Текелі қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін мемлекеттік саясатқа талдау жасау



бет4/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#148105
1   2   3   4   5   6



2.4 Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін мемлекеттік саясатқа талдау жасау

Қалада 4 аймақтық бағдарлама жүзеге асырылады.
1 кесте. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін мемлекеттік саясатқа талдау жасау



Барлық тіркелген шара

Орындалды

Орташа жүзеге асырылуда (50 пайыздан жоғары орындалуда)

Нашар жүзеге асырылуда (20-50 пайызы орындалуда)

Орындалмады(20 пайыздан кем орындалды)

1

2

3

4

5

Алматы облысының 2012-2017 жылдары туризмді дамыту бағдарламасы

1

1

-

-

-

Алматы облысындағы 2012-2017 жылдарға арналған дене шынықтыру және спортты дамыту бағдарламасы

1

1

-

-

-

Алматы облысы бойынша 2011-2013 жылдарға арналған «Мәдени мұра» аймақтық бағдарламасы
















2012-2017 жылдарға арналған мемлекеттік тілді қолдану және дамыту бағдарламасы

-

-

-

-

-

Барлығы: 2

2

-

-

-


Жалпы бағдарламалардың орындалуы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында жағымды тенденцияларды сақтап қалуға мүмкіндік туғызды. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізілді, автомобиль жолдарының жағдайы жақсартылды, халықты сапалы ауыз сумен қамту, жаңадан әлеуметтік инфрақұрылымның, тұрғын үй нысандары іске қосылды, жұмыссыздық деңгейі төмендеді.

3. Аймақ дамуының пайымы
Текелі қаласы облыстың әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған, туризмнің орталығы мен өмір сүру деңгейінің өсуі тұрақты, өңдеу өнеркәсібі динамикалық дами бастаған қала болмақ.

Пайымды жүзеге асыру:

- өңдеу өнеркәсібінің келешекті бағыттардағы дамуы;

- сервистік жүйесі мен инфрақұрылымы дамыған туристік орталық құруға;

- білім беру орталығын құруға;

- жанаруды қамтамасыз ететін қаладағы мәдениетті дамыту және сақтау, жаңа жалпы ұлттық мәдени орта;

- қоғамдық-саяси қатынастар саласында ішкі саяси тұрақтылық пен мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың келісілген өзара әрекеттері;

- саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ұлттық тұрақтылықты дамыту және азаматтық патриотизмді тәрбиелеу;

- қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайын жақсарту;

Әлеуметтік қызметтер мен халық тұрмысының жоғары деңгейін қамтамасыз ететін экономиканың бәсекеге қабілетті және теңестірілген, даму динамикасын құру қаланың ең негізгі мақсаттарын жүзеге асыру қорытындысы болып табылады.

4. Негізгі бағыттар, мақсаттар, тапсырмалар, нысаналы индикаторлар және нәтижелілік көрсеткіштері
1-БАҒЫТ Экономиканы әртараптандыру және Текелі қаласының жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту
1-мақсат. Қала экономикасының ұзақ мерзімді «зәкірлі» инвестициялық жобаны іске асыруды және қала құрушы қосалқы және қызмет көрсетуші бікәсіпорындарды құруды әртараптандыру




Мақсатты индикаторлар/ тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

факт

факт

факт

жоспар

жоспар

1

Өнеркәсіп өнімін физикалық көлем индексі

%

101,0

100,1

103,8

103,9

104,1

2

Өнеркәсіп өнімін өңдеп шығару физикалық көлем индексі

%

101,4

100,8

105,5

102,8

103,5

3

Өнеркәсіп өңдеу үлесі барлық шығару көлемі

%

70,9

64,9

60,6

60,7

60,8


Қол жеткізу жолдары:

  • Монақалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

  • Пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты жобалардың іске асыруға жәрмемдесу;

  • Қуатылығы жылына 400 мың тонна «Инновациялық технологиялар бойынша темір кенін шығару және өңдеу арқылы шойын өндірісі» «зәкірлі» жобасын іске асыру;

  • 2014-2015 жылы «Казцинк-ТЭК» ЖШС-нің негізгі құралдарын жаңарту;

  • Қала кәсіпорындарына сапа менеджмент жүйесін енгізу;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында инвесторларды тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру;

  • Шетелдік техналогияны нәтежелі пайдалану, ұлттық талапқа бейімдеу;

  • Индустриалды-инновациялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;

  • «АлтайКазИнжиниринг» ЖШС-нің темір бетонды тіреулер шығару бойынша шағын зауыттың құрылысы. Жобаны жүзеге асыру арқылы 20-25 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2014-2015 жылдар;

  • Қора өзенінде қуаттылығы 5-6 МВт шағын гидроэлектростанциясының құрылысы. Бұл жобаны жүзеге асыру қаланы арзандатылған энергиямен қамтудың бірден-бір көзі болып табылады;

  • 15-20 жаңа жұмыс орнын құрау арқылы «SKB Service» ЖШС-нің құбырлардың болатты біріктіруші элементтерін шығару бойынша зауытының құрылысы. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2013-2014 жылдар;

  • «ТЛК Текесу» ЖШС–нің автотұрағымен қонақ үй кешенінің құрылысы. Аталған кешен құрылысы «Текесу» тау-шаңғы базасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру мақсатында іске асырылмақ;

  • Қалдыбеков Е.Қ. ЖК-нің заманауи көлік жуатын орнымен техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысы. Жобаның құны 8,5 млн. теңге, жобаны жүзеге асыру мерзімі 2013-2014 жылдар. Қалада заманауи автокөліктерге қызмет көрсететін арнайы орталықтардың жоқ болуына байланысты, аталған жобаны жүзеге асыру қолайлы;

  • 25 жаңа жұмыс орнымен «Электромарганец» ЖШС-нің «Оттегі-азотын шығару цехының құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыру. Іске асыру мерзімі 2014 жыл, жобалық қуаттылығы – 60 000 баллон;

  • 10 жаңа жұмыс орнымен жеке кәсіпкер С.С. Садыковтың «Табиғи шырындар шығару өндірісі»;

  • Жеке кәсіпкер Ақан Гүлинаның «Әлекметтік арнайы ет дүкенінің құрылысы». Іске асыру мерзімі 2014-2015 жылдар;

  • Жеке кәсіпкер М.Б. Акимжанованың «Спорттық ойын-сауық кешенінің құрылысы» жобасы.


2-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелесу қабілетінің өсуі




Мақсатты индикаторлар/ тікелей нәтиже көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Агроөнеркәсіп кешені

1

Ауыл шаруашылық өнеркәсіп өнімінің физикалық индекс көлемі

%

103,2

100,8

100,5

101,0

101,4

1.1

Өсімдік шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі

%

101,5

100,3

101,0

101,0

101,7

1.2

Мал шаруашылығы өнімін (қызметін) жаппай шығарудың нақты көлем индексі

%

103,9

100,5

100,5

100,9

101,1

1.3

Ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеу қуаттлығының өсуі

%

140,0

87,4

101,2

102,7

105,6

1.4

Ірі қара мал басының экспортын қамтамасыз ету («ІҚМ басының экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасы шеңберінде)

тонн

-

-

-

-

-


Қол жеткізу жолдары:

Ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдерінің, қала әкімінің қатысуымен көзделген іс шаралар:

  • Егілген алаңдарын, ауыл шаруашылық дақылдарын және көпжылдық жеміс – жидек дақылдарының көшеттерін сақтау;

  • «Green House-Зеленый дом» ЖШС-нің жылыжай кешені алаңын 4,0 га дейін қосу;

  • Көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық өндірушілерді қажетті жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету;

  • Көп жылдық көкөніс жеміс-жидек дақылдарын отырғызуын сақтау;

  • Суармалы суды мөлшерлі қолдану және ауыспалы егіс дақылдарын сақтау арқылы суармалы жерлерді тиімді қолдану;

  • Арам шөптерді және өсімдік аурулары, карантиндік зиянкестерді, зиянды организмдер және аса қауіпті зиянкес организмдердің дамуы мен таралуына болжамдық алаңдарында химиялық күресу жүргізу;

  • Жоғары өнімділігімен асыл тұқымды жануарларды қолдан ұрықтандыру жануарлардың жалпы табынын жақсарту арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын мақсатты арттыру;

  • Ауыл шаруашылығы жануарлары төлдерін толық қамту арқылы бірдейлендіру бойынша жұмыстарды жоспарлы жүргізу;

  • Облыс және қала тұрғындарын өзінен өндірілетін азық-түлік тамақтарымен қамту мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өңдіру бойынша агроөнеркәсіптік кешенінде жобаларды жүзеге асыру;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеу бойынша ауылдық тұтынушы кооперативтерін құру;

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында негізгі құралдарды жаңарту.


3- мақсат. Шағын және орта кәсіпкерлікті, сауданы дамыту




Мақсатты индикаторлар

Өлшем бірлігі

2011

2012

2013

2014

2015

факт

факт

факт

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1 міндет. Шағын және орта кәсіпорын өнімдерінің саны мен көлемінің өсуі

1

1000 тұрғынға шаққанда шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері санының өсімі

%

101,5

72,3

101,0

102,0

102,6

1-міндет. Ішкі сауданың тиімділігінің көтеру




бөлшек сауданын физикалық көлем индексі

%

128,6

116,5

118,4

119,9

122,0


Қол жеткізу жолдары:

  • 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамы бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау жолымен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;

  • Жаңа өндірістерді, инфрақұрылымды, 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша серіктестік бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыруға гранттар беру;

  • Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге көмек көрсету үшін, кәсіпкерлікті қолдау орталығын құру;

  • Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің қызметін қалалық Сараптау кеңесінің қызметіне қатысу арқылы жеделдету;

  • 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту Бағдарламасы мен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау;

  • Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бөлшек бағаларының мөлшерлі шегіне мемлекеттік бақылау жүргізу;

  • Жаңа қызмет саласын және сауда нысандарын ашу.


4-мақсат. Инновацияны дамыту және инвестиция тарту




Мақсатты индикаторлар/ тікелей нәтиже көрсеткіштері

2011

факт

2012

факт

2013

факт

2014

жоспар

2015

жоспар

1

Негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі, %

122,0

57,4

161,1

148,0

119,3

2

Өңдеуші өнеркәсіптегі негізгі капиталдағы инвестициялардың нақты көлем индексі, %

9,9

есеге

82,1

104,7

123,5

105,9

3

Негізгі капиталдағы инвестициялардың жалпы көлемінде шетелдік инвестицияның үлес

17,7

0

0

0

0

4


Инновациялық өнімнің өндірісінің көлемінің өсуі

0

59,4

0

0

0



Қол жеткізу жолдары:

Қаланың кәсіпкерлік бөлімімен келесідей іс шаралар көзделген:

  • Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында инвестициялық жобалар бойынша өзіндік, қарыз және шетелдік қаражаттарды тарту;

  • Қаланы дамыту үшін республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаражат тарту;

  • Жобалық құны 55,0 млн. АҚШ долларын құрайтын шойын өндірісі бойынша «Bapy Mining» ЖШС инвестициялық жобасын жүзеге асыру;

  • «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында қарыз қаражаттарды тарту;

  • «Электромарганец» ЖШС-нің оттек-азотын шығару бойынша цех құрылысы;

  • Моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында инвестициялық жобалар бойынша өзіндік, қарыздық және шетелдік инвестицияларды тарту;

  • Қаланы дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат тарту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет