«Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» кәсіптік стандарты


Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы



бет3/4
Дата26.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#159728
1   2   3   4

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы





«Қызметтердің жіктеуіші» 01-99 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші (ҚР МЖ 01-99)

Базалық топ

7511

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА)

БТБА шығарылымы, бөлімі

-

БТБА бойынша кәсіп

-

СБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разрядтары

-

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

-

-

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

СБШ біліктілік деңгейі

Санаттар

ҮБС бойынша кәсіп

Темір жол станциясының кезекшісі

4

4

2 Кесте. Еңбек жағдайына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Темір жол станциялары, өнеркәсіптік темір жол көлігі

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Ғимаратта жұмыс істегенде: тербеліс, шу, артық күш жұмсау, табиғи жарықтың болмауы немесе жетіспеуі, электромагниттік толқындар немесе токтар, ауыр еңбек, жүйке-психикалық шамадан тыс жүктеме.

Жолға шыққанда: қозғалыстағы жылжымалы құрам, көлік құралдары, механизмдер; жұмыс орнының жер бетінен биіктікте орналасуы; жоғары шу деңгейі; жоғары вибрация деңгейі; жұмыс аймағының өте шаң-тозаңды болуы және ауаның газдануы; жұмыс аймағы ауасының жоғары немесе төмен температурасы; ауаның шамадан тыс ылғалдығы және қозғалмалылығы; электр өрісінің жоғары кернеулілігі; статикалық электр қуатының жоғары деңгейі; тәуліктің қараңғы кезіндегі жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы; физикалық артық жүктеме; пойыз қозғалысы кезінде темір жолдарда жұмыстарды орындау барысындағы жүйке-психикалық жүктемелер; қауырт және ауыр еңбек.

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Жұмысқа қабылданатын ең төменгі жас мөлшері: 18 жас.

Ер адам істейтін жұмыс, себебі төзімділікті, күшті денсаулықты, дене күшін талап етеді.

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының заңдары бойынша

Жұмысқа рұқсат беру: дәрігерлік куәландырудан өту, кіріспе және алғашқы нұсқамадан өту, оқу және сынақ тапсыру, сынақ мерзімінен өту.

Жұмыс тәртібі: далада

Еңбек және демалыс тәртібі: сағат 9-дан 21-ге дейін күндізгі ауысымда, одан кейін сағат 21-ден 9-ға дейін түнгі ауысымда және 48 сағат демалыс

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білімі және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4


Темір жол станциясының V класты кезекшісінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде

- орта кәсіптік (техникалық) білім



Еңбек өтіліне талап қойылмайды

3 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(кәсіптің еңбек функциялары)


Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы

(кәсіби стандарттың бірлігі)



1

Пойыз қозғалысын ұйымдастыруға және маневрлік жұмыстарға дайындық. Пойыз қозғалысын ұйымдастыру бойынша жұмыстарды және маневрлік жұмыстарды жоспарлау

2

Бекітілген аудан шегіндегі станцияларда пойыз қозғалысын ұйымдастыру және маневрлік жұмыстарды орындау, қолданыстағы нұсқауларды, нұсқаулықтарды, ережелер мен лауазымдық нұсқаулықтарды орындай отырып басқару.

3

Қозғалыс қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктің сақталуын және еңбек қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Істелген жұмыс туралы есеп беру және кезекшілікті тапсыруға даярлық.

4 Кесте. Кәсіби стандарттың бірліктер тізімі

(функционалдық карта)


Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)




1


Жылжымалы құрам, сұрыптау төбешігі, жанама жолдар, жолды бұру тетігі, сигнал беру, орталықтандыру және блокадалау құрылғылары

Пульт-табло, компьютерлер, ұйымдастыру техникасы, радиостанция, шам, жалауша курбелі, дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі, телефондық байланыс құралдары, аспалы құлыптар және олардың кілттері, тежегіш башмақтары, күнделікті журнал және өзге де техникалық

1-1) Кезекшілікті қабылдап алу. Темір жолдағы және пойыз жағдайларымен танысу. Қатаң есептегі мүліктің есебін, вагондардың жолдарға бекітілуін, пульт-таблоның, сигнал беру құрылғыларының, орталықтандырудың, блокадалу және байланыстың дұрыс жұмыс істеуін, басқару пультіндегі пломбаны, радиостанцияны, арнайы құрал-жабдықтарды және техникалық құжаттаманы тексеру

1-2) Алдағы жұмыстарға жоспар-тапсырма алу

1-3) Тасымалдау үдерісіне қатысатын қызметкерлерді жоспармен таныстыру және оларды станцияның қызмет жасалатын аудандарына орналастыру

2

Жылжымалы құрам, сұрыптау төбешігі, жанама жолдар, жолды бұру тетігі, сигнал беру, орталықтандыру және блокадалау құрылғылары

Пульт-табло, компьютерлер, ұйымдастыру техникасы, радиостанция, шам, жалауша курбелі, дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі, телефондық байланыс құралдары, аспалы құлыптар және олардың кілттері, тежегіш башмақтары, күнделікті журнал және өзге де техникалық

2-1) Пойыздардың қозғалыс кестесі мен маневрлік жұмыс жоспарларын орындау

2-2) жұмыс үдерісіне қатысатын бағынышты қызметкерлерді оперативтік басқару; олардың еңбек және технологиялық тәртіптің сақталуын бақылау

3


Жылжымалы құрам, сұрыптау төбешігі, жанама жолдар, жолды бұру тетігі, сигнал беру, орталықтандыру және блокадалау құрылғылары

Дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі, телефондық байланыс құралдары, радиостанция, компьютерлер мен ұйымдастыру техникасы

3-1) жұмыстарды орында утуралы есеп беру

Пульт-табло, компьютерлер, ұйымдастыру техникасы, радиостанция, шам, жалауша курбелі, дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі, телефондық байланыс құралдары, аспалы құлыптар және олардың кілттері, тежегіш башмақтары, күнделікті журнал және өзге де техникалық

3.-2) кезекшілікті тапсыруға дайындалу және кезекшілікті өткізу

5 Кесте. СБШ 4 – деңгейіндегі темір жол станциясы кезекшісінің құзыретіне қойылатын талаптар


Міндет

шифры


Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Ауысымды қабылдау бойынша қойылған міндеттердің орындалуына шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет


Сигнал беру, блокадалау және байланыс құрылғыларының жұмысқа жарамдылығын тексеру, техникалық құжаттаманы толтыру, жылжымалы құрамның бекітілуін тексеру, қабылдау-жөнелту жолдарындағы жылжымалы құрамның қолда барын және орналастырылуын тексеру, жапсарлас аралықтардың (блок-учаскелердің) жағдайы (бос болуы немесе бос болмауы), аспаптардың, сигнал беру құралдарының, қатаң есептегі мүліктің дұрыстығын тексеру

Техникалық пайдалану ережесі, темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық. Қозғалысты ұйымдастыру және жүк тасымалдаудың негізгі ережелері. Станцияның техникалық-басқарушы актісі, станцияның технологиялық жұмыс істеу үдерісі. Жұмыс орны, арнайы киім, мүлік. Станция жұмысын оперативтік басқару және бағыныштылық сызбасы. Пойыз бағыттары туралы ақпарат. Станция парктары мен сұрыптау құрылғыларының жұмыстарындағы өзара әрекеттестік. Келіссөздер регламенті, жолдар мен стрелкалардың мамандандырылуы және сыйымдылығы. Жылжымалы құрамды тежегіш башмақтармен және тежегіш құрылғылармен бекіту нормасы мен ережесі. Вагондарды кіргізу уақытының нормалары. Жүкті вагонға тиеу. Жылжымалы құрам. Жылжымалы құрамның негізгі ақаулары. Қауіпті жүкті тасымалдаған кезде вагон кузовына (қазан) соғылатын белгілер. Ауқымы кіші жүктерді тасымалдау. Жүк ауқымының кішілік деңгейі. Ауқымы кіші орындардағы маневрлік жұмыстар. Темір жол бойындағы жалпы қауіпсіздік шаралары. Станция кезекшісі жұмысының алдыңғы қатарлы әдістері мен амалдары. Пойыздарды, құрамдарды, вагондарды, кедергі орындарын қоршау ережесі, сигнал беру, орталықтандыру, блокадалау және байланыс құрылғыларын пайдалану туралы нұсқаулық, нормативтік-техникалық құжаттама. Жарықтандыру нормалары. Радиостанцияларды және сигнал беру аспаптарын, дауыс зорайтқыш байланысты пайдалану ережесі. Тежегіш башмақтар құрылысы және оларды пайдалану ережесі, бекіту нормасы және тәртібі. Қозғалу және пойызға орналастырудың ерекше талаптарын талап ететін жылжымалы құраммен жұмыс істеу. Кезекшілікті қабылдау тәртібі. Пойыздарды құрастыру тәртібі. Пойыздарды нөмірлеу. Ауысымдық реттеу тапсырмасы. Пойыздық және техникалық құжаттама нысандары. Станция жұмысының пайдалану көрсеткіштері.




Қатаң есептегі мүлікпен жұмыс істеуге даярлық үшін шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Радиостанция, сигналдық аспаптар және жылжымалы құрамды бекіту құралдарын тазалықта және дұрыс ұстау

1-2)

Ауысымды қабылдау бойынша қойылған міндеттердің орындалуына шектеулі жауапкершілікті және белгілі бір дербестік деңгейін болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет


Пойыздарды қабылдау және жөнелту және маневрлерге қатысты қызмет көрсетілетін ауданды немесе станцияны, нұсқаулар мен өкімдерді білу.

1-3)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, қызметкерлердің әрекетін дұрыс белгілеу және сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Ауысым қызметкерлерінің жұмысқа келуін тексеру, жұмыс орындарының жағдайы туралы баяндау. Пойыз қозғалысын ұйымдастыруға және маневрлік жұмыстарға қатысатын қызметкерлердің әрекетін дұрыс белгілеу және сәйкестігін қамтамасыз ету.

Жылжымалы құрамның негізгі ақаулары. Вагондардың кузовына (қазан) қауіпті жүк тасымалдағанда соғылатын белгілер. Ауқымы кіші жүктерді тасымалдау. Жүктің ауқымының кішілік деңгейі. Ауқымы кіші жерлердегі маневрлік жұмыстар. Темір жол бойындағы жалпы қауіпсіздік шаралары. Станция кезекшісінің жұмысындағы озық әдістер мен тәсілдер. Пойыздарды, құрамдарды, вагондарды, кедергі орындары қоршау ережесі, сигнал беру, орталықтандыру, блокадалау және байланыс құрылғыларын пайдалану туралы ұғым, нормативтік-техникалық құжаттама. Жарықтандыру нормалары. Радиостанция, дауыс зорайтқыш байланысын пайдалану. Ерекше қозғалу және пойызға орналастыру талаптарын талап ететін жылжымалы құраммен жұмыс істеу. Кезекшілік қабылдау тәртібі. Пойыздарды құрастыру тәртібі. Пойыздарды нөмірлеу. Ауысымдық реттеу тапсырмасы. Пойыздық және техникалық құжаттама нысандары. Станция жұмысының пайдалану көрсеткіштері.

2-1)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, пойыз қозғалысы кестесін жүргізу бойынша жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Орындалған қозғалыс кестесін жүргізу (кластан тыс,1,2 класты), қабылдау-жөнелту жолдарының бос болмауын есепке алу, пойыз қозғалысы журналы, диспетчерлік өкімдер журналы және басқа да пойыздық құжаттамалар

Станцияның техникалық жұмыстарын ұйымдастыру. Құрастыру жоспары: (пойыз нөмірі және индексі; бағыттар бойынша салмақ нормалары; шартты ұзындық). Пойыз қозғалысы кестесі, жолаушылар мен жүк тасымалдайтын пойыздардың кестесі

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Басқару аспаптарының көрсеткіштері немесе орындаушылардың баяндаулары бойынша берілген нұсқаулардың дұрыс орындалуын бақылау

Пульт-таблоның сигналдық көрсеткіші. Келіссөздер регламенті. Сигнал беру, блокадалау және байланыс бойынша нұсқаулықтар, сигнал беру, блокадалау және байланыс бойынша құрылғыларының жұмыс істеу тәртібі.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Пойыздарды қабылдау, жөнелту, жіберу және маневрлік қозғалыстар бағыттарын дайындау

Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, лауазымдық нұсқаулықтар, Станцияның техникалық-басқарушы актісі және оның қосымшалары және станция кезекшісінің жұмысына қатысты басқа да нұсқаулықтар мен нұсқаулар. Станциядағы, маневрлік аудандардағы қозғалысты ұйымдастыру, жолдарды мамандандыру және олардың сыйымдылығы, жолдар мен стрелкаларды нөмірлеу тәртібі. Басқа ауданның, парктің, төбешіктің станция кезекшісімен өзара әрекеттестік. Маневрлердің негізгі түрлері. Маневрлерді орындау ережесі. Келіссөздер регламенті. Маневрлер кезіндегі жылдамдық. Темір жолдың негізгі элементтері. Жолдың жоспары және пішіні. Құрылыс пен жылжымалы құрамның ауқымы туралы ұғым. Жол белағаштары арасындағы қашықтық. Сигнал беру және байланыс құрылысы мен құрылғылары. Маневрлік операцияларды орындау уақытын нормалау. Маневрлік сигналдар және сигнал беру тәсілдері. Пульт-табло көрсеткіші бойынша жолдың бос болуын анықтау. Бағыттарды дайындау. Жылжымалы құрамның ұзындығы. Басқару пультінің құрылысы. Қысқы жағдайда жұмыс істеу ерекшеліктері, байланыс бойынша нұсқаулықтар, сигнал беру, блокадалау, орталықтандыру және байланыс құрылғыларының жұмыс істеу ұстанымы. Жылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығы. Пойыздардың жақындауы. Стрелкаларды курбельмен ажырату. Стрелкалық ажыратқыштың және стрелканы бұратын электр жетектің құрылысы. Стрелкаларды және сигналдарды басқару. Рельстік тізбектер, фотоэлектрлік құрылғылар, бағытты дайындау уақыты. Техникалық құжаттама жүргізу. Жолдарда, стрелка ажыратпаларында, және басқа жерлердгі апат жағдайларында және стандартты емес жағдайларда жөндеу жұмыстарын жүргізу барысындағы әрекет. Түнгі уақытта, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс істеу ерекшеліктері. Ауыспалы тоқтату сигналы, қауіп-қатер орны мен кедергілерді қоршау. Станция аумағында қолданылатын сигналдық көрсеткіштер мен белгілер. Басқару пультінен пойыздарды қабылдау, жөнелту, өткізу бағыттарын дайындау бойынша стрелкаларды немесе сигналдарды электерлік орталықтандыру құрылғысымен орындалатын операциялар. Аралық жүру уақыты.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен іске асырылуы үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Станциядағы пойыз жағдайы мен нақты жағдайды бағалау, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, пойыз қозғалысын ұйымдастыру және маневрлік жұмыстар бойынша оңтайлы шешім қабылдау

Станция парктері мен жолдарын мамандандыру, жол сыйымдылығы, пойыз жұмыстарын, пойыздың жақындауын жоспарлау, пойыздарды қабыдау, жөнелту, маневрлік қозғалыс түрлері, қозғалыс кестесі, құрастыру жоспары, қозғалыс кестесі, салмақтық нормалар, құрамды өңдеу уақыты, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жылжымалы құрамның негізгі ақаулары, нормативтік құжаттар, станциялық орталықтандыру бекетінің жұмысындағы алдыңғы қатарлы әдістер, станция жұмысының технологиялық нормалары, пойыз диспетчерімен өзара әрекеттестік, аралық жүру уақыты. Станция мен учаскелердің өткізу қабілеті.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Құрамды техникалық және коммерциялық тексеруге ұсыну және олардың жөнелтуге немесе ажыратуға дайындығын бақылау

Локомотивтік және вагондық шаруашылық. Жалпы мәліметтер. Локомотивтердің қозғалысын бақылауды ұйымдастыру. Станция жұмысының технологиялық үдерісі. Тежегіш жабдық және автотіркеу құрылғысы. Құрамдарды қоршау. Құрамдарды өңдеу уақыты. Вагондарда техникалық және коммерциялық ақау анықталған кезде жұмыс істеу. Өрт сөндіргіш, қалпына келтіргіш пойыздармен жұмыс істеу. Жолаушылар пойызымен жұмыс істеу ерекшелігі. Номенклатуралық жүктері бар вагон құрамдары бар пойыздармен жұмыс істеу. Пойыздарды кедендік тексеру. Шекаралық бақылау (мемлекетаралық шекаралардағы бекеттерде). Электрленген жолдарда коммерциялық тексеру ерекшеліктері және байланысты қызметтермен әрекеттесу тәртібі.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Жолдарға күрделі жөндеу жүргізу және басқа да технологиялық «үзілістер» кезеңіндегі жұмыстар

Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық. Жол жұмыстарын жүргізу кезінде уақытша сызба бойынша пойыз қозғалысын ұйымдастыру. Жұмыс орнын қоршау тәртібі. Жолдарға күрделі жөндеу жүргізу және технологиялық «үзілістер» кезіндегі жазбалар нысаны. Ескерту беру тәртібі. Стрелкаларды аспалы құлыппен бекіту тәртібі. Келіссөздер регламенті.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Стандартты емес және апатты жағдайларда іс-қимыл жасау

Апатты және стандартты емес жағдайларда іс-қимыл жасау бойынша нұсқаулықтар, апат, қауіпті жүк ағуы және т.б. салдарларын жою шаралары. Өрт сөндіргіш, қалпына келтіргіш пойыздармен жұмыс істеу. Келіссөздер регламенті. Бағыттарды дайындау. Жарықтандыру сызбасы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайларда жұмыс істеу. Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі. Ауқымы кіші жүктерді тасымалдау.

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Пойыздарды өткізу және маневрлік жұмыстарды орындауға қатысты локомотивтік бригадамен жұмыс істеу тәртібі. Нұсқау беру және тіркелетін бұйрық беру, алдағы жұмыстардың жоспарын локомотивтік бригадаға тапсыру.

Станция кезекшісі мен локомотив машинисі арасындағы әрекеттестік және келіссөздер регламентін сақтау бойынша нұсқаулық

Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Құрамды техникалық және коммерциялық тексеруге ұсыну және олардың жөнелтуге немесе ажыратуға дайындығын бақылау

Локомотивтік және вагондық шаруашылық. Жалпы мәліметтер. Локомотивтердің қозғалысын бақылауды ұйымдастыру. Станция жұмысының технологиялық үдерісі. Тежегіш жабдық және автотіркеу құрылғысы. Құрамдарды қоршау. Құрамдарды өңдеу уақыты. Вагондарда техникалық және коммерциялық ақау анықталған кезде жұмыс істеу. Өрт сөндіргіш, қалпына келтіргіш пойыздармен жұмыс істеу. Жолаушылар пойызымен жұмыс істеу ерекшелігі. Номенклатуралық жүктері бар вагон құрамдары бар пойыздармен жұмыс істеу. Пойыздарды кедендік тексеру. Шекаралық бақылау (мемлекетаралық шекаралардағы бекеттерде). Электрленген жолдарда коммерциялық тексеру ерекшеліктері және байланысты қызметтермен әрекеттесу тәртібі.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтиже үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Келіссөздер регламентін сақтау

Келіссөздер регламенті. Нормативтік құжаттар. Келіссөздерді тіркеу.

2-2)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, локомотивтердің қозғалысын басқару бойынша нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет


Пойыздық және маневрлік локомотивтердің қозғалысын басқару

Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, лауазымдық нұсқаулықтар, станцияның техникалық-басқарушы актісі және оның қосымшалары және станция кезекшісінің жұмысына қатысты басқа да нұсқаулықтар мен нұсқаулар. Станциядағы, маневрлік аудандардағы қозғалысты ұйымдастыру, жолдарды мамандандыру және олардың сыйымдылығы, жолдар мен стрелкаларды нөмірлеу тәртібі. Парк, төбешік кезекшісімен әрекеттестік. Келіссөздер регламенті. Маневрлердің негізгі түрлері. Маневрлерді орындау ережесі. Маневрлер кезіндегі жылдамдық. Жолдардың жоспары және пішіні. Маневрлік операцияларды орындау уақытын нормалау. Бағыттарды дайындау. Салмақтық нормалар. Жылжымалы құрамның ұзындығы. Қысқы уақытта жұмыс істеу ерекшеліктері. Ерекше қозғалыс жағдайларын талап ететін жылжымалы құраммен жұмыс істеу. Ескертулер мен бланкілерді беру.

Қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жолда тұрған құрамдар мен вагондарды тежегіш башмақтармен бекіту және қоршау және оларды вагон астынан алып тастау (2-5 класты станция кезекшісі)

Жылжымалы құрамдарды тежегіш башмақтармен бекіту нормасы мен ережесі, тежегіш башмақтарды сақтау орны және оларға күтім жасау, тежегіш башмақтарды рельстерден шешу және оған орнату ережесі, тежегіш башмақтардың және құрал-саймандардың құрылысы және пайдаланылуы, жолдардың жоспары мен пішіні. Станцияның техникалық-басқарушы актісі. Белгілі бір маневрлік ауданның жергілікті нұсқаулығы. Жолдарды қоршау және вагондарды тежегіш башмақтармен бекіту. Вагон түрлері. Вагондардағы белгілер мен жазулар. Арнайы жылжымалы құрам және оны бекіту ережесі. Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасы. Келіссөздер регламенті. Қауіпсіз еңбек ету әдістері мен амалдары. Ажыратқыш тұйықтың құрылысы. Вагондарды бекітуге арналған стационарлық тіреулердің құрылысы, жолдардың қоршауы. Вагонды қолмен тежеу және рессорлы аспа құрылысы. Вагонның орнықтылығына желдің әсер етуі. Ауыспалы тоқтату сигналдары, кедергі және қауіп-қатер орындарын қоршау. Станция аумағында қолданылатын сигналдық көрсеткіштер мен белгілер

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Атқару бекеттерінің қызметкерлеріне бағыт дайындауға әмір беру

Станцияның техникалық сызбасын, станцияның техникалық-басқарушы актісін, станция жұмысының технологиялық үдерісін, келіссөздер регламентін білу

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Ескертулерді, рұқсат берулерді ресімдеу және беру; пойыздарды қабылдау және жөнелту бұйрықтарын беру

Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, лауазымдық нұсқаулықтар, ескерту беру тәртібі, қалыпты жұмыс жағдайында және стандартты емес және төтенше жағдайларда станциялар мен учаскелер бойынша пойыз қозғалысы мәселелері бойынша байланысты қызметтермен әрекеттестік. Арнайы жылжымалы құрамды өткізу, байланыс құралдарының бұзылуы, жаңа байланыс құралдарын енгізу.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Пойыздарды станцияларда құрастыру, ажырату, құрама-учаскелік пойыздарды тіркеу-тіркеуден шешу

Қазақстан Республикасындағы темір жолдарды техникалық пайдалану ережесі, Қазақстан Республикасындағы темір жолдарда сигнал беру бойынша нұсқаулықтар, Қазақстан Республикасындағы темір жолдардағы пойыз қозғалысы және маневрлік жұмыстар бойынша нұсқаулық, пойыздарды құрастыру, нөмірлеу ережесі, бағыттарды дайындау, маневрлік жұмыс түрлері, келіссөздер регламенті. Пойыздар мен вагондар тобын бекіту. Пойыздың құжаттары.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Тіркелетін бұйрықтар мен нұсқаулар беру, алдағы жұмыстардың жоспарын локомотив бригадасына тапсыру.

Бұйрық нысандары, сонымен бірге келіссөздер регламенті.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Бағынышты қызметкерлердің еңбек қорғау, электр және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылау

Темір жол көлігін пайдалану ережесі және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нұсқаулықтар. Әр түрлі жағдайларда жұмыс істеу ерекшелігі (қысқы уақытта, түнгі уақытта, қолайсыз табиғат жағдайларында және т.б.). Ауқымы кіші орындардағы маневрлік жұмыстар. Темір жолдардың негізгі элементтері. Жолдардың жоспары және пішіні. Құрылыс пен жылжымалы құрамның жақындау ауқымы туралы ұғым. Жол осьтері арасындағы қашықтық. Сигнал беру және байланыс құрылыстары мен құрылғылары. Сигналдар және олардың талаптарын орындау. Байланыс түрлері: телефондық, радиобайланыс, дауыс зорайтқыш паркілік хабарландырушы. Құрылысы және пайдалану тәртібі. Электрмен жабдықтау құрылғысының құрылысы. Өндірістік қауіпсіздіктің жалпы талаптары, еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша ережелер мен нұсқаулықтар. Өндірістік жарақаттану, оның профилактикасы. Маневрлік жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы талаптары. Станцияның аумағы мен өндірістік ғимараттарына күтім жасау. Өрт қауіпсіздігі. Электр қауіпсіздігі. Жұмыс барысындағы сигналдар, командалар, радиобайланыс және парк байланысы арқылы хабарландырулар. Кезекшілікті өткізу тәртібі. Өндірістік тазалық және еңбек гигиенасы ережесі.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Құрамдарды бекітуді бақылау. Жолда тұрған құрамдарды тежегіш башмақтармен қоршау және оларды вагон астынан алып тастау

Жылжымалы құрамдарды тежегіш башмақтармен бекіту нормасы мен ережесі, тежегіш башмақтарды сақтау орны және оларға күтім жасау, тежегіш башмақтарды рельстерден шешу және оған орнату ережесі, тежегіш башмақтардың және құрал-саймандардың құрылысы және пайдаланылуы, жолдардың жоспары мен пішіні. Станцияның техникалық-басқарушы актісі. Белгілі бір маневрлік ауданның жергілікті нұсқаулығы. Жолдарды қоршау және вагондарды тежегіш башмақтармен бекіту. Вагон түрлері. Вагондардағы белгілер мен жазулар. Арнайы жылжымалы құрам және оны бекіту ережесі. Жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасы. Келіссөздер регламенті. Қауіпсіз еңбек ету әдістері мен амалдары. Ажыратқыш тұйықтың құрылысы. Вагондарды бекітуге арналған стационарлық тіреулердің құрылысы, жолдардың қоршауы. Вагонды қолмен тежеу және рессорлы аспа құрылысы. Вагонның орнықтылығына желдің әсер етуі. Ауыспалы тоқтату сигналдары, кедергі және қауіп-қатер орындарын қоршау. Станция аумағында қолданылатын сигналдық көрсеткіштер мен белгілер.




Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Қатынас жолдарына вагондарды кіргізу/шығару бойынша маневрлік жұмыстарды орындау

Қатынас жолдарына қызмет жасау туралы жергілікті нұсқаулық, келіссөздер регламенті, пойыз құрастырушысы мен локомотив бригадасынның технологиялық әрекеттестігі.




Тасымалдау бойынша қызметтердің сапасы мен өткізілуі үшін жауаптылықты көздейтін, технологиялық үдеріс учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет

Локомотивтер мен локомотивтік бригадаларды транзиттік жүк пойыздарына және өздері құрастыратын пойыздарға жалғауды жоспарлау. Локомотивтердің бақылау бекетіне шығуын және олардың депоға кіруін бақылау.

Локомотивтік және вагондық шаруашылық. Жалпы мәліметтер. Локомотивтердің қозғалысын бақылауды ұйымдастыру. Станция жұмысының технологиялық үдерісі. Локомотивтік бригаданың жұмыс кестесі. Пойыз қозғалысының кестесі. Пойыздарды нөмірлеу. Пойыздардың құрастыру жоспары бойынша міндеті. Локомотивтің және локомотивтік бригаданың жұмыс уақыты. Локомотивтік бригаданың жұмыс істеу және демалыс тәртібі. Локомотивтерді нөмірлеу.

3-1)

Бағынышты қызметкерлердің міндеттерді өз еркімен белгілеуін, нормаларды ұйымдастыру және іске асыруды бақылауын, нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық-басқарушылық қызмет

Станция басшылығына және пойыз диспетчеріне істелген жұмыс туралы баяндау.

Баяндау нысандары, келіссөздер регламенті, станция жұмысын жоспарлау, станция жұмысының көрсеткіштері




Қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Жарақаттанғандарға алғашқы көмек көрсету

Жарақаттанғандарға алғашқы көмек көрсету тәртібі мен ережесі

3-2)

Қойылған міндеттердің орындалуына жауапкершілікті, өз бетінше жоспарлауды болжамдайтын, басшының басқаруымен нормаларды іске асыру бойынша орындаушылық қызмет

Техникалық құжаттаманы толтыру, қатаң есептегі мүлікті тапсыру, кезекшілікті қабылдаған қызметкерді жұмыс жағдайымен және бірінші кезектегі мәселелермен таныстыру

Қозғалысты ұйымдастыру және жүктерді тасымалдаудың негізгі ережелер. Станция жұмысының техникалық-басқарушы актісі, станция жұмысының технологиялық үдерісі. Жұмыс орны, арнайы киім, мүлік. Нормативтік-техникалық құжаттама және оны толтыру тәртібі. Ауысымдық реттеу тапсырмасы. Станция жұмысын оперативтік басқару және бағыныштылық сызбасы. Ауысымдық-тәуліктік жоспарлау. Пойыз жүруі туралы ақпарат. Станция паркі мен сұрыптау құрылғыларының әрекеттестігі. Келіссөздер регламенті, жолдарды мамандандыру және олардың сыйымдылығы, жолдар мен стрелкаларды нөмірлеу тәртібі. Жылжымалы құрамды тежегіш башмақтармен және тежегіш құрылғылармен бекіту нормасы мен ережелері. Вагондарды кіргізу уақытының нормалары. Жылжымалы құрам. Жылжымалы құрамның негізгі ақаулары. Темір жол бойындағы жалпы қауіпсіздік шаралары. Станциялық орталықтандыру бекеті кезекшісінің жұмысындағы озық әдістер мен тәсілдер. Пойыздар, вагондар, құрамдар, кедергі орындарын қоршау ережесі. Жарықтандыру нормалары. Радиостанцияны, дауыс зорайтқыш байланысты пайдалану. Пойызға орналастыру және қозғалыстың ерекше талаптары қойылатын жылжымалы құраммен жұмыс істеу. Кезекшілікті тапсыру-қабылдау тәртібі.

Темір жол көлігімен тасымалдауды

ұйымдастыру және қозғалысты басқару

кәсіби стандартына 4 Қосымша





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет