СМЖ 08. ҚЕ 02.
Қосымша 4
Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігі
БҚО ӘББ «Орал политехникалық колледжі» МҚКК
|
БЕКІТІЛДІ
Директордың ОТЖЖ орынбасары
___________ Таубаева Г. Р
«_____» ___________ 2023 ж.
|
Тәрбие сағаты
№24 тобына арналған тәрбие сағаты: «Қазақ халқының ұлттық аспабы Домбыра»
Тақырып бойынша сынып сағатының жоспары: «Қасиетті домбыра» тәрбие сағаты.
Мамандығы: 07320700 – Автомобиль жолдары мен аэродомдар құрылысы және пайдалану
Біліктілігі: 3W07320702 - Жол-құрылыс машиналарының машинисі (Автомобиль кранының машинисі)
Орал қ, 2023 жыл.
Тақырыбы: «Қасиетті домбыра»
Мақсаты: Білім алушыларға қазақтың ұлттық аспаптары жайлы мағлұмат бере отырып, оның ішінде домбыра аспабының басынан өткерген тарихы жайлы, өз ұлтына, қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейту, өз дәстүрін сүйіп өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, іздендіру, топтастыру
Көрнекі құралдар: Слайд, бейне баян, домбыраның құрлымдық сызбасы.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Білім алушылармен амандасып, сабаққа дайынықтарын байқау. Білім алушыларға сабақтың мақсатымен таныстыру.
- Ал, енді Білім алушылар, бүгінгі сабағымызға назар аударалық.
Білім алушылар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырып көрейін.
Ал сендер жауабын дұрыс шешуге тырысыңдар!
Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы бір мінезі бар таңғажайып
Ешуақыт сөйлемейді адам жоқта.
(домбыра)
Білім алушылар бүгін біз қазақтың ұлттық аспаптарын тамашалап, танысатын боламыз.. Қазақтың ұлттық аспаптарының түрлері өте көп екен. Ендеше тақтаға назар аударайық.
(аспаптарды көрсетіп, аттарын айту)
Ұйымдастыру-іздестіру.
- Балалар, домбыра дегеніміз не? (балалардың жауабын тыңдау)
1 студент: - Домбыра қазақтың ұлттық аспабы. Ол қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан музыкалық аспап.
2 студент: - Қазақ халқында қуанышты, бақытты, әнді, күйді домбыра әуенімен жеткізе білген.
3 студент:: - Домбыра аспабы той думанда, жиын тойлардың сәнін келтірген.
- «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп тектен тек айтылмаса керек.
- Студентер, мен сендерге «Домбыраның шығу тарихы, жсалу жлдары» тоқталып түсінік берейін.
(бейне баян )
«Жаумен күрестен, ұзақ жолдан шаршап - шалдығып келе жатқан батыр жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Жар жағасындағы көлеңкеге отырған батыр ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тартып, өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспап дыбыс бермейді. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде оянса, аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына алып қараса, домбыраның басына, шектің астына салынған ағаш кертпені көреді де, мұны шайтанның ісі деп шешеді. Сонан бері, халық арасында бұл «Шайтан тиек» деп аталып кеткен».
- Міне студентер, содан бері халқымыз домбыраны «Киелі домбыра» дейді. Адамдар өз сезімдерін домбыраға салып күймен жеткізген.
Домбра – қазақтардың тұрмысында кеңінен тараған музыкалық аспап. Қазақ домбырасы бұл – қатты ағаштан жасалған, екі ішекті шерпелі аспап. Домбра өзінің маңыздылығын бүгінгі күні де жоғалтқан емес. Көптеген музыканттар өздерінің компазицияларына домбыраның дыбысталуын қосады.
Қазақ домбырасының құрылысы әр өңірлерде өзгеше болып келеді. Батыста, Каспий жағалауының аймағында домбыра дөңгелек, тамшыға ұқсас, жіңішке ұзын мойынды болып келеді. Пернелерімен ішектері қой немесе ешкінің ішектерінен жасалынған. Орталық және шығыс өңірлерде төменгі қақпағы тегіс, мойыны жуан болып келген.
Ол шанақ- домбыраның корпусы, дыбыс зорайтқыш. Қақпақ- домбыраның декасы. Серіппе – Қақпақтың ішкі жағында орналасқан арқалық. Қазақ домбыраларында бұрын серіппелер болмаған. Қазіргі уақытта дыбысты жақсарту үшін ұзындығы 250-300 мм серіппе қолданылады. Ол шырша ағашынан жасалынады.
Домбыра кәсіби кезбе әншілердің серігі болған. Біран-сал, Ақан –Сері, Мұхит, Жамбыл мен Әмренің бейнелері осы домбыраның сүйемелдеуімен байланысты.
Қазіргі қазақ домбырасының прототипі 4000 жыл бұрын болған деген дәлелдер бар, бұл туралы археологтардың 1989 жылы Алматы облысының тауларындағы «Майтөбе» үстіртіндегі жартастағы суреттерде көрініс тапқан.
- Сендер қазақ халқының қандай күйшілерін білесіңдер?
(жауабын тыңдау)
- Домбырамен Абай, Жамбыл, Құрманғазы, Тәттімбет, Біржан сал, Ақан сері, Дина апаларымыз да ән-күйлерін арнаған. Ал, балалар ән-күй аспаптары туралы қандай өлең-жырлар білесіңдер?
Студент:
Домбырадай мұраны,
Қастерлеуге тұрады.
Сонда жатыр даланың,
Үні менен ұраны.
Студент:
Дыбысы оның мың сырлы
Бал бұлақтай күмбірлі
Ынта қойсаң рахат-ақ
Ол аспаптың бір түрі
Студент:
Қамыс құрай ағаштан
Түтікше боп ысылған
Үрлемелі ойықтың
Дыбысы нәзік сызылған.
Студент:
Жорғалатқан жетіген,
Сыбызғы үні лекіген.
Сызылтады қылқобыз,
Шалып ойнар шаңқобыз.
- Бәрекелді: Студентер!
Сендер білесіңдер ме? Қазақ халқы қайғыны да, қуанышты да домбырамен халқына жеткізе білген. Осы жайында аңыз-ертегілер де бар.
Жүргізуші:
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен домбыра -
дегендей, қане студентер, бізде бір әнге қосып ән айтайық:
Қорытынды:
1. Студентер жарайсыңдар, бүгін біз қазақтың қандай аспаптарымен таныстық?
2. Қандай аспаптар туралы айтылды?
Осымен «Қасиетті домбыра» деп аталатын тәрбие сағатымыз аяқталды.
Топ жетекші: Кабденов Е.И
Достарыңызбен бөлісу: |