Темір ауданының Әкімі б. Н.ҚАниевтің «темір ауданының 2010 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық дамуының Қорытындысы туралы»



Дата22.02.2016
өлшемі99.29 Kb.
#2270
ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.Н.ҚАНИЕВТІҢ

«ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ 2010 ЖЫЛҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ» ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті жерлестер! Еліміз тағы бір жылды артқа тастап, жаңа жылға аяқ басты. Өткен 2010 жыл еліміз үшін жаман жыл болған жоқ, Қазақстан өзін дүние жүзіне жаңа қырынан танытып, үлкен маңызды істердің басында болды.

Оның ішіндегі ең маңыздысы Еліміздің бас ордасы Астанада әлемнің 56 мемлекеті мен 500 қоғамдық ұйым өкілдерінің басын біріктірген Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының Саммиті өтті. Саммиттің маңыздылығы сол, ол он бір жыл үзілістен кейін Қазақ жерінде Қазақстанның төрағалығымен өтіп, әлем басшыларының Астанада басын біріктірді.

Әрине, бұл істе Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың алар орны ерекше, себебі Елбасымыздың әлемдегі беделі мен саясаттағы салмағы дамыған мемлекет басшыларының Қазақстанда бас қосуына, Қазақстандық жаңа даму жолын мойындауына қол жеткізді.

Елбасымыз өткен жылы халыққа Жолдауын арнап, Қазақстанның жаңа индустриялық-инновациялық дамуына басымдық танытты.

Республиканың барлық аймағында жаңа индустриялық-инновациялық жобалар жүзеге асырылды, сол арқылы жаңа жұмыс орындары ашылды. Өздеріңіз білесіздер, өткен 2010 жылы Үкімет мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелер арқылы бюджеттік жүйе қызметкерлерінің еңбекақысы мен зейнеткерлердің зейнетақысы 25 пайызға өсірді. Биылғы жылы зейнетақы 1 қаңтардан бастап 30 пайызға өсті. Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 1 шілдеден бастап 30 пайызға өседі деп күтілуде.

Жұмыссыздықты қысқарту мақсатында «Жол картасы», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары жүзеге асырылды. Оқу орынын бітірген жастарды ауылға тарту мақсатында жеңілдетілген несилер беріліп, көтерме ақылар төленді, «Жастар практикасы», «әлеуметтік жұмыс» орны жобалары жүзеге асырылды.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы өңірлердің дамуымен тікелей байланысты екені белгілі. Осы өңірлік экономикалық дамуда Ақтөбе облысының алар орны ерекше болды. Елбасы екі рет облысымызда болып облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, облыстағы жасалып жатырған істерге өзінің оң бағасын берді.

Елбасы Ақтөбе облысын индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда республикада І орында дей келе, Ақтөбе облысы еліміздің локомотиві деп атап өтті.

Облыстың осындай жан-жақты қарқынды дамуына аудандардың да қосқан үлесі зор. Оның ішінде донор аудан деп есептелетін біздің ауданда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосты. Өткен жылы облыс әкімі Е.Н.Сағындықов жұмыс сапарымен ауданда болғанда аудан дамуы мен өркендеуіне оң баға бергенін баршаңыз білесіздер.

Елбасымыздың Жарлығына сәйкес жыл сайын жергілікті жерлерде әкімдердің халыққа есеп беруі өтіп келеді. Жыл сайын тұрғындармен кездескенде елді мекендерде көтерілген өзекті мәселелерді шешу жоспарын жасап, кезек-кезең бойынша жүзеге асырып келеміз.

Өткен жылғы есебімде тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстар бойынша облыстық және аудандық деңгейде қаралатын 13 мәселе бақылауға алынған болатын. Бүгінгі күнде оның 9-ы шешілді. Қалған 4 мәселе шешілу сатысында.

2010 жылы өндіріс, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік саласындағы тиімді жұмыстар арқасында аудан бюджетіне 2 млрд 477 млн 423 мың теңге кіріс кіріп, 2009 жылмен салыстырғанда кіріс 153 пайызды құрады.

Ауылшаруашылығында 3 млрд 877 млн 925 мыңның өнімі өндірілсе, кәсіпкерлік салада 3 млрд 900 млн теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілді.

Мұнай саласы кәсіпорындары ауданның әлеуметтік саласына үлкен демеушілік көмек көрсетті. Шетелдік инвесторлармен жақсы қарым-қатынас нәтижесінде соңғы екі жылда 200 млн-ға жуық демеушілік қаржы түсіп, көптеген әлеуметтік жаңа нысандар салынды.

Теміржол саласында «Қызылжар» ЖШС-і 451 тепловозды 280,3 млн. теңгеге кіші жөндеу жұмыстарын жүргізсе, «Шұбарқұдық-жылу» КМК 7,7 млн. теңгеге жұмыстар жүргізді.

Жолдастар, өткен жыл ауылшаруашылығы үшін қолайсыз жыл болды. Дегенмен, мемлекет, облыс әкімдігі тарапынан жасалған көмектер арқасында шаруашылықтар, қарапайым тұрғындар шаруаларын қалпына келтіріп, қысқа дайындықпен кірді.

Республика бойынша тек біздің облысымызда облыс әкімі Е.Сағындықовтың ауылшаруашылығына жасаған көмегі нәтижесінде шаруашылықтарға жанар-жағар май арзан бағаға берілді, жем-шөп, ұн бағасы төмен бағамен берілді, шаруашылықтары қиындыққа тап болған ауылшаруашылық құрылымдарына субсидиялар берілді.

Шаруашылықтарға аналық мал басына, баз басына үйілген шөпке, халыққа тасылып сатылған шөпке, ірі қараны етке өткізген үшін, егіс көлеміне ішінара өтем үшін, егіс көлемін сақтандыру үшін, асыл тұқымды мал сатқаны үшін 79 шаруа қожалығына 91 319 870 теңгенің субсидиясы берілді.

Ауданның 5 шаруа қожалығына асыл тұқымды мал сатып алуға 2 078 010 теңге субсидия берілді.

Біздің аудан өткен жылғы қиындыққа қарамастан мал азығын дайындауды уақытында жүзеге асырды. Жыл аяғына дейін 90 100 тонна мал азығы, 375 тонна қарбыз, 4 350 тонна картоп, 7 700 тонна көкөніс өндірілді.

Аудандағы 4 селолық тұтыну кооперативінде барлығы 570,0 мың тенгенің ауылшарушылық өнімдері дайындалып өткізілді.

3 микрокредиттік ұйымда барлығы 47 адамға 22 150,0 мың теңге несие берілді, оның 9 200,0 мың тенгесі мал шаруашылығын, 1400 мың теңгесі егіс шаруашылығын дамытуға жұмсалды.

Ауылшаруашылығы өнімдерін шығарумен айналысатын 6 шағын наубайханада 109,0 тонна нан жалпы құны 6 540,0 мың тенгеге пісірілді. Сиыр малын қолдан ұрықтандыратын 3 пунктте барлығы 249 бас сиыр ұрықтандырылды.

Өткен жылы Шұбарқұдық кентінде мал сою пункті, Ақсай, Алтықарасу, Кеңесту селолық округтарында, Темір қаласында мал сою алаңдары пайдалануға берілді. Алтықарасу селолық, Шұбарши кенттік округында мал қорымдары салынды.

Құрметті жерлестер, аудан әкімдігі ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыруға күш салып келеді. Бүгінгі күні кәсіпкерлік саласында 3 938 адам табыс тауып жүр. Кәсіпкерліктің әр түрінен өткен жылы 5094,1 млн теңгенің өнімі өндіріліп, тұрғындарға қызмет көрсетілді. 2010 жылы кәсіпкерлік саладан аудан бюджетіне 724 млн теңге кіріс түсті.

Жаңадан кәсіп ашам деген азаматтар үшін шағын несие ұйымдары арқылы «Сәт» несие ұйымынан 45 адамға 16,5 млн теңге, «Баймырза» несие ұйымынан 5,5 млн теңге, Ақтөбе қаласының «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы 3,5 млн, барлығы 2010 жылы 25,5 млн теңге көлемінде кәсіпкерлерге несие берілді.



Жолдастар, 2010 жылы негізгі инвестиция құрылыс саласына жұмсалды. 2010 жылы «Жол картасы» аясында Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» мөлтек ауданына газ құбырын, электр жарығын тарту, аудан орталығындағы 4 км кәріз жүйесін жаңадан жүргізу жұмысы жүргізілсе, Кеңқияқ кентінің жаңа «Сазды» мөлтек ауданына жарық тарту, Кеңқияқ ішінде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізілді.

Ауданда жеке тұрғын үй салушылар саны жыл сайын өсіп келеді. 2010 жылы аудан бойынша 13 364 шаршы метр немесе 136 үй салынды.

Бұдан басқа Шұбарқұдық кентінде республикалық бюджет есебінен 5 коммуналдық тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Бір ғана біздің ауданның өзінде үш бағытта Ойыл, Шығырлы, Кеңқияққа апаратын автомобиль жолдарын күрделі жөндеу жұмысы екі жылдан бері жүргізіліп жатыр, үстіміздегі жылы аяқталып қалатын болады. Мұнай кәсіпорындары көмегі арқылы Кеңқияқ кентінің ішкі жолдарын жөндеуден өткіздік.

Елбасымыз әрдайым білім саласына басымдық танытып келеді. Өткен жыл басында Президентіміз білім саласын дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді, оның бірі «Балапан» бағдарламасын іске асыру болатын.

2010 жылдың басында балалардың балабақшамен қамтылуы аудан бойынша 74 пайызды құрады. 2010 жылы облыс бойынша бірінші «Балапан» бағдарламасы аясында 25 орындық балабақша біздің ауданның Құмқұдық ауылында ашылды. Осымен қатар бір жыл ішінде Темір қаласында 50 орындық, Шұбарқұдықта 75 орындық балабақша аштық.

Жыл аяғында Жамбыл ауылында балабақша ашып бердік. Жыл ішінде бұрын мұнай кәсіпорындары меншігінде болған Шұбарқұдық кәсіпшілігіндегі «Айгөлек», Кенқияқ кентіндегі «Ақбота» балабақшалары жергілікті бюджетке алынды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл аяғында балабақшамен қамтылған бала саны 74 пайыздан 98 пайызға көтерілді.

Барлық білім беру мекемелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін аудандық бюджеттен 5 млн теңге қаржы бөлінді. Ауданның 4 мектебі оқу кабинеттері жабдықтарымен жабдықталды.

Мектептердегі бастауыш сынып балаларын ыстық тамақпен қамту үшін бюджеттен 37 млн қаржы, өрт дабыл қаққыш қондырғыларын орнатуға 36 815 мың теңге қаржы бөлінді. Осының нәтижесінде аудан білім беру ұйымдарының 95 пайызы өрт дабыл қаққыш қондырғыларымен қамтылды.

Мектепте оқитын аз қамтылған отбасы балалары үшін жалпы білім беру қорына 17 800 мың теңге қаржы қаралып, киім-кешек, оқу құралдары, сауықтыру шараларына жұмсалды. Бюджеттен 5 млн теңгеге аз қамтылған отбасы балаларына оқулық сатып алынды.

2010 жылы бюджеттен 1,5 млн қаржы бөлініп, аудан мұғалімдері тегін медициналық тексеруден өтті.

Балаларды жазғы демалыс лагерлерімен қамтамасыз етуге 2,5 млн қаржы қарап, ауданның 5192 баласын демалыс лагерімен қамтылды.

Қысқы кезеңде қиындық көрмес үшін 6 білім беру ұйымының жылу қазандықтары жөнделді, алмастырылды.

Мектептердің білім сапасы оқу жылы аяғында өтетін ұлттық біріңғай тестілеу қорытындысымен көрінеді. 2010 жылы аудан бойынша ҰБТ қорытындысының орташа балы 80,6 балл құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда (70,3), 10,3 баллға артқанын көрсетеді.

Өткен жылы ауданнан алғаш рет 11 мектеп бітіруші «Алтын белгі» иегері болды, 3 түлек «Үздік аттестатқа» үміткер білімдерін дәлелдеп шықты.

Биылғы жылғы білім саласындағы атаулы оқиғалар Алтықарасу мектеп-балабақшасы, Шұбарқұдық гимназиясы облыс әкімінің «Үздік мектеп» грантына ие болды.

Биылғы жылы республикада тек Ақтөбе облысында бастама көтерген «Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі» марафон эстафетасының маңызы өте зор болды. Аудан бойынша жазғы кезеңде 2177 бала еңбекке тартылды.

Елбасымыз өткен жылғы Жолдауында «Елде бұқаралық спортты дамыту үшін тиісті іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыру және 30 пайызға дейінгі Қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы қажет»,- деген тапсырма берген болатын.

Шұбарқұдық кентінің «Қызылжар» мөлтек ауданында жастар үшін алаңы жасанды төсенішпен жабдықталған, арнайы көрермендерге арналған трибунасы, жүгіру алаңы бар, жарықтандырылған 300 орындық стадион салынды.

Аудан орталығында жарықтандырылған, жасанды жасыл түсті төсенішпен жабдықталған теннис корды пайдалануға берілді. Шұбарқұдық кентіндегі бокс үйірмесі жаңа ғимаратқа көшірілді.

Аудандағы білім саласынан кейінгі үлкен сала денсаулық саласы. Өткен бір жылда ауданның дәрігерлік емдеу мекемелерінде 1821 науқас ем алып шықты. Елбасы өткен жылғы Жолдауында «2020 жылғы қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30 пайызға азайтып, туберкулезбен ауруды 20 пайызға қысқартуы тиіс»,- деген болатын.

Ана мен баланың денсаулығын қорғау, сақтап, нығайту бағытында аудан бойынша ауруханаларда 25 педиатриялық және 9 патологиялық керуеттік жұмыс істейді. 2010 жылы медицина саласы медициналық құрал жабдықтармен және жедел жәрдем беру автокөліктерімен қамтамасыз етілді.

Соңғы 4 жылда ауданда дәрігерлік-демографиялық көрсеткіштердің жағымды динамикасы байқалады.

Аудан орталығындағы «Желдорформация» АҚ аптекасы зейнеткерлерге дәрі-дәрмектерді 10 пайызға арзандатылып беріліп отыр.



Құрметті жерлестер, соңғы жылдары баса көңіл бөлініп келе жатқан сала мәдениет саласы. Құмқұдық ауылында 100 орындық, Қопа ауылында 150 орындық жаңа клубтар ашылды. Мәдениет үйлері мен клубтар жаңа құрал-жабдықтар мен музыкалық аспаптармен қамтамасыз етілді.

Биылғы жылы Н.Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйіне

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жұмысы жүргізілді.

Жолдастар, 2010 жылы аудан бойынша «Жол картасы» арқылы жаз бойы жөндеу жұмыстарына 107 адам тартылды, «Кобда-Соль-Илецк – Шұбарқұдық-Уил» тас жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 665 тартылды.

Жыл ішінде 721 жаңа жұмыс орны ашылды. «Жол картасы» бойынша «Жастар практикасы арқылы оқу бітірген 51 жас 27 мекемеге жұмысқа жіберілсе, ауданнан бөлінген қаржы есебінен 20 адам «Жастар практикасына» жіберіліп, олардың 15 –і тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, жыл ішінде әлеуметтік жұмыс орны есебінен 126 жұмыссыз аз қамтылған адам жолдама бойынша жұмыс жасады. Ал жергілікті бюджет есебінен 30 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс жасады.

«Жол картасы» бойынша 98 адам кәсіптік қайта даярлау курсына жолдама бойынша оқуға жіберілді.

Сонымен қатар, жыл басынан Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыс іздеуші ретінде-1060 адам өтініш жасап тіркеліп, жолдамамен жұмысқа орналасқандар саны 769 адамды құрады.

Жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгендер есебінен жыл басынан ақылы қоғамдық жұмысқа 174 адам жіберілді.

Аудандағы 566 мүгедекке азық-түлік және коммуналдық қызмет бағаларының өсуіне байланысты халықтың әлжуаз санаттарын қолдау мақсатында 19 182 мың теңге жәрдемақы төленді. 20 мүгедек адам Алға қаласындағы «Шипагер» емдеу сауықтыру орталығынан емделіп шықты.

Жыл басынан ауданның 10 округінен аудан әкімдігінен түрлі жағдайлар бойынша бір жолғы көмек сұраған 106 отбасыға 1 711 мың теңгенің бір жолғы жәрдемақысы төленді. Соның ішінде 52 аз қамтылған отбасыға 835 мың теңге, 17 мүгедек отбасыға 240 мың теңге, 37 өкпе ауруымен ауыратын отбасыға 636 мың теңге көмек берілді.

Сондай-ақ, жыл бойы 41 отбасыға 3 100 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілсе, 916 отбасы 27 936 мың теңге көлемінде 18 жасқа дейінгі жәрдемақы алушылар есебінде жәрдемақы алды.

Ауылдық елді мекендерге жұмыс жасауға келген әлеуметтік сала мамандарына 17 адамға көтерме ақы берілсе, 37 адам үй алуға шағын несие алды.

Аудан бойынша барлық елді мекендер жарықпен, сумен, жылумен, телефонмен қамтылды. Барлық елді мекендер 100 пайызға телефон байланысымен қамтылып болды. Ауданның барлық мемлекеттік мекемелері ғаламтор жүйесіне қосылып отыр, бүгінде ғаламтор жүйесіндегілер саны 2300 абонентті құрап отыр.

Шұбарқұдық кәсіпшілігі тұрғындары республикалық телеарналармен қамтылды.

Аудандағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету, тұрғындарға елде жасалып жатырған істерді насихаттау, жергілікті жерлерде халықпен кездесу өткізіп мәселелерін шешуге ықпал жасау мақсатында ақпараттық-насиқаттық топ жұмысы ұйымдастырылды.

Бір жыл ішінде ауданға қарасты 10 округтің елді мекендерінде екі реттен осындай кездесулер өтті, атқарылған жұмыстар туралы жергілікті газетте 35 мақала жарияланды. Аудан жастарын ауданның қоғамдық өміріне белсене араластыру мақсатында «Болашақ жолы» жастар ұйымы құрылды.

Ауданның саяси өмірінде жыл ішінде «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының қоғамдық қабылдауына 158 өтініш түсіп, соның 80 пайызы шешім тауып, қалған үлкен қаржыны қажет ететін мәселелер бақылауға қойылды.

2010 жылы 192 өтініш жеке қабылдаудан түскен болса, 295 өтініш жеке тұлғалардан, 95 өтініш заңды тұлғалардан жазбаша өтініш ретінде түсіп, барлығы 582 өтінішті құрады. Бұл өтініштер де аудандық, облыстық, республикалық деңгейде шешілетін мәселелер болып бөлініп, бақылауға алынды. Кейбір мәселелерді шешіп бердік. Кейбір сұрақтарға түсінік жұмыстары жүргізілді. Күрделі сұрақтар да жоқ емес. Күрделі мәселелер қай уақытта да болды, бола береді. Ол мәселелерді бірте-бірте шешетін боламыз. Бұл мәселе менің қатаң бақылауымда болады.



Жолдастар, заман алға жылжыған сайын, адамдардың тұрмыс-тіршілігі жақсарған сайын жаңа мәселелердің туындайтыны белгілі. Тұрғындар жақсы жағдайды, жақсы қызмет көрсетуді қажет етеді. Барлық қажеттілікті бір күнде, бір жылда шешіп тастау мүмкін емес, бірақ шешімін таппайтын да мәселе жоқ. Көптеген мәселелер Сіздердің көз алдарыңызда бірте-бірте шешіліп келеді. Сондықтан да, жақсы істер, жақсы жаңалықтар ауданда болса берсін, жұртымыз тыныш, еліміз аман болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет