9 «Б» класының 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының мақсаты: «Ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, дені сау, еңбекқор, іскер, жан-жақты мәдениетті саналы ұрпақ тәрбиелеу»
Міндеттері: - денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
-азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
-өзінің және қоғамның алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезіну дүниетанымын қалыптастыру;
-тұлғаның интеллектуалды мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сонымен бірге ақпараттық мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікке бейімдеу;
- жеке тұлғаның өзін-өзі іс жүзінде көрсетуінде танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін-өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
- салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды ажырата білуге үйрету