Темно-зеленая и Белая Диагональные Блоки Недвижимость Покупатель Листинговая Презентация, копия, копия, копия
Нерв жүйесі және ми
Жүйке жүйесі
•
Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі организмдегі орналасу орындары мен құрылысына сәйкес: орталық және шеткі бөлімдер болып екіге бөлінеді.
Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері
Орталық бөліміне ми және жұлын.
Ал шеткі бөліміне — мидан және жұлыннан организмнің шеткі аумақтарына таралатын мүшелер: жүйке түбіршіктері, жүйкелер, жүйке тораптары, жүйке түйіндері және жүйке талшықтарының ұштары жатады.
Ми мен жұлын қабығы
Ми қабығы (лат. meninges) — ми мен жұлынды қаптап жатқан қабық.
Ми қабығы — қатты, өрмелі және жұмсақ қабықтар болып үш қабатқа бөлінеді. Сыртқы қатты қабық тығыз дәнеркер ұлпасынан құралған қалың қабық. Ортаңғы өрмелі қабық — борпылдақ дәнекер ұлпасынан түзілген жұқа тамырсыз қабық. Ал ішкі жұмсақ қабық - өрмеліасты кеңістіктер арқылы бөлінген.
Ми қабығы
1-тері, 2-апоневроз, 3-сүйек қабығы, 4-сүйек,
5-ми қабығы: 6-қатты ми қабығы, 7-өрмелі қабық, 8-жұмсақ ми қабығы
Ми мен жұлын қабығы
Жұлын мезодермадан пайда болатын үш дәнекер тінді қабықтармен қапталған:
Қатты қабық
Торлы қабық
Жұмсақ қабық
Жұлынның қатты қабығы, жұлынды сырт жағынан қап түрінде қаусырады. Ол сүйек қабығымен жабылған омыртқа өзегінің қабырғаларына тығыз жанаспайды.Сүйек қабығын қатты қабықтың сыртқы жапырақшасы деп те атайды.
2. Жұлынның торлы қабығы, жұқа тамырсыз жапырақша түрінде іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан дәнекертінді талшықтардың жіңішке будаларымен торланған саңылау тәрізді субдуралды кеңістікпен бөлінген.
3. Жұлынның жұмсақ қабығы, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды, оның екі жапырақшасы арасында тамырлар бар, олар тамырлардың айналасында перивакулярлы лимфалық кеңістік түзе, жұлын жүлгелері мен ми затына енеді.
Жұлынның төменгі құрылысы
Ми — сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық жүйке жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарларынан тұрады.
Ми пайда болу, құрылымдық және қызметтік ерекшеліктеріне байланысты үлкен үш бөлімге бөледі: бағаналы (сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми), қыртысасты (аралық ми, алдыңғы мидың ми сыңарлары) және алдыңғы ми сыңарларының қыртысы. Мидың бағаналы және қыртысасты бөлімдері ертеден пайда болған. Ал ми қыртысы кейіннен пайда болған бөлім. Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
Сопақша ми;
Мишық (артқы ми);
Ортаңғы ми;
Аралық ми;
Алдыңғы ми сыңарлары.
Ми бөлімдері
Ми бөлімдері
Ми ұрықтың даму ерекшелігіне байланысты 5 бөлімнен тұрады:
1) Үлкен ми сыңары;
2) Аралық ми;
3) Ортаңғы ми;
4)Көпір;
5) Сопаша ми,
6) Мишық.
Сопақша ми– жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы. Сопақша мидың төменгі шеті жіңішкелеу, жоғарғы шеті жуандау. Жұлындағы сияқты, сопақша мидың ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Сопақша мидың ұзындығы 2,5–3 см. Сопақша мида бір ми қарыншасы орналасқан. Онда ему, жұту, жөтелу, түшкіру, көзді жыпылықтату рефлекстерінің орталығы бар. Сұр затында тыныс алу, қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан.
Артқы миға – мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығына орналасқан. Сопақша ми мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан ми көпірі дейді. Ми көпір арқылы төменірек орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Ми көпірінде сілекей, жас бездері мен шайнау, ымдау бұлшықеттерінің жұмысын реттейтін жүйке орталықтары да орналасқан.
Мишық – сопақша ми мен көпірдің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп иірімдері болады. Сұр заттың астында ақ заты орналасады.
Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасына орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Теріде пигменттің түзілуін реттейді. Кенеттен шыққан дыбыс, жарық тітіркендіргіштерін тез бағдарлауды реттейді.
Аралық ми – ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері мен төмпешік асты аймақтан (гипоталамус) тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы бар. Көру, дәм сезу, есту және т.б. рецепторлардан келетін қозу аралық ми арқылы үлкен ми сыңарларының қыртысына өтеді. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді.
Адамда алдыңғы мидың үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы дамыған. Үлкен ми сыңарлары оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан құралады. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми қыртысының қалыңдығы шамамен 2–3 мм, ондағы жүйке жасушаларының пішіндері мен мөлшері әр түрлі. Ми қыртысында мүшелерден қозуды қабылдайтын, қимылды реттейтін сезгіш және қозғалтқыш жасушалар болады. Көптеген жасушалар ми қыртысының бөлімдерін өзара және жүйке жүйесінің басқа бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. Ми қыртысы орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі.
Ми қыртысы
Ми қыртысы 6 қабаттан тұрады:
Молекулалық қабат;
Сыртқы түйіршікті қабат;
Сыртқы пирамидалық қабат;
Ішкі түйіршікті қабат;
Ішкі пирамидалық қабат;
Көп құрылысты қабат.
И.П.Павлов бойынша, анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эфференттік жүйке жолдарының жиынтығы. Мидың орталық бөліміне тән.
Үлкен ми сыңарлары:
1 – оң жақ сыңары;
2 – сол жақ сыңары
Үлкен ми сыңарларының
а) көлденең кесіндісі
ә) үлкен ми сыңарларының негізгі бөліктері:
1 – қыртыс асты ядролары;
2 – маңдай бөлігі;
3 – төбе бөлігі;
4 – шүйде бөлігі;
5 – самай бөлігі
Баланың бір жасынан үш жас аралығында ең негізгі пирамидалы және жұлдыз пішіндес нейрондарымен бұлардың өсінділері дамиды.
5-6 жас арасында ми қыртысының құрамында (пішіні әр түрлі) нейрондар, бұлардан тараған терминальді бүйір және апикальді дендриттері дамып, мида көптеген горизонтальді байламдар түзіледі.
Баланың 9-10 жас аралығында әр түрлі кортико аксональді нейрондар топтары мен олардың коллатеральді нейрон аралық аксональді байламдары түзіледі.
Ми қыртысының жасқа сай өзгерісі
Ми қыртысының жасқа сай өзгерісі
12-14 жаста пирамидальді нейрондардың ансамблі пайда болып, бұлардың арасында диаметрі кең, қабырғасы қалың қыртыс ішіндегі артериялар тізбегі дамиды.
18 жастағы балада ми қыртысының даму шыңы ересек адамдағыдай болады.
Ересек адамдардың бас ми қыртысындағы нейрондардың саны жаңа туған баланың нейрондарының санынан аз болып келеді. Бұл нейрондардың жасқа байланысты тіршілігін жоюмен қатар, ми қыртысында нейрондардан тараған талшықтардың ұзарып, нейрондардың бір-бірінен алшақтауына, ал бұл болса ми қыртысының едәуір қалыңдауына әкеліп соғады. Нейрондардың қосымша элементі немесе аралық заты нейроглияда өседі.