Сүттің құрамында улы химикаттардың, антибиотик, ароматты және дәрілік заттар, радибелсенді изотоптардың қалдықтары болмауы керек; Сүт фальсифицирленбеген болуы тиіс (сүт табиғаты бойынша табиғи құрамы өзгерсе де сыртқы көрінісі өзгермейтін өнімдерге жатады, сондықтан фальсифицирлеуге жиі ұшырайды; Сүт органолептикалық, физикалық-химиялық, бактериологиялық көрсеткіштері бойынша стандарт талаптарына сәйкес болуы керек; Сүттің құрамында ластар, қосымша заттар және консервіленген заттар болмауы қажет; Уыз бен ескі сауылған сүттер қолдануға жіберілмейді. Сүтті қаптау, маркілеу, сақтау. Сүт кәсіпорындарында сүтті автоцистерналардан стерилденген цистерналарға құяды. Өлшенген сүтті 0,25, 0,5 және 1,0 л шөлмекке су, май өткізбейтін полимерлі қапталған картон пакетке, полиэтилен пленкалы пакеттерге құяды. Сүтті қаптау үшін әр түрлі қағаз пакеттер қолданылады. Бұл «тетра-пак» (үш қырлы призма) «пюр - пак» (биіктеу жасалған төрт бұрышты) «тетра - брик»(кірпіш формалы). Қапталған материалдарының түріне көп нәрсе байланысты, мысалы, тұтынушының сатып алуына ыңғайлы, транспорттық ыдыс түрі, өндіріс және тауар қозғалысы процесінде қабының мықтылығы. Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |