Есэдо го (версия 1) Копия электронного документа верна



Дата23.02.2016
өлшемі18.17 Kb.
#9896

23.11.2011 ЕСЭДО ГО (версия 7.4.1) Копия электронного документа верна.


№ исх: 1367 от: 22.11.2011

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

қаулысына

қосымша


Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы

ескерту



  1. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертуді темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек сауда қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті болып табылады.

  2. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы осы ескерту (бұдан әрі – Ескерту) темекі шегудің зияны туралы сурет пен жазудан тұрады.

  3. Сурет осы Ескертуге қосымшаға сәйкес болуы тиіс.

  4. Жазулардың мәтіні мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

  1. екі тілде басылуы тиіс: жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, төменгі жағында – орыс тілінде;

  2. Ескертудің негізгі төменгі бөлігінің 20% (жиырма пайызын) алып жатуы тиіс;

  3. қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;

  4. қаріптің көлемі – 20 пт;

  5. бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;

  6. түсі – қара, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрі.

  1. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындардағы орналастырылатын Ескерту келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

    1. орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;

    2. еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;

    3. сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.

  2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган осы Ескерту алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік төрт күннен кешіктірмей ескертудің электрондық нұсқаларын www.mz.gov.kz сайтында орналастырады.


________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет