланысты аудармасы кіреді;

b) Өте бай сөз қоры, жазу тәртібі, мәнерлілік пен грамматикасы, сәйкес терминологиясы бар, түпнұсқа мәтінінің стилі мен нюанстарын ескере отырып, қазақ және орыс тілдеріне үздік, оқылымды және дұрыс аударманы (ауызша және жазбаша) қамтамасыз ету;

c) Ұсынылып отырған мәтінде ешбір типографиялық қате жіберілмегендігіне кепілдік бере отырып, сапалы және дұрыс аударманы (ауызша және жазбаша) қамтамасыз ету.
Қазақ-орыс тілдері аудармашысының нақты міндеттеріне, құқықтарына және жауапкершілігіне мыналар жатады, бірақ онымен шектелмейді:


  1. Жоба бойынша құжаттамалардың орыс тілінен қазақ тіліне және кері аудармасын қамтамасыз етеді;

  2. Жоба бойынша ағымдағы құжаттамаларды Мемлекеттік тілді дамыту басқармасымен немесе оның мирасқорымен соңына дейін аяқтау және келісу;

  3. Қажет болса, басқа да міндеттерді атқару.


Мамандыққа қойылатын талаптар:

  1. Лингвистика саласындағы (қазақ тілі, қазақ филологиясы, аударма ісі, қазақ тілі және қазақ әдебиетінің оқытушысы, шетел тілдерінің аудармашысы немесе оның баламасы мамандықтары бойынша) жоғары кәсіби білім;

  2. Қазақ және орыс тілдерін өте жақсы білу;

  3. Қазақ/орыс тілдерінің аудармашысы лауазымында кем дегенде 3 жыл дәлелденген жұмыс тәжірибесі;

  4. Халықаралық ұйымдарда/елшіліктерде/ дипломатиялық тапсырмаларда жұмыс тәжірибесі басымдылық болады;

  5. Коммуникативтік дағдылар, жазу шеберлігі;

  6. ДК/АТ (мәтіндер мен электрондық кестелерді өңдейтін стандарттық бағдарламалық құралдар, оның ішінде MS Project) тәжірибели пайдаланушы;

  7. Ұйымдастырушылық техникада (көшіру аппараты, факс, сканер және т.б.) жұмыс істеу икемі;

  8. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде топта жұмыс істеу қабілеті.


Есептерді дайындау:

  1. Қазақ-орыс тілдерінің аудармашысы жобаның Басшысы-Үйлестірушісіне есеп береді және оның жалпы басшылығымен жұмыс істейді;

  2. Қазақ-орыс тілдерінің аудармашысы тапсырма орындау барысында ЖБТ персоналымен, Жобаның Жұмыс комитеті мүшелерімен және Дүниежүзілік банктің жобалық тобымен және өзге де тұлғалар, ұйымдармен тығыз жұмыс істейді және олардан кеңес алады.


Келісімшарттың ұзақтығы:

Келісімшарттың ұзақтығы 3 (үш) жылды құрайды, сынақ мерзімі 6 (алты) айға дейін.

Техникалық тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар Дүниежүзілік банктің келісуімен енгізіледі.

Жоба қызметіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан өңірлеріне және шет елдерге іссапарға жіберілу мүмкіндігі.



Қазақ-орыс тілдерінің аудармашысы, тапсырманы орындау үшін компьютер, телефон, интернет және электрондық поштаға қолжетімді жерде, Астана қаласының ЖБТ офисінде орналасады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет