Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы дала ұрпағымыз Сабақтың мақсаты



бет1/3
Дата14.12.2023
өлшемі215.2 Kb.
#486566
түріСабақ
  1   2   3
ұлы дала пенз


Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы дала ұрпағымыз
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақстандық патриотизм идеясын дамыту. Аталардың батырлық дәстүрін, тарихын, ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеру, үлгі тұту, мақтаныш сезімдерін ояту және оларға құрметпен қарау. Жас ұрпақты бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, адал да батыл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың оқытушылық және дамытушылық мақсаты –Қазақ хандығына – 550 жыл, Ұлы Отан соғысына -70 жыл, Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы туралы түсінік беру, Қазақстан халқы бірлігін нығайтудағы олардың маңызын ашу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер ,слайд.
Әдісі: сұрақ — жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі.
Формасы: тәрбие сағаты
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық тәрбие беру
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Әнұран» орындалады
Ӏ. Бөлім «Қазақ хандығына – 550 жыл»


Ұлы боп көк тәңірдің саналатын


Орындап сол тәңірдің аманатын
Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,
Бумын құрған Түріктің ұағанатын
Жауларын айбарымен алжастырған
Бумын ісін істемес жалғастырған
Тоз тоз болған халықтың басын қосып
Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған
Армандап Түрік елін бай болсын деп
Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп
Халқының киімі көк, қарыны тоқ,
Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп
Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,
Қара бастың қамын еш құнттамаған
Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер
Жорықтарда тамшы су ұрттамаған
Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,
Ынтымағы жарасып жауды жеңген.
Билік- таққа таласқан аға –бауыр,
Ақыры Қағанатты екі бөлген. 
Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,
Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.
Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,
Ру –тайпа өзінше хандық құрған.
Айрылып айбынды түр келбетінде
Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.
Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,
Қалалар Отырардай жер бетінен.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.
Жәнібек,Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді Қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында,
Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында

(видео)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет