Телефон +7 7273 500 600 Факс



Дата04.03.2016
өлшемі24.25 Kb.
#41676




Казахстан, г. Астана

ул.Кадыргали Жалайыри, 2



Телефон +7 7273 500 600

Факс +7 7273 500 606


Beeline Қазақстан компанияның бейнесі болар жандарды іздейді

Астана, 13 тамыз 2015 жыл. Beeline Қазақстан компаниясы «Beeline Серісі мен Ханшайымы» байқауының басталғанын хабарлайды

Beeline Қазақстан компаниясының әрбір абоненті «Beeline Серісі мен Ханшайымы» байқауына қатысып, компанияның көрікті жаны атану мүмкіндігіне ие бола алады. Ай сайын ең көп дауыс жинаған бір жігіт пен бір қыз «Beeline Серісі мен Ханшайымы» атағын иеленеді және бір-бір Apple iPhone 6 смартфонына қол жеткізеді. Жыл соңында 2015 жылдың Beeline Серісі мен Ханшайымы таңдалады, олар бас жүлде – кәсіби фотосессия мен алынған материалдарды сайттар мен Beeline Қазақстанның әлеуметтік желілерінде жариялау мүмкіндігін иеленеді.

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас директоры Алексей Бендзь компанияның жаңа бастамасы туралы өз пікірін былай білдірді: «Қызмет көрсетудің қосымша түрлері телекоммуникация саласындағы ең танымал бағыт болып табылады. Егер бұған дейін абоненттерді тек рингтондар мен картиналар қызықтырса, бүгінгі таңда ойын-сауық контенттерін, әрбір абонент қатыса алатын теледидардағы ток-шоулармен салыстыруға болады. Біз әлемге сеніммен қараймыз және өз клиенттерімізге мол мүмкіндіктер береміз. Сол себепті «Beeline Серісі мен Ханшайымы» байқауы қазақстандықтарды оған қатысуға және жеңіске жетуге шабыттандыратынына сенімдімін!»

«Beeline Серісі мен Ханшайымы» байқауына қатысу үшін, Beeline абоненттеріне *281# пәрменін теріп, нұсқаулық бойынша әрекет ету керек. Қатысушыларға міндетті түрде бет әлпеті бейнеленген фотосуретін байқаудың star.beeline.kz сайтына жүктеп, өз жынысын белгілеуі керек. Күн сайын барлық қатысушыларға 1 дауыстан берілетін болады. Beeline абоненттері «Beeline Серісі мен Ханшайымы» байқауының әрбір қатысушысына дауыс бере алады. Қатысушыға пікір қалдырып, жеке хабарлама жазуға немесе сыйлықтар сыйлауға болады.

Қазақстан Республикасының территориясында star.beeline.kz сайтына кірген интернет трафик үшін Beeline абоненттерінен төлем ұсталмайды. Толығырақ www.beeline.kz сайтының «Жаңалықтар мен Науқандар» сайтында.

***


Beeline Қазақстан телекоммуникациялық операторы  — мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  жалпытолқынды қол жеткізу технологиясының базасында интернетке қол жеткізу,  Wi-Fi және үшінші сатыдағы 3G  желісіне қосылу қызметтерін көрсететін әмбебап оператор.

2015 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде 9,7 миллионнан астам  клиент Beeline қызметін пайдаланады, «2DayTelecom» ЖШС-нің «Үйдегі Интернет» қызметіне 395 мыңнан астам адам қосылған.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «VimpelCom Ltd»» халықаралық  телекоммуникациялық холдингі – абоненттер саны бойынша жетінші орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді.  2015 жылғы наурыздың қорытынды көрсеткіші бойынша компания  213 млн. абонентке  қызмет көрсетеді.



***

Қосымша ақпарат алу үшін хабарласуға болады:



Beeline Қазақстан компаниясының Қоғаммен байланыс қызметі,
8 (727) 350-00-86 ішкі нөмір 112-86, PR@beeline.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет