Мұзданып тоңазыған жүктерді тасымалдау
-
Мұзданып тоңазыған жүктерге үйіп тасымалданатын жүктер жатады, олар сыртқы ауаның температурасы 00-тен темен болған кезде жүк бөлшектерінің өзара мұзданып тоңаздануы және олардың вагонның шанағының еденіне және қабырғаларына мұзданып қатуы салдарынан өздерінің әдеттегі сусымалы қасиетін жоғалтады.
-
Жүктің мұзданып тоңазуына кедергі болатын алдын алу шараларын қолдану міндетті жылдың суық кезеңі басталғанға дейін жүк алушы мен жүк жөнелтуші тиісті дайындық жүргізеді, ол бірінші кезекте мұзданып тоңазыған жүктерді түсіру пункттерінде алдын алу құралдарының қажетті қорын жасауды, үйілме жүктердің және тиеу кезінде вагондар шанақтарының, сондай-ақ түсіру пункттерінде мұзданып тоңазыған жүктердің сусымалығын қалпына келтіру үшін механизмдер мен құрылғылардың алдын алуды жүргізу үшін қондырғыларды жөндеуді жүзеге асыруды көздейді.
-
Тасымалдаушы тиеу орындарында жүк жөнелтушінің тасымалдауға мұзданып тоңазыған жүктер мен жылжымалы құрамды дайындау қағидаларының сақтауын таңдап тексереді.
-
Мұзданып тоңазуға ұшыраған жүктерді тасымалдауға ұсынғанға дейін жүк жөнелтуші олардың мұзданып тоңазуына қатысты МемСТ-тарда, техникалық шарттарда белгіленген қауіпсіз шектерге дейін өнімге ылғалдылығын азайтуға шаралар қабылдайды.
-
Қауіпсіз шектерге дейін үймелі жүктің ылғалдылығын кемітуге мүмкіндік болмаған кезде жүк жөнелтуші осындай жүкті жылдың суық мерзімінде вагондарға тиеген кезде тиісті алдын алу құралдарын қолдану жолымен оның мұзданып тоңазуын және вагонның қабырғалары мен еденіне мұзданып қатып калуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды.
Мұзданып тоңазуға қарсы алдын алу шаралары мен құралдарын порттар (кемежайлар), егер олар жүкжөнелтушілер болып табылса қолданады. Бұл жағдайда порт (кемежай) жүкқұжатта белгі жасайды.
-
Үйіп тасымалданатын жүктердің мұзданып тоңазуына қарсы алдын алу шаралары 15 қарашадан бастап 15 наурызға дейін жүргізіледі.
-
Алдын алу құралдарын қолдану жеткілікті дәрежеде тиімді болмаған жағдайларда жүк жөнелтуші түсіру пунктінде жүктің сусымалылығын қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдайды.
-
Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау
-
Тез бүзылатындарға темір жол көлігімен тасымалдау кезінде оларға сыртқы ауаның жоғары немесе төмен температурасының әсер етуінен қорғауды, жүру жолында күтуді немесе ерекше қызмет көрсетуді талап ететін жүктер жатады.
Тез бұзылатын жүктер изотермиялық вагондарда (рефрижераторлық вагондар, термос-вагондар, термос-цистерналар, изотермиялық вагондар-цистерналар), жабық вагондарда, әмбебап және рефрижераторлық контейнерлерде тасымалданады.
-
Егер жүк жөнелтуші белгілеген температуралық режим немесе тасымалдаудың қандай да бір басқа шарттары қолда бар көлік құралдарымен қамтамасыз етілмейтін болса, онда тасымалдаушы мұндай жүкті тасымалдауға қабылдамайды.
-
Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау тәсілін таңдаған кезде жүк жөнелтуші оны тасымалдаудың ұзақтылығын, сондай-ақ жүктің сапасы сақталуын қамтамасыз ету үшін жүру жолында болғанда әртүрлі климаттық аймақтардағы жыл мезгілдерін есепке алады.
Осы Қағидаға сәйкес тасымалдау тәсілін жүк жөнелтуші белгілеген жағдайларда, ол бұл туралы жүкқұжатта «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» деген бағанда белгі қояды.
-
Жануарлар мен құстарды тасымалдау
-
Темір жол көлігімен жануарлар мен құстардың барлық түрлерін (бағалы аңдарды, зертханалық, хайуанаттар паркі мен үй жануарларын, теңіз аңдарын, араларды, балықтарды қоса) (бұдан әрі - жануарлар мен құстар) тасымалдауға ұсыну «Жөнелтушінің коса берілген құжаттары» деген бағанында көрсете отырып, жүкқұжатқа қосымшасымен және ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті органдар берген ілеспе құжаттар болған кезде жүзеге асырылады.
-
Вагондап жөнелтілімдермен жануарларды тиеу, түсіру кірме жолдарда жүргізіледі.
-
Зертханалық, хайуанаттар паркі мен үй жануарларын тасымалдау мамандандырылған вагондарда немесе осындай тасымалдау үшін жабдықталған жабық вагондарда жүргізіледі.
Жануарларды тасымалдау үшін жалға алынған мамандандырылған вагондарды пайдалану тәртібі жалға алу шартымен реттеледі.
Жануарларды тасымалдау үшін жабық вагондарды жабдықтауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
-
Жануарларды тиеуге таза, ал асыл тұқымды жануарларды тиеуге - жуылған және залалсыздандырылған вагондар беріледі. Вагондардың жануарларды тасымалдауға жарамдылығын жүк жөнелтуші мемветеринарқызметтің ветеринарымен бірлесіп белгілейді.
Мұндай тасымалдау үшін улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштарды тасымалдаудан кейін босаған вагондар беруге тиісті өңдеусіз рұқсат етілмейді.
-
Жануарларды тиеу, түсіру Мемлекеттік ветеринар қызметі өкілінің міндетті қатысуымен жүзеге асырылады, жануарларды тиеуді, түсіруді жүзеге асыратын тарап жүк операциялары басталғанға дейін 24 сағаттан кешіктірмей оны хабардар етеді.
Жануарларды тиеу, түсіру тәуліктің жарық уақытында жүргізіледі. Жануарларды тәуліктің қараңғы уақытында тиеуге, түсіруге жануарларды тиеу, түсіру орындарының жеткілікті жарықтануы болғанда ғана рұқсат етіледі.
-
Ветеринарлық, фитосанитарлық бақылауға жататын жүктерді тасымалдау
-
Мал текті өнімдер мен шикізатты, жануарлар үшін жем-шөпті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен көліктегі Мемлекеттік ветеринар қызметінің бақылауымен жануарлардың жұқпалы ауруларына ұшырамаған аумақтардан темір жол көлігімен тасымалдауға рұқсат етіледі.
-
Мемветеринар қызметінің бақылауындағы жүктерді тасымалдаушы ветеринарлық қадағалау саласындағы тиісті уәкілетті орган берген ветеринарлық ілеспе құжаттары болған кезде ғана және «Жүк жөнелтушінің қосымша құжаттары» деген бағанында көрсетілген жүк құжаты қосымшасымен
қабылдайды.
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін бақылаудағы жүктерді транзиттік тасымалдау ветеринарлық саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
-
Актілер жасау
-
Тасымалдауға қабылданған жүктердің коммерциялық актілерін тасымалдаушы жүк атауының, массасының, орындары санының тасымалдау құжатында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі;
жүктің зақымдану (бұзылуы);
жүктің тасымалдау құжаттарынсыз, сондай-ақ тасымалдау құжаттарының жүксіз екендігін анықтау;
тергеу органдарының ұрланған жүкті тасымалдаушыға қайтару жағдайларын куәландыру үшін жасайды.
-
Ақаусыз тасымалдау кезінде, жүк жөнелтушінің жазбаша өтініші бойынша, онымен шарттың негізінде тасымалдаушы жүктің жай-күйін, оның салмағын, орындар санын тексеруге қатысады және қажет болған жағдайларда коммерциялық акт жасалады.
-
Тасымалдаушы коммерциялық актіні мынадай жағдайларда:
жүктерді жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға түсірген кезде - түсірілген күні;
жүктерді клиенттің кірме жолдарына түсіргенде - жүктер түсірілген күні, бұл ретте жүктерді тексеру оларды түсіру үдерісінде немесе тікелей жүктерді түсіргеннен кейін жүргізіледі;
жүктердің жүру жолында - коммерциялық актімен ресімделуге тиіс жағдайлар анықталған күні жасайды
Осы тармақта көрсетілген мерзімдерде коммерциялық актіні жасау мүмкін болмаған кезде, ол кейінгі 24 сағаттан кешіктірілмей жасалады.
-
Коммерциялық актідегі деректер тасымалдау құжаттары, жүктерді вагондық және тауарлық таразыларда қайта өлшеу кітаптары және олар бойынша жүктерді салыстырып тексеру жүргізілген басқа құжаттар негізінде көрсетіледі.
-
Тез бұзылатын жүктерді, жануарларды, карантиндегі жүктерді Мемветеринарқызметінің бақылауындағы жүктерді тасымалдау кезінде коммерциялық акт жасалған жағдайда, коммерциялық актінің бірінші данасына ветеринарлық қадағалау және өсімдіктер карантині саласындағы тиісті уәкілетті орган берген ілеспе құжаттаманың тиісті түрде расталған көшірмесі беріледі.
-
Тасымалдаушы өкілінің қатысуымен ақтара немесе үйіле тасымалданған және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына ақаусыз вагондарда жоғалған белгілерсіз келген бір текті вагондарды беру, осындай жүктердің табиғи кему және нетто массасы өлшемдерінің қателіктері нормасынан асып түсетін жетіспеушілік жағдайлары, сондай-ақ осы күнтізбелік тәуліктердегі тексеру кезінде жекелеген, бірақ бос жөнелтілімнен көп емес жөнелтулермен тасымалданған, осындай жүктерге қатысты табылған нетто массасы өлшемдерінің қателіктерін ескере отырып, жөнелту станциясына белгіленген жүктер массасы мен межелі станцияға анықталған жүктер массасы арасындағы айырмашылықты құрайтын ысырапшылдық жағдайлары кезінде бір коммерциялық актімен ресімделеді.
-
Шығынға ұшырау белгілері жоқ, ақаусыз вагондарда бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына келген, жүру жолында тиеумен немесе қайта тиеумен аударып немесе ауыстырып тиеп ақтарып, үйіп немесе құйып тасымалданатын жүктерді тасымалдаушы өкілінің қатысуымен беру кезінде бір коммерциялық актімен бір мезгілде берілген жүктердің бүкіл топтамасын тексеру нәтижелері бойынша анықталған жетіспеушілік немесе артық болу жағдайлары ресімделеді.
-
Цистерна-вагондарда және бункерлік ашық вагондарда сұйық жүктерді құйып тасымалдау
-
Цистерна-вагондарда (бұдан әрі - цистерна) және мұнай битумын тасымалдауға арналған бункер үлгілі вагондарда (бұдан әрі - бункерлі ашық вагон) құйылып тасымалданатын жүктер, жалпы
шарттарды сақтаумен тасымалданатын қауіпсіз және жалпыдан басқа, сондай-ақ олар үшін осы Қағидада көзделген арнайы тасымалдау шарттары орындалуы тиіс қауіпті болып бөлінеді.
-
Қауіпті жүктерді тасымалдау
-
Қауіпті жүктерге оларға тән қасиеттер мен ерекшеліктерге қарай тасымалдау үдерісінде белгілі бір факторлар болған кезде тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізген және сақтау кезінде қоршаған табиғи ортаға зиян келтіруі, жарылыс, өрт немесе көлік құралдарының, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың және құстардың өлуіне, жарақаттануына, улануына, күюіне немесе ауруына себеп болуы мүмкін заттар, материалдар, бұйымдар, өндіріс және өзге де қызмет қалдықтары жатады.
-
Арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізу
-
Арнайы зерттеулер мен сараптамалар жүргізу қажет болған кезде тасымалдаушы немесе жүк алушы сарапшыларды немесе тиісті мамандарды шақырады. Тасымалдаушы сарапшыны шақырумен қатар бұл туралы жүк алушыны хабардар етеді. Жүк алушы оның мекенжайына келген жүкті сараптауға қатысады.
Тасымалдаушының уәкілетті өкілінің қатысуынсыз өткізілген сараптама жарамсыз деп саналады.
Жүктің жетіспеушілігі, бұзылу немесе зақымдалу мөлшерін немесе себептерін және оның құны соншалықты кеміген соманы анықтау кажет болған жағдайда тасымалдаушы өз бастамашылығымен немесе жүк алушының талабы бойынша оның есебінен тауарлық сараптама бюросының, соттық сараптама орталығының, сапа жөніндегі инспекцияның, ветеринарлық-санитариялық қадағалау инспекциясының немесе өзге де ұйымдардың тиісті мамандарын шақырады.
-
Осы жағдайда бұл сарапшы тасымалдаушыға өз ұйымы басшысының тапсырмасын ұсынады. Тапсырмада сарапшының лауазымы көрсетіледі және өзінің біліктілігі бойынша оның тиісті қорытынды бере алатыны куәландырылады.
Егер маманға немесе сарапшыға жүктің немесе оның ыдысының бұзылуының, зақымдалуының нақты себебін көрсету қиын болған жағдайда ол актіде жүктің бұзылуының немесе зақымдалуының себебін дәл анықтау мүмкін болмауы уәждерін көрсетеді.
-
Сарапшылардың қорытындысымен келіспеген жағдайда тасымалдаушының өкілі бұл туралы себептерді көрсете отырып ескерту жасайды және қайталама сараптама белгілеуге немесе сараптау комиссиясын құруға шаралар қабылдайды, ал кажет болған кезде сарапшылардың қорытындысына белгіленген тәртіппен шағымданады.
Қажет болған жағдайда тасымалдаушы қайталама сараптаманы белгілейді.
-
Ерекше жағдаймен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру тәртібі
-
Жекелеген жүктердің тасымалдануы осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырылмауы жағдайында, жүктерді тасымалдау ерекше жағдаймен шарт негізінде жекелеген біржолғы жағдайларда кепілдік хат негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
-
Жүктердің ерекше жағдаймен тасымалдануы, жөнелту және межелі станциялар Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жағдайда қолданылады.
-
Жүк түсіргеннен кейін вагондар мен контейнерлерді тазалау және жуу
-
Жүк алушы жүкті қабылдау кезінде оның мекенжайына келген жүкті қабылдауды, жылжымалы құрамды босатуды, оны тазартуды, ал қажет болған кезде осы тарауға сәйкес жууды қамтамасыз
етеді.
-
Жүктерді түсіргеннен кейін вагондарды, контейнерлерді жүкті алушы ішінен және сыртынан тазартады, олардан бекітуге арналған алмалы-салмалы емес құралдарды қоспағанда, жүктерді бекітуге арналған құрал-саймандар алынуы тиіс, сондай-ақ жүк алушы бекітуге арналған алмалы-салмалы емес мүкәммал құрал-саймандар (оның ішінде турникеттерді) жарамды техникалық жай-күйге келтіруі тиіс.
Босатылған және тазартылған вагонды, контейнерді жүк алушыдан тасымалдаушының өкілі қол қойылған вагондарды беру-тазалау ведомосінде немесе қабылдап тапсырушының жадынамасында қол қойып қабылдайды.
-
Жууға жекелеген жүктерді түсіргеннен кейін жабық вагондар, астық емес жүктерді түсіргеннен кейінгі астық тасымалдаушы вагондар, қауіпті, оның ішінде құйма жүктерді түсіргеннен кейін вагондар жатады.
Жүк алушыларда вагондарды жуу үшін мүмкіндік болмаған кезде тасымалдаушы жууды жук алушының есебінен жүргізуі мүмкін.
Жүктерді және көлік құралдарын зарарсыздандыруды жук алушы немесе жүк алушының есебінен тиісті мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары жүргізеді.
Жануарларды, құстарды, мал текті шикі өнімдерді түсіргеннен кейін вагондарды, мамандандырылған изотермиялық вагондарды (рефрежераторлы вагондар, термос вагондар) және контейнерлерді жууды, ветеринарлық-санитарлық өңдеуді жүк алушылар немесе жүк алушының тасымалдаушы есебінен қамтамасыз етеді.
Осы Қағидада айтылған талаптар бұзылған кезде тасымалдаушы тазартылмаған вагондарды, контейнерлерді қабылдаудан бас тартуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |