Техногендік қалдықтарды биотыңайтқыштар ретінде пайдалану жолдары



Дата08.06.2016
өлшемі93.13 Kb.
#122987
ӘОЖ 631.352.633.6
Таңжарықов П. Ә. – т.ғ.к., профессор, Амангельдиева Г.Б. – магистр, оқытушы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда қ.



ТЕХНОГЕНДІК ҚАЛДЫҚТАРДЫ БИОТЫҢАЙТҚЫШТАР РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ

Кілт сөздер: Күріш қауызы, тауық қиы, өсімдік қалдықтары, биотыңайтқыш.


Түйіндеме

Мақалада мұнай, өсімдік (күріш), құс шаруашылығы қалдықтарын (тауық қиы) қайта өңдеген биотыңайтқыш шығару арқылы алынған өнімді әрі қарай өндірісте, халық шаруашылығында және тұрмыстық мақсатта пайдалану жолдары қарастырылған. Сонымен бірге берілген жұмыста биотығайтқыштарды пайдалану экологиялық таза күріш өнімдерін өсіру ретінде енгізу қарастырылған.
Танжариков П.А. – к.т.н., профессор, Амангельдиева Г.Б. – магистр, преподаватель

Кызылординский государственный университет им. Коркыт ата, г. Кызылорда


ПУТИ ПРИМЕНЕНИЕ ТЕХНОГЕННЫХ ОТХОДОВ В КАЧЕСТВЕ

БИОУДОБРЕНИИ

Ключевые слова: Рисовая шелуха, птицевой навоз, остатки растения, био удобрений.



Резюме

В стаье рассматривается использования нефтяных, зерновых отходов (рис), отходы птицеферм (навоз)в качестве связывающего для выявления био химикатов. Которая повышает производительность продукции в сельском хозяйстве и животноводстве .
Tanzharykob P.A. - Candidate of Technikal Sciences,Professor, Amangeldieva G.B.- Magister of Engineering, teacher

Korkut Ata Kyzylorda State University, Kyzylord


WAYS OF USING WASTE AS TEXNOGENIS BIOFERTILIZERS
Key worls: Rice husk, bird manure, bits and pieces of plant, bio fertilizers.

Summary

In stae considered the use of oil, grain waste (rice), poultry waste (manure) as a binder for the detection of bio chemicals. Which improves the performance of products in agriculture and animal husbandry.
Ауыл шаруашылығын жүргізудегі дүниежүзілік тәжірибе, минералдық тыңайтқыштардың топырақ өнімділгін жоғарылатып, ауылшаруашылық өнімдерін молайтуға көп септігін тигізетінін көрсетіп отыр. Академик Д.Н.Прянишников, егіннің 40-50 пайызы тыңайтқыштар арқылы ұлғаятыны туралы қорытындыға келген.

Ұлыбританияның егіндік жерлерінде гектарына 350 кг артық нәрлі заттар пайдаланылса, Францияда 320 кг, Германия мен Японияда 500 кг-ға жуық, Голландияда – 800 кг-ға жуық пайдаланылса, Россияда не бәрі 100 килограмдай, ал Қазақстанда одан да аз пайдаланады.

Сарапшылар мәліметтері бойынша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдеріне минералдық тыңайтқыштарды пайдалану, күрт азайып кетті.

Осы себепке байланысты күріш өнімділігі нашарлап, дән сапасы төмендеп кетті. Тыңайтқыштардың жетімсіздігі топырақтың құнарлылығын дағдарысқа алып келеді.

Ғылыми және іс жүзіндегі тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығы өнімділігінің жоғарғы көрсеткішіне жету үшін, топырақтың өңдеу көрсеткіші мен дәрежесін қажетті деңгейге жеткізу қажет.

Соңғы жылдары ғалымдар минералдық тыңайтқыштарды азайтып, жер өңдеудің биологиялық тәсіліне көшуді ұсынуда. Бұл сұрақты шешуде негізгі рольді егіндік жерлер мен органикалық тыңайтқыштар атқарады. Сондықтан, өсімдік тектес тыңайтқыштарды, мысалға күріш қауызын пайдалану, күріш өнімділігін арттыруға ғана емес, күріштік алқаптардың агрофизикалық қасиеттерінің де жақсаруына септігін тигізеді. Қызылорда облысында аталған күріш қалдықтарымен қатар төменгі сортты фосфоритті рудалар бар. Осы күріш қауызы мен төменгі сортты фосфориттерді минералды тыңайтқыщтар ретінде бірге қолданса, облыстағы минералдық тыңайтқыштың жетіспеушілік проблемасын жоюға толық мүмкіншілік болады. Үлкен көлемдегі қалдықтар мен жергілікті руданы ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану Арал регионындағы экономикалық жағдайды ғана емес, экологиялық проблемаларды да шешуде де көп көмегін тигізеді.

Қазіргі кезеңде өндірістік биотехнология қарқынды дамып келеді. Оның жетістіктері экологиялық проблемаларды шешуде жиі қолданылуда.

Экологиялық биотехнологияның әдістемелері мен процестерін пайдаланып ауыл шаруашылығының көптеген экологиялық проблемаларын шешуге болады: ластанған және тұзданған жер ресурстарын рекультивациялау; экологиялық таза биогаз бен биотыңайтқыштар алу үшін мал шаруашылығы, құс шаруашылығы және өсімдіктер қалдықтарын қайта өңдеу; экологиялық таза тамақтану өнімдері өндірісін ұйымдастыру; топырақ құнарлылығын арттыру және т.б.

Бұл бағытта айтуға тұратын мәселе, өсімдік қалдықтарын (күріш сабаны мен қауызы) және де мал шаруашылығы қалдықтарын (мүйізді ірі қара көңдері), құс шаруашылығы қалдықтарын (тауық қиы) мен мұнай қалдықтарын қайта өңдеп биотыңайтқыш (биокомпост) жасап шығаруға болады. Биотыңайтқыштарды алу және пайдалану ауыл шаруашылығы экологизациясының алдына қойған міндеттеріне бірнеше себептер бойынша сәйкес келеді: минералдық тыңайтқыштар пайдаланудың көлемін азайтады, егін шаруашылығының өнімдерін арттырады және де ауыл шаруашылық өнімдерінің құрамындағы нитраттарды азайтады.

Осындай минералды тыңайтқыштар жетпей жатқан кезде, тауық қиынан алынған биокомпост, ауыл шаруашылығын арзан және жоғары сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз етеді.

Тауық қиын, органоминералды тыңайтқыштар алу үшін пайдалану, ауыл шаруашылығы экологизациясы проблемаларын іс жүзінде шешудің, нақты мысалдарының бірі болып табылады. Тауық қиымен күріш қауызын оңтайлы пайдалану, ластанған алаңдарды тазалаумен қатар, топырақтың құнарлылығын арттырады және де жер ресурстарын биорекультивациялау арқылы ауыл шаруашылығы егіншілігінің өнімділігін жоғарылатады. Сонымен қатар биоыңайтқыштарды пайдалану минералды фосфаттарды тиімді қабылдауына және атмосфералық азоттағы нитраттардың синтезіне қолайлы жағдай жасайды. Бұл минералды тыңайтқыштарды пайдалану мөлшерін азайтады немесе олардың әсер ету уақытын ұзартады.

Австрияның «Андреас Бауер СОНГМБХ» фирмасы тауық қиын микробиологиялық процесс арқылы өңдеп және оны құрғатып жоғары сапалы органикалық тыңайтқышқа айналдыруды ұйымдастырды. Тауықтың қиын 4-7 тәулік аралығында қайта өңдейді. Биореакторда шикізат биохимиялық және биофизикалық дезинфекцияланып, ашытқан соң нитрофикацияға айналады. Процесс барысында тауық қиы микробиологиялық ыдырайды. Түзілген түйіршік тыңайтқыштар тазаланған және құрамында химикаттар болмайды. Қалдықтарды тазалап пайдаға жарату процесі үнемді және көп уақыт алмайды. Ол периодты режимде 48 сағатта жүзеге асады. Қондырғы экологиялық таза болып табылады.

Қазіргі уақытта осында жолмен жасалған биотехнологияны қолданып мал және құс шаруашылығының қалдықтарын микробиологиялық өңдеп, дәстүрлі емес әртүрлі өнімдер алуда. Бұл мал және құс шаруашылығы бар өндірістік аудандарды экологиялық таза аумаққа айналдыруда және әртүрлі биоөнімдер шығаратын кәсіпорындар салуға мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған жұмыстар, «Ай-Дан Аққұс» АҚ қоғамының техногендік қалдықтарынан биокомпост жасап алынған биотыңайтқыштарды пайдаланып, экологиялық таза күріш өнімдерін өсіру жобасын жасап өндіріске енгізу қарастырылған. Бұл жерде техногенді қалдықтар үшін күріш қауызы мен тауық қиы алынды, ал биокомпост жасау үшін топырақтағыы целлюлоза қиратқыш аэробтық және анаэробтық микроорганизмдер пайдаланылды. Күріш қауызы мен тауық қиы негізіндегі биотыңайтқыш өндірісінің технологиялық кескіні төменде келтірілген.





Биотыңайтқыштар

Күріш алқаптарын рекультивация кезінде пайдалану, экологиялық таза тамақ өнімдерін шығару

Пайда табу

Сурет 1 – Күріш қауызы мен тауық қиы негізіндегі биотыңайтқыш өндірісінің технологиялық кескіні



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Макаров С.В., Шагарова Л.Б. Экологическое аудирование промышленных производств / С.В.Макаров, Л.Б.Шагарова / –Москва: «НУМЦ Госкомэкология России», 1997.-144с.

  1. Мирзадинов Р.А. Топырақтану. / Р.А.Мирзадинов, Қ.Үсен, Ә.Ә.Торғаев, С.Л.Дүйсенбеков, М.Ш.Каримов, Г.Қ. Меизбаева /Оқу құралы. -Алматы: Қаз ККА, 2009. -278б.

  1. Қалдыгөзов Е. Отын мен мұнай өнімдері терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. / Е.Қалдыгөзов, С.Қалдыгөзова. –Алматы: «Білім», 2001.-153б.

  1. Мазлова Е.А., Шагарова Л.Б. Экологические решения в нефтегазовом ком­плексе. - М.: Техника, 2001. -105с.


Автор жөніндегі мәліметтер



Таңжарықов Панабек Әбсатұлы

1

120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы көшесі, 66;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;

Үздіксіз білім беру және қашықтықтан оқыту институтының директоры


2

техника ғылымдарының кандидаты, профессор;

3

E-mail: Pan_19600214@mail.ru

4

Жұмыс тел: 8(724-2)23-61-83; сот:8-701-724-70-14



Амангельдиева Гульмадина Булатовна

1

120008, Қызылорда қаласы, Абай даңғылы көшесі, 66;

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті;



Мұнай газ ісі кафедрасының - оқытушысы

2

магистр

3

E-mail: Amangeldieva74@mail.ru

4

Жұмыс тел: 8(724-2)23-55-12; сот:8-705-449-41-26


Статья жөніндегі мәліметтер









1

УДК

ОӘЖ 691:666

2

Негізгі автор

Таңжарықов Панабек Әбсатұлы

3

Қосымша автор

Амангельдиева Гульмадина Булатовна

4

Автордың жұмыс орны (толық атауы)

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

5

Статьяның тақырыбы

Техногендік қалдықтарды биотыңайтқыштар ретінде пайдалану жолдары

6

Журналдың аты (сериясы, аты)

«ХАБАРШЫ» журналы

7

Шығарылым жылы

2015

8

Шығарылым номері

№2

9

Беттер

5

10

Түйін сөздер

Күріш қауызы, тауық қиы, өсімдік қалдықтары, биотыңайтқыш.

11

Орыс тілінде түйіндеме

В стаье рассматривается использования нефтяных,зерновых отходов (рис), отходы птицеферм (навоз)в качестве связывающего для выявления био химикатов. Которая повышает производительность продукции в сельском хозяйстве и животноводстве .

12

Қазақс тілінде түйіндеме

Мақалада мұнай, өсімдік (күріш), құс шаруашылығы қалдықтарын (тауық қиы) қайта өңдеген био тыңайтқыш шығару арқылы алынған өнімді әрі қарай өндірісте, халық шаруашылығында және тұрмыстық мақсатта пайдалану жолдары қарастырылған. Сонымен бірге берілген жұмыста биотығайтқыштарды пайдалану экологиялық таза күріш өнімдерін өсіру ретінде енгізу қарастырылған.

13

Ағылшын тілінде түйіндеме

In stae considered the use of oil, grain waste (rice), poultry waste (manure) as a binder for the detection of bio chemicals. Which improves the performance of products in agriculture and animal husbandry.


14

Әдебиеттер тізімі

4


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет