Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану
ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 шілдеде № 7805 тіркелді
2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, белгіленген заңнамалық тәртіпте бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 20 маусымдағы № 352
бұйрығымен бекітілген
Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7 бабы 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және телерадио хабарларын тарату жүйелерін техникалық пайдалану тәртібін анықтайды.
2. Осы Қағида теле-, радиоарналарды эфирлік және көпарналы хабар таратулар арқылы тарату бойынша қызметтерді жүзеге асыратын телерадио хабарларын тарату операторларына (цифрлық эфирлі, кәбілді, спутниктік телерадио хабар тарату) (бұдан әрі - Операторлар) және меншік формасына және ұйымдастырушылық-құқықтық формасына тәуелді емес теле-, радиокомпанияларға таратылады.
3. Техникалық құралдарды және телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдалану, тек теле-, радиоарналардың таратылуын қамтамасыз ететін пайдаланылатын аппаратты-бағдарламалық және техникалық құралдарға сәйкестік сертификаты болған жағдайда ғана беріледі.
4. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ келесі терминдер тиісті анықтамалармен қолданылады:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесінің авариясы - ТРХТ жүйесінің техникалық тоқтау ұзақтығы 10 минуттан жоғары;
2) төменгі жиілік (бұдан әрі - ТЖ) – диапазондағы жиілік 30 кГц-тен 300 кГц-ке дейін;
3) орташа жиілік (бұдан әрі - ОЖ) – диапазондағы жиілік 300 кГц-тен 3 000 кГц-ке дейін;
4) жоғарғы жиілік (бұдан әрі - ЖЖ) – диапазондағы жиілік 3 000 кГц-тен 30 000 кГц-ке дейін;
5) өте жоғарғы жиілік (бұдан әрі - ӨЖЖ) – диапазондағы жиілік 30 000 кГц-тен 300 000 кГц-ке дейін;
6) телевизиялық аппараттық-студиялық кешен (бұдан әрі - АСК) – бір бірімен біріккен телевизиялық студия және аппаратты телевизиялық орталықтың жиынтығы;
7) таратушы жер станциясы (бұдан әрі - ЖС) – телерадио хабарларын таратуға және спутниктік байланысқа телевидение сигналын таратуды қамтамасыз ететін цифрлық телерадио хабарларын тарату сигналдарын таратудың спутниктік жер станциясы;
8) телерадио хабарларын тарату жүйесі – телерадиосигналдардың қалыптастырылуын және таратылуын қамтамасыз ететін және тарату ортасы және/немесе технологияларымен біріккен техникалық құралдардың жиынтығы;
9) бағдарламаларды беру құралы – РТС кіруіне теле-, радиоарналарды беруді қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен байланыс арналарының жиынтығы;
10) теле-, радиоарналар сигналының алғашқы таратылуы – теле-, радиоарналар сигналын радиотелевизиялық және (немесе) радио таратушы станцияларға дейін жеткізу;
11) техникалық тоқтап қалу – таратқыштың шығуы кезінде және/немесе сигналдың алғашқы таратылу арналарында сигналдың жоғалуымен туындаған жұмыстың бұзылуы;
12) аса маңызды хабар таратулар - Елбасының сөз сөйлеуін және республикалық маңызы бар қоғамдық-саяси және мәдени ойын-сауық іс-шараларын трансляциялау;
13) телевизиялық сынақ кестесі (бұдан әрі - ТСК) – нормаланған кескін, оның элементтері трактің шығатын орнында параметрлерді және телевизиялық кескіннің сипаттамасын хабар тарату телевидениесінің немесе оның бөліктерін бағалау үшін қызмет етеді;
14) радиотелевизиялық станция (бұдан әрі - РТС) – телеарналарды эфирлік трансляциялау үшін, сондай-ақ ӨЖЖ диапазонындағы радиоарналарға арналған техникалық құралдар мен инженерлік құрылыстардың кешені;
15) радио тарату станциясы - ЖЖ, ОЖ және ТЖ диапазонындағы радиоарналарды эфирлік трансляциялауға арналған техникалық құралдар мен инженерлік құрылыстардың кешені.
2. Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібі
Параграф 1. Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық
пайдалану кезінде оператор мен техникалық қызметкердің іс-қимылы
5. Телерадио хабарларын тарату құралдарының техникалық пайдалануы Заңға сәйкес, телерадио хабарларын тарату саласындағы халықаралық және мемлекеттік стандарттармен, дайындықтан өткен техникалық қызметкермен жүзеге асырылады.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдалану бойынша жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне байланысты Операторларда техникалық қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес жинақталған пайдалану қызметі құрылады.
6. Телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдалану барысында Оператордың қызметіне келесілер жатады:
1) телерадио хабарларын тарату жүйелерін жұмысқа жарамды күйде ұстау және оларды осы Қағиданың талаптарына және басқа да нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес пайдалану;
2) уақтылы және сапалы техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы профилактикалық жөндеуді, сынақтар, жаңғырту және телерадио хабарларын тарату жүйелері мен жабдықтарын қалпына келтіруді жүргізу;
3) телерадио хабарларын тарату жүйелер жұмысының сенімділігін және пайдалануының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) телерадио хабарларын тарату жүйелері мен желілерді пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау;
5) телерадио хабарларын тарату жүйелеріндегі жұмыс барысында зақымдануларға тексеру жүргізу және талдау жасау, телерадио хабарларын тарату жүйелерін пайдаланумен байланысты жазатайым оқиғаларды есепке алу және олардың пайда болу себептерін жою бойынша шараларды қолдану;
6) уәкілетті органдарға телерадио хабарларын тарату жүйелерімен байланысты авариялар, өлімге әкеліп соқтыратын, ауыр және топтық жазатайым оқиғалар туралы хабарламаларды ұсыну;
7) телерадио хабарларын тарату жүйелерін қорғаныс құралдарымен, өрт сөндіру құралдарымен және құрал-саймандармен жабдықтау;
8) электр қуатын есепке алуды, ұтымды пайдалану және қуатты үнемдеу бойынша шараларды жүргізу;
9) телерадио хабарларын тарату жүйелеріне қажетті сынақтарды жүргізу, найзағайдан қорғану құрылғыларын, өлшеу құралдарын және электр қуатын есепке алу құралдарын пайдалану.
7. Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануды ұйымдастыру жұмыстарын орындау үшін ұйымның телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты тұлға тағайындалады.
8. Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға жауапты тұлғаның қызметтеріне келесілер кіреді:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануды ұйымдастыру мәселелері бойынша қажетті құжаттарды жүргізу мен әзірлеуді ұйымдастыру;
2) техникалық қызметкерлердің оқытуын ұйымдастыру, нұсқаулық жүргізу, білімдерін тексеруге және өз бетінше жұмыс жасауына рұқсат ету;
3) электр қондырғыларда барлық жұмыс түрлерін қауіпсіз жүргізу, соның ішінде іссапардағы қызметкерлердің қатысуымен жүргізуді ұйымдастыру;
4) телерадио хабарларын тарату жүйесі мен желілеріне техникалық қызмет көрсетудің уақтылы және сапалы орындалуын, жоспарлы профилактикалық жөндеулерді және алдын ала сынақтан өткізуді қамтамасыз ету;
5) энергоресурстарда Оператордың қажеттілік есебін жүргізуді ұйымдастыру және олардың шығынын бақылауды жүзеге асыру;
6) энергоресурстарды ұтымды пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге және енгізуге қатысу;
7) телерадио хабарларын тарату жүйелері мен желілеріндегі қорғаныс құралдарын, өрт сөндіру құралдары мен сайманды уақтылы тексерілуі мен сынақтан өткізілуін және қолданыста болуын бақылау;
8) телерадио хабарларын таратудың жаңа және қайта құрылған жүйесінің іске қосылуын және пайдалануға қабылдауын қамтамасыз ету;
9) телерадио хабарларын тарату жүйесіне оперативті қызмет көрсетуді және авариялық жағдайларды жоюды ұйымдастыру;
10) тексеру белгісі бар (2 жылда 1 реттен сирек емес) телерадио хабарларын тарату жүйесінің пайдалану сызбаларының нақты сәйкестігін тексеруді қамтамасыз ету;
11) сапа көрсеткіштерін өлшеуді (бекітілген кестеге сәйкес) бақылау;
12) құрылыс-құрастыру және арнайы ұйым қызметкерлерін телерадио хабарларын тарату жүйесінің қолданыстағы жұмыстарға рұқсат беру сәйкестігін бақылау.
9. РТС-қа оперативті-техникалық қызмет көрсету бекітілген кесте бойынша жұмыс істеп жатқан РТС кезекші қызметкерімен іске асырылады.
10. Жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жасалады. Кезекші қызметкерді алмастыру тек РТС басшысының рұқсатымен жүзеге асырылады.
11. Теле-, радиоарналарды тарату кезінде РТС кезекші қызметкері Оператордың Басқару және мониторингтеу орталығының кезекші қызметкерімен оперативті байланыста болады.
Параграф 2. Жабдықты, техникалық құралдарды пайдалану барысында
кезекші қызметкерлердің іс-қимылы
12. Телерадио хабарларын тарату операторының қызмет көрсету қызметкерінің негізгі міндеті жабдық жұмысының үздіксіз және жоғары сапада болуын қамтамасыз етуі болып табылады.
13. Телерадио хабарларын тарату құралдарының ауысымдағы кезекші қызметкер жабдықтың сапа көрсеткіштерін және жұмыс істеу режимін қадағалайды, ауытқыған жағдайда режимді қайта қалпына келтіру үшін шаралар қолданады.
14. Телерадио хабарларын тарату жүйесіне кірудегі теле-, радиоарналар сигналдарының өтуінің зақымданулары кезіндегі зақымданулар телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында осы Қағиданың 1-қосымшасына сай форма бойынша тіркеледі.
15. Телерадио хабарларын тарату операторының Желілерді басқару және бақылау орталығының ауысым кезекшісі зақымдану туралы теле-, радиоарналар сигналын алғашқы таратудың ауысым бастығына және АСК немесе бағдарламаларды тарату құралдарының ауысым бас маманына хабарлайды.
16. Хабар таратудағы зақымданудың себебін анықтау үшін теле-, радиосигналдарының параметрлерін өлшеуді өткізеді. Хабар тарату тракті учаскесінің жұмыс жасауының бұзылу себебінің қорытындысы теле-, радиокомпанияның жауапты өкілдерімен және телерадио хабарларын тарату операторымен бірлесе отырып жасалады, сонымен қатар теле-, радиокомпаниялар мен телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналдарына жазылады.
17. Бір ауысым бойында туындаған барлық даулы мәселелер бір тәулік ішінде нақты шешімін табуға жатады.
18. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының қалыпты жұмыс жасауы бұзылған кезде кезекші қызметкерлер:
1) резервті жабдыққа көшеді, егер бұл көшу зақымдануды жоюдан шұғыл іске асырылатын болса, ақауды жоюға кіріседі, бұл туралы ауысым бас маманына баяндайды және телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазады;
2) резервке көшу мүмкіндігі болмаған кезде ақаулықтың сипатын анықтайды, жабдықтың қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қабылдайды және ауысым бас маманына хабарлайды;
3) телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналына жазбаларды енгізеді.
19. Жабдық бұзылған жағдайда ақаулықты тудырған жағдай мен себепті көрсетумен жабдықтың жұмысы туралы телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдар жұмысын есепке алу журналына жазылады.
20. Техникалық тоқтап қалудың аяқталуы теле-, радиобағдарламаның трансляциялануы қайта қалпына келген сәті болып саналады.
21. Телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмысындағы әр авария жағдайында бес жұмыс күні ішінде, мұқият зерттеуден кейін еркін формада акт жасалады.
22. Акт үш данада жасалады, РТС бастығымен, құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысымен қол қойылады және құрылымдық бөлімшенің басшысымен бекітіледі. Бір данасы жоғарыдағы ұйымға, екіншісі - өндірістік бөлімшеге ұсынылады, үшінші данасы РТС-те қалады.
23. Теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдары немесе теле-, радиоарналарды тарату құралдарының кінәсінен туындаған телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмыс қабілеттілігінің, сондай-ақ электр желілері қызметтерінен электр қуатын берудің тоқтатылуынан болған бұзылымдар, телерадио хабарларын тарату құралдарының жұмысында жеке ескеріледі.
24. Жабдықтағы жұмыстар (жұмыс істейтін немесе резервті) ортақ кестеге сәйкес, сондай-ақ кестеден тыс осы Қағиданың және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік бойынша ережелер талаптарына сәйкес, РТС ауысым бас маманының келісімі бойынша жұмысқа кіру рұқсаты ресімделгеннен кейін ауысымнан тыс қызметкермен орындалады.
25. Жұмыс аяқталғаннан кейін, ауысымнан тыс қызметкер жабдықта орындалған барлық жұмыстарды және табылған ақаулар туралы (жойылған немесе жойылмаған) жазып отырады.
26. Жұмыстардың орындалуы РТС техникалық басшысымен осы Қағиданың 2-қосымшасына қатысты формасы бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарының журналына тиісті бағаны қою арқылы бақыланады.
27. Өндірістік қажеттілікте немесе РТС авариялық жағдай туындаған кезде ауысымнан тыс қызметкер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларының сақталуымен тәуліктің кез келген уақытында шұғыл жұмыстарды орындауға тартылады.
28. Жұмыс режимдерін өлшеу, күйге келтіру және тексеру үшін жабдықты кестеден тыс қосу тек телерадио хабарларын тарату желісі операторының техникалық жетекшісінің рұқсат етуінен кейін жүргізіледі. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында қосу (өшіру) уақыты және жұмыс сипаты туралы жазу жазылады.
29. Жабдықты қарап шығу және тексеру, аппаратты салқындату жүйелердің жұмысқа жарамдылығын тексеру, таратқыштардың қуатын, антеннаның қадағалау жүйесінің жұмысын, спутниктен маяк сигналының деңгейін бақылау әр кезең сайын жүргізіледі.
30. Ауысым басшысы бейнесигналдың ЖС параметрлерінің кіруінде немесе төмендегі теле-, радиокомпаниямен жасалған шартта бейнеленген бейнесигнал үшін 30 секунд және дыбыстық сүйемелдеу сигналдары үшін 5 секунд ұзақтығымен ұйғарынды мәндердің дыбыстық сигналының сүйемелдеуінің төмендеуі кезінде АСК ауысым бас қызметкеріне осы жағдай туралы және (немесе) бағдарламаларды беру құралдарына хабарлайды.
31. Антеннаның жылыту жүйесі жоқ болған жағдайда, жауын-шашын түрінде қар жауған кезде, кезекші қызметкер қабылдау антеннасының жоғары жағын қардан үнемі тазалап тұрады.
32. Антенна өрісіндегі жұмысты және дизельді генератор орын-жайдағы аварияны ауыстырып қосу жұмыстарын екі адамнан кем емес (бұл ретте аппаратты жұмыс орнында кем дегенде бір адам болуы тиіс) жүргізеді. Жұмыс жасау кезінде шағын радиостанциялар пайдаланылады.
33. Жұмыс бөгде ұйымдармен жүргізілген кезде кіру журналында жұмыстың мақсатын, басталу және аяқталу уақытын, жұмысты орындаушылардың тегі мен қолын тіркеу қажет.
34. Ауысымнан тыс қызметкермен спутниктік арналардағы өлшеу және реттеп қалпына келтіру жұмыстары телеарнаның хабар таратудағы техникалық үзілісі кезінде жүргізіледі. Спутниктік арнаның жұмыс істеу уақытында ауысымнан тыс қызметкерге эфир (жазба) өлшеу және реттеп қалпына келтіру жұмыстары жүргізу қажет, ауысым қызметкерінің бақылауымен және барынша сақтық шараларымен жасалады.
35. Жабдықты тексеру, өлшеу және жөндеу бекітілген жоспар-кестеге сәйкес, сондай-ақ кестеден тыс ЖС техникалық жетекшісінің өкімі бойынша және ауысым басшысының келісімі бойынша жүргізіледі.
36. Барлық жүргізілген жұмыстар және табылған ақаулықтар (жойылған және жойылмаған) туралы тиісті жазулар телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмыстарын есепке алу журналында жазылады.
37. Жабдықтағы жұмыстың орындалуы (жұмыс немесе резервті) жұмысқа кіру рұқсаты ресімделгеннен кейін, осы Қағидаға және қауіпсіздік және еңбекті қорғау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Параграф 3. Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға қабылдау
38. Телерадио хабарларын тарату жүйесін құрастыру немесе қайта құрастыруын бастауға дейін:
1) жұмыс жобалауы орындалады;
2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның бекітуімен тиісті сараптамалық органдарда жобалық құжаттарды келісу және сараптаудан өткізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
39. Телерадио хабарларын тарату жүйесін пайдалануға қабылдау алдында жүргізіледі:
1) телерадио хабарларын тарату жүйесі нысанына құрылыс және құрастыру жұмыстарын жүргізу кезеңінде - жабдық және құрылыс торабын аралық қабылдау, соның ішінде жасырын жұмыстары;
2) телерадио хабарларын тарату жүйесі жабдығына қабылдап тапсыру тестілік сынақтары және жабдығының кейбір түрлеріне реттеп іске қосу сынақтары;
3) телерадио хабарларын тарату жүйесін кешенді тестілеу.
40. Жабдықтың қабылдап тапсыру сынақтары мен жеке жүйелерді реттеп іске қосу сынақтары телерадио хабарларын таратудың тапсырылатын жүйесі бойынша барлық құрылыс және құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі, ал кешенді тестілеу мен тәжірибелі пайдалану Оператормен мердігердің келісілген мерзімінде жүргізіледі.
41. Қабылдап тапсыру және реттеп іске қосу сынақтары алдында осы Қағиданың, телерадио хабарларын тарату жүйесі жобасының сызбалық шешімдері, құрылыс нормалары мен ережелері, мемлекеттік стандарттар мен еңбек қауіпсіздігі ережелері, өрт және жарылыс қауіпсіздігі ережелері, өндіруші – зауыттардың нұсқаулары, жабдықты құрастыру бойынша нұсқауларының орындалуы тексеріледі.
42. Құрылыс және құрастыру жұмыстары барысында жіберілген ақаулар мен кемшіліктер, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату жүйесін қабылдап тапсыру және реттеп іске қосу сынақтары, кешенді тестілеуді жүргізу үдерісінде анықталған жабдық ақаулары жойылады. Телерадио хабарларын тарату жүйесін тәжірибелі пайдалануға кемшіліктермен қабылдауға рұқсат етілмейді.
43. Телерадио хабарларын тарату жүйесі нысандарын сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін телерадио хабарларын тарату жүйесін тәжірибелі пайдалануға қабылдау алдында:
1) техникалық және технологиялық қызметкерлер толықтырылады, оқытылады (білімдерін тексерумен);
2) пайдалану нұсқаулары мен еңбекті қорғау нұсқаулары және оперативті сызбалары, есептілік және есеп жүргізу бойынша техникалық құжаттамалар әзірленеді және бекітіледі;
3) қорғаныс құралдары, саймандар, қосалқы материалдар мен бөлшектер дайындалады, сынақтан өткізіледі;
4) байланыс құралдары, сигнал беру және өрт сөндіру, авариялық жарық беру және желдеткіш құралдары іске қосылады.
Параграф 4. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын пайдалану
44. Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысы Астана қаласының уақытымен жүзеге асырылады.
45. Телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысы теле-, радиокомпаниямен Операторға апталық кестені іске асырғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылатын апталық кесте бойынша жүзеге асырылады.
46. Теле-, радиоарналардың тәулік бойы хабар таратылу кезінде немесе бағдарламалардың басталуы мен аяқталуы белгіленген уақытта апталық кесте берілмейді.
47. Теле-, радиоарналардың трансляциялануы бойынша телерадио таратқыштардың жұмыс уақыты телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналында және/немесе автоматтандырылған мониторинг жүйесімен тіркеледі.
48. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысына есепке алу журналы аяқталғаннан кейін РТС-те 5 жыл сақталады.
49. Телеарна бағдарламасының басталу уақыты сәйкестендірілген бейнесін тарату сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейнені алып тастау сәті болып табылады.
50. Радиоарна бағдарламасының басталу уақыты радиоарнаның шартты белгілерін беру (сәйкестендірілген дыбыстық сүйемелдеу) сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы сүйемелдеудің аяқталу сәті болып табылады.
51. Теле-, радиоарналарды Оператордың техникалық құралдарына беру тіркелген спутниктік және/немесе жер үсті байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
52. Телерадио хабарларын тарату операторының пайдалану қызметкерлері теле-, радиоарналарды таратуының басталуынан 15 минут бұрын телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының негізгі және резервтік жинағының дайындығын аяқтап, тестілік бейнесигналдың түрлі-түсті жолақ генераторының немесе ТСК және/немесе дыбыстық сүйемелдеу сигналының (1000 Гц жиіліктегі үн) тексеруіне кіріседі. Тестілік сигналдар телерадио хабарларын тарату желілеріне бағдарламалар көзінен немесе бағдарламаларды беру құралдарынан беріледі.
53. Сынақ сигналдарының тексеру нәтижесінің параметрлері телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының журналына тіркеледі. Теле-, радиоарналардың хабар таратуы басталғанға дейін телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының дайындығы 5 минут бұрын аяқталуы тиіс.
54. Бағдарламаның басталуында кідіріс және (немесе) теле-, радиоарналарда техникалық себептер бойынша ұзақтығы 25 минуттан жоғары үзіліс болған жағдайда, теле-, радиоарналардың бағдарламасын әрі қарай жалғастыру туралы мәселе бағдарламаны дайындайтын теле-, радиокомпанияның жауапты жұмыскерімен шешіледі, ал ол болмаған жағдайда - бағдарламаларды тарату құралдары және/немесе АСК ауысым бас маманымен шешіледі.
55. Теле-, радиокомпания өкілдері және Оператор бағдарламадан бас тартса, теле-, радиоарнаның бағдарламасының басталу, аяқталу және кідіріс уақытының ұзақтығы және/немесе үзілісі көрсетілуімен екі жақты еркін түрде акт жасалады.
56. Аса маңызды хабарларды жүргізу кезеңінде, осы хабардың ұйымдастырылуына қатысатын телерадио хабарларын тарату Операторының құрылымдық бөлімшелерінде сапалы бағдарламаны дайындау мен жүзеге асыруға жауапты адамдар тағайындалады.
57. Аса маңызды хабарларды жүргізуге телерадио хабарларын тарату жүйесін дайындау, арнайы жасалған ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспары бойынша жүргізіледі.
58. Телерадио хабарларын тарату жүйесінің пайдаланушы қызметкері телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының негізгі және резервтік жиынтығын дайындауды аса маңызды хабарларды жүргізуді трансляциялау басталғанға дейін 15 минут бұрын аяқтайды. Аса маңызды хабарларды трансляциялау меншік нысанына байланысты емес барлық қазақстандық теле-, радиокомпанияларда жүзеге асырылады. Теле-, радиокомпания Операторға жоспардан тыс аса маңызды хабарларды өткізу туралы оның басталуына дейін үш сағаттан кем емес уақыт ішінде құжат түрінде хабарлайды.
59. Телерадио хабарларын тарату желісінің пайдаланушы қызметкерлері жоспардан тыс аса маңызды хабар таратуды өткізу уақыты туралы құжат түріндегі ақпаратты алғаннан кейін, аса маңызды хабарды жоғары сапада және сенімді трансляциялауды қамтамасыз етуді дайындауға дереу кіріседі.
60. Оператор жоспардан тыс аса маңызды хабарларды жүргізілетін жағдайға, алдын ала ұйымдастырушылық-техникалық шаралар жоспарын әзірлейді.
61. РТС жабдықтарына алдын ала тексеру және жөндеу жүргізулер телерадио хабарларын таратушының өндірістік бөлімшесінің техникалық басшысымен бекітілген және теле-, радиокомпаниялар басшыларымен келісілген жылдық жоспар – кесте бойынша жүргізіледі.
62. Профилактикалық қарау және РТС жабдығын жөндеу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесін есепке алуымен жасалынады.
63. Теле-, радиокомпаниялар мен теле-, радиоарналарының апталық кестесі теле-, радиобағдарламаларды беру құралы жұмысының кестесін және профилактикалық қарау және РТС жабдығын жөндеу жұмыстарының жылдық жоспар-кестесін есепке алумен жасалынады.
64. Жылдық жоспар-кестесі негізінде айлық кестелер жасалынады және профилактикалық қарау мен жөндеу жұмыстарының көлемдері анықталады. Айлық кестелерде профилактикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша топ жетекшілерінің аты-жөні және жұмыс орны, күні көрсетіледі.
65. Кезеңділік және профилактикалық қарау көлемі мен жабдыққа жөндеу жүргізудің барлық кезеңдері ішінде қарау арасында оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуі және жоспарлы алдын алу техникалық қызмет көрсетуге жылдық кестелік жұмыстарда көрсетілген кезеңділікке сәйкес болуы тиіс.
66. Профилактикалық қарау және жабдықты жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ауысым бас маманы топ жетекшісінен профилактикалық жұмыстары мен жөндеу жүргізілуі бойынша барлық орындалған жұмыстарды қабылдап алады.
67. Профилактикалық қарау, жөндеу және басқа да жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру Осы қағида талаптарына және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
68. Технологиялық жабдықтың барлық сызбалық және құрылмалы өзгерістері РТС-тегі тиісті техникалық құжаттамаға енгізіледі.
69. Технологиялық жабдыққа сызбалық және құрылмалы өзгерістерді енгізгеннен кейін жабдық жұмысының сапалы көрсеткіштерін кезектен тыс өлшеу жүргізіледі және хаттама жазылды.
70. Теле-, радиобағдарламаларды трансляциялаудың техникалық құралдарын өшіруді талап ететін Телерадио хабарларын таратудың ұлттық желісінің (бұдан әрі - ТҰЖ) техникалық құралдарында жүргізілетін жұмыстар – жоспарлы алдын алу, жоспарлы жөндеу жүргізу жұмыстары, күтпеген жөндеу мен авариялық-қалпына келтіру жұмыстары болып бөлінеді.
71. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы ТРХТ алғаш таратылатын спутниктік арналарда профилактикалық жұмыстарының кестесін есепке ала отырып, келесі жылға телерадио хабарларын таратудың республикалық желілерінің профилактикалық жұмыстарының жылдық жоспар-кестесін жыл сайын жасайды.
72. Кезекті жылға жасалған профилактикалық жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органдарға келісу үшін жіберіледі.
73. Теле-, радиокомпанияларға телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органдармен келісілген келесі жылға арналған профилактикалық жұмыстарының жылдық жоспар-кестесі ақпарат және келесі жылға хабар тарату торын және апта сайынғы кестесін жасау кезінде басшылыққа алу үшін жіберіледі.
74. Аса маңызды хабарды жүргізу кезінде авариялық жағдайларды жою немесе болдырмау жөніндегі жұмыстардан басқа барлық бұрын жоспарланған жұмыстар тоқтатылады.
75. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы алдын ала болжанбаған жөндеу жұмыстарының басталуына дейін 10 жұмыс күні ішінде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті органдармен күтілмеген жөндеу жүргізудің қажеттілігін дәлелдеумен, жұмысты жүргізудің талап етіліп отырған мерзімі мен уақытын, сондай-ақ техникалық құралдардың және трансляциялануы өшірілетін, теле-, радиоарналардың толық тізбесін көрсете отырып өтінімді келісуге жібереді.
76. Телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган бес жұмыс күн ішінде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторымен көрсетілген мерзімде күтілмеген жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін анықтайды және өтінімдерді келісуді жүзеге асырады.
77. Алынған келісім негізінде Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы бес жұмыс күнінен кем емес уақытта жұмыстарды жүргізу кестесі туралы трансляцияның техникалық құралдары өшірілетін теле-, радиокомпанияларға және жұмыстар жүргізілетін аймақтардың жергілікті атқарушы органдарына хабарлайды.
78. Эфирде теле-, радиобағдарламалардың болуын талап ететін күтпеген жағдай жұмыстарды жүргізу кезеңінде туындаған кезде телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторларынан телерадио хабарларын таратуды жаңартудың техникалық мүмкіндіктерін анықтағаннан кейін, ТҰЖ техникалық құралдарының өшірілуімен жұмыстардың орындалуын тоқтатады және жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімін анықтайды.
Параграф 5. Техникалық тексеру және жабдықтарға жөндеу жүргізу түрлері
79. Жабдықтың техникалық тексерулері күн сайынғы және кезеңдік болып бөлінеді.
80. Күн сайынғы тексерулер кезекші қызметкерлермен кезекшілікті қабылдап алған кезде және жабдық жұмысының аяқталуымен жүргізіледі.
81. Күн сайынғы тексерулерге төмендегілер жатады:
1) резевті және қолданыстағы жабдыққа сыртқы тексерулер жүргізу;
2) стационарлық өлшеуіш құралдар мен индикаторлар көрсеткіштерін тексеру;
3) негізгі тораптар мен бөлшектердің қызып кетуін тексеру.
82. Тексерілетін тораптар мен тетіктердің толық тізбесі жабдықтың түрін есепке ала отырып, кезекші қызметкерлер үшін пайдаланушы нұсқаулығымен анықталады.
83. Кезеңдік тексерулер Оператордың техникалық басшысымен бекітілген технологиялық карталар және/немесе нұсқаулар бойынша орындалады.
84. Жабдықтың принциптік сызбасы мен құрылысының және телерадио хабарларын тарату жүйелерінің құрылғыларының маңызды өзгерістеріне байланысты жұмыстар телерадио хабарларын тарату жүйесінің техникалық басшысының рұқсатымен ғана жүргізіледі.
85. Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің коммутациялық құрылғыларында және АСК немесе олардың бірлескен жұмыстарына әсер ететін бағдарламаларды беру құрылғыларында жүргізілетін барлық жұмыстар теле-, радиокомпанияның басшысымен және Оператормен жоспарланып, келісіледі. Бұл ретте, теле-, радиоарналар сигналдарын беру құралдарының жұмыс кестесі назарға алынады.
86. Металды антенналы тіреудің жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстарын антенналы-діңгектік құрылғыларды (бұдан әрі - АДҚ) пайдалану жөніндегі оператормен әзірленген нұсқауларға сәйкес, сондай-ақ телерадио хабарларын тарату операторымен бекітілген АДҚ аталған түріне жасалған технологиялық карталар арқылы жүргізеді.
87. АДҚ-ны және антенналы-фидерлік құрылғыларды, көтергіш механизмдерді жөндеу және пайдалану бойынша жұмыстар телерадио хабарларын тарату операторының биікте жұмыс жасауға рұқсат берілген және медициналық куәландырылудан өткен пайдаланушы қызметкерімен жүргізіледі.
88. Жұмыс жүргізу жобасына сәйкес АДҚ қайта құруын арнайы құрастыру ұйымы жүргізеді. Қайта құрастырылғаннан кейін АДҚ қабылдау жұмыстарын АДҚ қайта құрастыру жобасын әзірлеген ұйым өкілінің қатысуымен комиссия жүргізеді.
89. Телевизиялық антенналар мен антенналық фидерлерді пайдалануын өнімге арналған техникалық құжаттамада келтірілген өндіруші-зауыттың техникалық талаптарына сәйкес өткізілуі жөн.
Параграф 6. Телевизиялық ретрансляторларды техникалық пайдалану
90. Телевизиялық ретрансляторлардың барлық жұмыстары телевизиялық станциялар және бағдарламаларды беру құралдарының жұмыс кестесіне сәйкес жасалған кесте негізінде жоспарланады.
91. Телевизиялық ретрансляторлар жұмысын бақылайтын РТС қызметкері телевизиялық ретранслятордың жұмысына бақылау жасау жөніндегі арнайы нұсқауды басшылыққа алады.
92. Авариялық жағдайлардың алдын алу үшін теле-, радиокомпанияларға әрі қарай ескерту арқылы жабдыққа жөндеу және күйге келтіру жұмыстарын жүргізу уақытында телевизиялық ретрансляторлар жұмыстарының жоспардан тыс тоқтатылуына рұқсат етіледі.
93. Жоспардан тыс тоқтату уақыты кепілдендірілген жүктемелерге қосылады.
94. Аса маңызды хабарларды жүргізу күндерінде авариялық қалпына келтіру жұмыстарынан басқа кез келген жоспарлы профилактикалық-жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Параграф 7. Жер станциясын техникалық пайдалану
95. ЖС жұмыстары Астана қаласының уақыты бойынша жүргізіледі.
96. ЖС жұмыстары теле-, радиокомпаниямен келісілген хабарларды тарату көлемінің негізінде жоспарланады.
97. Тоқсанына бір рет ЖС жабдығын жүктеу көлемінде тоқсандық кешенді профилактикалық жұмыстар және өлшеу жүргізу қарастырылған.
98. Профилактикалық жұмыстардың жылдық жоспар-кестесі және келесі жылға өлшеу регламенті жоспарланған жылға дейін 1 (бір) ай бұрын әр теле-, радиокомпанияға жеткізіледі.
99. ЖС жұмысы апталық кестені қолданысқа енгізуге дейін үш жұмыс күнінен кеш емес тапсырыс берушімен ұсынылатын анықталған апталық кесте бойынша жүзеге асырылады.
Теле-, радиоарналардың тәулік бойы хабар таратылуы немесе белгіленген уақытта бағдарламалардың басталуы мен аяқталуы кезінде апталық кесте ұсынылмайды.
100. Телеарна бағдарламасының басталу уақыты бейненің сәйкестендірілген тарату сәтінен бастап анықталады. Бағдарламаның аяқталуы осы бейнені алып тастау сәті болып табылады.
101. ЖС жабдығын хабар таратуға дайындау, бағдарламаның басталуына 15 минут қалғанға дейін аяқталады.
Параграф 8. Телевизиялық бағдарламаларды ұйымдастыру кезінде
техникалық құралдарды пайдалану
102. Бағдарламаның басталуынан 30 минут бұрын (АСК, бағдарламаларды беру құралдары) бағдарламаларды беру көзі, арна бейнесі бойынша және 1000 Герц жиілік үнінің дыбыстық сүйемелдеуі бойынша ТСК Операторының ЖС кіруіне бағдарламаларды белгілеумен береді.
Бұл ретте алғашқы 15 минут ішінде ЖС – бағдарламалар көзінің учаскесінде сигналдардың өту сапасы, келесі 10 минутта учаскедегі көзі – спутниктік қабылдау станциясы тексеріледі.
103. Техникалық сынақтың сапасы қанағаттандырылмаған жағдайда сапаның төмендеуінің себебін анықтау және жою үшін шаралар қолданылады.
104. Телерадио хабарларын тарату операторы тарату уақытынан бос уақытта Ұлттық теле-, радиоарналардың техникалық құралдары бойынша тестілік бейнені және (немесе) дыбыстық сигналдарды таратады.
105. Бағдарламаны дайындау және жүргізу кезінде ЖС жауапты өкілі - ЖС ауысым бастығы болып табылады.
106. Бағдарламаларды беру көзінен келетін телевизиялық сигналдардың параметрлері төмендеген жағдайда спутниктік хабар тарату операторының шұғыл кезекшісі бұл туралы АСК кезекші қызметкерлеріне немесе бағдарламаларды беру құралдарының ауысым бас маманына хабарлайды және телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмысын есепке алу журналына басталу, аяқталу уақытын, ақау сипатын және АСК кезекші қызметкерлерінің тегін немесе бағдарламаларды беру құралдарын жазып алады.
107. Телевизиялық және (немесе) радиохабар тарату сигнал параметрлері төмендеген жағдайда ЖС кезекші қызметкерлерімен бұзылымдардың себептері зерттеледі. ЖС және АСК шұғыл кезекшілері учаскені және төмендеу себептерін анықтайды, ЖС жұмысын резервті жабдыққа ауыстырып және пайдалану құжаттамасында тиісті жазумен бұзылымдарды жоюға шаралар қолданады.
108. ТСК сигналын алып тастау және бағдарламаларды қайта тарату АСК ауысым бас маманының және (немесе) бағдарламаларды беру құралдары бұйрығымен жүзеге асырылады. Осы сәт ЖС-ға тәуелді емес себептер бойынша техникалық тоқтап қалулардың аяқталуы болып табылады.
109. Телевизиялық бағдарламаның аяқталуымен ЖС ауысым бастығы және бағдарламаларды беру құралдарының ауысым бас маманы таратудың техникалық бұзылымының, техникалық тоқтап қалудың басталу және аяқталу нақты уақытын және ұзақтығын өзара салыстырады.
110. Жабдықтың жұмыс істеуіндегі бұзылым себептерін анықтау үшін ауысым бас маманы тексеріс жүргізеді және бағдарламаның аяқталуынан кейін өлшеу жүргізеді. Орын алған жағдайдың себептері туралы соңғы қорытынды ауысым бас маманымен жасалады. Нәтижесі телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарының жұмыстарын есепке алу журналына енгізіледі.
Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің
техникалық пайдалану қағидасына 1-қосымша
нысан
Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары жұмысын есепке алу журналы
күні__айы – 20_ж.
РТС
|
Бағдарламаның атауы
|
Арна нөмірі
|
Таратқыштар (Вт) қуаты
|
Жабдық түрі
|
Тех.тоқтап қалулар
|
Тех. тоқтап қалулардың себебі
|
Тех. тоқтап қалулардың белгілері
|
РТС кезекшісінің тегі
|
|
Күні
|
Бағдарламаның басталуы
|
Күні
|
Бағдарламаның аяқталуы
|
Ұзақтылығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
сағат
|
мин
|
минутта
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кезекші
|
|
|
Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің
техникалық пайдалану қағидасына 2-қосымша
нысан
Телевизиялық және/немесе радиохабарларын тарату таратқыштарының
жоспарлы алдын алу жұмыстары журналы
1. Тарту түрі _________________ Шығару уақыты _______________
ТВА нөмірі немесе таратқыштың жұмыс жиілігі _______________________
Күні
|
Тексеру түрі
|
Торап, блок
|
Жұмыс басшысының тегі, аты және әкесінің (бар болғанда)
|
Орындаушының тегі, аты және әкесінің (бар болғанда)
|
Жұмыс басшысының қолымен орындалған жұмыстар тізбесі
|
Жұмысты бағалау және қабылдау туралы РТС ауысым басшысының қолы
|
Жұмысты қабылдау және бағалау туралы РТС техникалық басшысының белгілеуі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |