Сабақтың басы
2 мин
3 мин
|
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерің қалай?
Психологиялық ахуал. «Таныс болайық»
Оқушылар шеңбер құрып тұрып, өз есімдерін айтады және өз есіміне басталатын өз бойындағы қасиетін айтады. Мысалы: Менің есімім Мерей. Мен мейірімдімін.
Топқа бөлу. Топқа costlots сайты арқылы «Кездейсоқ есімдер» әдісі арқылы бөлу.
https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/
1-топ: «Адамгершілік» тобы
2-топ: «Мейірімділік» тобы
ІІ.Қызығушылығын ояту
«Жақсы немесе жаман қасиеттер» ойыны .
Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.»
Міне, осы өлең жолдарындағы қасиеттер адам бойындағы жақсы және жаман болып бөлінеді. Кез келген адамнан ол екеуін табу үшін айнадағы бейнемізге қарап ойланайық. Тақтадағы біздің аруымыз жаман қасиеттермен кірленіп қалыпты. Оны ол қасиеттерден арылтып, жақсы қасиеттері бар әдемі, таза киімдерін киіндірейік.
Бұл жаман қасиеттер бойларыңда кездесе ме? Ал ол жаман қасиеттеріңнен арылғыларыңыз келе ме? Ендеше жаман қасиеттерің жазылған бағанын бөлек алып, өшіріп тастап, «менің бойымнан осы жаман қасиеттер мәңгіге жоғалсын» — деп айтыңдар.
Жарайсыңдар, енді бойларыңнан бар жаман қасиеттерің кетіп, тек жақсылық қана бойларыңа тұрақтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіреді. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
- Ия, дұрыс айтасыңдар. Бүгін біз сабақта «Адам бойындағы асыл қасиеттермен» танысып, бойымыздағы жаман қасиеттерден арылу үшін тренинг жүргізетін боламыз.
|
Оқушылар амандасады
Дөңгеленіп тұрып, өз есімі мен бойындағы қасиетін айтады.
Екі топқа бөлінеді
Абай Құнанбаевтың өлеңімен танысады
Қуыршақтың бойындағы балшықтарды алып тастау арқылы жаман қасиеттерді атайды, аяқтарын тыпырлатады, киіндіру арқылы жақсы қасиеттерді атайды
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныса ды
|
ҚБ: Жарайсың!
ҚБ: «Отшашу»
|
Презентация
http://castlots.org/
generator-sluchajnyh-chisel/
Презентация
Қуыршақ, балшық, киімдері
Презентация
|